close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

?

код для вставки
№34_Жанаарка газеті 12.07.2019 17:13 Страница 1
№34 (9924), 13 шілде, 2019 жыл
Семинар-кеңес
Қой шаруашылығын дамыту мәселесі
талқыланды
10 шілде күні ауданымызға қарасты Түгіскен ауылдық округінде «Қарағанды
облысындағы қой шаруашылығын дамыту мәселелері» тақырыбында
кеңейтілген семинар-кеңес өтті. Маңызды шараға облыс әкімінің орынбасары
С.Шайдаров, Жаңаарқа ауданының әкімі Ю.Бекқожин, облыстық ауыл
руашылығы басқармасының басшысы С.Апақашов, облысымызға қарасты
қала, аудандар әкімдерінің орынбасарлары, шаруа қожалықтарының жетекшілері, сондай-ақ, ауылшаруашылық ғылымдарының докторлары мен профессорлары және сала үздіктері қатысты.
Кеңес басталмас бұрын ауданымызға келген қонақтар асыл тұқымды қой
түрлері назарға ұсынылған көрмені тамашалады.
Содан кейін семинар жұмыстары да басталып кетті. Семинар-кеңесті
өткізудің негізгі мақсаты – қой шаруашылығы төңірегіндегі ата кәсіппен
шұғылданатын қауымға бұл шаруаның жаңа замандағы мәні мен мағынасы,
осы кәсіпті кеңейтіп, қазіргі нарықтың сұраныстарына сәйкес дамыту туралы
пікір алмасу болып табылады. Олай болса, бұл басқосуға жиналған
жұртшылық қой шаруашылығының қазіргі жағдайын айтып, оны дамыту
бағыттары туралы ойларын ортаға салды. Жұмыстың негізгі міндеттерін
айқындаған баяндамашылар оларға қол жеткізу жолдары, көрсетілетін мемлекеттік қолдаулар, қой тұқымын асылдандырудың сатылай қадамдары,
экспортқа шығару және басқа да мәселелерге тоқталды. Облыстағы шаруа
қожалықтарының басшылары, қой өсірушілер кездесу барысында ғалымдар
мен сарапшылардан ұсақ мал өсірудің замануи тәсілдерін естіп қана қойған
жоқ, сонымен қатар өздерін толғандыратын сауалдарына тиянақты жауап та
алды. Екі бөлімнен тұрған кездесуге қатысушылар мұндай конструктивті диалог алға қойған міндеттерді тиімді шешуге көмектесетінін, қой өсіруде айтулы
жетістіктерге жетуге септігін тигізетінін айтты.
Жиын соңында бірқатар азаматқа Қазақстан Республикасының «Атамекен»
Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сертификаттары табысталды.
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі
Депутат іс-сапары
Сенат депутатының сапары
Аймақ тұрғындармен кездесіп жүрген ҚР Парламенті Сенатының депутаты Рысқали Әбдікеров
ауданымызға іс сапармен келіп, ауданның тыныс-тіршілігімен танысты. Байдалы би ауданына ат басын
бұрған Сенат депутаты өңірде атқарылған жұмыстарды саралап, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге
асуын қадағалау мақсатында
аудандағы
экономика,
әлеуметтік, мәдени салаларында атқарылып жатқан
жұмыстармен танысып, жергілікті
атқарушы
органдардың өкілдерімен,
білім саласы, жергілікті
кәсіпкерлермен, көпбалалы
отбасылармен, жергілікті жастармен,
ардагерлермен,
қоғамдық-саяси ұйымдардың
басшыларымен
кездесіп,
атқарылып
жатқан
депутаттық қызмет пен
қабылданған заң жобалары
туралы жан-жақты айтып
берді. Әңгіме түрінде өткен
жиында депутатқа сұрақ қоюшылар да аз болған жоқ. Ауыл тұрғындары тарапынан көпбалалы
отбасыларға
берілетін
жәрдемақы, жеті ай бойы
төленбеген
электрик
маманының еңбекақысы,
баспана
мәселесі,
ауылшаруашылығы техникаларына
қажетті
саймандардың
бағасы
және тағы да басқа
сұрақтар қойылды. Депутат қойылған барлық
сұрақтарға жауап беріп,
іске
асып
жатқан
бағдарламалардың
маңыздылығын баяндап
берді.
Сондай-ақ, Рысқали
Қалиақпарұлы аудандағы
қаржы бөлініп, жасалып
жатқан игілікті істерге оң
пікірін білдірді.
Бұдан бөлек халық
қалаулысы
шаруа қожалығының жұмысымен танысты. Бағлан Салжанов иелік ететін бұл
шаруашылықтың бір ерекшелігі жыл бойы өз үйінде ірі қара малды бордақылап, етін Қарағанды,
Жезқазған, Нұр-Сұлтан қалаларына жөнелтеді. Және де жылқыны арнайы сауын құрылғысы арқылы
сауып, қымызын өткізеді. Сонымен қатар құстың түр-түрін өсіреді. Оған қоса жергілікті тұрғындарды
тұрақты жұмыспен қамтып отыр.
Жұмыс сапарларын қорытындылаған Рысқали Қалиақпарұлы ауданның даму жолындағы
жұмыстарына сәттілік тілеп, оң баға берді.
Мөлдір ҚАСЫМ
Спартакиада -2019
Спортшыларға сәттілік тіледі
сәттілік пен жеңіс тілейік!
Аудан әкімі Юржан
Бекқожин мен аудандық
мәслихат хатшысы Қуат
Имантүсіпов аудан спортшыларын Абай қаласында
өтетін
облыстық
спартакиадаға
сәттілік
тілеп, шығарып салды.
Спорттық
сайысқа
ауданымыздың
намысын
қорғауға
аттанған
70
спортшы спорттың 12 түрі
бойынша бақ сынасатын болады. Жерлестерімізге тек
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі
№34_Жанаарка газеті 12.07.2019 17:13 Страница 2
2
Ауылым - алтын бесігім
Хоккей – футбол корты бой көтерді
Өткен аптаның жағымды жаңалықтарының бірі- Ералиев ауылдық округінде көпсалалы
хоккей-футбол корты ашылды. Корттың ашылу салтанатында аудандық мәслихат хатшысы
Қуат Имантүсіпов, аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Алдан
Қарабаев, еңбек ардагері Бейбіт Қасенов қатысып, жүрек жарды ақ тілектерін білдіріп, ауыл
тұрғындарын құттықтады. Осындай игі шараға ауыл тұрғындары мен жас спортшылар дән
риза. Мұндай сыйды 1989 жылғы түлектер жасап отыр. Халықтың денсаулығын нығайту
үшін әркімнің де спортпен, дене шынықтырумен айналысуы аса маңызды. Әсіресе,
жасөспірімдер келеңсіз қылықтардан аулақ болуы үшін олар баратын спорт кешендері,
алаңдары тұрақты жұмыс жасауы қажет. «Тәні саудың - жаны сау» дегендей, жастар
неғұрлым спортпен көбірек айналысса, табыс та мол болмақ деген ұстаныммен 1972 жылғы
азаматтар өздері түлеп ұшқан мектепке сыйға тартты.
Спорт алаңының жалпы ауданы 684 шаршы метрді құрайды. Ол жыл бойы қолданыста
болмақ. Бір күнде бірнеше адам келіп спортпен шұғылдана алады. Ал, ауыл спортшылары
үшін бұл тіпті таптырмас сый болып отыр. Себебі аталмыш ойындарға қызығушылық
мықты. Болашақта ералиевтіктер додаларда тек жеңістен үмітті. Ал ең кішкентай
тұрғындары болса, енді мұз айдынынан шықпаймыз дейді. Тіпті конькилерін да сайлап
қойған.
Мөлдір ЕрСАйЫнҚЫзЫ
ҚАзАҚША оҚиМЫз, lATYNShA JAZAMYZ
ІІІ тарау
Бөлек жазылатын сөздер емлесі (жалғасы)
§27. da, de, ta, te шылаулы тіркестерімен келген
күрделі сөздер бөлек жазылады: bar da kel, aıt ta qoı,
qara da tur, kir de shyq. Бірақ urda-jyq, asta-tók, ýda-shý
тәрізді лексикаланған тіркестер бірге әрі дефис
арқылы жазылады.
§28. Негізгі сөзге тіркескен aldy, arty, asty, ústi, mańy,
jany, ishi, syrty, basy, tusy, sheti, boıy сияқты көмекші
есімдер бөлек жазылады: esik aldy, úı arty, kópir asty,
ústeldiń ústi, qala mańy, bazar jany, aýla ishi, qora syrty,
qystyńbasy, júrek tusy, aýyl sheti, ózen boıy, tula boıy.
Е с к е р т у. Aldy, arty, asty, ústi көмекші есімдерімен келіп, атаулық мағынаға ие болған
сөздер бірге жазылады: saılaýaldy naýqan, mektepaldy top, tilarty dybysy, sózaldy syńary, tisarty
daýyssyzy, jerústi jumystary, jerasty sýlary.
§29. Идиомалық, фразалық тіркестердегі әрбір сөз бөлек жазылады: qas batyr, shynjyr balaq,
shubar tós, shıki ókpe, qara ter, ıek artty, bas tartty, bet burdy, ıin tires.
Бірақатаусөздіңорнынажүретінлексикаланғантіркестербіргежазылады: basqosý, atsalysý,
aqkóńil (§38-діқараңыз).
lATYN QARPІNDe JAZYP DAǴDYlANAIYQ
11 шілде күні латын әліпбиіне көшу ісі бойынша құрылған жылдық жоспарға сәйкес "Latyn
qarpimen jazyp daǵdylanamyz" тренингі әділет басқармасы мекемесінде өтті. Ұжым емле ережесіндегі әр жаңалықты мұқият тыңдап, өзгеріске ұшыраған тұстарын түртіп алып отырды.
Жазу дағдысын қалыптастыру мақсатында тапсырмалар орындап, мәтіндер оқыды.
Ережедегі жаңалықтарға оң көзбен қарап, жаңа әліпбиге көшу реформасын
қолдайтындарын білдірді.
ЖАҢА ӘлІПБиДІ МЕҢГЕрЕйІК
БУрАБАй
Тағы бір ақбас бура, - емес атан,
Жүріпті Көкшетауды қылып Отан.
Мұны да "көзі көрген" қартайтады,
Тыңдаған әлеуметке алқа-қотан.
Тағы екен жанға ұстатпай жүрген қашып.
Күркіреп тұрады екен көбік шашып,
Бір көлді мекен қылып күнде келіп,
Су ішіп кетеді екен алшаң басып.
Дүниеде әрбір бөлек жердің аты,
Себеппен қойған бәрі елдің аты
Бурабай атаныпты содан бері
Ақ бура мекен қылған көлдің аты.
Мөп-мөлдір Бурабайдың суы күміс,
Көргенде шаршаған жан алар тыныс.
Мінбелеп қоршалаған шымылдықтай,
Қарағай, қайың менен қалың жыныс.
Ақ көбік көпіреді күміс судан,
Сан сұлу сол көбікпен бетін жуған
Көл басы бірде күңкіл бірде у-шу,
Әңгіме сансыз сырлы ертек туған.
С.СЕйфУллин
BÝRABAI
Taǵy bir aqbas býra, - emes atan,
Júripti Kókshetaýdy qylyp Otan.
Muny da "kózi kórgen" qartaıtady,
Tyńdaǵan áleýmetke alqa-qotan.
Taǵy eken janǵa ustatpaı júrgen qashyp.
Kúrkirep turady eken kóbik shashyp,
Bir kóldi meken qylyp kúnde kelip,
Sý iship ketedi eken alshań basyp.
Dúnıede árbir bólek jerdiń aty,
Sebeppen qoıǵan bári eldiń aty
Býrabaı atanypty sodan beri
Aq býra meken qylǵan kóldiń aty.
Móp-móldir Býrabaıdyń sýy kúmis,
Kórgende sharshaǵan jan alar tynys.
Minbelep qorshalaǵan shymyldyqtaı,
Qaraǵaı, qaıyń menen qalyń jynys.
Aq kóbik kópiredi kúmis sýdan,
San sulý sol kóbikpen betin jýǵan
Kól basy birde kúńkil birde ý-shý,
Áńgime sansyz syrly ertek týǵan.
S.SeIfÝllIN
Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
13 шілде 2019 жыл
Депутат іс-сапары
Ауданымыздың даму барысымен танысты
Шілде айының 10-ы күні ауданымызға іс сапармен ҚР
Парламент Мәжілісінің депутаты Смағұлов Асылбек
Айжарықұлы келді. Лауазымды қонақты аудандық
мәслихат хатшысы Имантүсіпов Қуат Анасұлы мен
Жаңаарқа аудандық «Nur Otan» партиясы филиалы
төрағасының бірінші орынбасары Аманжолов Әсет
Жұмажанұлы қарсы алды. Мәжіліс депутаты Смағұлов
Асылбек Айжарықұлы бірінші аудандық полиция
бөліміне ат басын бұрды. Аудан халқының тыныштығы
мен тәртібін сақтауда атқарылып жатқан жұмыстармен
таныс болып, қызметкерлермен біраз жайттарды талқыға салды.
Келесі кезекте Асылбек Айжарықұлы жұмысын енді бастағалы тұрған "Балауса"
бөбекжайын бетке алды. Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында берілген мектепке
дейінгі тәрбие
беру мекемесі
100
орынға
есептелген. Бұл
бөбекжайда балалар
үшін
барлық жағдай
қарастырылған.
Ж а ң а
ғимаратта
жатын
орын
мен киім ілетін
бөлмеден
бөлек, музыка,
ойын
залы,
медициналық
кабинет және
тамақтану орындары соңғы үлгідегі қондырғылармен жабдықталған, сондай-ақ,
әдістемелік бөлме де бар. Бөбекжайдың ашылуына жауапты Қарағанды облысы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының аймақтық кеңес мүшесі, кәсіпкерлер қауымдастығының
төрайымы, аудандық мәслихат депутаты, жеке кәсіпкер Бекежанова Бағдат
Шәкарбайқызы.
Алдағы күндері
балалардың
физикалық дамуына көп үлес
қ о с а т ы н
қ о с ы м ш а
алаңдар салынатын болады.
Мәжіліс
депутатының
жұмыс сапары
аудан халқының
ө м і р і н д е
маңызды орын
алатын бір қатар
әлеуметтік, тарихи-мәдени
обьектілерді аралаумен жалғасын тапты. С.Сейфуллин атындағы тарихи-өлкетану мұражайына, бұдан соң
аудан орталығындағы күрделі жөндеуден өтіп жатқан «Тәуелсіздік» саябағы мен Сәкен
аллеясына барды.
Келесі кезекте ауданымызға белгілі жас кәсіпкер Мұқы Әлібектің ашқан жылыжайы
мен кірпіш құю жұмыстарымен де танысты. Аймағының дамуына өзіндік үлесін қосып
жатқан жас кәсіпкердің жұмысына сәттілік тілеп, табысқа жете беруіне тілектестігін жеткізді.
Айнара АСАМиДАновА,
“Nur otan” партиясының аудандық филиалының сарапшысы
Елбасы Жолдауына үн қосамыз
Елбасының Жолдауы — дамудың ең
басты тірегі
Елбасымыздың Жолдауы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті
мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру жөніндегі міндеттеріне арналған. Басты мақсат – халықтың өмір сүру сапасын жақсарту.
Онда сыртқы сын-тегеуріндерге үн қата алатын мемлекеттік саясатты дер кезінде
қалыптастыру бойынша ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді міндеттер қойылған.
Жолдауды іске асыру халықтың табысы мен әлеуметтік әл-ауқатының артуы үшін берік
негіз болады.
Жолдаудың мәтіні мазмұндық және саяси тұрғыдан толығымен 2050 Стратегиясының,
Бес институттық реформаның, Қазақстанның Үшінші жаңғыруының саяси бағыттарын
қамтиды.
Тарихи құжат елдің бүгіні мен болашағын айқындап бергендей. Алдымен, бірінші
байлық денсаулыққа тоқталсақ, адамзат баласына не қымбат, жан қымбат! Сол үшін
қазақстанда 100 спорт кешені бой көтереді. Қандай ғажап! Салауатты өміріміз үшін,
мәнді де сәнді тірлігіміз
үшін көпұлтты халықтың қамын ойлаған көреген
Көшбасшымыз медицинаға, спортқа аса мән беріп отыр. Сол секілді баспаналы болуды
кім аңсамайды? Ол үшін “7-20-25” бағдарламасы көңілге қонымды.
Елбасының биылғы Жолдауы оның әлемдік үрдістерді, қайшылықтар, қауіптер мен катаклизмдерді терең түсінетін сұңғыла мемлекеттік қайраткер екендігін тағы да дәлелдеді.
Осы жолданған Жолдаулар өз бағытымен іске асырылса әлі талай белестерді
бағындырарымыз анық.
Анар АМировА,
Б.Амалбеков атындағы ЖоББ мектебінің ұстазы
№34_Жанаарка газеті 12.07.2019 17:13 Страница 3
13 шілде 2019 жыл
3
Жақсының аты өлмейді
АлҒАШҚЫ ҰСТАзЫМДЫ ЕСКЕ
АлСАМ...
Зымырап
ж а т қ а н
уақыт... Кеше
ғана мектеп
табалдырығын
аттаған сияқты
едік,
биыл
міне, мектепті
бітіргенімізге
де аттай 30
жыл болыпты.
Мектеп пен
алғашқы ұстаз
- егіз ұғым
екендігі анық.
Мен
1с ы н ы п қ а
С.Сейфуллин
атындағы
совхоздың
Ынтымақ орта
мектебіне бардым. Әліппені алғаш қолыма ұстатып, оқу мен жазудың қырсырын танытқан жүзі шырайлы, жаны жайсаң, ұлағаты мол Ләззат апай
менің алғашқы ұстазым еді.
1-сыныпты аяқтағаннан кейін, әкемнің қызметіне байланысты Ақтау елді
мекеніне көшіп келдік. 1980 жылдың 1-қыркүйегінде Ақтау орта мектебінің
табалдырығын аттадым. Күні кеше ғана болғандай, сол күн әлі есімде...
«Алғашқы қоңырау» салтанатты шарасынан кейін көзі күлімдеген, дауысы
жұмсақ, әп-әдемі, жап-жас мұғалім мені жетектеп, мектептің ұзын дәлізінің
ең шеткі кабинетіне алып келді. «Балалар, біздің сыныпқа жаңадан оқушы
келді»,- деп, мені таныстырды да, ең алдыңғы партаға отырғызды. Алғашқы
сабақ «Ана тілі» сабағы болды. Ұстазым маған «Ана тілі» оқулығының
алғашқы бетін ашып, «Сүйікті ұстазым - мектебім» өлеңін оқуды ұсынды.
Мен мүдірместен:
«Қызықты каникул кезінде
Асыр сап ойнадық, демалдық,
Сүйікті, мектебім, өзіңе
Қуанып қайтадан оралдық...» - деп мәнерлеп, оқи жөнелдім.
Осылайша келесі сабақтарда да менің білімімді сынап көрді де, сабақтың
соңында: «Сенің 1-сыныптағы ұстазың мықты болған екен, өзің де алғыр
екенсің, сендей оқушыға ие болғаныма ризамын» - деп, шынайы қуанышын
білдірді. Менің де бала көңілім елеңдеп, жүзі жылы, жүрегі кең ұстазға кездескеніме қуандым. Міне, осы күннен бастап, Мақшеева Алтыншаш
Аманжолқызы менің алғашқы ұстазым болып саналды. Екі ұстазым да
келместің кемесіне ерте мініп, мәңгілік мекендерінен орын тапқан. Бүгінде
ұстаздарымның асыл бейнесі есіме түсіп, сағыныштан еріксіз көзіме жас
үйіріледі.
Бастауыш мектеп – білімнің негізі қаланатын кезең. Бұл кезеңді «әдемі
гүлді өсірумен» салыстыруға болады. Гүлді құнарлы жерге егіп, басында
жақсы бағып-қағып, дұрыс қамқорлық жасаса, ол көркейіп, әдемі болып
өседі. Бастауыш сыныпта әрқайсымызға берік білімнің, саналы тәрбиенің
негізін қалап, бала жүрегімізге дұрыс жол таба білген Алтыншаш мұғалімнің
орны ерекше еді. Жаңашылдықты жаны сүйіп, үнемі ізденіп, әрқашан білімін
жетілдіруге құмар болуымен бізді де шабыттандырып, өмірде биік белестерге қол жеткізуге негіз салғанын мойындауымыз керек.
2005 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде
қызмет істеп жүрген кезімде Алтыншаш мұғалімім мені арнайы іздеп келді,
шәкіртінің жеткен жетістігін көзімен көріп, бір марқайып қалды. «Қарлығаш,
өзіңмен ақылдасайын деп едім» деп, ішіңдегі ойың да жасырмады, «қазір
өзімнің соңымнан ерген барлық жас мұғалімдер жоғары білімге ие болып
жатыр, қалай ойлайсың, мен де саған жоғары білім алуға оқуға түссем, дұрыс
болар ма?!» - деді. Мен күліп, әзіл-шыны аралас «Мұғалімім-ау, мұндағы
профессор-оқытушылар сіздің менің алғашқы ұстазым екендігіңізді білсе,
қазір-ақ дипломды қолыңызға ұстатып жіберер еді ғой. Бірақ талап бойынша
3 жыл оқу керек, әлі жап-жассыз, адам өмір бойы оқитынын білесіз, әрине
жоғары білім алуыңыз керек»,- дедім. «Ұстаз бақыты - озып туған шәкірті»
демекші, сол күні ұстазым маған шәкірт болуға қуана келісіп, өзің ерекше
бақытты жан сезінді.
Бұл да бір қызық кезең болды... Бір күні кешке жақын, жұмыстан үйге келсем, Алтыншаш мұғалімім үйге қоңырау шалып, оқуына байланысты бірнеше сұрақтарды қоя бастады. Сонда мен: «Ұстазым-ау, бүгін сабақта
болдыңыз ғой, осы сұрақтарыңызды сабақ барысында қоймадыңыз ба?»,десем: «Қарлығашжан, сен өте қатал, әрі талапшыл ұстазсың, мен өзі сабақта
сеннен бірнәрсе сұрамақ түгілі, орнымнан қозғалуға қорқып отырамын»,деп, бір күлдіргені бар.
2014 жылдың 25-ші мамырында сол жылы өмірден озған асыл әжемнің басына барып, Құран бағыштау, әрі алтын ұям - мектебімінің тыныс-тіршілігімен танысып, соңғы қоңырау салтанатты шарасына қатысу мақсатымен
арнайы Ақтауға бардым. Жаңбыр ағатайымның үйіне менің келгенімді естіп,
Алтыншаш мұғалімім жүрегі алып-ұшып, бірінші болып амандасуға жүгіріп
келді. «Шәкірті ұстазына баласыңдай» деп бекер айтылмаған ғой, мен ауылдан кеткенше Ұстаз-Ана жүрегі елжіреп, қасымнан бір елі қалмай, елпектеп
жүгіріп жүргені әлі есімде. Кетерімде шын ықыласымен риза болып: «Мен
сен үшін мақтанамын»,- деп құшақтағанында, алғашқы ұстазымды соңғы
рет көруім екенін сезбеппін ғой. Тағдыр өз дегенін істеді, амал нешік?! Көзі
тірі болғанда, биылғы 30 жылдық мерейтоймызда ортамызда марқайып отырар еді. Бүкіл ғұмырын ұстаздыққа арнап, саналы шәкірттер тәрбиелеген
Алтыншаш мұғаліміздің есімі мәңгі жадымызда қалады, жаныңыз жаннаты
болсын, Ардақты Ұстазымыз!
Қарлығаш САрБАСовА,
педагогика ғылымдарының докторы, профессор, С.Сейфуллин
атындағы Қазақ агротехникалық университетінің
деканы (нұр-Сұлтан қаласы)
Банктердегі несиелердің пайыздарына
өзгерістер енгізу
21 қаңтар 2019 жылы Қазақстан Республикасының
Президенті «Меншік құқығын қорғауды күшейту,
төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және
қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру
мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы» заңға қол қойды.
Осы заңнама аясында 2019 жылдың 26 маусым
айындағы №34 жарлығын Ел Президенті Қ.Тоқаев
халықтың әлеуметтік жағдайын түзету және оларды
қолдауға бағытталған жаңа заң қабылдады.
Яғни,несие алған халықтың қалтасы қағылмайтын
болды. Енді банктік есепшотты жүргізгені үшін
және осындай шотты ашқан кезде қарыз бергені
үшін комиссия алуға тыйым салынды.
Көп балалы отбасылар, асыраушысынан айрылу
жағдайы бойынша төлем алатын отбасылар,
мүгедек балалары бар отбасылар, 18 жастан асқан
бала жасынан мүгедектер, мемлекеттік атаулы
әлеуметтік көмек алушылар; кәмелетке толғанға
дейін ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз
жасқа толмаған жетім балалар, ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған балалар аталған қарыздар
бойынша борышкерлер болып табылады. 2019
жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша қарыз бойынша жалпы берешек 3 000 000 (үш миллион)
теңгеден аспауы және мерзімі өткен берешегі 90
күннен асып кеткен жеке тұлғалардың барлық кепілсіз тұтынушылық қарыздары бойынша кредитті
берумен және оған қызмет көрсетумен байланысты
тұрақсыздық айыбын, комиссиялар мен өзге де
төлемдерді есептеуге тыйым салуды қадағалауды;
Президент ,Үкіметке және Ұлттық Банкке тапсыр-
маны қатаң қадағалауды бұйырды.Қазіргі уақытта
Ұлттық банк басқармасының шешіміне сәйкес
банктік несиені беру және қызмет көрсету бойынша
комиссиялардың 11 түрі жылдық тиімді сыйақы
мөлшерлемесін есептеу кезінде ескеріледі, ол 56 пайыздан аспауы керек деп жарияланды.
«Маған тұтынушылық, кепілсіз несие төлеуге
көмектесуге көптеген өтініштер келіп түседі.
Әлеуметтік тұрғыдан осал азаматтар өмірлік қиын
жағдайларды түзеуді шешкен кезде, кредиттік міндеттемелерді өз мойнына ала алмайтын жағдай
қалыптасты. Қарыздық жүктеме өседі, кірістер
төмендейді, адамдар қарызды қалай қайтаратын білмейді. Бұл мәселе біздің 500 мың азаматтарымызға
қатысты»,—
деді
Президент.
Мемлекет
басшысының айтуынша, 86 пайыздан аса
кредиттердің орташа мөлшері миллион теңгеден аз.
«Қарыздың орташа мөлшері 200 мың теңге.
Қазақстан басшысы ретінде маған немқұрайлы
қарауға болмайды, сондықтан мен Үкіметке бір реттік акция ретінде шаралар қабылдауды тапсырамын.
Мен жоғарыда аталған санаттағы әрбір қарыз
алушы үшін тікелей қаржылық көмек ретінде Мемлекет негізгі борышты және ол бойынша есептелген
сыйақыны 300 мың теңгеге дейін өтейді.
Бұл 255 мың адам үшін негізгі қарыз бен
сыйақыны қоса алғанда, берешектің жалпы
мөлшерін толық төлеуді білдіреді», — деді
Қ.Тоқаев.
н.АзБАЕвА,
Жаңаарқа ауданының Әділет
басқармасының инспекторы
Әлемдік экономиканың қазіргі дамуы және әлемдік
шаруашылықтың
жаһандану
үдерістері,
экономикалардың өзара тәуелділіктерінің өсуі,
жаһандық тауарлар мен қаржылық нарықтардың
қалыптасуы осы үдерістерге түскен елдердің халық
аралық бәсекеге қабілеттілігін көтеру проблемасына
қызығушылықтың артуына әкелді. Ұлттық
экономиканың бәсекеге қабілеттілік деңгейін
анықтау және оны көтеру шараларын дайындау проблемасы әлемдік қаржылық және экономикалық
дағдарыс әлемдік экономиканың дамуына және
әлемдік экономиканың дамуына әсер ететін ірі
елдердің экономикалық дамуына түбегейлі
өзгерістер енгізгеннен кейін күшейе түсті.
Болашақта қандай экономикалар бәсекеге
қабілеттілік рейтингінде жоғары орындарды алады
және ұлттық экономика үшін бәсекеге қабілеттілікті
арттыру жолдарын табу қазіргі уақытта әлемнің
көптеген елдері үшін маңызды проблема болып
отыр. Осыған байланысты, кез келген мемлекет
әлемдік қаржылық және экономикалық дағдарыстан
кейін әлемдік даму болашақта қандай бағытпен
жүретіндігі туралы ортақ пікірдің болмауы кезінде
осы белгісіз болашақта ұлттық бәсекеге
қабілеттілікті көтеру стратегиясын дайындауы
қажет. Бұл мәселені дағдарыстан кейінгі уақытқа
қалдыруға болмайды, себебі бәсекеге қабілеттілікті
арттыру проблемасы кез келген елдің дамуы үшін ең
маңызды мәселенің бірі – тұрақты экономикалық
және әлеуметтік дамуымен, халық өмір сүруінің
жоғары деңгейімен тығыз байланысты. Қазіргі
уақытта бәсекеге қабілеттілік мәселесімен көптеген
танымал экономистер және 100-ден астам әлем
елдерінің ұлттық институттары көмектесетін ірі
халықаралық институттар айналысады. Елдер
арасындағы бәсекелестік күрестің өршуі әлемдік
экономикаға көптеген өзгерістер әкелді. Жыл өткен
сайын әлемдік шаруашылық қатынастар бірыңғай
гео
экономикалық
жүйе
ретінде
көптеп
қарастырылуда. Бұл жағдайларда кез келген елдің
күші мен қуаты оның өндірушілерінің бәсекеге
қабілеттілігімен анықталады. Ұлттық нарықта
неғұрлым бәсекелестік күшті және оның формалары
алуан болса, соғұрлым әлемдік нарықта елдің
бәсекеге қабілеттілік деңгейі жоғары болмақ.
Жаһандық бәсекеге қабілеттілікті анықтайтын 113
айнымалы көрсеткіш бар, солардың негізгі құраушы
бөлігі 12 пункттен тұрады. Атап айтқанда: Институттар
сапасы. Инфрақұрылым. Макро
экономикалық тұрақтылық. Денсаулық және орта
білім. Жоғары білім және кәсіби дайындық. Тауар
және қызмет нарығының көрсеткіші. Еңбек
нарығының көрсеткіші. Қаржы нарығының деңгейі.
Технологиялық даму деңгейі. Ішкі нарық деңгейі.
Компаниялардың
бәсекеге
қабілеттілігі.
Инновациялық потенциал.
2014 ж. қыркүйекте (2013 ж. қорытындысы бо-
йынша) шыққан, ДЭФ Жаһандық бәсекеге
қабілеттілік туралы есеп нәтижесі бойынша
Қазақстан, 2012 жылмен салыстырғанда 1 тармаққа
(51 орын) жақсартып, орташа 4,42 балмен 50-ші
орынды иеленген [4]. Бұлретте, Қазақстан даму
деңгейі едәуір жоғары елдер қатарына өтті, бұл
елдердің дамуында тиімділік пен инновациялық
даму факторлары маңызды рөл атқарады.
Дүниежүзілік банктің бағалауы бойынша «DoingBusiness» (бизнесті жүргізу жеңілділігі)
көрсеткіштері бойыншаҚазақстан 2013 ж. ең
дамыған 50 ел деңгейінен өтті. 2013 ж. есептеу
әдістемесіне сәйкес Қазақстан 2012 ж. 53-шы
орында болған.
Қазақстан Республикасы Үкіметімен 2007 жылдың
28 желтоқсанында «Қазақстан Республикасы
экономикасының бәсекеге қабілеттілігі мен
экспорттық мүмкіндіктерін сапалы жаңа деңгейге
жеткізудің
2008-2015
жылдарға
арналған
тұжырымдамасы
туралы»
№1332
Қаулысықабылданды. Қаулыда Қазақстан үшін түрлі
халықаралық рейтингтерде жақсы позицияларға
жету ғана емес, экономикамыз бен қоғамымыздың
тұрмыс жағдайының тұрақты өсуін қамтамасыз ету
де маңызды екендігі атап көрсетілген.
Қазақстанның бәсекелі картықшылығы еңбек
нарығы және макроэкономикалық ортанының тиімділігі болып табылады [7].
Сонымен қатар, Қазақстан денсаулық сақтау мен бастауыш білім, қаржылық нарық дамуы, компаниялар
мен инновациялардың бәсекеге қабілеттілігі сияқты
факторларда әлсіз позицияларды иеленіп отыр.
Орташа деңгейінде Қазақстан бәсекеге қабілеттілігі
институттар, инфрақұрылым, жоғарғы білім мен
кәсіби дайындық, тауарлар нарығының тиімділігі,
технологиялық дайындығы мен нарық көлемі позициялары бойынша тұр.
Отандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру өте маңызды және уақытында ел назарына
ұсынылып отырған асқақ мақсат. Өйткені, әлемдегі
барынша өрбіп, қанатын жайған жаһандану
үрдісінен тыс ешбір мемлекет болмайды. Соның
ішінде ашық әрі демократиялық қоғам құрып
жатқан Қазақстан одан шеткері қалмайды. Демек,
әлемдік
экономикада
алатын орнымыз,
экономиканың даму қарқынын үдетіп, оны ұзақ
уақыт ұстап тұру мүмкіндігі де осы бәсекеге
қабілеттілікке байланысты. Халықтың тұрмысын
үзбей жақсарта отырып, әлемдегі ең жоғарғы
әлеуметтік стандарттарға жеткізу мүмкіндігі де
осыған байланысты. Қорыта келгенде, ұлттық
дамудың келешектегі басты мақсаты да, міндеті де
бәсекеге қабілеттілік болып табылады.
А.ӘБДІрАзАҚов,
Жаңаарқа ауданының Әділет
басқармасының басшысы
Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі:
проблемалары және шешу жолдары
№34_Жанаарка газеті 12.07.2019 17:13 Страница 4
4
Тарихымызды ұлықтау баршамызға парыз
Кез
ке л г е н
а д а м
т а рихшы
б о л а
а л майды.
Себебі,
тарихқа
қызығу
– сенің
өткен
өміріңе, жүріп өткен жолыңа қызығу. Көбі тарихқа жай
көзқарас танытуы мүмкін. Бірақ бұл мамандық болмаса,
өткенімізді тани алмай, түп тарихымызды түбірімен
жоғалтып алмаймыз ба? Таудай талап пен төзімділікті, үнемі
ізденісті аса қажет ететін бұл мамандықтың қадірі
сондықтан да қоғамда айырықша. Білген жанға тарихтың
тағылымы мен үйретері шексіз мол қазына. Тарихи ақиқат
пен тарих ғылымдарының сөзі барынша сәйкес келуіне, арасынан қыл өтпейтін тұтастығына қол жеткенде рухани
жаңғырудың тынысы ашылары сөзсіз. Сөз түзелмей оны
тұтынушының санасы түзелмейді. Санасы түзелмеген жаннан саналы іс шықпайды.
Елбасымыз Н.Назарбаев "Болашаққа бағдар: рухани
жаңғыру" атты мақаласында да терең тарихымыздың ойып
алар орнын атап көрсетті. "ХХ ғасырдағы батыстық
жаңғыру үлгісінің бүгінгі заманның болмысына сай
келмеуінің сыры неде? Меніңше, басты кемшілігі – олардың
өздеріне ғана тән қалыбы мен тәжірибесін басқа халықтар
мен өркениеттердің ерекшеліктерін ескермей, бәріне жаппай
еріксіз таңуында. Әжептәуір жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бастау алатын рухани коды болады. Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол
ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің
құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай.
Бұл - тарлан тарихтың, жасампаз бүгінгі күн мен жарқын
болашақтың көкжиектерін үйлесімді сабақтастыратын ұлт
жадының тұғырнамасы. Мен халқымның тағылымы мол
тарихы мен ықылым заманнан арқауы үзілмеген ұлттық
салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып,
әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сеніммен бет алуын
қалаймын»,-деген еді Елбасы өз мақаласында.
Аймағымызға белгілі ардагер ұстаз, сыйлы ақсақал,
көптеген зерттеу жұмыстарымен айналысып жүрген
өлкетанушы Мұса Тайтөлеуовтің негізгі мамандығы - физика-математика пәнінің мұғалімі. Енді жалпы мұғалімдік
демесеңіз, ғылымның нақты (физика және математика) және
гуманитарлық (тарих) деген екі түрінің ауылы алшақ екені
белгілі. Ол жайында ақсақал былай дейді:
-Алғашқы кезде түрлі формулалармен көзі ашылған мен
үшін, қолыма қалам алып, қағаз бетіне әдеби түрде бірдеңе
сүйкеу мен үшін қиын болды. Тарихшы үшін жаза білу өнері
аса қажет. Әр сөзіңе, әр сөйлеміңе ұқыпты болу міндет. Ол
ұрпаққа қалар ең құнды дүние. Сол себепті тарихқа қиянат
жасаумау керек. Әр дерекке, әр дәйекке байыппен қарап, са-
13 шілде 2019 жыл
Жаңаарқа ауданына - 90 жыл
ралап, қорытындылап барып қағаз бетіне түсіреміз. Солай
дей тұра, тарих көркем әдебиет емес дегім келеді. Ол жерде
ойыңнан бір дүниелерді құрастырып, қисынын келтіріп сілтей беруге мүлдем болмайды. Тарих ол - өткен
өміріміз, ол нақты оқиғалардың тізбегі. Менің нақты
мақсатым да осы ата бабамыздан қалған мұраны
мұртын қисайтпай кейінгі ұрпаққа жеткізу болып табылады.
-Алғашқы тарихшы, өлкетанушы ретіндегі
жұмыстарыңыз есіңізде ме?
-Мен өзім қажылыққа екі рет барған адаммын. Осы
сапар кезінде біраз жағымсыз жайттарға куә болып,
осы жайында жазбақ болдым. "Қажылыққа бару
еріккенің ермегі емес" атты мақаламда мұсылман
әйелдерінің әдеп сақтамайтындығы турасында айтылды. Бірақ, бұл материалымды жергілікті және
облыстық басылымдар жарыққа шығарудан бас
тартты. Ақырында оппозициялық бір газетке
шығардым.
Көз майымды тауысып, үлкен зерттеу жүргізіп
жазған тағы бір "Шоң Телғозының туу турасында"
атты еңбегім Оңтүстік Қазақстан (қазіргі Түркістан
облысы) облысындағы бір басылымда жарық көрді.
Ал, барлық жергілікті редакциялар мақаламның
көлемінің үлкендігін алға тартып, қашқақтады.
Бұл мақаламның туындауына себеп болған
аймағымызға белгілі өлкетанушының Шоң
Телғозының өмірге келуі жайында жазған жұмысы
түрткі болды. Ол жерде Шоң Телғозының анасының
аяғы ауыр болар уақытын суреттеген кезде
"Қара ала айғырына көңілі толып" деген
сөздер келтіріледі ("Өмір" журналы, №2). Бұл
сөздің бұл жерде қолданылуы орынсыз екенін ойлаған
мен, зерттеу жұмыстарына бел шеше кірістім.
Өзіміздің аудан кітапханасынан ешқандай деректер
таба алмай, облыстық Гоголь атындағы кітапханаға
бардым. Ол жерде маған Мәшһүр Жүсіп
Көпейұлының 7 томдық кітабын ұсынды.
Нәтижесінде манағы "қара ала айғырына" деген сөздің
дұрысы "қаралдысына" деген сөз екеніне көз жеткіздім. Ал, енді "қаралды", "қаралдысына" деген не
мағына береді? Оны нақтырақ білу үшін Рабиға
Сыздықованың, Родловтың, Мұхтар Әуезовтың
еңбектеріне бас қойдым. Бұл жерде мысалға Қаныш
Сәтпаевты алады. "Қаныш Сәтпаевтың қаралдысына
адамның көңілі тояды. Бой десе бойы, түр десе түрі
бар",- деген секілді. Яғни, "Қаралдысы" деген
адамның таудай болмысы, көркем келбетін білдіреді.
Айырмашылықты өзіңіз байқай беріңіз. Ал, енді осы
дұрыс жазылмаған нұсқаны көптеген зерттеушілер
көшіріп басты. Тіпті көптеген жерлестеріміздің
аймағын тану үшін бірінші қолына алар оқулығына
айналды.
Осы бір ғана зерттеу жұмысын алып қарап,
нәтижесін жазар болсам, бір парақ қана болуы
мүмкін. Ал, алатын уақытын есептесіңіз ұшан-теңіз.
Тіпті кей кездері өз өзіме демалыс жариялап,
демалғым келеді. Бірақ, көкіректе сайрап жатқан соң
көп мәселелер маза бермейді. Білген, көргенімді, көңілге
түйгенімді кейінгілерге сабақ болсын, тарихтан ұлағат болсын деп шаруама қайта кірісіп кетемін.
Барлығы ұрпақ қамы үшін. Өсіп келе жатқан балаларымыз
өткенінен адаспаса екен деймін. Осы мақсатта өткен жылы
"Ақши - Жолболды ұрпақтары қоныс тепкен жер" атты
кітаптың шығуына мұрындық болдым. Авторлары өзімнің
балам, бауырларым Тайтөлеуов Марат Мұсаұлы,
Әбдікәрімов Қайрат Оралбайұлы, Қапаров Рүстем Қуатұлы
болды.
Алдағы уақытта Сәкен бабамыздың 125 жылдығына және
ауданымыздың 90 жылдығына орай "Бесін батыр
ұрпақтары" атты кітаптың тұсауын кескелі отырмыз.
Өзімнің бауырларым демеушілік жасап, аймағымыздың
кәдесіне жарар тағы бір игі істің жасалуына себеп болғалы
отыр.
Бүгінгі күні зерттеуге толы ғылыми еңбектер, шежіре кітаптар өте көп шығарылып жатыр. Бұл, әрине қуанатын
жағдай. Тарихымызды ұмытпай, жаңғыртып отырсақ,
болашағымыз да айқын болары хақ. Дегенмен, кей кездері
тарихты бұрмалау жағдайларын кездестіріп қаламын.
Осыған, қатты қиналамын. Бір кітаптарда әр дәуірде өмір
сүрген тұлғаларды замандас етіп көрсеткен, мекен еткен
жерлерді дұрыс жазбаған.
-Өмірбаяныңызға қысқаша тоқталып өтсек?
-1940 жылы Ынтымақ колхозында өмірге келдім. Қазіргі
Ақтасты жерінің "Гидроузел" су қоймасының маңында ауылымыз болды. Кейіннен Жеткіншек пен Ынтымақ қосылып
Сәкен ауылы болып аталды. Сол жерден 4 жылдық бастауыш мектепті оқып, ауыл орталығында 7 жылдық мектепке
бардым. Он жылдықты В.И.Ленин атындағы мектебінен
аяқтадым. 1957-1962 жылдары Қарағанды педагогикалық
институтының физика-математика факультеті бойынша
мамандық игердім. Еңбек жолым өзім оқыған В.И.Ленин
атындағы мектептен басталды. Шамалы уақыттан соң №161
теміржол мектебіне ауысып кеттім. Бұл мектеп қазіргі "Ақ
нан" дүкенінің ғимаратында орналасқан болатын.
Оқырман үшін білген артық болмас. Ол кезде қазіргі №132
мектеп №160 мектеп болып аталған. Барлық жол бойында,
разъездерде орналасқан мектептер қарайтын басты (узловой) мектеп болатын.
1974-1992 жылдар аралығында В.И.Ленин атындағы орта
мектепте директор болып қызмет еттім. Осы еліміз
тәуелсіздік алған алғашқы қиын жылдары отбасымда бір
жағдайлар орын алып, жұмыстан шықтым. Сауда-саттықпен
айналысып, сонау Сібір-Тайга жаққа бардым. Мәскеуге де
алты рет жол жүріп келдім. Кәсібім өз жемісін берді. Бірақ,
ұстаздық жұмысыма қайта оралып, 2003 жылы зейнет демалысына шықтым.
-Биыл ауданымыз үшін мерейлі мерекелер тоғысқан
жыл. лебізіңізді білдіре кетсеңіз.
-Жаңаарқа мен Сәкен егіз ұғым. Екеуін бірінен бірі бөліпжармау керек. "Жаңаарқа" жерін "Сәкен елі" дейді, "Сәкен"
десе "Жаңаарқа" дейді. Бұл қалыптасып кеткен заңдылық.
Алғашқында Асанқайғыдан Жаңаарқа деп өзгерткен,
аймағымызды тоғыз жолдың торабы түйіскен жерге айналдырып, теміржолдың салынуына ықпал еткен осы Сәкен бабамыз. Ал, енді осы Сәкеннің туған жерін неге көкпар
қылып жүрміз, соған қынжыламын. Бір деректерде Шет
ауданы, бір жерлерде Ағадыр деп жазылады. Сәкеннің туған
жері - Жаңаарқа жеріне қарасты Аққұдық аталған мекен.
Оған дәлел жеткілікті. Осыны баршамыз біле жүргеніміз
абзал. Оны мен "Тарихымыздан адаспайық" атты мақаламда
жеткіздім. Өткенімізді танып, жеткізу біздердің парыз, сол
мұраны қастерлеу ұрпақтың парызы.
Ауданымыз жайында жүрген жерімде тек мақтаулар естимін. Аймағымызға дарыған ырыс пен береке қайтпасын,
жерлестеріме тарихынан адаспай, өткенімізге құрметпен
қарауды тілеймін. Өткенінен қол үзген адамның болашағы
бұлыңғыр болады.
Торқалы той құтты болсын! Мерекелі һәм берекелі
кезеңдер мол болсын!
-Көптеген тағылымды дүниелермен таныс болдық,
Мұса ата. Әңгімеңізге көп рахмет!
Мұса атаның тарих ғылымдарына қатысты ешқандай дардай атағы жоқ. Бұл кісінің сіңірген еңбегін бағалау үшін
көкірегі ояу адамның пайым-парасаты зерделесе жеткілікті.
Соңындағы балаларына, өскелең ұрпаққа нақты деректерге
сүйеніп жазылған тұщымды дүниелер қалдырсам деген
ниеті осындай нәтижеге жеткізді. "Ғұмырым жеткенше әлі
де зерттеп, жұмыстарымды жалғастыра беремін",-дейді тарихшы ата. Игілікті ісіңізге тек сәттілік серік болсын дейміз,
Мұса ата.
Салтанат БАлТАБАйҚЫзЫ
№34_Жанаарка газеті 12.07.2019 17:13 Страница 5
13 шілде 2019 жыл
5
«Nur otan» партиясының Төрағасы Бірінші орынбасарының
2019 жылғы ___ сәуірдегі №___қаулысымен бекітілді
«Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары»
конкурсын өткізу туралы ЕрЕЖЕ
1.Жалпы ережелер
1.Ереже «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» конкурсын өткізу тәртібін (бұдан әрі – Ереже)айқындайды.
2.Конкурсқа қатысушылар Қазақстан Республикасының
аумағында бастамашыл әлеуметтік жобаларды іске асырушы
жеке тұлғалар, қоғамдық бірлестіктер, бастауыш партия және
басқа да коммерциялық емес ұйымдар болып табылады.
3.Конкурс ұйымдастырушылары: «Nur Otan»партиясы
(бұдан әрі – Партия), Қазақстан Республикасының Еңбек
және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі –
ЕХӘҚМ), «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – МӘСҚ), жұмыспен қамтуды
үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, ішкі саясат
басқармалары мен бөлімдері атынан облыстардың, НұрСұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, аудандар мен қалалардың әкімдіктері, бизнес қауымдастықтар
болып табылады.
2.Конкурстың мақсаттары және міндеттері
4.Конкурс «Nur Otan» партиясының 2030 жылға дейінгі
«Бақуатты
қоғам:
онжылдықтың
10
мақсаты»
бағдарламасының» келесі мақсаттарын іске асыру
шеңберінде өткізіледі:-әрбір қазақстандық отбасының
бақуаттылығы; -салауатты адамдардың қуатты ұлты; -жауапты азаматтардың үйлесімді қоғамы.
5.Байқаудың мақсаты партияның «Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық» және «Кедергісіз келешек» жобаларымен қамтылған адамдарға ұсынылатын қызметтерді қоса
алғанда әлеуметтендіруге, өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған үздік бастамашыл әлеуметтік жобаларды
анықтау, іріктеу, көтермелеу және ілгерілету болып табылады.
6.Конкурстың негізгі міндеттері: 1)Қазақстан Республикасында іске асырылып жатқан үздік бастамашыл әлеуметтік
жобаларды анықтау және іріктеу; 2)«Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық» және «Кедергісіз келешек»
партиялық жобаларын тиімді іске асыру үшін үздік бастамашыл әлеуметтік жобаларды масштабтау, сондай-ақ бастамашыл әлеуметтік жобаларда қолданылған үздік тәжірибелерді
кеңінен тарату; 3)өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуде
мемлекеттің, азаматтық қоғамның, бизнестің және
азаматтардың күшін біріктіру.
3.Конкурстық комиссиялар
7.Әлеуметтік жобалардың жеңімпаздарын іріктеуді өткізу
мақсатында Орталық, өңірлік және аумақтық конкурс комиссиялары құрылады.
8.Өңірлік және аумақтық конкурс комиссиялары жанынан
партия филиалдары және жергілікті атқарушы органдардың
қызметкерлері қатарынан жұмыс топтары құрылады.
9.Орталық конкурс комиссиясы жанынан Партияның
орталық аппараты, ЕХӘҚМ және МӘСҚ қызметкерлері
қатарынан жұмыс тобы құрылады.
10.Өңірлік және аумақтық конкурс комиссияларының, сондай-ақ өңірлік және аумақтық конкурс комиссиялары
жанындағы жұмыс топтарының құрамы Партияның
аймақтық және аумақтық филиалдары төрағаларының бірінші орынбасарларының бұйрықтарымен бекітіледі.
11.Өңірлік конкурс комиссияларының құрамына
облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары
әкімдерінің әлеуметтік мәселелер бойынша орынбасарлары,
облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент
қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік
бағдарламалар, Ішкі саясат басқармаларының басшылары,
облыстардың, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалалары
маслихаттарының депутаттары, қоғамдық бірлестіктердің,
коммерциялық емес ұйымдардың, «Атамекен» Ұлттық
кәсіпкерлер палатасының өңірлік палаталарының, бұқаралық
ақпарат құралдарының өкілдері және басқалар қосыла алады.
12.Аумақтық конкурс комиссияларының құрамына аудандар, қалалар әкімдерінің әлеуметтік мәселелер бойынша
орынбасарлары, аудандардың, қалалардың жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар, ішкі саясат бөлімдерінің басшылары, маслихат депутаттары, қоғамдық бірлестіктердің,
коммерциялық емес ұйымдардың, «Атамекен» Ұлттық
кәсіпкерлер
палатасының
өңірлік
палаталары
филиалдарының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері
және басқалар қосыла алады.
13.Өңірлік және аумақтық конкурс комиссияларын
Партияның аймақтық және аумақтық филиалдары
төрағаларының бірінші орынбасарлары басқарады.
14.Орталық конкурс комиссиясының және Орталық конкурс
комиссиясы жанындағы жұмыс тобының құрамы Партия
Төрағасының Бірінші орынбасарының бұйрығымен бекітеледі.
15.Орталық конкурс комиссиясының құрамына әлеуметтік
мәселелерге жетекшілік ететін партия хатшысы, Қазақстан
Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау,
Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрлері, Қазақстан
Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары,
қоғамдық бірлестіктердің, коммерциялық емес ұйымдардың,
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, бұқаралық
ақпарат құралдарының өкілдері және басқалар қосыла алады.
16.Конкурс комиссиясының мүшесі конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
17.Комиссия отырысына оның мүшелерінің кемінде үштен
екісі қатысқан жағдайда заңды деп саналады.
18.Конкурс комиссиясы келесі өлшемдерді ескере отырып
отырысқа қатысып отырған мүшелерінің көпшілік дауысымен ашық дауыс беру арқылы шешім қабылдайды:
-жобаны іске асыру мерзімі;
-жобаның өзектілігі және әлеуметтік маңыздылығы;
-жобаның қол жеткізілген нәтижелері;
-ұқсас жобаларды іске асыру тәжірибесінің болуы (ағымдағы
жобаны жалғастыру және кеңейту);
-қосымша
қаржыландыру
көздерінің
болуы
(қайырмалдықтар, гранттар, қайырымдылық, әлеуметтік тапсырыс, өз қаражаты);
-аумақтық қамту (жобаны масштабтау);
-қиын өмірлік жағдайларға тап болғандарды қоса алғанда
тұрғындарды қамту үлесі.
4.Конкурс комиссиясының құқықтары
мен міндеттері
19.Конкурс комиссиясы:
1)келіп түскен бастамашыл әлеуметтік жобаларды іріктеуді
жүзеге асыруға;
2)қосымша жүлделер және конкурс қатысушыларын
көтермелеу түрлерін бекітуге құқылы.
20.Конкурс комиссиясы:
1)конкурсқа қатысушыларға бірдей жағдай жасауға;
2)конкурс нәтижелері туралы мәліметтердің уақытынан
бұрын жариялауды болдырмауға;
3)конкурстың қорытындыларын шығаруға міндетті.
5.Конкурсқа қатысушылардың құқықтары мен
міндеттері
21.Конкурсқа қатысушылардың: 1)конкурсқа қатысу шарттары мен тәртібі туралы ақпарат алуға; 2)осы Ереженің талаптарына сәйкес конкурсқа қатысу үшін материалдар
жолдауға құқығы бар.
22.Конкурсқа қатысушылар: 1)осы Ереженің талаптарына
сәйкес рәсімделген матералдарды уақытылы ұсынуға; 2)осы
Ережемен қарастырылған ережелер мен рәсімдерді ұстануға
міндетті.
6.Конкурсқа қатысу үшін өтінім беру тәртібі
23.Конкурс 5 бағыт бойынша өткізіледі: -әлеуметтік
проблемалардың шешімдерін ақпараттық жылжыту; әлеуметтік саладағы еріктілер қозғалысын дамыту; -бірдей
мүмкіндіктерді қамтамасыз ету; -мүгедектігі бар адамдарды
қоса алғанда азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу; қиын өмірлік жағдайларды жеңуге көмек көрсету (адам
саудасының, тұрмыстық зорлық құрбандары, үйсіздік және
түрмеден босатылғандар және т.б.).
24.Конкурсқа қатысу үшін өтінім қазақ және/немесе орыс
тілдерінде қағаз және электронды жеткізгіште аудандар мен
қалалардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімдеріне (бұдан әрі - Бөлімдер)немесе «NurOtan»
партиясының «Қоғамдық бастама» – www.qolda.nurotan.kz
интернет-ресурсы (бұдан әрі - Портал) арқылы осы Ереженің
1-қосымшасына сәйкес қажетті құжаттарды бере отырып,
бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған конкурс туралы ақпараттық хабарламаларда көрсетілген мерзімнен кешіктірмей ұсынылады.
25.Ұсынылатын мәліметтерге қойылатын талаптар:ұсынылған презентациялық материалдарды қазақ және орыс
тілдерінде (логотипімен жобаның паспорты, жоба авторына
аннотация) сапалы рәсімдеу; -осы Ереженің 2-қосымшасына
сәйкес техникалық талаптарға сәйкес презентация ұзақтығы
3 минутқа дейінгі бейнеролик әзірлеу.
26.Бөлімдерде өтінім қабылдау бұқаралық ақпарат
құралдарында жарияланатын конкурс туралы ақпараттық хабарламаларда көрсетілген мерзімнен үш жұмыс күні бұрын
тоқтатылады.
27.Қатысушыларға жазбаша немесе электронды нысанда
жобаның құжаттар пакеті қабылданғаны туралы хабарлама
беріледі.
28.Өткен
конкурстың
республикалық
кезеңіне
қатысқанжобалар, сондай-ақ іске асыру мерзімі бір жылдан
аз жобалар конкурсқа қатыстырылмайды.
29.Конкурс талаптарының сақталуын бақылау мақсатынды
Портал
арқылы
ұсынылған
өтінімдерді
конкурс
ұйымдастырушылары жоба авторымен келісе отырып
өңдейді және редакциялайды.
7.Конкурсты өткізу тәртібі
30.Конкурс аумақтық, өңірлік және республикалық үш
кезеңде өткізіледі.
31.Конкурстың аумақтық кезеңінде аумақтық конкурс комиссиялары жанындағы жұмыс топтары жергілікті атқарушы
органдармен бірлесіп: -өтінімдерді қабылдауды және өңдеуді
ұйымдастырады; -конкурстың жүлде қорын анықтайды; -кон-
курс комиссиясының жұмысы үшін құжаттар пакетін дайындауды қамтамасыз етеді;-ағымдағы жылғы 10 тамыздан кешіктірмей
конкурс
комиссиясының
отырысын
ұйымдастыруды және әрбір бағыт бойынша үздік жобаларды
айқындауды қамтамасыз етеді; -ағымдағы жылғы18 тамыздан
кешіктірмей конкурс қорытындыларын шығару, аумақтық
кезеңінің қатысушыларын құрметтеу және жеңімпаздарды
марапаттау бойынша салтанатты рәсімін ұйымдастырады; аумақтық конкурс комиссия отырысының хаттамасын
партияның аймақтық филиалына жолдауды қамтамасыз етеді.
32.Конкурстың аумақтық кезеңінің қатысушылары дипломмен және естелік сыйлықтармен марапатталады.
33.Конкурстың өңірлік кезеңіне аумақтық конкурстарда іріктелген жобалар қатысады.
34.Конкурстың өңірлік кезеңінде өңірлік конкурстық комиссиялар жанындағы жұмыс топтары жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп: -конкурстың жүлде қорын айқындайды;
-конкурс комиссиясының жұмысы үшін құжаттар пакетін дайындауды қамтамасыз етеді; -ағымдағы жылғы 25 тамыздан
кешіктірмей конкурс комиссиясының
отырысын
ұйымдастыруды және әрбір бағыт бойынша үздік жобаларды
айқындауды қамтамасыз етеді;-ағымдағы жылғы 1
қыркүйектен кешіктірмей конкурстың өңірлік кезеңінің
қатысушыларын құрметтеу рәсімін ұйымдастырады;ағымдағы жылғы 30 тамыздан кешіктірмей Партияның
орталық аппаратына конкурстың республикалық кезеңіне
қатысу үшін құжаттар пакетін (2-қосымшаның талаптарына
сәйкес келетін бейнеролик, логотипімен жобаның паспорты,
жоба авторына аннотация) және өңірлік конкурс
комиссиясының хаттамасын қоса отырып әр бағыт бойынша
1 жобадан жолдайды.
35.Конкурстың өңірлік кезеңінің қатысушыларын құрметтеу
салтанатты рәсімдерінде Партия орталық аппаратының,
ЕХӘҚМ және МӘСҚ өкілдері қатысады.
36.Өңірлік конкурс қорытындылары бойынша іріктелген жобалар конкурстың республикалық кезеңінің қатысушылары
болып табылады.
37.Орталық конкурс комиссиясының шешімі бойынша
конкурстың республикалық кезеңіне қосымша жобалар жіберілуі мүмкін.
38.Конкурстың республикалық кезеңінде Орталық конкурс
комиссиясы
жанындағы
жұмыс
тобы:-конкурстың
республикалық кезеңінің қатысушыларының құжаттар пакетін қабылдауды ұйымдастырады;-конкурстың республикалық
кезеңінің қатысушыларының тізімін және презентациялық
материалдарын (бейнеролик, логотипімен жобаның паспорты, жоба авторына аннотация) қалыптастырады; Орталық конкурс комиссиясының жұмысы үшін құжаттар
пакетін әзірлеуді қамтамасыз етеді; -Порталда интернет
дауыс беруді өткізуді қамтамасыз етеді; -ағымдағы жылғы
25 қазаннан кешіктірмей Орталық конкурс комиссиясының
отырысын өткізуді қамтамасыз етеді.
39.Интернет дауыс беру Порталда 20 қыркүйек – 20 қазан
кезеңінде өткізіледі.
40.Орталық конкурс комиссиясының шешімі бойынша интернет дауыс беруде ең көп дауыс жинаған жобалар арнайы
сыйлықтармен марапатталады.
41.Конкурстың республикалық кезеңінің қорытындысы бойынша Орталық конкурс комиссиясы ағымдағы жылғы 25
қазанға дейін конкурстың бес бағыты бойынша үздік жобаларды анықтайды.
42.Конкурстың республикалық кезеңінің қорытындысы бойынша бес бағыт бойынша үздік деп танылған жобалар әр
номинация бойынша 2 000 000 (екі миллион) теңге
сомасындағы ақшалай сертификаттармен көтермеленеді.
43.Орталық конкурс комиссиясы мүшелерінің және конкурс
демеушілерінің бастамасы бойынша арнайы жүлделер мен
номинациялар белгіленуі мүмкін.
44.Конкурстың республикалық кезеңінің қатысушылары
дипломдармен және конкурс ұйымдастырушыларынан естелік сыйлықтармен марапатталады.
45.Конкурс қорытындылары бұқаралық ақпарат
құралдарында және Партия мен ЕХӘҚМ ресми сайттарында
жарияланады.
46.Конкурс қорытындысы бойынша ағымдағы жылғы 31
қазаннан кешіктірмей мемлекеттік органдар, үкіметтік емес
ұйымдар, бизнес-құрылымдар өкілдерінің, сондай-ақ өткен
жылдардағы конкурс қатысушылары мен жеңімпаздарының
қатысуымен конкурс қатысушыларын құрметтеу және
жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді, оның шеңберінде
үздік әлеуметтік жобалардың республикалық көрмесі
ұйымдастырылады.
47.Орталық конкурс комиссиясының шешімі бойынша
конкурстың республикалық кезеңіне қатысқан жобалар кейін
«NurOtan» партиясы Орталық аппаратының Партфолио
кеңсесінің отырысында қарау үшін партиялық жобалар пулына косылуы мүмкін.
№34_Жанаарка газеті 12.07.2019 17:13 Страница 6
6
«Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» конкурсын
өткізу туралы ережеге 1-қосымша
«Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары»
конкурсына қатысуға арналған өтінім
1
2
Әлеуметтік жобаның авторы (ұйымның атауы
және/немесе автордың аты-жөні)
Жоба авторына қысқаша аннотация
3
4
Әлеуметтік жобаның атауы
Жобаның логотипі
5
Өтінім ұсынылған бағыт атауы*:
8
Қол жеткізілген нәтижелер
6
7
9
10.
11.
12.
13.
14.
15.
16.
17.
Іске асыру мерзімі
Өзектілігі және әлеуметтік маңыздылығы
1 үкіметтік проблемалардың шешілуін ақпараттық ілгерілету»
2 )«Әлеуметтік саладағы еріктілер қозғалысын дамыту»
3 )«Бірдей мүмкіндіктерді қамтамасыз ету»
4 )«Мүгедектігі бар адамдарды қоса алғанда азаматтарды
жұмыспен қамтуға жәрдемдесу»
5 )«Қиын өмірлік жағдайларды жеңуге көмек көрсету (адам
саудасының, тұрмыстық зорлық құрбандары, үйсіздік және
түрмеден босатылғандар және т.б.)»
Ұқсас жобаларды іске аыру тәжірибесі
(ағымдағы жобаны жалғастыру және кеңейту)
Қаржыландыру көзі (қайырмалдықтар,
гранттар, қайрымдылық, әлеуметтік тапсырыс, өз қаражаты)
Аумақтық қамту (жобаны масшабтау)
Қиын өмірлік жағдайға тап болғандарды
қосқанда тұрғындарды қамту
Әлеуметтік жоба туралы DVD жеткізгіште
видеоролик (3 минутқа дейін)
Өңір
Аудан
Байланыс ақпараты
(телефон, e-mailжәнебасқа)
Өтінім берілген күні
Параметрлер
Videoformat
VideofileContainer
VideoCodec
Displayaspectratio
Resolution, pixels
Chromasubsampling
Bitrate, kBit/s
Framerate
Scantype
Scanorder
Audiotype
AudioCodec
Audiotreks
SampleRate, kHz
SampleType, bit
«Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары»
конкурсын өткізу туралы ережеге 2-қосымша
Бейнероликтерге қойылатын
техникалық талаптар
Мәні
XDCAM HD 50
MXF
MPEG-2
16:09
1920 x 1080
4:02:02
50.0 Mbps
25 fps
Interlaced
TopFieldFirst
Wav
Pcm
4
48
24 bit
Дыбыс(екінші арнаға қайталанған, жиынтықталған стереопара)
ДЦБ (12)
Видео (каше жоқ)
Суда - абай болыңыз!!!
Атқарылар шаралар толастамайды
Жаңаарқа ауданының төтенше жағдайлар бөлім инженері, азаматтық қорғау лейтенанты
Ерденбай Ернар Қайроллаұлы Атасу кентінде орналасқан Сарысу өзенінің жағасында суға
түсу кезеңіндегі қауіпсіздік шаралары жөнінде әңгімелеп берді.
-Ернар Қайроллаұлы, қазіргі таңда суға түсу науқаны қызып тұрған уақыт, соған
байланысты қандай ісшаралар жүргізіп жатырсыздар?
-Жаңаарқа ауданы
әкімдігінің қаулысымен
бекітілген жоспарға сәйкес
Жаңааарқа ауданында шомылу маусымы кезінде
т ұ р ғ ы н д а р д ы ң
қауіпсіздігін қамтамасыз
ету мақсатында 5 елді мекенге «Суға түсуге тыйым
салынады» деген белгі орнатылды және жергілікті
атқарушы органдармен,
полиция бөлімімен бірлесіп, апта сайын аудан
аумағында
орналасқан
өзендер жағасында рейдтік жұмыстар жүргізіледі.
-Өзіңіз атап өткендей рейдтік жұмыстар барысында қандай іс- шаралар өткізіледі?
-Рейдтік жұмыстарға тек мемлекеттік қызметкерлер емес, еріктілер тобы да қоса тартылып,
аудан тұрғындары мен өзенде демалушыларға жадынамалар таратылып, алғашқы көмек
қалай көрсетілетіндігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
-Өзендер жағасында құқық бұзушылық анықталған жағдайда қандай іс- шаралар
қолданасыздар?
-Қазіргі таңда төтенше жағдайлар бөлімінің үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуден басқа
шаралар қолдану құзырында жоқ. Дегенмен, рейдттік шаралар кезінде құқық бұзушылық
анықталған жағдайда, полиция қызметкерлері құқық бұзушыларды Қазақстан
Республикасының әкімшік кодексінің тармақтарына сәйкес, әкімшілік жауапкершілікке
тартады.
-Ернар Қайроллаұлы, берген сұхбатыңызға рахмет, жұмыстарыңызға табыс тілейміз!
Өз тілшімізден
13 шілде 2019 жыл
Партия Төрағасы Бірінші
орынбасарының 2019 жылғы 18 сәуірдегі
№ 008 PQ қаулысына өзгерістер
енгізу туралы
Өзекті әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталған үздік бастамашыл әлеуметтік жобаларды ілгерілету мақсатында
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1.Партия Төрағасы Бірінші орынбасарының «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары»
конкурсын өткізу туралы» 2019 жылғы 18 сәуірдегі №008 PQ қаулысына келесі өзгерістер
енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» конкурсын өткізу
туралы ережеде:
31-тармақтың бесінші, алтыншы абзацтарындағы «25 маусымнан», «1 шілдеден» деген
сөздер мен цифрлар «10 тамыздан», «18 тамыздан» деген сөздермен цифрларға ауыстырылсын;
34-тармақтың төртінші,бесінші, алтыншы абзацтарындағы
«15 шілдеден», «1 тамыздан», «1 тамыздан» деген сөздер мен цифрлар «25 тамыздан»,
«1 қыркүйектен», «30 тамыздан» деген сөздермен цифрларға ауыстырылсын;
38-тармақтың алтыншы абзацындағы«қыркүйекке» деген сөз «қазанға» деген сөзбен ауыстырылсын;
39-тармақтағы «тамыз» және «қыркүйек» деген сөздер «қыркүйек» және «қазан» деген
сөздермен ауыстырылсын;
41-тармақтағы«қыркүйекке» деген сөз «қазанға» деген сөзбен ауыстырылсын.
2.Партия орталық аппараты Баспасөз қызметінің басшысы «Қазақстанның үздік
әлеуметтік жобалары» конкурсын өткізу барысын ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз
етсін.
3.Осы қаулының орындалуын бақылау партия хатшысы Т.Қ. Дүйсеноваға жүктелсін.
4.Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
М.ӘШІМБАЕв,
Партия Төрағасының Бірінші орынбасары
Жалғызбасты қарттар мен мүгедектерге
үйінде әлеуметтік қызмет көрсету
Жалғызбасты қарттар мен мүгедектерге үйінде әлеуметтік көмек көрсету Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылы 28 қазанда № 1222 қаулысымен бекітілген халықты
әлеуметтік қорғау саласында үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет
көрсету стандартына сай көрсетіледі.
Үйден әлеуметтік қызмет жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ
жалғызбасты адамдарға (қарттар) және жалғызбасты мүгедектерге көрсетіледі.
Жоғарыда аталған санаттар бірлесіп қызмет алушылар болып аталады.
«Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 17 желтоқсандағы
Заңының 131-бабы бойынша өздерінің ата-аналарын (жұбайын) асырап-бағуға және оларға
қамқорлық жасауға міндетті еңбекке жарамды кәмелетке толған балалары (жұбайы) жоқ
немесе объективті себептер бойынша (егде жасына, бірінші, екінші топтағы мүгедектігінің,
онкологиялық, психикалық ауруларының болуына, бас бостандығынан айыру орындарында
отыруына, елден тыс жерге тұрақты тұруға кетуіне немесе басқа елді мекенде тұруына байланысты) оларды тұрақты көмекпен және күтіммен қамтамасыз ете алмайтын жақын туыстары бар мүгедектерге және «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру
туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңының 9-бабының 1тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткен, өзіне-өзі күтім көрсете алмайтын және
денсаулығының жай-күйіне байланысты үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы
әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж қарттарға тәуліктің күндізгі уақытында әлеуметтік
қызмет көрсетіледі.
-Мүгедектер мен қарттарға үйде қызмет көрсетуге:
-ауру процесі белсенді сатыдағы туберкулездің;
-психикалық аурулардың (соматикалық ауру кезіндегі невроздарды, неврозға ұқсас жайкүйлерді, ақыл-ес кемшіндігі мен жеке басының айқын білінетін өзгеруі жоқ, сирек
ұстамасы бар (2-3 айда бір реттен артық емес) этиологиясы әртүрлі тырыспалы синдромдарды қоспағанда);
-карантиндік инфекциялардың, жұқпалы тері мен шаш ауруларының, венерологиялық
аурулардың, ЖИТС-тің, сондай-ақ мамандандырылған медициналық ұйымдарда емдеуді
қажет ететін аурулардың болуы медициналық қарсы көрсеткіштер болып табылады.
Қызмет алушыларды оларға бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызмет
көрсету үшін үйде қызмет көрсету бөлімшесіне жіберуді аудандық жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жүзеге асырады.
Бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызмет ұсынатын үйде қызмет көрсету
ұйымына қызмет алушыларды қабылдау үйде қызмет көрсету бөлімшесіне мынадай
құжаттардың негізінде жүзеге асырылады:
1) қызмет алушының жазбаша өтініші,
2) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат,
3) жергілікті атқарушы органның арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы шешімі;
4)тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжат (мекенжай
анықтамасы не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасы);
5) мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі (қарттар үшін – талап етілмейді);
6) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан үзінді көшірме (қарттар үшін – талап
етілмейді);
7) зейнеткерлік жастағы адам үшін – зейнетақы куәлігінің көшірмесі;
8) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар үшін – Ұлы Отан соғысының қатысушысы мен мүгедегі және оларға теңестірілген адам
мәртебесін растайтын куәліктің көшірмесі негізінде жүзеге асырылады.
9) белгіленген нысан бойынша медициналық карта.
Құжаттардың көшірмелері түпнұсқасымен бірге ұсынылады, салыстырып тексерілгеннен
кейін түпнұсқа өтініш берушіге қайтарылады.
Толық ақпаратты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен білуге болады.
Хабарласу мекенжайы: Атасу кенті, Тәуелсіздік даңғылы №5, 2-80-46, 7-90-39
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
№34_Жанаарка газеті 12.07.2019 17:13 Страница 7
13 шілде 2019 жыл
7
ЕСКЕ АЛУ
Ақтүбек ауылының тұрғыны болған, адал жар, сүйікті
әже, отбасымыздың берекесі мен тірегі аяулы да ардақты
анамыз
орМАновА
МӘнСия
БАлҒоЖАҚЫзЫнЫҢ өмірден өткеніне 27 шілде күні
1 жыл толады. Ортамызда орны ойсырап тұр. Анамыз тіршілігінде кісі көңілін қалдырмайтын, сабырлы мінезімен,
ақкөңіл қасиеттерімен есімізде қалды. Анамыздың жатқан
жері жайлы, топырағы торқа болсын деп Алладан тілейміз.
Сен едің ғой ортамыздың базары,
Көңіліміздің көтеретін ажарын.
Нұрға толып жатсың енді мәңгілік,
Өзің жатқан бақилықта мазарың.
Уақыт-ай, тұрағын жоқ алып ұшқан,
Өмірдің бірі ұзын, бірі қысқа.
Жарқылдап жүруші едің ортамызда,
Айналдың міне бүгін сағынышқа.
Сағына еске алушылар: жолдасы-Серік, балалары-Еркебұлан-Шекер, Сандуғаш,
Жұмабек-Алмагүл, Марғұлан, Ерлан-Ботағөз, Ерсұлтан, немерелері, жиендері
27 шілде күні сағат 13.00-де Ақтүбек ауылының мәдениет үйінде анамыздың өмірден
өткеніне 1 жыл толуына орай құдайы дәм беріліп, құран бағышталады
Абай болыңыз!
Суға түсу ережелерін қатаң сақтау қажет
Қазір жаз мезгілі. Ал жаздың сәні – суға түсу. Күннің ыстығында бір сергіп, суға шомылған
жақсы-ақ! Алайда, суға түсудің соңы қайғылы жағдайға душар ететінін қаперден шығармау
керек. Су айдындарында адамдардың қаза болуының себептері де әртүрлі. Олардың біразы
су айдындардағы қауіпсіздік қағидаларын қатаң бұзса, енді бірі тыйым салынған орындарда
суға шомылғаны белгілі болды. Суға түсуге барған адам ең құрығанда қарапайым
қағидаларды ескеруі қажет. Ол адамның өзінің бас амандығы үшін қажет. Ережелерді сақтай
отырып суға түскенде ғана қайғылы жағдайлардың алдын алуға болады. Ол қандай ережелер? Демалу орындарының су айдынына барғанда мас күйде суға түсуге, қайықтардан, катерлерден, өткелдерден суға секіруге, тексерілмеген, жабдықталмаған жерлерде суға
сүңгуге, жүзу шегін білдіретін қалтқы белгілерден асуға, жүзуге арналмаған заттармен
жүзуге болмайды. Одан бөлек, су айдындарын ластауға және қоқсытуға жол берілмейді. Ең
бастысы, балаларды ересектердің қарауынсыз суға жібермеу қажет. Балалардың судан ажал
құшу оқиғаларының жиілеуі осыдан – суға ересектермен бірге бармауынан шығып жатыр.
Баласының болашағын ойлаған әр адам осыны еске сақтауы керек.
Төтенше жағдайлар комитеті мамандарын – құтқарушыларды кінәлап жатады. Аталған
комитет суға түсу маусымы басталғалы табанынан тозып, түрлі тиімді шараларды жүзеге
асырып жатыр. Судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, еліміздің су айдындарында адамдардың
қаза болуына жол бермеу мақсатында суға шомылу кезеңінде азаматтардың қауіпсіздігін
қамтамасыз етуге бағытталған шараларды атқаруда. Сонда ғана тілсіз жаудың алқымынан
аман қалуға болады. Қазақтың «Сақтансаң, сақтаймын!» деген аталы сөзінің төркіні де осы.
Әсел МҰзДЫБАЕвА
ЕСКЕ АЛУ
Көктал ауылының тұрғыны, асыл жар, ардақты әке, немерелеріне сүйікті ата бола білген АХМЕТов ТІлЕУХАн нүрКЕнҰлЫнЫҢ бұл жалғаннан татар дәмі
таусылғалы да 40 күннің жүзі болыпты.
Жанымызға жақын, жайсаң жанды бүгінде сағынышпен
еске алып, мына жыр жолдарымен жеткіземіз.
40 күннің сенсіз таңның атқанына,
40 күн сенсіз күннің батқанына.
Жаралы жүректерді жабырқатып,
Жер -Ана құшағына жатқаныңа.
Бұл күнде бейнең көзден алыстады,
Сағыныш жүректі езіп жаныштады.
Ұрпағың өсіп-өнген кіндігіңнен,
Рухыңа арнап дұға бағыштады.
Еске алушылар: жұбайы-роза, балалары, немерелері, күйеубалалары, келіндері,
жиендері
25 шілде күні сағат 13.00-де “Ақсарай” мейрамханасында әкеміздің өмірден
өткеніне 40 күн толуына орай құдайы дәм беріліп, құран бағышталады
ЕСКЕ АЛУ
Жаңаарқа ауданының тұрғындары
болған
ардақты
әкеміз
С Ә р С Е н Б А й Ұ л Ы
МҰХАММЕДӘМиннІҢ өмірден
өткеніне биыл 25 жыл, ал аяулы анамыз ЖүнІСҚЫзЫ ҚАМАрДЫҢ
өмірден өткеніне 10 жыл толып отыр.
Біздер үшін ардақты ата-ана болса,
немерелеріне мейірімді, ұлағатты атаәже болды. Үйіміздің алтын діңгегі,
ақылшысы болған асыл ата-анамыздың
қуатты сөзі мен мейірімге толы жүзі, кемеңгер кейіпі мәңгі жадымызда. Ордамызда әкешешеміздің орны ойсырап тұр. Халқына сыйлы, отбасына жайлы болған ардақты әкешешеміздің асыл бейнесі мәңгілік жүрегімізде сақталады. Әкеміз бен анамыздың жарқын
бейнесін сағына еске алып, жатқан жерлері нұрлы болсын дейміз.
Жан әке, аяулы ана - айбынымыз,
Сендерсіз өтіп жатыр ай, күніміз.
Сағыныш таусылмайды жүректегі,
25 жыл болды, жоқсыздар қайғылымыз.
Жұмақтан болсын мекен асылдарым,
Ұрпағың бар өлмейтін - ғасырларың.
Сағыныш сыймас өлең сөөздеріме,
“Әумин” деп дұға арнаймыз өздеріңе.
Сағына еске алушылар: балалары, немерелері, жиендері, шөберелері
ЕСКЕ АЛУ
Биыл Жаңаарқа ауданындағы Н.К.Крупская атындағы орта мектебінің 1974 жылғы түлектері мектептен түлеп ұшқанымызға 45 жыл толып отыр.
Уақыт қандай жылдам... Кеше ғана бір жанұяның баласындай мектепте жүріп едік, ал қазір бәріміз бір-бір жанұяның отағасы, отанасы болып отырмыз. Осыған қарап отырып, уақыттың
қалай жылдам өткеніне таң қаламыз. Сүйікті мектебімізді, ұстаздарымызды сағына еске аламыз. Сол мектеп қабырғасында жүргенде біздің сынып жетекшіміз болған МӘКІШ
ӘБСАлАМҚЫзЫ болатын. Он жыл бірге оқып, балалықтың бал дәуренін бірге кешкен сыныптас достарымыздың кейбіреулері о дүниелік болып кетті. Оларды сағына еске аламыз.
Барлығы да жандары таза, жүректері адал жандар еді.
Олар: сол кездегі 10-А сыныбының түлектері ҒАБиТ МҰХАМЕДЖАнов, САТТЫБАй ӘШІМов, розА СМАйЫловА және 10-Б сыныбынан БАлҒАТАй СүлЕйМЕнов,
МЕйрАМ ӘБДІБЕКов, АйТБЕК КүлМАҒАнБЕТов, ШолПАн ТойМБЕКовА,лЮБА роЮК, зУХрА МҰҚЫШЕвА, КүлӘШ ҚЫзЫлҒЫШЕвА, ивАн БЕзрУКовтар
болатын. Сендердің жарқын бейнелерің біздің жүрегімізден ешқашан өшпейді. Жатқан жерлерің жайлы, топырақтарың торқа болсын деп тілейміз.
Сағынышпен бейнелерің тұр есте,
Мәңгілікке кеттіңдер сағындырып,
Уақыт шіркін зымырайды емес пе.
Өмір заңы кетті ғой бағындырып.
Көп жыл болды арамыздан кеткелі,
Көп жылдар өздеріңсіз өтсе дағы,
Елжіреумен еске аламыз сендерді.
Елестейді бейнелерің сағым болып.
Сағына еске алушылар: н.К.Крупская атындағы орта мектептің 1974 жылғы 10-А және 10-Б сынып түлектері
№34_Жанаарка газеті 12.07.2019 17:13 Страница 8
Конкурс өткізіледі
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі 2019 жылғы 1 шілдеден бастап ҮЕҰ-ға арналған
сыйлықақыны беру үшін өтінімдерді қабылдайды.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі үкіметтік емес
ұйымдарға арналған сыйлықақыны беруге келесі бағыттар бойынша конкурс өткізу туралы
хабарлайды:
1) білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол
жеткізу;
2) азаматтардың денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау;
3) қоршаған ортаны қорғау;
4) жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау;
5) отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу;
6) халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау;
7) жетім балаларға, толық емес және көп балалы отбасылардағы балаларға көмек көрсету;
8) халықты еңбекпен қамтуға жәрдемдесу;
9) азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау;
10) мәдениет пен өнерді дамыту;
11) тарихи-мәдени мұраны қорғау;
12) қоғамдық келісімді және ұлттық бірлікті нығайту;
13) өздерінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету кезінде пробация қызметтеріне жәрдемдесу;
14) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу;
15)азаматтық қоғамды дамытуға, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу.
Байқауға Қазақстан Республикасында тіркелген және Үкіметтік емес ұйымдардың
дерекқорына мәліметтер ұсынған үкіметтік емес ұйымдар қатыса алады.
Бір үкіметтік емес ұйым бір номинациядан артық сыйлықақыны алуға ұсыныла алмайды.
Сыйлықақы алғаннан кейін үш жыл ішінде оны алу үшін қайта ұсынуға жол берілмейді.
Бір номинация бойынша сыйлықақы бір немесе бір мезгілде бірнеше үміткерге берілуі
мүмкін. Бұл жағдайда сыйлықақы олардың арасында тең бөлінеді.
Сыйлықақыны алу үшін өтінімді ұсынуға арналған тізбе мыналарды қамтиды:
1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үкіметтік емес ұйымдарға арналған
сыйлықақы беру конкурсына қатысуға өтініш;
2) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес сыйлықақыға үміткердің сауалнамасы;
3) Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес сыйлықақыға үміткердің қызметі туралы сипаттама
(растайтын материалдармен бірге);
4) соңғы 3 (үш) жыл ішінде ұсынылған бағыт бойынша іске асырылған жобаларды және
бірлескен жұмыс барысында қол жеткізілген нәтижелерді растау мақсатында байланыс деректері көрсетілген қоғамдастық (үкіметтік емес ұйымдар) және (немесе) мемлекеттік органдар өкілдерінің ұсынымдары (екіден кем емес);
5) үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құрылтай
құжаттарының және куәлiгiнің (анықтаманың) көшірмелері;
6) банк шотының болуы туралы анықтама (түпнұсқа).
Сыйлықақыны алу үшін үкіметтік емес ұйымдарды ұсыну жөніндегі өтінімдер
Қазақстан республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық
қоғам комитетінеқағ аз және электронды жеткізгіштерде (СD-дискілерде не USBфлеш-жинақтағыштарында DoC, DoCX, Pdf форматында) 2019 жылғы 1 шілдеден
бастап 1 қыркүйек аралығында келесі мекенжай бойынша қабылданады:нұр-Сұлтан
қаласы, Мәңгілік Елдаңғылы 8, «Министрліктер үйі» ғимаратының 15-кіреберісі,
Анықтама телефондары:+7 (7172)740997, 74 02 17, 74 13 41, 74 05 11
Қағидаға сілтемеhttp://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1800017041
ХАБАрлАМА
Ағымдағы жылдың шілде айында тұрғын
үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған аудан азаматтарының кезектілік тізіміне кезектен тыс түгендеу
жүргізілуіне байланысты, Сіздерден және
отбасы мүшелерінің адрестік және жылжымайтын мүлік жоқтығы туралы
анықтамаларды 1-ші тамызға дейін
тапсыруларыңызды сұраймын.
Анықтамалар тапсырылмаған жағдайда
тұрғын үй кезегі тізімінен алыну
мүмкіндігін ескертеміз.
Аудандық тұрғын үй коммуналдық
шаруашылығы, жолаушалар көлігі
және автокөлік жолдары бөлімі
мемлекеттік мекемесі
рухани жаңғыру – табысты ел
болуымыздың кепілі
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»
бағдарламалық мақаласы ел дамуының
жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын
көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл
шешімдерге құрылған маңызды құжат.
Бұл мақалада сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай,
оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп,
Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы
мақсат - мүдделер туралы өзекті мәселе
көтеріліп отыр. Онда ел Президенті Қазақстан үшін қайта түлеудің айырықша маңызды
екі үдерісі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға ала отырып, Біртұтас
Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынын және бұқаралық сананы қалай
өзгертетіні жөнінде алысты болжайтын көзқарастарымен бөліседі. Әр халық, әр мемлекет
ғасырлар бедерінде рухани жаңғырып, жаңарып отырады. Ал рухани жаңғыру мен
жаңаруда білім берудің рөлі зор. Біз өзіміздің ұлттық ерекшеліктерімізді сақтай, ескере
отырып, әлемде болып жатқан жаңалықтарды қабылдай білуіміз керек. Бірнеше тілді білген адам ештеңеден ұтылмайды.
«Ел болам десең, бесігіңді түзе» дейді ұлы Мұхтар Әуезов. Әрбір білімгер өз жері мен
оның байлығының иесі болу үшін жаңа технологияларды меңгеріп, жаңаша өмір сүруге
үйренудің жолдарын білуге тиіс. Егер қоғамның даму кілті білімді адамдардың жаңаша
қызмет атқаруын керек ететін болса, сол жаңашыл адамдарды, болашақ қоғам
мүшелеріне білім мен тәрбие беруді жүзеге асыратын мамандар дайындайтын біздің білім
беру ұйымдары Елбасы көздеген бағыттарға лайықты болуы тиіс.
Ең бастысы, білім беруге қойылып отырған жаңа талаптарды орындауда көптеген
жұмыстар жүргізіліп, жастардың үш тілде білім алуына, жаңа технологияларды білім
беру жүйесіне енгізуде өңірімізде келелі жұмыстар атқарылуда.
Ұлт жоспарын орындауда әр саланың өзіндік үлесі болса, ұзтаздар қауымы қосатын
үлес –жас ұрпақты жаңа қоғам мүшесі етіп білім мен тәрбие беруді жаңаша құру, оны
осы Елбасымыз көрсетіп отырған талаптарға сай орындау деп білемін.
Ғалия оСПАновА,
С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің бастауыш сынып ұстазы
Ауылым - алтын бесігім
Тәуелсіздік мұнарасы орнатылды
оБЪявлЕниЕ
Түгіскен ауылында “Туған жерге
тағзым” аясында бүгінде ауылдан
шыққан
азаматтар,
игі
істі
жалғастырып осындай мақсатпен
Түгіскен орта мектебін 1999 жылы бітірген түлектер бас қосып, мектеп бітіргендеріне 20 жыл толуына орай
Түгіскен
ауылының
Ыдырыс
Жұмабеков көшесінің бойына 9 маусым күні Тәуелсіздік мұнарасының макетін толығымен аяқтап тұрғызды.
Түгіскен ауылының 1982 жылы
туылған
азаматтарына
ауылдың
көркеюіне қосқан зор үлестеріне рахмет айтып, барша ауыл тұрғындары
ризашылықтарын білдірді.
Саят Селкебаев,
Түгіскен ауылдық округінің әкім аппаратының маманы
В связи с проведением в июле месяце текущего года работ по инвентеризации
списков очередности претендентов на
жилье из жилищного фонда, просим Вас и
членов семьи предоставить адресную
справку и справку о наличии или отсутствии недвижимого имущества до 1 августа текущего года.
В случае непредоставления справок, информируем об исключении из списка очередности на коммунальное жилье.
ГУ «отдел жилищно-коммунального
хозяйства, пассажирского транспрта
и автомобильных дорог
Жанааркинского района»
“нұрсая” кафесінің есігі
әрдайым ашық!
Талғамы жоғары тұтынушылар үшін "Нұрсая" кафесінің есігі
әрдайым ашық!
Ас мәзірінде түрлі ыстық тағамдар, түрлі сусындар, қолдан пісірілген түрлі тәттілер бар. Қол жетімді бағада кешенді
тамақтандыру (комплексный обед) қарастырылған. Шағын банкеттерге тапсырыстар қабылдаймыз.
Мекен-жайымыз: Тәуелсіздік №5/1 (аудандық әкімшіліктің
артында орналасқан), жұмыс уақыты 09.00-ден, 19.00-ге дейін.
“Аудандық “Жаңаарқа” газеті редакциясы”
ЖШС басшысы - бас редактор
ЕрАлинА САлТАнАТ АМАнҚЫзЫ
МЕнШІК иЕСІ: аудандық ”Жаңаарқа“ газеті ЖШС
Мекен-жайымыз: 100500, Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті,
Тәуелсіздік даңғылы, №2 -үй. Телефондар: 2-85-45, бухгалтер 2-80-52,
тілшілер бөлімі 2-71-01
ИиК KZ276017171000000078, Бин 010340002761, БиК HSBKКZKX, КБЕ 16,
рнн 240400001948, Ао “народный Банк Казахстана”
Құрылтайшысы: Жаңаарқа ауданының әкімдігі
Газет Қазақстан республикасы Мәдениет және ақпарат
министрлігінде 18.06.2012 жылы тіркеліп,№12845 - Г куәлік
берілген.
Жарияланған мақала авторының пікірі редакция көзқарасын
білдірмейді
Жарнамалар мен хабарламалардың мазмұнына жарнама
беруші жауап береді
Газет “Арко” ЖШС баспаханасында басылады: Қарағанды
қаласы, Сәтбаев көшесі,15
Офсеттік басылым
Индекс 66282
Көлемі бір баспа табақ
Аптасына бір рет шығады
Таралымы 1737 дана
Тапсырыс №34
Автор
zhanzbc
Документ
Категория
Без категории
Просмотров
13
Размер файла
5 484 Кб
Теги
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа