close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

?

№33 Жанаарка газеті

код для вставки
№33_Жанаарка газеті 05.07.2019 18:23 Страница 1
№33 (9923), 6 шілде, 2019 жыл
6-шілде - астана күні
Асқақтай бер, ару қала – Нұр-Сұлтан!
Аптаның соңғы күнi барша қазақ жұрты астанамыз Нұр-Сұлтан қаласының туған күнiн
тойлады. Елорда Сарыарқаның төсiне қоныстанып, еліміздің астанасы атанғанына да 21
жыл болыпты. Күнi кеше ғана Алматыдан Ақмолаға жапырыла көшкен жұрт ендi зәулiм
сарайлары бар, өзгеше сипаттағы жаңа Елорданың келбетiне тамсана қарайды. Жыл
сайын, тіпті ай сайын астанамыз түрленіп келеді десек те артық емес. Оған уақыт өткен
сайын қала көшіне ілескен жаңа ғимараттар мен сауда орталықтарын айтсақ та болады.
Қ а з а қ
жұртының
пешене сіне
зұлматты
жылдарды,
ашаршылық
п
е
н
жоқшылықты
жазып қана
қойған жоқ.
Сан зұлматты
ке зеңдерді
бастан кешірген
қазақ
халқының ел
болып, еңсе көтеруінің дәлелі ретінде жаңа астанасының бой көтеруі де ізгіліктің нышаны.
Бойына жақсылық нұрын шашқан бас қала әлі де көркейе береді. Қазақ жұртының өз мемлекеті, өз құрылымы болғанын армандаған болар барша қазақ. Сол алаш баласының
армандаған азаттық идеясы Нұр-Сұлтан қаласы арқылы көрініс тауып, әлемге өзін танытып жатқаны да барша қазақстандықтардың мерейін асыруда.
Дәл осы күні ауданымызда да елорданың туған күні аталып өтілді. «Асқақтаған НұрСұлтан» тақырыбы аясында өрбіген мерекелік шара мәдени сауық орталығының
жұлдыздарының қатысуымен өтті. Бұл күні аудан тұрғындары ауданымыздағы мәдениет
үйінде бас қосып, Нұр-Сұлтан қаласының туған күнін тойлады.
Мерекелік кештің шымылдығын ашқан аудан әкімінің бірінші орынбасары Серіков Бауыржан Қундықұлы өз сөзінде: «Құрметті аудан тұрғындары! Сіздерді еліміздің бас
қаласы - Нұр-Сұлтанның туған күнімен құттықтаймын! Биыл біз астанамыз Нұр-Сұлтан
қаласының туған күнін кең ауқымда тойлауды жөн көрмедік. Оның себебі мына Арыстағы
қайғылы жағдай. Десек те қандай жағдай болмасын мереке аталып өтілуі тиіс. Себебі
Елорда күні - барлық қазақстандықтардың мерекесі, өйткені Нұр-Сұлтан қаласы арқылы
Қазақстан өзінің жоғары мақсаттары мен үлкен мүмкіншіліктерін барша әлемге таныта
алады. Барша қазақ елі Нұр-Сұлтан қаласына қарап бой түзейді. Оның қатарында біздің
ауданымыз да бар. Уақытпен бірге туып, заманынан озған, күшті де құдіретті мемлекеттің
елордасы болу үшін жаралған жасампаз қала - Нұр-Сұлтанымыз мәңгілік болсын! Мереке
құтты болсын!»,-деп тілек білдірді.
Салтанатты шараның ажарын ашқан аудан өнерпаздары аянып қалмады. Көпшілік ал-
дында көңілді әндер шырқады. Халық әндерін де нақышына келтіре орындаған әншілерге
жиналған көпшілік тәнті болды. Сондай-ақ меркелік от шашу маңызы мол кештің
мәртебесін көтерді.
Елдігіміз еңселі, тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміз мәңгі жасап, қол жеткізген жетістігіміз молайып, елордамыз жайнай берсін. Асқақтай бер, ару қала – Нұр-Сұлтан!
P/S: Айта кететін бір жайт ел астанасы күнін тойлау кезінде қойылған ақылы концерттер мен қойылымдардан түскен ақша қайырымдылыққа жұмсалмақ. Концерт
ұйымдастырушылары билет сатудан түскен қаржы Арыс қаласының зардап шеккен
тұрғындарына арналған көмек қорының шотына аударылатынын айтты.
Мөлдір ҚАСыМ
Құрметті аудан тұрғындары!
Қадірменді ағайын!
Баршаңызды еліміздің бас қаласы – Нұр – Сұлтан күнімен шын жүректен
құттықтаймыз!
Астанамыз 21 жылдың ішінде бүкіл әлем қызыға көз тіккен мегаполиске, әлемнің
маңызды кездесулері өтетін үн қатысу алаңына, мәңгілік мемлекеттігіміздің, асқақ
рухымыздың нышанына айналды. Сирия соғысы сияқты саяси мәселелердің түйткілі
елордамызда талқыланса, әлемдік діндердің өкілдері диалогының да Нұр - Сұлтанда
жүруі, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының саммиті сияқты басқа
да халықаралық басқосулардың өтуі осының айғағы.
Ұлы дала төсіндегі бабаларымыздың ұлан-байтақ жерінде бой көтерген айбынды
еліміздің астанасы рухты қайта түлеткені, санамызды жаңғыртқаны жасырын емес.
Елорда бүгінде Батыс пен Шығыс өркениетін қайта жалғап отырған шуақты шаһар!
Қымбатты жаңаарқалықтар!
Баршаңызды тағы да бас қаламыздың 21 жылдық мерейтойымен шын жүректен
құттықтаймыз!
Үшінші онжылдық шежіресінің алғашқы парағын ашқан елорда мерекесі қарсаңында
отбасыларыңызға амандық, зор денсаулық, толағай табыстар тілейміз!
Туымыз тұғырлы, еліміз ғұмырлы болсын!
Юржан Бекқожин
Жаңаарқа ауданының әкімі
Қуат Имантүсіпов
аудандық мәслихат хатшысы
Аудан әкімдігінде
Маңызды мәселелер қаралды
1-шілде күні аудан әкімдігінде
кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Аудан
әкімінің төрағалығымен өткен жиынға
аудан прокуроры Асылхан Әділханов,
аудандық мәслихат хатшысы Қуат
Имантүсіпов, әкім орынбасарлары, мекеме, бөлім басшылары, кент және
ауылдық округ әкімдері, сондай-ақ, теміржол мекемелерінің басшылары қатысты.
Кезекті жиналыс басталмас бұрын
аудан басшысы ауданымыздың бірқатар
көпбалалы
аналарына
ҚР
Президентінің арнайы орденін табыстады. Сонымен қатар, «Алғашқы табыстары үшін» номинациясы бойынша
облыс әкімінің арнайы «Алтын сұңқар»
сыйлығын
иеленген
«Жаңаарқа»
газетінің тілшісі Мөлдір Қасымованы
марапаттады.
Мараппаттан кейін аппараттық
кеңестің күн тәртібіне қойылған мәселелер қаралады.
Күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Бірінші мәселе бойынша аудандық төтенше
жағдайлар бөлімінің бастығы Аян Сүлейменов Жаңаарқа ауданының төтенше жағдайлар
комиссиясы отырысының есебін берді. Екінші мәселе - Жаңаарқа аудандық тауарлар мен
көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының аудан
аумағында атқарып отырған жұмыстары және алда тұрған міндеттері туралы аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының
басшысы Айжан Мұсабекова баяндама жасады.
Ұсынылған мәселелер толық қаралып, жиын соңында көктем айындағы су басу кезінде
төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жұмыстарына, сондай-ақ, табиғи өрттерді
сөндіру бойынша тактикалық арнайы жаттығуға белсенді қатысып, атсалысқан азаматтарды аудан әкімі арнайы марапаттады.
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі
Өз газеттеріңіз "Жаңаарқаға"
жазылыңыздар!
Құрметті аудан тұрғындары, газет оқырмандары! Өздеріңіздің сүйікті басылымдарыңыз
"Жаңаарқа" газетіне жазылу жүріп жатыр. Газетке аудандық пошта торабынан, газет
редакциясынан жазыла аласыздар.
Заңды тұлғалар үшін индекс 16282 6 айға - 1248 теңге;
Жеке тұлғалар үшін индекс 66282 6 айға - 996 теңге.
№33_Жанаарка газеті 05.07.2019 18:23 Страница 2
6 шілде 2019 жыл
2
Маусым айының аяғында Бидайық
ауылдық округінде спорттың 15 түрінен
ХІХ ауыл спартакиадасы өтті.
Аудан әкімі Юржан Бекқожин спортшыларды құттықтап, спорттық жетістіктер ті-
Ауыл спортшыларының спартакиадасы-2019
Дүбірлі жарыс нәтижелі өтті
леді.
Жалпы командалық есепте Бидайық
ауылдық округінің спортшылары 1 орын,
С.Сейфуллин ауылының командасы 2
орын, Атасу кентінің командасы 3 орын
алды.
18 шақырымдық аламан бәйге, 3
шақырымдық
тай
жарысы
ұйымдастырылды. Көкпар ойынына 8
сыйлықтар берілді.
Көкпар ойынынан 1 орынды Ақтау
ауылының көкпаршылары, 2 орынды
Ақтүбек ауылының спортшылары, 3
орынды С.Сейфуллин ауылының
көкпаршылары ие болып, марапатталды.
Сонымен қоса, Бұқар жырау
Ботақара кентінде осы айдың 28-30
ауылдың көкпаршылары қатысты. Тай жарысына қатысқан 25 тұлпардың ішінен 1
орынды Талдыбұлақ ауылынан Матаев
Әменнің тайы, 2 орынды Атасу кентінің ат
бапкері Абзалов Қаржаубайдың, 3 орынды
М.Жұмажанов
ауылының
атбегісі
Байжұманов Ермұқанның аттары алды. Жеті
орынға
сыйлықтар
тағайындалды.
Жеңімпаздарға велосипед тағы басқа бағалы
сыйлықтар берілді.
Аламан бәйге жарысына қатысқан 23
тұлпардың ішінен 1 орынды Бидайық
ауылының
ат
бапкері
Қожахметов
Гинаяддиннің, 2 орынды Бидайық ауылынан
Аманжанов Манаттың, 3 және 5 орынды бидайықтық Күлманов Нұрсұлтанның, 4 орынды
елбасы Жолдауына - үн қосамыз
Құндылық кілті – келісім мен татулық
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдаулары әр кездері қазақ
көшбасшысының көрегендігін дәлелдеп келеді. Бұрынғы Жолдауларында ол
елді экономикалық және саяси тұрғыдан жаңғыртуға күш салған болса, енді
Қазақстан азаматтарының тұрмыс-ахуалын арттыруды көздеген әлеуметтік
шаралар жасау тұрғысындағы мақсаттарды белгілеп отыр. Осының өзімен
Қазақстанның Елбасы мемлекеттік саясаттағы ең басты капитал – адам екендігіне көзі жеткен экономикалық және саяси жетілудің шыңынан көрінеді.
Жолдауда атап көрсетіліп, Үкіметке тапсырма ретінде берілген – білім және
денсаулық сақтау саласын жетілдіру, еңбекақыны көбейту, халық табысын
арттыру, мемлекеттік қызмет көрсетулердің жақ-саруы – міне, адам капиталын инвестициялауға жасалған осы шаралардың бәрі қазақстандықтардың
өмір сапасының артуына кепіл болары сөзсіз.
Сонымен бірге Н.Ә.Назарбаев Жолдауының орындалуы экономикалық тетіктермен бекітілгені, нақты жоспарлардың белгіленгені және орындалуын
қадағалайтын қажетті бақылау жүйесімен астасқанын атап өтуге тиіспін.
ерболат ТеКеБАеВ,
Б.Амалбеков атындағы ЖОББ мектебінің ұстазы
Жаңаарқа ауданына - 90 жыл
Жаңаарқаның жалындаған жастары
90 жылдық тарихы бар, туған өлкем Жаңаарқа ауданы,
сән салтанаты келіскен дәстүрі мен әдет-ғұрпын сай
ұстаған елді мекен. Осындай сан мыңдаған тарихы бар, ауданның жас буыны бола отыра, ертеңі
мен бүгінін баяндағым келеді. Кіндік қаным
тамып, алғаш қадам басқан Жаңаарқа жері маған
өте ыстық. Шағын ғана аудан болса да, талай
ғалым ғұлама, әнші-сазгер, атақты спортшылар
тағы да басқа үлкен маман иелері шыққан өнер мен
білім ордасы. Міне, бүгін 90 жылды артқа тастаған
ауданымыз көркейіп, жанарып, күн сайын әсемдене түсуде. Ауданымызда
жастарға қолдау көрсетіп, елін, жерін ойлайтын, Отанға деген құрметі қашанда
биік тұратын, азаматтар мен азаматшаларды тәрбиелеу жоғарғы буынға
қойылған парыз. Жалынды жастар ел ағаларының артқан үмітін ақтап,
қашанда белсенділік танытып, қоғам өміріне толықтай ат салысуда.
Қазағымның айбынды ұрпағымыз,
Ұлы көшке қосылмақ сұңқарымыз.
Қайтпас қайсар өр мінезді рухы биік,
Біз жастар болашақтың тұлпарымыз.
Самғап биік көк аспанмен тенескен,
Шауып белде құлын-тайдай тебіскен.
Жастар жылы, жаңа ғасыр, жаңа күн,
Сән-салтанат, салт-дәстүрі келіскен.
Болашағы елімнің жастар ғана,
Істер ісі, бастамасы бәрі алда.
Озық елдер қатарында болу үшін,
Еңбек етіп арқау болар бастамада.
Аға-әпкелер біздердің бастарымыз,
Соған арқау біз жастар қостарымыз.
Даңқы асқақ ел ертеңі егеменді,
Жаңа ғасыр, жаңа дәуір жастарымыз.
Еліміздің ертеңі, болашағымыздың биік асқары болған жастар, алдарына
үлкен мақсат қойып отыр. Жылдан-жылға, ғасырдан-ғасырға жететін жас
буынды ұрпақтың алар асулары алда. Елінің, жерінің өркендеуіне, гүлденуіне
мол үлес қосатын күш-жастар.
Қуаныш ТӨлеуТАй
талдыбұлақтық Алшынбаев Елдостың, 7
орынды Талдыбұлақ ауылының атбегісі
Үйсінбаев Тұрлыбектің аттары алды.
Жеңімпаздарға бірінші орынға жылқы
малы, қалған 6 орынға басқа бағалы
жұлдызында ұлттық спорт түрлерінен өткен
облыстық фестивальде 60 кг салмақ дәрежесі бойынша Талдыбұлақ ауылының палуаны Құрақбай
Дәулет 2 орын, 80 және 90 кг салмақта
М.Жұмажанов
ауылының
спортшылары
Нұрғалиев Марғұлан 1 орын, Жүсіпов Жанбота
орын алды. Өз салмақ дәрежелері бойынша Терлікбаев Нұрбол 2 орын, Нұрғалиев Бүркіт 2 орын
алды.
Жаңаарқа ауданының командасы облыстық жарыста ұлттық спорт түрлерінің ішінде
аударыспақтан 2 орынға ие болды.
Аудандық спорт және дене шынықтыру бөлімі
Жаңаарқа ауданына – 90 жыл
Қалдырған ізің мәңгілік
Аудан бойынша
бірінші рет орыс
тілі мен әдебиет
к а б и н е т і н
Қ а л а м қ а с
С е м б е ко в а н ы ң
атымен атаудағы
мақсат - бағытбағдармен сара
жолда өзінің ізін
қалдырып кеткен
ұ л а ғ а т т ы
ұстаздың еңбегін дәріптеп, жас ұрпаққа үлгі ету
болды. Ол кездегі білім беру, денешынықтыру және
спорт бөлімінің бастығы Ж.Жетібаев та қарсы
болған жоқ. Сол кездегі аудандық мәслихаттың хатшысы Дүйсенбай Жұмасейітов те алғашқы ашылып
отырған мұғалімге берілген кабинеттің ашылуын
құптап, ұйым мүшелеріне тілектестік білдірді.
Мұғалімнің жеке басы, оны беделі болашақ азаматтар үшін әрқашанда үлгі болады. Мақаланың
басты кейіпкері Сембекова Қаламқас Дүйсекеқызы
1938 жылы Жезқазған облысы, Жаңаарқа ауданы,
Атасу кентінде дүниеге келген. 1956 жылы
Қарағанды мемлекеттік институтына түсіп, 1961
жылы осы аталған иституттың толық курсын, орыс
тілі, әдебиет және қазақ тілі және әдебиет
мамандығы бойынша бітіріп шықты. Тәрбиелі ұстаз
әрқашанда балалардың ортасында жүретін өз
пәнімен және мағыналы тапсырмаларымен
шәкірттерін қызықтыра білген ұстаз олармен
қосымша сабақ өткізуге орыс тілі мен әдебиет кабинетінде көп уақытын бөлді. Кештер мен сынып
сағаттарын жүргізуге қажетті планшеттер тағы
басқа да керекті құралдарды жасады. Мұғалім
оқушылармен дара топтан және жеке жұмыстар
жүргізуге мүмкіндіктер беретін қиындығы әр түрлі
жаттығулар қоятын. Қаламқас Сембекова үшін орыс
тілі мен әдебиет кабинеті оқушыларымен бірге
дидактикалық және жаттығу материалдарын дайындайтын шығармашылық кабинет болатын.
Өткізілген сыныптан тыс жұмыстар бағдарлама материалдарын
тереңдетіп
оқып
үйренуге,
оқушыларды қызықтыратын әртүрлі сұрақтарға
жауап беруге мүмкіндігін туғызатын.
Ұстаздың мектеп бітірген көптеген оқушылары
орыс тілі мен әдебиет мамандықтарын игеріп,
өздерінің ауылына оралды. Сынып жетекшісі міндетіне де жауапкершілікпен қарады. Ол сыныптағы
барлық оқушыларының мінез-құлқын, икемділігін,
қызығушылығын, қабілетін мейлінше жақсы білетін. Соның арқасында әр оқушының үлгеріміне
көқарасының қалыптасуына еңбек сүйгіштігі мен
адамгершілігіне орынды ықпал ететін. Сол кезде
сабақ беретін әрбір мұғалімге кездесіп, шәкірттерін
қызықтыратын нәрселерді оның мінез-құлқындағы
өзекшіліктерді айтып, әр нәрсеге ортақтасқанды
ұнататын. Мектептегі жас ұстаздарға ақыл-кеңес беруде Қ.Сембековадан ешкім алға шығып көрген
емес. Орыс тілі мен әдебиет секциясы, методикалық
бірлестігінің жетекшісі ретінде олардың сабағына
қатысып, соңынан
әділ бағасын айтады.
Болған
кемшіліктердің
жоюдың жолдарын
көрсететін.
Тәжірибелі ұстаз
жеке оқушымен,
сыныппен, ата-анал а р м е н ,
педагогикалық
ұ ж ы м м е н
тыңдырымды
жұмыстар істеумен
бірге жанұядағы
балаларын тәрбиелеп, оқытуға, саналы азамат етіп
өсіруге уақыт табатын.
1977 жылы Қазақ ССР оқу министрлігі «Қазақ ССР
халық ағарту ісінің озық қызметкері» белгісімен наградталды. 1984 жылы қараша айында Қазақ оқу министрі
№133
бұйрығы
бойынша
«Методист-мұғалім» деген атақ берді. 1984 жылы
СССР оқу министрлігі «СССР білім беру үздігі»
деген атақ берді. 1985 жылдың қараша айында
Жезқазған облысының білім бөлімінің №42
бұйрығы бойынша «Орыс тілі және әдебиеті пәнінің
жоғарғы санаттағы ұстазы» деген куәлік берілді.
2003 жылы Қарағанды қаржы институты «Құрметті
профессор» деген атақ берді. Бір мектепте 45 жылдан артық табан аудармай еңбек еткен Қаламқас
Дүйсекеқызының еңбек жолына қарсы отырсаңыз
талай асудан асып, биіктерге шыққанына көз жеткіздік. Иә, ұстаздық кәсібін алғаш бастағанда мөлдіреп
тұрған Қаламқас Дүйсекеқызы 45 жылдан астам
еңбек етіп, зейнеткерлікке шығып, балалы-шағалы
болып, немере сүйіп, 2011 жылы мамыр айында
дүниеден өтті. Оқушыларына мейірімін төге
қарайтын аялы көзі мен дархан жүрегі, аяулы бейнесі мыңдаған шәкірттер жадында мәңгі сақталады.
Сондықтан, мектеп ұжымы үшін орыс тілі мен
әдебиет кабинетін Қаламқас Сембекованың атына
беру бір ғанибет болды.
Кабинет ашылған күні: "Аудан бойынша мектептерде бірінші кабинет болып ашылғанына
қуаныштымын",- деп Отаншыл Түсіпбеков ағай
маған қарап тұрып, көзі мөлдіреп, рахметін айтқаны
әлі есімде. Маған: "Халық үшін еңбегін жемісті болсын",- деп батасын берген болатын. Өткен жетіде
Қарағанды қаласында тұратын баласы Береке
Отаншылұлы анасы Қаламқас Сембекованың кабинетіне қажетті жөндеу жұмыстарын жасап берді.
Міне, бұл да анасына деген сағыныш деп білеміз.
Бағила ыСҚАҚОВА
№33_Жанаарка газеті 05.07.2019 18:23 Страница 3
6 шілде 2019 жыл
ҚАЗАҚША ОҚИМыЗ,
LATYNShA JAZAMYZ
ІІІ тарау
Бөлек жазылатын сөздер емлесі
§22. Анықтауыштық қатынастағы сөз тіркестері бөлек жазылады: altyn saǵat, kıiz úı, bota
kóz, qara shaı, at qora, maqta maıy, quraq kórpe.
§23. Күрделі сан есімдердің әрбір сыңары
бөлек жазылады: on bir, on birinshi, on segiz
mıllıon, jıyrma segiz, júz on jeti, eki júz jetpis tórt,
bir myńtoǵyz júz elýúsh, tórt mıllıard, jıyrma úsh
bútin onnan bir.
§24. Күрделі сын есімдердің әрбір сыңары
бөлек жазылады: аl qyzyl, qońyr ala, qyzǵylt sary,
qara ala, kók ala, qara kók, aq sur, qula qasqa, qula
jıren, tory tóbel.
§25. Күрделі етістіктердің, есім және еліктеуіш сөздермен тіркескен құрама етістіктердің
әрбір сыңары бөлек жазылады: baryp keldi, kele jatyr, jaza ber, kıip júre ber, júgire jóneldi, bara
almady, bara almaı qalyp edi, jyǵylyp qala jazdady; qyzmet etý, mán berý, qol shapalaqtaý; shap
etý, dýete túsý, baj etý, lap qoıý.
§26. Толық мағыналы сөзбен тіркескен saıyn, keıin, buryn, deıin, sheıin, men, ben, pen, qoı,
ǵoı, da, de, ta, te, ma, me, ba, be, pa, pe, she шылаулары бөлек жазылады: jyl saıyn, aı saıyn;
sabaqtan keıin; budan buryn; jınalysqa deıin; túske sheıin; qalam men qaǵaz, kitap pen dápter;
kerek qoı, kóre ǵoı; ol da, men de; halyq ta, úkimet te; Bar ma eken? Kele me eken?Suraq pa?
Kóp pe?Az ba? Kem be? Sen she?
LATYN QARPІNDE JAZYP
DAǴDYLANAIYQ
26 маусым күні қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру бойынша 2019 жылға
арналған ісшаралар жоспарына сәйкес «Жаңаарқа ауданының мемлекеттік архивы» КММде «Latyn qarpіnde jazyp daǵdylanaıyq» тренингі өтті.
Қатысушылардың көбі орта жастағы қызметкерлер болғандықтан, жазу дағдысы баяу
жүргізілді. Ал, оқылым дағдысы ешқандай қиындық келтірмеді.
Тапсырмалар орындау барысында ы мен у, і мен и, ұ мен ү әріптерін шатастыру жиі орын
алды. Ол үшін арнайы осы әріптер кездесетін сөздерден сөздік диктант алынды.
"Сауатты боламыз, сауатты жазамыз" деген ұранмен бұл қызметкерлер жаңа емлені жатсынбай қабылдады. Емлені еңсеру қиын болса да, нәтижесі оң болады деп сенуде. Жаңа
әліпбимен жаңа қадамдар жасап, жаңа мүмкіндіктерге жол ашылатынына біз де сенеміз.
28 маусым күні бөлім әдіскері "Latyn qarpinde jazyp daǵdylanaıyq" тренингін "Таза су"
КМҚК қызметкерлерімен өткізді.
Тренинг барысында әліпби реті, құрамы таныстырылып, бірқатар ережелер айтылды. Ережелерді бекіту мақсатында түрлі тапсырмалар орындалды.
Оқу дағдысы жақсы қалыптасқанымен, жазу дағдысы әлі де еңбектенуді қажет етеді.
4 шілде күні "Latyn qarpinde jazyp daǵdylanaıyq" тренингі қазынашылық басқармасында
жалғасын тапты.
Аудиторияда, алдымен, латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы жайында сөз қозғалса,
арты әріптер қатарын таныстыруға ұласты.
Ережені бекітуге келгенде түрлі деңгейдегі тапсырмалар орындалды.
Басты мақсат - жазу дағдысын қалыптастыру.
«LATYNDY QOLDA» АКЦИЯСыНыҢ КелеСІ
ШыҒАРылыМы
25 маусым күні аудан жұртшылығы тағы бір мәрте "Бүгінгі ой" жобасымен танысып,
латын қарпінде жазылған ойшыл, ғұламалардың қанатты сөздерін оқи отырып, жаңа
әліпбиде жазылған мәтіндер еш қиындықсыз оқылатынын айтып өтті.
ЖАҢА ӘлІПБИДІ
МеҢГеРейІК
Тау ішінде
Мен келем тау ішінде түнделетіп,
Аймақты күңірентіп өлеңдетіп.
Астымда ақ боз атым сылаң қағып,
Жалтақтап құлақтарын елеңдетіп.
Ақ боз ат менің тұлпарым,
Шалқыған көңіл сұңқарым.
Көкірек керіп жұттым мен,
Ауаның жазғы жұпарын.
Ә-әй, сүмбіл шаш,
Тәтті сөзің,
Қара көзің,
Білгейсің келгенімді жалғыз өзің.
Ән салдым есіп майда жаяулатып,
Ырғалтып, шырқап, толғап, баяулатып.
Толқынды мың құбылған әнімді естіп,
Тыңдарсың кірпік қақпай ояу жатып.
Taý ishinde
Men kelem taý ishinde túndeletip,
Aımaqty kúńirentip óleńdetip.
Astymda aq boz atym sylań qaǵyp,
Jaltaqtap qulaqtaryn eleńdetip.
Aq boz at meniń tulparym,
Shalqyǵan kóńil suńqarym.
Kókirek kerip juttym men,
Aýanyń jazǵy juparyn.
Á-áı, súmbil shash,
Tátti sóziń,
Qara kóziń,
Bilgeısiń kelgenimdi jalǵyz óziń.
Án saldym esip maıda jaıaýlatyp,
Yrǵaltyp, shyrqap, tolǵap, baıaýlatyp.
Tolqyndy myń qubylǵan ánimdi estip,
Tyńdarsyń kirpik qaqpaı oıaý jatyp.
SÁKEN SEIFÝLLIN
Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
3
Әліпби ауыстыру – рухани
жаңғырудың бастауы
Латын графикасына көшу реформасы – кеше
ғана талқыға түсіп, бүгін ғана халыққа жол тартып отырған мәселе емес. Осы жолда қайшы пікірлермен де, сыни көзқарастармен де
ұшырастық. Алайда латын әліпбиіне көшу жолында қандай кедергілер болса да, негізгі
мақсатымыз – жаңа графикаға ауысу өз көшінен
қалмай келе жатыр.
Әлемде жаңадан бір зат не құбылыс пайда
болса, ол туралы пікірдің біржақты болмайтыны
белгілі. Дәл осылай жаңа графикаға көшеміз дегенде пікірдің екіге қақ жарылғаны – заңды
құбылыс. Себебі кереғарлық болған жерде ғана алға басу процесі -прогресс іске асады.
Яғни, жаңа әліпбиге ауысарда біршама қиындықтарға тап болуымыз мүмкін, бірақ басты
миссия – латын қарпінде сауатты жазып, оқуды үйрену. Ол үшін, ең алдымен, қоғамдық сананы жаңғыртуымыз қажет.
Ол қандай жолмен іске асады дейтін болсақ, халық арасындағы «латын графикасына не
үшін ауысамыз, қандай мақсатпен ауысамыз?» деген сұрақтар төңірегінде жаңа әліпбидің
маңыздылығы мен мүмкіндіктерін ашып түсіндіру қажет. Демек, бодан санадан бостан
санаға өту жолдарын анықтап, айқындап берген абзал.
Келесіде, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Бір жылдары біз бұл
қадамды жасағанбыз» деген сөзі бізге үлкен мотивация бергені хақ. Тарих беттерін
парақтасақ, әліпбидің өзгеру жолдарында 1929-1940 жылдар аралығында жазуымыз латын
графикасы болғаны тайға таңба басқандай деректермен дәлелденіп тұр.
Үшіншіден, көпшілік «біз қазақ тілін, орыс тілін, ағылшын тілін білеміз, енді латын тілін
үйренуіміз керек пе?» деген жаңсақ пікірдің соңынан еріп жүр. Біз латын тіліне көшпейміз,
латын әліпбиіне ауысамыз. Яғни, мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі еш өзгеріссіз қалады, тіліміз ауыспайды, тек сол тілді қағаз бетіне түсіретін таңба ауысады. Демек, бар мәселе тілдің
ауысуында емес, мәселе графиканың өзгеруінде.
Жаңа графикаға көшу – ғаламдық технологияға, ғылымға тікелей қол жеткізуге, ұлттық
құндылықтарымыздан алшақтамай, өзге елдердің озық тәжірибелерін алуға және отандық
жетістіктерімізді әлемдік масштабта көрсетіп танытуымызға таптырмас мүмкіндік.
Себебі ғаламдық деңгейге қадам басатын болсақ, латын әліпбиімен тиімдірек әрі жеңілірек
болатыны анық. Өйткені, дүниежүзінің басым көпшілігінде латын әліпбиі қолданыста және
техниканың тілі де латын әліпбиіне мықтап бейімделген.
Жаңа әліпбидің тиімділігі мен кемшілігіне келсек, әліпби ауыстыруда төлсөздеріміз тігісіне жата қалғандай, еш қиындық келтіріп отырған жоқ. Мұнда мәселе тудырып отырған –
шеттілдік сөздердің емлесі (жазылуы).
Бұл мәселені шешу үшін «термин сөздер, шеттілдік сөздерді түпнұсқасына жақындау
мақсатында айту үшін тілімізге икемдеп, сындыру керек» деген тұжырымды алға тартып
отырмыз. Осы сұрақтар біріздендірілсе, латын әліпбиіне жаппай көшу етек алады.
Жаңа әліпбимен жаңа қадамдар жасаймыз деген мақсатпен 2018 жылдан бері ауданымызда
көптеген жобалар іске асып, түрлі ісшаралар орындалып, акциялар жүргізіліп жатқаны белгілі.
Латын графикасына негізделген жаңа емле ережесін таныстыру мақсатында латын
қарпінде жазуға дағдыландыру, латын әліпбиінде оқуға үйрету жұмыстары атқарылып, тренинг сабақтар өткізіліп келеді.
Өзге елдердің тәжірибесінен көріп отырғанымыздай, латын әліпбиіне көшудің өзі – тілдің
болашағына жасалған маңызды қадам болып отыр. Ендеше, қадамымыз нық болғай!
М.МұҚАЖАНОВ,
«Жаңаарқа ауданының мәдениет және тілдерді
дамыту бөлімі» ММ-нің басшысы
Ауылым -алтын бесігім
Туған жерге тағзым
Түгіскен ауылынан шыққан азаматтардың
игілікті істері Елбасымыздың “Болашаққа
бағдар:
рухани
жаңғыру”
атты
бағдарламалық мақаласында айтылған,
өскен жерді өркендетуге әр азамат үлес
қосуы керек деген ойларымен дөп келеді.
Мемлекет басшысы
аталған
мақаласында:
“Қазақ, туған жерге туыңды
тік”,- деп бекер айтпаған.
Осы аптада осындай
мақсатпен Түгіскен орта
мектебін 1989 жылы бітірген
түлектер бас қосып, мектеп
бітіргендеріне 30 жыл толуына
орай
Түгіскен
ауылының тең ортасынан
Бәйтерек мұнарасының макетін тұрғызды.
Түгіскен ауылының 1972
жылы туылған азаматтарына
ауылдың көркеюіне қосқан
зор үлестеріне рахмет айтып,
барша ауыл тұрғындары
ризашылығын білдірді.
Саят СелКеБАеВ,
Түгіскен ауылдық
округінің әкім
аппаратының маманы
№33_Жанаарка газеті 05.07.2019 18:23 Страница 4
4
Елбасының
«Болашаққа
бағдар: Рухани
ж а ң ғ ы р у »
мақаласының
«Туған
жер»
бағдарламасы аясында 27 маусым
халық игіліне тағы бір
жұмыс атқарылды
Бухаршин Даниярға аудан әкімі Ю.А Бекқожиннің алғыс
хатын және бағалы сыйлықтарын табыстады. Келесі сөз кезегімен көз көргендер, ауылымыздың қарт ұстазы Омарова
Зейнегүл анаға, ауыл
Бұқаршы тегі Боранұлы Ермек (1961-2018) Қарағанды облысы, Дария ақсақалдары Муталляпов
Төкенов
күні Сейфуллин станциясында дүниеге келген. 1962 жылдың 28 қазанында Қарағанды Сабитке,
Аманжолов
ауылдық округі, облысы, Жаңаарқа ауданы, қазіргі С.Сейфуллин (бұрынғы Жеткіншек Сартбайға,
Сатпаев
Ынтымақ ауы- ауылы) совхозына әкесі Бухаршин Боранның қызмет бабының ауысуына Дәулетбайға,
А
м
а
н
х
а
н
ғ
а
,
байланысты
көшіп
келген.
Бухаршин
Ермек
1968-1978
ж.ж.
Ынтымақ
орта
лында бір үлкен
игі іс-шара орын мектебінде оқып, үздік бағамен аяқтаған. 1978-1982 ж.ж. аталған ауылда бірге өскен
алды.
Жеке әртүрлі жұмыс атқарып, партияға мүшелікке өткен. 1982-1987 ж.ж. жора жолдакәсіпкер Бухар- Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетінде оқып, бітіріп с т а р ы н а ,
шин
Данияр шыққан. Әкесі -Бухаршин Боран Ұлы Отан соғысының ардагері, «Алек- к ә с і п к е р
Е р м е к ұ л ы сандр Невский» орденінің иегері, шешесі - Төлеуова Рымтай совхозда әріптестеріне
Ы н т ы м а қ балабақша меңгерушісі болған, «Алтын Алқа» иегері, көп баланың б е р і л д і .
ауылының
ту- анасы..Жұбайы - Омарова Майра Жәлелқызы заң қызметкері, Қарағанды Б а р л ы ғ ы
масы, ауылым, қалалық әкімшілігінде заң маманы қызметін атқарды. Ермек мемлекеттік «Жақсының
елім деп жүрегі мекемелерде әртүрлі қызметтер атқарып, 2001 жылдан бастап жұбайымен жақсылығын
соққан ел ағасы, бірге жеке кәсіпкерліктің заманауи түрі, жүйелі маркетингті қолға алып, айт нұры танар тұлғалы аза- өмірінің соңына дейін халықпен бірге еңбек еткен. Әлемдік деңгейдегі 168 сысын», «Арбар
мат
әкесі мемлекетке таралған «Forever living products» компаниясының белгілі тында
оңалар»
декәсіпкерлік
деңгейіне
көтерілген.Ұлы
Данияр,
қызы
Динара,
келіні
Бұқаршы
тегі
г
е
н
д
е
й
Гүлжанат,
күйеу
баласы
Ануар.
Немерелері
Төрекелді,
Ералы,
Кәусар.
Боранұлы Ермек
марқұмның ама- Жиендері -Нұртөре, Дидар. Артында қалған ұрпақтарын жоғары білімге м а р қ ұ м н ы ң
натын орындап, жеткізіп, кәсіпкерлікке тәрбиелеген, ағайынға сыйлы, елі үшін ерен еңбек а з а м а т т ы қ
ауылдың кіре-бе- еткен ардақты азамат, асыл жар, Ел ағасы бола білген жарқын жан. Қазіргі б о л м ы с ы н
айтып, естерісіне орнатқан таңда ұрпақтары осы кәсіпті жалғастыруда.
ріне
алды.
« АУ Ы Л Ы М ,
Ауыл
ақсақалдары
Ерекеңнің
туған-туыс
отАЛТЫН БЕСІГІМ» атты бас қақпасының ашылу рәсімі салбала-шағаларына
ауыл
атынан
танатты түрде өткізілді. Шуақты, ашық аспан аясында басы
қазақи киіз үй тігіліп, ауыл тұрғындары, ақсақалдары, сырт- алғыстарын білдіріп, ақ баталарын берді.
Марқұмның інісі Бухаршин Ербол сөз алып: «Ерекем туған
тан келген қонақтар, марқұмның анасы Рымтай әже мен Буауылыма
арка орнатып берсем деп үш-төрт жылдай жоспархаршиндер әулеті тегіс
жиналды.
Аудандық мәдениет
үйінің қызметкерлері
к о н ц е р т т і к
бағдарламасымен
Ынтымақ ауылына ат
басын
тіреді.
Жүргізушілер мыңнан
бір туар азамат Ермек
а ғ а м ы з д ы ң
өмірбаянына тоқтала
кетіп алғашқы сөз кезегін арнайы келген аудан
әкімінің орынбасары
Қ.Ш Қожықаевқа берді.
Қ.Ш Қожықаев: «Бұл
ауылға қақпа орнату
көптен бері ойда жүрген
үлкен мәселе еді, қазіргі
әкім
жаңадан
тағайындалған кезде
осы оймен бөліскен
едік. Енді міне көптен
күткен
алтын
қақпаларыңыз орнатылып жатыр, құт-береке әкелсін!»,-деп құттықтау сөз сөйлеп,
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ
Ардақты да қадірлі
басшымыз,
сыйлас
әріптес
ӘШТАеВ
Т
І
л
е
Ш
БейСеНБАйұлыН
11 шілде күні 55 жасқа
толар мерейтойымен
құттықтаймыз.
Т
і
л
е
ш
Бейсенбайұлына зор
денсаулық, қажымас
қайрат,
отбасына
амандық, бақытты да
баянды ғұмыр кешуді
Алла нәсіп етсін.
55 жастың асқарына шықтыңыз Сіз,
Құттықтаймыз мерейтоймен қуана біз.
Жақсы күндер қуантсын сізді талай,
Жүрекке түспесінші ешқандай сыз.
Басыңыздан таймасын заңғар бағы,
Ұрпағыңызбен қарсы алыңыз таңдарды әлі.
Бақытына кенеліп балалардың,
Орындалсын ойға алған армандары.
Игі тілекпен: аудандық білім бөлімі мен білім
қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы
лап жүрді, Шет елдерге бара қалса да қақпаларды суретке
түсіріп коллекция жасап жүретін. Былтыр: “Ораза айы біт-
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ
Қараағаш
ауылының
тұрғыны, аяулы ана, асыл
әжеміз
РАуЗА
РАШИТҚыЗыН 11-шілде
мерейлі 70 жасқа толар
күнімен шын жүректен
құттықтаймыз. Асуы көп
өмірдің сан белесін артқа
салып, жетпіс белді еңсерген
анамыз ұрпағын өсіріп, ұлын
ұяға, қызын қияға қондырып,
олардан немере сүйген асыл
жан. «Бар қызығым – балаларым» деп өмірін соларға
арнаған анамыздың тілегі әрдайым қабыл болса екен.
Құтты болсын 70 деген жасыныз,
Сексеннің де сеңгірінен асыңыз.
Қуат алып, денсаулықтың нәрінен,
Жүзіп өтіп, жүзге аяқ басыңыз.
Балалардың арасында жүріңіз,
Шаттық нардан айықбасын жүзіңіз.
Тілек еттік шың жүректен бәріміз,
Мықты болып ұзақ өмір сүріңіз.
Тілек білдірушілер: баласы – Жолтай, келіні - ләззат,
немерелері – Жасын-Әсел, Кемел-Данагүл, шөберелері
– Досжан, Арлан, Раяна, Аянат
6 шілде 2019 жыл
сін, сосын кірісеміз”,- деп отыратын, әттең уақыт жетпей
қалды. Сұм ажал мезгілсіз арамыздан алып кете барды. Міне,
тура бір жылдан кейін ағамның
арманы орындалып ешқандай
қақпамен теңдесі жоқ ең әдемі,
ең
қымбат
алтын
қақпаларыңыз орнатылды. Бұл
қақпа ауылдарыңызға тек қана
бақ-береке мен құт әкелсін»,деп тіледі. Ерекеңнің кәсіпкер
шәкірттерімен, отбасымен та-
ныстырып, осы қақпаның құрылысы басталғаннан басы
қасында жүрген, еңбегі сіңген барлық азаматтарды ортаға
шақырып алғысын білдірді.
Ауыл әкімі Н.Әбдіков сөз
алып, Бухаршиндер әулетіне
алғысын білдіріп, ауылдастарын бас қақпаның ашылуымен
шын жүректен құттықтап, әлі
де мұндай игі іс-шаралар
жалғасын табатынын айта
кетті.
Аудан әкімінің орынбасары
Қ.Ш Қожықаев, Төлеуова Рымтай әже және еңбек ардагері Бухаршин Фрунзе қошеметпен
ортаға шақырылып қақпаның
лентасы
кесіліп,
естелік
тақтасы ашылды. Әжелер
шашу шашып, әншілер ән-шашуларын тарту етті.
Бухаршиндер әулеті ауыл
ақсақалдарына,
жиылған
жұртқа киіз үйде үлкен ас
беріп, Ерекең марқұмның рухына құран бағыштады.
З.БАРЖАҚСИНА,
С.Сейфуллин ауылдық
округі әкімінің
аппаратының маманы
Бұл - бағдарламалық
мақала
Стратегиялық сипатқа
ие
бұл
мақала
көпқырлы әрі ауқымды
тарихымызды дұрыс
түсініп,
қабылдауға
шақырады.
Яғни,
әлемдік
өркениетке
қосқан үлесіміз бен
жаһандық
даму
үрдісіне тигізген зор
септігімізді қайтадан зерделеп, дүниежүзіне жаңаша
дәріптеуге үндейді. Шын мәнінде, біздің Ұлы даламыздың
ғалам мәдениеті мен өркениетінде өзіндік орны бар. Оған
ешкімнің таласы болмауы тиіс. Тек соны нақтылап, шегелеу
үшін алдымен оның мәні мен маңызын өзіміз жете түсініп,
түйсінуіміз керек
Бұл - бағдарламалық мақала. Президент көшпелілер
өркениетінің негізгі бесігі Алтай екенін, таңғажайып аң стилін, мифологияны - бәрін анық көрсетті. Мемлекет басшысы
төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін
ұрпақтың болашағы зор болады дейді. Сондықтан бұл бүгінгі болмысымызды сараптап, болашағымызды бағамдауға
арналған мақала. Оның стратегиялық маңызы зор.
Мәдина ТӨлеухАН
№33_Жанаарка газеті 05.07.2019 18:23 Страница 5
Жаңаарқа- мен өзіңді сүйіп өтем
6 шілде 2019 жыл
5
Өз елінің рухани мәдениетін әлемдік деңгейде танытып, адамзат санасына қозғау салған ұлыларды ұлықтау мәселесі
елбасының «ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында жақсы көтерілген. ұлт мүддесіне қызмет еткен қазақ
зиялыларының тарих пен әдебиет кеңістігіндегі заңды орындарын иеленуіне игі әсер етер бұл мақаладағы міндеттердің
бағасы бүгін де, ертең де артпаса төмендемесі хақ. Осы орайда туған жеріне елеулі еңбек сіңірген, өлке тұрғындарының
әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлары, бірнеше очерк, публистика,өлендерің аудан, облыс орталығы газеттері бетіне жарыққа
шығарған «Жаңа -Арқа» атты толғауы бәрімізге айрықша әсер қалдырған, ұлт руханиятының құндылығын жүрекке жеткізе жазудың шеберлігін танытқан Пазылов Сейдіғали әкемізді тану мен таныту төңірегінде ой өрбітсек артық болмас деп
ойлаймыз. Өйткені әкесінің өмір жолы мен асыл қасиеттерін, айтылмай қалған сырлары, жазылмай қалған қаншама
құнды ойлары, жоспарда болған, бірақ қағазға түспеген қаншама үлгермеген талай туындылары сонымен қатар ауыл
тұрғындарының ерен еңбектері мен шығармашылығы және де туып өсен жердің бай мұрасы туралы өз жазбасында деректер топтастырған. ұлылық – өмірге ұлы ұрпақтар келтіретін халыққа тән қасиет екендігін де осы тарихи тұлғалар
тағдыры ұмыттырмасы тағы анық. Әкеміздің ұрпағы ретінде жарыққа шықпаған құнды жазбаларын елге таныту
мақсатында ізін жалғастырушы ұлы Пазылов Жанболат Сейдіғалиұлы және немересі Пазылов Даниал Бақытұлы.
Сәкен –сыр сағынышым
Көшпеңдер, Жаңаарқадан, азаматтар!
Көшпендер, Жаңаарқадан, азаматтар!
Жерінде құт – береке, шарапат бар.
Бекерге қашқаныңмен жаның қалмас,
Жазуды тағдырын тұр, құдай сақтар.
Сарысу жылап ағып, бұрандаған,
Сұлудай сиқыры мол сылаңдаған.
Қарашы, Жаңаарқамның келбетіне
Жәннат боп жаралғандай сыр –арманнан.
Өрілген тұла бойы өлең- жырдан,
Сәкеннің сыр – сымбаты кілең нұрдан,
Жаңаарқа, ақыныңмен белгілісің,
Жайылған жер жүзіне биік тұлған
Жаңаарқа, елің өктем, жерің көркем.
Сияқты ерекше боп түскен көктен.
Жігіттер жолын айқын, алдын жарқын,
Ерінбей жаның салып, еңбек етсең.
Егін сал, жерді балтап дақыл өсір,
Наның да, жеміс –жидек болар нөпір.
Сауда қыл, тірлік жаса адал жолмен,
Пайда үшін ел – жұртыңа болма «кәпір».
Бос жүрмей , ел қатарлы малыңды бақ,
Қолына шалғынды ұстап, шөбіңді шап.
Өндіріп ет пен майлы қаржы жасап
Нарықта өлмейтұғын жолыңды тап,
Көп болған көмір көзі табылғалы,
Жәйремім шалдыққанда үлкен тірек,
Жұмыс боп, тұрмыс қалпы жақсырады,
Елімнің іскерлері алса билеп,
Канал да қайта қолға алынады.
Қалың жұрт Жаңаарқаға ағылады.
Туған жер болашағын ойлағанда,
Жүрегім қуаныштан жарылады.
Көктемде жердін бетін жабады деп,
У гептил сай –салаға ағады деп.
Біреулер болжау жасап, үрей беріп,
Халықтың тыныштығын алады кеп.
Байқамаса бос сөздің зауалы көп,
Жүрегіне халықтың салады кек,
Арнайы комиссияның айтуынша,
Құлаған зымыранның залалы жоқ.
Жері таза, ауасы дертке дауа,
Суы бал, көдесі май керім дала.
Түссе де көктен тажал, болып ажал,
Тәңірімнің кеңшілігі болған пана.
Ел- жұртым қиын кезде басыңды қос,
Өсек –аян өрбітпей, сөзіңді тос,
Сезінетін шындықты мезгіл жетті.
Болмашыға қастаспай, болсайшы дос.
Ағайын, жора –жолдас, жамағаттар,
Тегіңде туған жердің қанағат бар.
Еліме қуат берер қиын шақта,
Оқылған құран, дұға, салауаттар.
Жазылмас жүрегіме салма жара,
Көшем деп елден жырақ, жеке дара.
Бөтен жақтан жерұйық іздеп жүріп,
Досқа күлкі, дұшпанға болма таба.
Жаңаарқа – қиялыма шабыт берген,
Өлең –жыр күнде қоздап, егіз өрген.
Туған жер толғанамын сен күрсінсең,
Анамсың бал емізіп, иісің сінген.
Жаңаарқа – Сарыарқаның бел баласы,
Құт мекен, байлық, дәулет ен даласы .
Көрген жұрт дидарыңнан ләззат алған,
Сұлулық осы өңірден басталады.
Жаңаарқа – алғашқы аты Асан қайғы,
Көріпкел әруағымен атағанды.
Баласы алты Алаштың қоныс теуіп,
Мәңгілік мандайында шырақ жанды.
Жаңаарқа – Сәкен қойған жердің аты,
Жәнібек шырқап, шырқап салған әннің аты .
Ежелден елі жайсаң, көңілі дархан,
Бекболат, Қайратымен шықты даңқы.
Жаңаарқа – он бес болыс елдің аты,
Қазақтың он ғасырлық өмір салты.
Құда боп, қыз ұзатып, қонақ күткен,
Қаймағы бұзылмаған елдің қалпы.
Жаңаарқа - табиғаты жанға жайлы,
Жер- суы мал ұстауға әлі қолайлы.
Нан иісі тоқтық беріп ел – жұртына,
Шалқыған теңіз болып егін жайы.
Жаңаарқа – жақсылардың жазған хаты,
Әз – дана балалардың өшпес даңқы.
Шоң – болыс, Байдалыдан бастау алған,
Әділет, адалдықтың ізгі нарқы.
Жаңаарқа –өткен өмір жаман –жақсы.
Би, болыс бай мен төре, кедей –жалшы,
Қала орнап, өркендеген ел болады деп.
Болжаған болашағын Бала бақсы,
Болжаған болашағын Бала бақсы.
Аққумысың, Сәкен –ау, сұңқармысың,
Қайта түлеп ұяңнан ұшармысың?
Егеменді ел болған қазағыңның,
Жерін сүйіп, ел – жұртын құшармысың?
Тағдырдың тәлкегіне көнемісің,
Хабар берші, тарихтың дерегі үшін.
Қырық жыл қауышып-ек, өзіңе елтіп,
Қоғамның құрбаны боп өлмесің?
Өсек –аяң отаулап жердің шетің,
Меңдеп тұрған еліңнің ескі дертін.
Өзің келде ұшықтап қаламыңмен,
Дау –дамайдың лаулаған өшір өртін.
Түскен кезде басыма қайғы – уайым,
Елес –болған бейнеңді сағынамын.
Кезіп жүрген рухыңа дұға жасап,
Аяның боп әкелеп аялаймын.
Тайғақ кешкен ел үшін, ердің жайын,
Жұртқа жайып, жер –көкті аралаймын.
Құтылып –ең, Калчактің түрмесінен,
Кеңестің кездігінен болдың сағым.
Жаланың жара салған төлеміне,
Құрбан болып, жолыңда өлейін бе?
Даттап жүрген жандардың жанын қинап,
Қорғасын боп, қүйылсам көмейіне.
Адам сипат, нұр сәуле көріктесің ,
Кінәсіз пәк ниетті періштесің.
Жын пері жойлап барады бір көрінші,
Мықты болса күшіне сеніп көрсін.
Сарбалағың кезіп жүр саңқылдаған,
Қосауызың үйде тұр атылмаған.
Өзің сүйген арулар сағынып жүр,
Сен кеткелі құшағы ашылмаған.
Жігіттер де күтуде жолың тосып,
Жігіттер де күтуде жалың тосып,
Кетпесін деп қаманнан жаның шошып.
Әулие деп өзіңді пір тұтады,
Кететіндей өмірлік ырзық шашып.
Ақ боз атты көсілтіп, түнделетіп,
Астанаға кірсеңші елеңдетіп.
Отыра сап ,советтің кеңесіне,
Реформаны жіберіп тереңдетіп.
Сейдіғали ПАЗылОВ,
Жаңаарқа ауданы 10.06.1999 жыл
Самал ФАЗылОВА,
9 «В» сынып Б.Амалбеков мектебі
Бестоған, Тәпи Бекше, Белқұдықта,
Көшекбай, Қарасу мен Төрқұдықта.
Шапқылап талшыбықты атқа мініп,
Балалар батушы едік, бал қызыққа.
Күйеусай, Айнабұлақ барқыт белде,
Көкөзек, Көктұмсық пен Қаракөлде.
Отырып, алқа қотан мал күзетіп,
Жалықпай ән салушы ек ұзақ түнге.
Кей жылы Шотан қыстап, Есен жайлап,
Күз болса қоныс қуып Сарысу бойлап ,
Ауылым мал қамымен көшуші еді.
Көкорай хош иісті жерді таңдап.
Тірі боп жүргеніме болған себеп.
Мен үшін Иманақтың жөні бөлек.
Басыма ажал қауіпі төнген шақта,
Жаныма араша боп алған жебеп.
Көктемгі табиғаттың дәміне елтіп,
Бір қызбен қолтықтасып жаныма ертіп,
Шықаннымен Иманақтың нақ басына
Тұрғанда Күн күліп, самал желпіл.
Сұлуды алғаш рет сенде құшқам,
Жас қыздың жан сезімін сонда
ұққам.
Той жасап үлкендердің батасын ап,
Алысқа білім іздеп сенен ұшқам.
Бұл күнде өткен күннен елес қалды,
Жөн –жоба бұрынғыдай емес бәрі
Ауылға бір жақсылық бола ма деп,
Ой ойлап, қайғы жұтып, жүрек талды.
Тұрушы еді таң алдында бұлбұл сайрап,
Алыпты ағаш басын көкек жайлап,
Туған жер, бөтен біреу баспай тұрып,
Алайын топырағына аунап –аунап.
Сейдіғали ПАЗылОВ
Жаңаарқа туралы толғау
Жаңаарқа – Байғозыны сүйеу көрген,
Аралбай, Күшікбайдың соңына ерген.
Тұтқыннан алып шыққан Абылайды,
Нияздың ерілігіне демеу берген.
Жаңаарқа – Ықыластың «Жез киігі»,
«Төрт толғау» Тотаң тартқан күй биігі.
Бойынды бір суытып, бір жылытқан,
Елінің бір қуаныш, бір жылытқан.
Елінің бір қуаныш, бір күйігі
Жаңаарқа- қадыр тұтқан Төлебайды,
Салдықтың салтанаты тұрған бойы.
Түкірген Заманының келбетіне,
Әбеннің жынды атанып, сінген ағы.
Жаңаарқа – байларымен тақылған кең,
Сапаққа жылқы біткен он сегіз мың.
Ененде сол атанған Өтебайдың,
Малынан інісінің бір мыңы кем.
Жаңаарқа – Шолақ молла, Шоқан қажы,
Хамит пен Кәрім қожа, Ысқақ әжі.
Шәріпбек, Хайролла мен Әбіғалым,
Ислам өмір бойы болған Уәжі.
Жаңаарқа- Бәйсейіт, Шәбден, Жанайдарлар,
Үзілген үкілі үміт, ақ армандар.
Шалғынбай, Сатан және Дәулетбеков,
Өмірге ерлік үшін жаралғандар.
Жаңаарқа – академик Қирабаев,
Атағы біліміне болған лайық.
Ісләм тың сөздерінің құдыреті,
Ғалымның бір дүлдүлі Көкетаев.
Жаңаарқа – Айтқожа мен Қордан, Сәрсен,
Сәкеннің кіндік қаны тамған жерден.
м
Ауылы
Алтыннан медаль тағып үшеуі де,
Бітіріп он жылдықты ғылым емген.
Жаңаарқа –Кәрібай мен Ғайы,Өмір,
Емдері дертке дауа бойға жеңіл.
Елімнен екі жүздей ғалым шыққан,
Мақтанып бойды билеп, өсті көңіл.
Жаңаарқа –Теміртаудың Ақбиеві,
Басқару үлгісінің шоқ биігі.
Ел шалқып, шойын балқып сел боп аққан,
Болғанда ағамызды кен билігі.
Жаңаарқа –спортымен аты шыққан,
Талайлар ызғарынан жым боп аққан.
Дән риза Байшолақов әулетіне,
Әлемдік Сайыстардың көбін ұтқан.
Жаңаарқа – «Құлан өтпес», «Сұлу терек»,
Жолдекей жазған шалқып, «күнге еркелеп».
Жазықсыз құғын көріп айдауда өлген,
Түскендей бұл өңірде ақын сирек.
Жаңаарқа – Сайлауханның өлендері
Ақселеу,Ғабдолланың ой өрнегі
Ғалым мен Аманжолдың қайнап шыққан
Бұлақтай көзі бітпес теңдеулері
Жаңаарқа – Ғалиядай қыздың көркі,
Жандырған Балуанды ғашық өрті.
Күнім деп, күлімдеген апамыздың,
Ай- жүзі арман болған есіл – дерті.
Қанат қағып, өз ұямнан ұшып биіктерге,
Білім алып, маман болып шығамын .
Партияны ар- ождан деп ұқан,
Еңбек етіп, терім төгіп, сол жолда.
Елмен бірге еңбек ету арман деп,
Елім үшін тегім тыйып еді оянбай
Тірлігіңді табысымды таянып деп ұқты.
№33_Жанаарка газеті 05.07.2019 18:23 Страница 6
6 шілде 2019 жыл
6
Өмірде табысты болудың
сыры - еңбек
Мен бұл келіншекті сыртынан танитынмын.
Орта бойлы, тығыршықтай, ақ құба өңді, үнемі
жайдары жүреді. Жүз таныстығымен, қарама
қарсы келіп қалғанда бас изесіп амандасқанымыз
болмаса, жақын араласқан емеспіз. Тек үніме шаруасы тығыз болып, шапқылап жүретінін
көремін. Сол күндердің бір күні жұмыс барысында болған бір жиында басымыз
қосыла қалды. Қайран қалдым! Иә, иә,
өмірге деген ынтасына, айналасына деген
көзқарасына,
таза
әрі
адал
еңбексүйгіштігіне таңқалдым. Өзі менен
бірнеше жас кішілігі бар екен. "Тұрқы кіші
демеңіз, қолыңа жақса сақа ғой, жасы кіші
демеңіз, ақылы асса дана ғой",-деген осы
екен-ау дедім іштей. Ал, мені сонша
тамсандырған әңгіме жайында білгіңіз
келе ме? Мүмкін кейбіріңіз: "Еее, осы да
сөз болып па?",-дерсіз, ал біреуіңіз: "Ммм,
дұрыс-ақ екен",-дерсіз. Дегенмен, бұл
сұхбат үкіметке иек артып, әкімшіліктің
табалдырығын
тоздырып,
барлық
сәтсіздігіне
қоғамды
айыптайтын
кінәмшілдерге арналады. Мүмкін көз
жүгірткен бір адамдар өзін танып, айналасына деген көзқарасын өзгертіп, жаңаша өмір бастар.
Кейіпкеріміздің есімін Айжан деп шартты түрде өзгертіп
алдық. Ал, сонымен Айжан үш баласын тәрбиелеп отырған
декреттік демалыстағы әдеттегі келіншек. Жолдасының
тұрақты жұмысы жоқ. Құрылыс жұмыстарында жалданып,
нәпақасын тауып жүрген азамат. Бірақ, мына қараңыз жас
отбасы жер алып, жап-жаңа үй салып алыпты! Кәдімгі 4
бөлмелі кең үй.
-Әзірге, барлығын 100 пайыз қылып жасап алуға қаражат
жағы болмай тұр. Бірақ, әктеп алып, орналаса береміз. Бастысы өз баспанамыз бар! Жалдамалы пәтерден
құтыламыз,-дейді Айжан бірден әңгіме басында
қуанышымен бөлісіп. Бет-әлпетінен, дауыс ырғағынан шын
қуаныштың лебі еседі. Әрине, таза еңбекпен, ешқандай
несие алмай қол жеткізген баспананың риясыз қуанышы дәл
осындай болмақ.
Жолдасы күні бойы жұмыста. Әрі қол еңбегі, ауыр жұмыс.
Кешкілік үйге оралған соң, қайыра өз үйінің құрылысына
кіріседі. Олар үшін баспанасының өз қолдарымен қалаған
әр кірпіші қымбат.
Айжан жолдасының табысына ғана қарап отырмай,
қолынан келген бар өнерін салып өзі де шама-шарқынша отбасы қаржысының қампаюына үлесін қосып жүр. Үлкені бірінші сынып оқушысы. Анасына тартқан қағілез, тиянақты,
«Қыз тәрбиелеу – ұлт тәрбиелеу деген
сөз. Біздің әр үйде өсіп жатқан қаракөз
қыздарымыз – бәрі қазақтың болашақ
ұрпағының анасы, ұлттың әжесі.
Сондықтан, қызымызды ата-баба дәстүрімен,
қырық үйден тыйым салатын салиқалы салтымызбен өсіруіміз керек.
Бұл күндері қарап отырсақ, байлық па, барлық
па, мақтаншақтық па, даңғазалық па, есіріктік
пе, қалай дерімді білмеймін, титімдей бір-екі
жасар қыздың құлағын тесіп, алтын, тіпті гауһар
тасы бар қымбат сырға салғанды көріп жүрміз.
Осының қажеті қанша? Қазақ қыздың құлағын
жеті жасында тескен. Өйткені жетіге дейін ол
қуыршақ ойнап, тұлымшағы желбіреп, асыр
салып, балалық дәуренді мейлінше бақытты
өткізуге тиіс. Сырға тағу қыздың бойжете
бастағанын, балалық шағынан алыстай
бастағанын білдіреді. Қазір осы дәстүрді ойсыз
жасап жүрміз.
Қыз тәрбиесін назардан шығарып алғанымыз
жасырын емес. Бұған қыздарымыздың қалай
болса солай: ашық-шашық киініп, кіндігін
көрсетіп жүргені дәлел. Жас қыздардың көшеде
ашықтан-ашық темекі шегіп, сыра ішіп жүргенін көріп
жүрсек те, мән бермеуге айналдық. Олардың ертеңгі ана екенін естен шығарып жүрміз. Ал біздің ата-бабамыз балалық
дәурені өтісімен қызға дұрыс тәрбие беруді қолға алған. Қыз
– аз күнгі қонақ деген. Сондықтан да күні ертең келін болып
түскен жерінде ата-анасына, ауылына сөз келтірмеуін алдын
ала ойлаған. Ескі қоғам – ескіліктің қалдығы емес,
мәдениеттің озық заманы болған. Әттең, қазір соның бәрінен
айырылдық!
– Ақыл айтатын ата, өнеге болатын ене бар емес пе еді?
Қазір келін мен ата, ене мен күйеубала шөлмектес. Бұл
ұлттық құндылығымыздың азғындауы. Жасыратыны жоқ,
ұқыпты. Оқу озаты. Соңынан ерген бауырлары тетелес әлі
кішкентай. Бірақ Айжан балаларының жастығына
қарамастан, үйде қол қусырып отырған жоқ. Қолдан түйіп,
тұшпара да сатты. Дүкенде де жұмыс жасады. Бағасын арзандатып сатып алған компьютері бос тұрмасын деп, ақылы
түрде материалдар да теріп береді. Азын-аулақ саудасы да
бар. Мамандығы жоқ емес, жоғары оқу орнын бітірген білдей бір мұғалім. Бірақ, ол жұмысына шығар болса, балаларына көңіл бөлуге уақыт болмай қалатыны белгілі.
Тіпті түнгі уақытты да ұйқыға қимайтынын айтсаңызшы.
Жолдасы түнде үйде болғанда, бұл мезгілде өзі
наубайханаға жол тартады. Бас кезінде наубайшының
көмекшісі болып жұмысқа кіргенімен, бір-екі күн ішінде
пысықтығын бірден аңғарған басшылық Айжанға наубайханашы болуға ұсыныс жасайды. Әрине, Айжан келісе кетеді.
"Наубайханада бір күнде 500 нанға дейін оқтаулап, жазған
күндерім болды. Алақандарым дуылдап, жаздырмай
қалатын",-деген Айжанның әңгімесінен жұмыстың
ауырлығынан ешқашан қашпайтынын түсіндім. Тек жасайтын шаруа болса болғаны.
-Жалпы түсінгенім,- дейді Айжан, -жұмыс жасаймын деген
адамға мүмкіндік мол. Тек ерінбей, арланбай құлшына
кіріссең болды. Бастысы наның адал болсын.
Балаларыма да болашағы бар мамандықтар жайлы айтып
Өнеге өрісі
отырамын. Бірінші сынып оқитын баламмен
әңгімеміз салмақты,-дейді Айжан езу тартып, балаға осы кезден бастап маңызды дүниелерді
миына қондыра берген абзал. Қазірден бастап
өздігінше бүгінін сараптай алатын, ертеңгі күнін
жоспарлай
алатын
азамат
болуға
машықтандыру қажет.
Солааай дейді Айжан. Бұл келіншектің
болмысына қарасаңыз, тау қопарарлықтай
пікір қалыптастырмайды. Бірақ әңгіме барысында екпініне қарап, ынтасын саралап,
сонша алапат күш-қайратты сезіндім. "Отбасын асырау ер адамның міндеті"-деп
итере салмай немесе "үкімет неге бермейді"
деп алақан жаймай Алла берген екі қол, екі
аяғының күшімен отбасының жағдайын
жасап отыр. Жолдасына адал жар, нағыз
сүйеніш, көмекші, шаңырағының берекесі,
балапандарының қамқоры, асыл анасы.
Айжан секілді пысық келіншектің
болашаққа деген жоспары болмауы мүмкін
емес. Ол жайында сұрап едік тағы көп
жағдайға қанық болдық.
-Алдағы уақытта қалаға барып,
кәсіпкерлікті сауатты жүргізу туралы білім
алғым келеді. Жаңадан салынған үйімнің ауласы өте кең.
Сол жерге қосымша ғимарат салып, өзімнің аспаздық
өнерімді дамытқым келеді. Тағам өнімдерімді жасап,
шығарсам деймін. Қосымша тағы сауда-саттығымды
ұлғайтқым келеді. Яғни, сатылатын заттарымды көбейтсем
деген ой бар.
Сол сияқты мектеп оқушыларына тігін жұмыстарын
үйрететін үйірме ме, не болмаса орталық па ашу жағын
қарастырып та көргенмін, бірақ құжат жағының сұранысы
көп екен. Мәселе сол күйі шешілмей қалды,-дейді Айжан.
Әрине, Айжан сияқты отбасының қамын ойлап жүрген
ақылды қыз-келіншектер баршылық. Осындай тәрбиелі,
арлы әйелдер қоғамды әрі кетсе елді де алға сүйрейді. Осындай отбасында өскен балалар да ел ертеңінің жарқын болуына үлес қосатын нағыз азаматтар болып ер жетеді.
Тағы бір айта өтетін маңызды жайт, Айжан болашақта бес
баланың анасы болуды армандайтынын жеткізді.
Бұл әңгімеден түйгенім - адам баласы жалқаулықтан ада
болса, барлығына да қол жеткізеді. "Жасаймын" десең іс табылады, тек "жасаймаймын" деп шегіншектемесең болды.
Өмірде табысты болудың сыры да осы еңбекте жатыр.
Сондықтан, еріншектікке жол бермей, әрекет етіңіздер! Белгілі журналист Бейсен Құранбектің сөзімен айтқанда:
"Әрекет түбі - берекет!"
шпіз. Өзіміздегі бардың қадірінқасиетін білмейміз. Білгіміз де келмейді. Қажет болса, басқа халық болып
кетуге, ұлтымызды өзгертіп алуға да
дайынбыз!
«ұлттық намыс жоғалды»
Қазақтың қызы неге шетелге құмар? Неге шетелдікке күйеуге шығуға сонша құмар? Әлемнің
барлық тілін біл, бірақ ана тіліңді ұмытып,
ұлтыңнан безсең, онда шірік жұмыртқасың.
Ауылда жүрген ұлды да, қызды да «пәленшенің
қызы, түгеннің баласы» деп шақырады. Мақтаса
да, боқтаса да әкеңнің атымен атайды. Жақсы сөз
де, жаман сөз де әкеңе ғана тиеді. Ал үйден қырық
қадам аттаған соң әкеңнің атымен аталмайсың.
Әсіресе, шетелде «Қазақтың қызы, қазақтың баласы» – деп шақырады. Жақсы атың шықса, сөзім
жоқ. Жаман атыңмен көрінсең, ұлтыңа, өз
қазағыңа, еліңе тіл тигізесің. Қазір біздің шетелде
оқып, шетелдіктерге күйеуге шығып жүрген
қыздардың көбі ұлтына, еліне тіл тигізіп жатыр.
Біз көне халық едік. Дәстүріміз дара, салтымыз
салиқалы ескі халық едік. Тамырын тереңге
тартқан ел едік. Шайқалса да шайыры сыртына
шықпайтын, жел соқса да құламайтын емендей алып ел едік.
Қай жерден қателестік? Қай жерден мүлт кеттік екен?! Қай
қылығымызға бола бізді осындай жаза күтіп тұр?! Неден
кемшілік кетірдік? Ұрпағымыз неге дәстүрін ұмытты? Сан
мың жыл сақтап келген бай рухани мұрамыздан неге баз
кештік? Не жаздық?
Намысымыз биік ұлт едік қой. Қазір неге сол асыл
қасиеттен айырылып қалдық? Ұлттық намыс деген ауыл
үйдің көже намысы емес, ол Алатаудай биік, ертістей
қаһарлы намыс. Ұлттың намысы ауыл арасындағы пыш-пыш
намыс емес, ол парасатты намыс.
Бетті дайындаған Салтанат БАлТАБАйҚыЗы
Зейнеп Ахметова: «Тәрбиесіз қыздан тәлімді келін күтпе»
қазір атасының алдында «шорти» киіп шолтаңдап, енесінің
алдында тар, ашық-шашық майка киіп, қарнын жарқыратып,
кіндігін көрсетіп жүрген келін қаншама! Ар санамайды.
Тіпті ұялмайды. Денесінің ашығынан ұялмаған келіннің бетінде ұят қала ма? Жоқ! Әр халықтың өзіне ғана тән дәстүр,
салты бар. Егер сол жолдан аттасаң, онда тамырыңнан айырылып, азғындық жолға топ ете қаласың. Өйткені, салтдәстүр, әдет-ғұрып, ар-иба – ұлттың рухани коды.
Өзбектерге таң қаламын! Олар дүниенің қай бұрышында
жүрсе де, өзбек! Басында ала тақиясы, үстінде ала шапаны,
атлас көйлегімен «Мен өзбекпін!» – деп мақтанып тұрады.
Ал біз ұлттық киім түгілі, тілімізден ұяламыз. Басқа тілде
сөйлеуге, басқа елдің дәстүрімен жүруге бейімбіз. Еліктегі-
№33_Жанаарка газеті 05.07.2019 18:23 Страница 7
6 шілде 2019 жыл
7
ЕСКЕ АЛУ
Ақтау ауылының тұрғыны, ошағының ұйытқысы,
отбасының ақылшы анасы, аяулы әже, ардақты ұстаз
МАҚШИеВА АлТыНШАШ АМАНЖОлҚыЗыНыҢ
өмірден озғанына айлар жылыстап, жыл таяды.
Маңайына шуақ төгіп, жарқыраған күндей жылылық тарататын аяулы жанның әр сөзі, ақыл кеңесі, жайма шуақ
жүзі жадымызда жаңғырып, құлағымызда күмбірлегенімен
қайта айналып арамызда отырмасына көз жетіп, көңіл сене
бастады.
Бар ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнап, ұлағатты ұстаз
болған аяулы анамыз елге сыйлы, ортасына беделді,
шәкірттеріне үлгі еді. Бейнетінің зейнетін көрер шағында
өмірден озған анамызды сағынышпен еске аламыз. Алла
жатқан жерін жарық, топырағын мамық етсін.
Аяулы жан едің, жүрегі кең пейіл,
Балаға төгілген тұлғаңнан мол мейір.
Аңқылдап жүруші ең, ақ жүрек анашым,
Өзіңе, сөзіңе болатын бәрі үйір.
Жарқылдақ жан едің, мінез жоқ жасырын,
Шуақ боп төгіліп, нұр болып шашылдың.
Мәңгілік мекенің пейіш болып, анажан,
Алдыңнан жұмақтың есігі ашылсын.
Сағына еске алушылар: жолдасы-Аман , балалары, немерелері.
Анамыздың өмірден озғанына жыл толуына орай 27-шілде күні, сағат 13.00 де
Ақтау ауылында құран бағышталып, ас беріледі
Өрт - тілсіз жау
Өртке қарсы даярлық ойдағыдай
Жаз айы тілсіз жау - өрттің нағыз өршитін мезгілі. Апат айтып келмейді демекші, өртке қарсы тұру үшін барлық шаралар атқарылып,
қажетті техникалар сақайдай сай тұруы керек. Жаңаарқа
ауданының төтенше жағдайлар бөлімі бастығы, азаматтық
қорғау подполковнигі Сүлейменов Аян Серікбайұлымен өрт
қауіпті кезеңінің басталуына байланысты сақтық пен қауіпсіздік
шаралары жөнінде сұхбат өткізген едік.
-Аян Серікбайұлы, қазіргі таңда өрт қауіпті кезеңінің басталуына байланысты қандай іс-шаралар жүргізіп жатырсыздар?
-Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2019 жылдың 4мамырындағы №35/03
қаулысына сәйкес Жаңааарқа ауданының мемлекеттік орман қоры аумағында ормандағы
өрттердің және де табиғи дала өрттерінің алдын-алу, оларға қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес төтенше жағдайларды алдын алу және жою комиссиясы бірлескен тобымен аудан аумағында орналасқан ерікті өртке қарсы құрылымдардың даярлығы
мамыр айында тексерілді. Аталған іс-шарада ауылдық округтерде орналасқан шаруа
қожалықтарының дала өртіне шығу даярлығы тексерілді.Сондай-ақ әрбір шаруа
қожалығының иесінің техникаларында алғашқы өрт сөндіру құрал-саймандарының болуы
туралы түсіндірілді. Яғни, дала алқабында жүрген техникаларда өрт сөндіру шапалағы,
сыпырғыш, киіз, балта, күрек, өрт сөндіргіш болуы қажет.
-Табиғи өрт болып жатқан кездегі қағидаларға тоқталып өтсеңіз?
-Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2015 жылдың18 маусымындағы №457
қаулысының 2 тармағына сәйкес дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет
бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрттерді сөндіруді тиісті аумақтағы жергілікті атқарушы
органдар жүзеге асырады. Яғни жергілікті атқарушы органдар өз аумағында орналасқан
шару қожалықтардың басын біріктіріп, өрт болып жатқан жердегі табиғи өртті сөндіруге
күштер мен құралдарды жұмылдырады.
-Ал сіздердің мекемеңізге бағынысты өрт сөндіру бөлімі қандай жағдайда дала
өртіне шығады?
-Шығу ауданына байланысты Жаңаарқа ауданының №50 өрт сөндіру бекеті тек қана елді
мекенге қауіп қатер туындаған жағдайда ғана шыға алады. Ал дала өртіне
жұмылдырылған ерікті өртке қарсы құрылымдардың күші жетпеген жағдайда жергілікті
атқарушы органдардың сұратуымен хат арқылы№50 өрт сөндіру бекетінің күштері мен
құралдары көмекке шығады.
-Дала өрті аяқталғаннан кейін жұмсалынған жанар-жағар май шығыны өтеле ме?
-Өрт қауіпті маусымы кезеңінде болған өрттерді сөндіру жұмыстары аяқталғаннан кейін
жоғарыда аталған Қаулымен бекітілген іс-шара жоспарының 3 пунктіне және Қазақстан
Республикасының Бюджеттік кодексінің 56 бабының 2 тармағына сәйкес өрт сөндіру
жұмыстарына жұмсалған жанар-жағар май шығыны бойынша актімен рәсімделіп, жергілікті атқарушы органдармен аталған шығын толығымен қайтарылады.
-Аян Серікбайұлы берген, сұхбатыңызға рахмет, жұмыстарыңызға табыс тілейміз!
Өз тілшімізден
ЕСКЕ АЛУ
Ардақты да қымбатты бауырымыз АСылБеКОВА
МАНАТ ЖАҚСыБАйҚыЗыНыҢ бабалар кеткен
қайтпас сапарға аттанғанына 1 жыл толып отыр.
Манат бауырымыз әкеміз Жақсыбай мен анамыз
Жүмкеннің сүт кенжесі еді. Өмірден алғанынан көрі
алары көп бауырымыздың орындалмаған армандары,
алынбаған асулары қалды. Жалт етіп жоқ болған жарық
жұлдыздай маңайына жылуын шаша ғайып болған асыл
жанның асқақ тұлғасы мәңгі жадымызда.
Таусылып ғайып кезде татар дәмі,
Таңдарың көп емес пе еді атар әлі.
Жалт етіп жоқ болдың ғой сағымға ұқсап,
Өмірдің таусылғандай сенсіз сәні.
Тағдырдың дауа бар ма шешіміне,
Кір келтірмей кеттің–ау есіміңе.
Иманың жолдас болып, жайың нұрлы,
Тербелсін жаның жәннат бесігінде
еске алушылар: ағалары-Болат-Гүлжан, Бахит-Найла, уәлихан-Рзық, апа-жезделері-Сайлау-Дариға, Рабиға, Тілеумұхамед-Жанат, бауырлары, жиендері
АДАМ. ҚОҒАМ. ЗАҢ
Ажырасу қоғамның дерті
Кез-келген бойжеткен мен бозбала өмірде өз теңін тауып, бақытты отбасын құрғысы келеді.
Екі жас үйленіп, шаңырақ көтеріп, қоғамымыздың толыққанды мүшесі болып жатыр.
Алайда бас қосқан жастарымыз бір жыл толмай жатып түрлі себептермен ажырасып кетіп
жатады. Өкінішті.
Осы арада неге ажырасулар жиілеп кетті деген орынды сұрақ пайда болады. Үйленіп,
шаңырық көтеріп жатқан жастарымыздың қатары жыл санап көбейіп жатқаны бәрімізді
қуантады. Олардың үлгілі отбасы болып кеткенін іштей тілеп отырамыз. Алайда көп ұзамай
ажырасып жатқандары ішіңді ашытады. Мемлекеттің өзі отбасыдан құралады емес пе?
«Әке көрген оқ жанар, шеше көрген тон пішер» деген мақал бекер айтылмаса керек. Қазіргі
жаһандану қоғамында интернет үрдісі жүріп тұрған кез. Әлеуметтік желі арқылы танысып,
үйленіп жатқан талай жұпты көрдік. Бір- бірін толық танымай, өзара кемшіліктерін білмей
қосылып, кейіннен сол кемшіліктері шығып жатады.
Қазіргі жастардың қиындыққа төзе алмай, ұрыс-керістен, даулы мәселелерден басын алып
қашып жатқаны қынжылтады. Бұрынғы ата-апаларымыз «сынған нәрсені жөндеп» арадағы
татуластықтың дәмін кетірмей, бір-бірлерін сыйлап, тату өмірдің қадірін білген, отбасын
айрандай ұйытып отырған. Ал қазір біз сынған дүниені лақтырып тастауға асығамыз,
арадағы қарым-қатынаста да солай. Қартайған кезінде ата-әжелеріміз қолтықтасып жүргені
қандай әдемі. Неге біз олардан үлгі алмаймыз? Бір-бірімізді қадірлей алмағанымыз ба?
Жалпы дау неден шығады? Әйел азаматы тұрмыс-тіршілікке төзбеуі ме, әлде ер азаматы
лайықты өмір сүруге жағдай жасамағаны ма? Ажырасып кетіп жатқан әр екінші отбасында
айырылысуының өз себебі бар. Бірінде әйелі кінәлі болса, бірінде ері кінәлі. Тіпті кейбіреуінде араға ата-аналары түсіп те жатады. Толыққанды отбасының баянсыз болуына түрлі
себеп бар. Басты себеп отағасының жұмыссыз үйде отырып, бала-шағасын асырай
алмайтындығы болады. Тіпті жекелеп алғанда, кейбір отбасында отау иесінің жұмыссыз
отырғанымен қоймай, ішімдікке салынып, әйеліне қол жұмсап, бала-шағасының үрейін
қашырып жатқанын талай естігенбіз. Алайда, ажырасудын алдын алуға бола ма? Ажырасуға
дейін жеткізбеуге тырысып көру ол әр отбасы мүшесінің міндеті.
«Ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды»- демекші, жұбайлардың арасындағы ұрыс-керістің
алдын алу мүмкін болмаса да, оны ажырасуға дейін жеткізбеуге болады. Қолдан келетін
нәрсені неге істемекке.
Ажырасқандардың басым бөлігі мінездерінің жараспағанын, арадағы некелік қатынастың
үзілгенін айтып, некені бұзуды сұранып, сотқа арызданады.
Статистикаға жүгінсек, көбіне әйел азаматы ажырасуға бел буып, сотқа шағым түсіреді.
Неліктен бұлай? Ер азаматтарымыздың отбасын құрып, оны дөңгелетіп алып кете алмауы
ма, әлде әйел затының болмашы нәрсеге ренжіп, айрандай ұйып отырған отбасы шырқын
бұзуы ма? Ара-жігін ажыратып көрейік. Қазіргі ер азаматтар өз міндеттерін толық орындамайтындай болып көрінеді. Мәселен, бала-шағасын асырай алмай жатады, әйелінің талаптарын орындай алмайды, жұмыссыздық, маскүнемдік, тағысын тағылар. Бұл тұста тек ер
азаматты кінәләй беруде дұрыс емес. Отбасы екі адамнан тұрады. Демек, «жауапкершілікті»
бірдей көтеру керек. Кейбір әйел азаматы еркек тек ақша табатын «машина» деп те ойлайды.
Ер азаматына шамадан тыс көп талаптар қояды. Оны орындай ала ма деп те ойланбайды.
Көп нәрсені талап ете берсе, әрине, оған төзетін еркек бар ма? Әйел азаматы да отбасы
болған соң, отбасының барлық жауапкершілігін теңдей бөлісу керек. Өмірдің ащы-тұщысын
бірге көріп, бірге бөлісіп қана отбасын дөңгелетіп алып кете алады. Сонда ғана отбасында
татулық болады деген ойдамыз. Осы жерде үлкендердің ақылы, апалардың келінге деген
тәрбиесі де керек-ақ. Жас жұбайлар қандай жетіспеушілік болып ашу шақырғанмен, ашуды
ақылға жеңдіргені жөн. Не болса да тату-тәтті өмір сүруге талпыныс жасаған абзал. Тоқсан
ауыз сөздің тобықтай түйіні ажырасудың алдын алайық, ағайын!
А.ИльЯСОВА,
Жаңаарқа ауданы АхАТ қызметінің басшысы
СеНІМ ТелеФОНы
«ҚР АШМ АӨК МИК Жаңаарқа аудандық аумақтық инспекциясы» ММнің мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін, мемлекеттік қызмет,сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңдылықтарын бұзған
фактілері жайын хабарлау үшін 2-75-02 сенім телефоны жұмыс істейді.
Жаңаарқа аудандық аумақтық инспекция мемлекеттік мекемесі
***
***
***
“Жаңаарқа ауданының экономика және қаржы бөлімі” ММ
қызметшілерінің әдеп кодексін, мемлекеттік қызмет, сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңдылықтарды бұзған фактілері
жөнінде хабарлау үшін 2-62-64 нөмірлі сенім телефоны жұмыс істеп
тұрғанын хабарлаймыз.
“Жаңаарқа ауданының экономика және қаржы бөлімі” ММ
№33_Жанаарка газеті 05.07.2019 18:23 Страница 8
Фестиваль қорытындыланды
Қоғам
қайраткері, дауылпаз
ақын,
жыр
сұңқары,
қазақ әдебиеті
мен
ұлт
ру ха н и я т ы н ы ң
жанашыры,
көрнекті мемлекет қайраткері,
композитор Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына және
Жаңаарқа ауданының 90 жылдығына арналған "Сәкен
туған - Жаңаарқа" атты ауданымыздың мекеме, ұжым,
ауылдық округтердің көркемөнерпаздары арасындағы
шығармашылық фестиваль 9 сәуір күні өз шымылдығын
ашқан еді.
Фестивальде жанр алуандығы мен жас ерекшеліктері ескерілді. Өнерпаздар театрландыру элементтері бар концерттік бағдарлама, ауданның тарихын, рухани және
мәдени мұрасын көрсететін тақырыптық бағыт-бағдары
бар концерттік бағдарламалар ұсынды. Барлығы 33 мекеме
өздерінің туған жерге деген шашуларын арнады.
Ауылдық округтер бір-бірімен тәжірибе алмасу мақсатында
алдын ала құрылған кесте бойынша бір ауылдық округтің
концерттік бағдарламасын келесі бір ауылдық округке
қойды.
Шілде айының 3-і күні мәдениет үйінде аталмыш
фестивальдің қорытынды концерті ұйымдастырылды. Мерекелік кешті тамашалауға аудан әкімі Юржан Бекқожин, аудан
әкімінің орынбасары Қанат Қожықаев және аудан
тұрғындары келді. Концертке аудан әкімшілігіне қарасты
барлық бөлімдер мен мекеменің мемлекеттік қызметкерлері,
аудандық мәслихат, Атасу кентінің аппараты, "Nur Otan"
партиясының
аудандық филиалы, экономика және қаржы, өнеркәсіп және
кәсіпкерлік, мемлекеттік активтер және сатып алу, жастар
ресурстық орталығы, "Жаңаарқа" газетінің редакциясы, мемлекеттік кірістер басқармасы, жер қатынастары бөлімі
қызметкерлері қатысты.
"Жазиралы Жаңаарқа" атты мерекелік кеште әдеттегі
қызметкерлер
мүлдем
басқа
қырынан таңылды.
Бағдарлама
шымылдығы
Атасу кенті нің
әкімі
Амагелді
Түсіповтің
орындауындағы
белгілі
ақын
Т ө л е г е н
Жамановтың
сөзіне жазылған
"Арнаумен"
ашылды.
Кеш бойы туған
жер,
Отанды
қ ұ р м е т т еу
тақырыбындағы
ән мен жыр алма
кезек
төгілді.
Әсіресе әуесқой
күйшілерден
құралған оркестрдің орындауындағы Нұрғиса Тілендиевтің
"Әлқисса" атты күмбірлеген сазды күйі өте жоғарғы бағаға
ие болды.
"Аққудың айырылуы" поэмасын мәнерлеп, жатқа оқыған
Салтанат Ералинаның сахнаға шығуы кештің өте әсерлі
тұсы болғаны сөзсіз. Сәкен ақынның бұл поэмасы қазақ сөз
өнеріндегі өзіндік көркемдік ерекшелігі бар поэмалардың
бірі. Мәңгілік махаббатты жырлайтын поэма табиғаттағы
сұлулықты, табиғаттың төл перезенттері болған аққуларды
қорғау, адалдықты жырлау, жауыздыққа қарсы тұруды ту
еткен.
Жалпы шығарманың оқылуына жеті минуттан аса уақыт
кеткенін ескерсек, Салтанат Аманқызының айырықша
қабілеті мен үлкен еңбегін атап өту орынды.
Өнерпаздардың актерлік шеберлігін сынаған қойылымда
да өнерпаздар мүлт кетіп, сүрінген жоқ. Сәкеннің өмірге
келіп, оның есімі қойылған сәт, кейін қоғам қайраткері ретінде туған жеріне келіп, ел арасында жүрген кездері, жанында жүрген замандастарының образдары сәтті бейнеленді.
“Аудандық “Жаңаарқа” газеті редакциясы”
ЖШС басшысы - бас редактор
еРАлИНА САлТАНАТ АМАНҚыЗы
МеНШІК ИеСІ: аудандық ”Жаңаарқа“ газеті ЖШС
Мекен-жайымыз: 100500, Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті,
Тәуелсіздік даңғылы, №2 -үй. Телефондар: 2-85-45, бухгалтер 2-80-52,
тілшілер бөлімі 2-71-01
ИИК KZ276017171000000078, БИН 010340002761, БИК HSBKКZKX, КБе 16,
РНН 240400001948, АО “Народный Банк Казахстана”
Құрылтайшысы: Жаңаарқа ауданының әкімдігі
Газет Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат
министрлігінде 18.06.2012 жылы тіркеліп,№12845 - Г куәлік
берілген.
Жарияланған мақала авторының пікірі редакция көзқарасын
білдірмейді
Жарнамалар мен хабарламалардың мазмұнына жарнама
беруші жауап береді
Нұрсұлтан Ахметов (Сәкен), Бейбіт Қасенов (ауыл ақсақалы),
Жанкелді Бөгенбаев (Қажымұқан
палуан), Қайнар Бакиев (жынды
Әбен), Тоқсан Бабасов (Сәкеннің әкесі Сейфолла), Перизат
Әбілжанова (Сәкеннің анасы),
Индира Рахымбаева
(Сәкеннің жары - Гүлбаһрам тағы қосалқы ролдердегі
Айдын Құрмашев, Бөгенбай Жапин, Амангелді Түсіпов,
Жалғасбек Сайлаубековтің өнерлеріне сүйсініп, көрермендер
ілтипатын қошеметпен білдіріп отырды.
Кеш барысында Бейбіт Қасенов, Бөгенбай Жапин, Ардақ
Әбдірашитова, Нұрсұлтан Ахметов, Индира Рахымбаева
шырқаған әсем әндер көрерменнің көңіліне жол тапты. Концерттік бағдарламаның ұсынылған әр санына әр өнерпаздың
соншама ат салысып, барлық ынтасымен дайындалғаны
көрініп тұрды.
Мерекелік кештің әдемі түйіндісі ол бірлесе айтқан хор
болды.
Ардақ Әбдірашитова мен Жалғасбек Сайлаубековтің жетекшілігінде шырқалған "Егемен Қазақстан" әні бірауыздан
әсерлі де мәнерлі шықты.
Осылайша сәні мен салтанаты жарасқан, бірлік пен
ұйымшылдықтың белгісі болғандай әдемі кеш өз мәресіне
жетті. Иә, фестиваль аяқталды, бірақ жаңаарқалықтар
бойындағы туған жерге, елге деген сүйіспеншілік және өнер
мен жырға деген құрмет ешқашан толастамайды деп білеміз.
Әсел СұлТАНҚыЗы
Газет “Арко” ЖШС баспаханасында басылады: Қарағанды
қаласы, Сәтбаев көшесі,15
Офсеттік басылым
Индекс 66282
Көлемі бір баспа табақ
Аптасына бір рет шығады
Таралымы 1737 дана
Тапсырыс №33
Автор
zhanzbc
Документ
Категория
Без категории
Просмотров
14
Размер файла
5 437 Кб
Теги
газета
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа