close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

?

код для вставки
№35_Жанаарка газеті 19.07.2019 16:37 Страница 1
аптаның маңызды
жаңалықтары
№35 (9925), 20 шілде, 2019 жыл
Қазақстанда Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылды,
деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.
«Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылсын», - делінген
құжатта.
Қазақстан президентінің әкімшілігі бір айлық мерзімде саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар
көшбасшыларымен, азаматтық сектор өкілдерімен
кеңесті қалыптастыру және оның жұмыс тәртібі
мәселелері бойынша консультациялар өткізуге,
өткізілген консультациялар қорытындылары бойынша
Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына
кеңестің құрамы мен кеңес туралы ережені енгізу тапсырылды.
Мемлекет басшысы хабарлағандай, жаңа орган билік
пен қоғам арасында диалог орнату үшін құрылады.
Кеңеске жастарды қоса алғанда барлық қоғам
өкілдері кіреді. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің
алғашқы отырысы 2019 жылдың тамызында өтеді деп
жоспарланып отыр.
*** *** ***
Қарағандыда облыстық мәслихаттың кезектен тыс 28сессиясы және облыс активінің отырысы өткізіліп,
облыс басшыс Ерлан Қошанов өңірде өткен жарты
жыл ішінде қандай жұмыс жүргізілгені туралы баяндап берді. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР
Парламентінің кеңейтілген отырысында қойған міндеттерді жүзеге асыру туралы айтты.
Ерлан Қошанов Президенттің облыс әкімдеріне
қойған басты міндет - ел азаматтарының әл-ауқатын
жақсарту екенін атап өтті. Әкім жалақыны көбейту,
әлеуметтік көмек және инфляцияны тежеу есебінен
өңір халқының ақшалай табысының 8,1%-ға нақты
өсуі қамтамасыз етілгендігін хабарлады. Өңір басшысы бюджет қаражатын тиімді пайдалану туралы да
еске салды. Ол аудан және қала әкімдерін жергілікті
бюджетті жоспарлау кезінде ең алдымен облысты дамыту мақсатына бағыттауға шақырды. Бұл бірінші кезекте – сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, әлеуметтік,
тұрғын үй, экологиялық және басқа да өзекті
мәселелер. Тағы бір маңызды міндет - ауыл
шаруашылығын цифрландыру. Қазір цифрландыру
әдістері екі ірі шаруашылықта табысты қолданылуда.
Биыл дәл егіншілік элементтерін тағы 28
шаруашылыққа енгізу жоспарланып отыр. Ерлан
Қошанов атап өткендей, мемлекет басшысы туризмді
дамытуға ерекше көңіл бөледі. Қарағанды облысында
негізгі тірек жасалатын өсудің 3 нүктесі таңдалып
алынды. Бұл Балқаш маңындағы курорттық аймақ,
"Ұлытау" тарихи-мәдени кешені және Қарқаралы
курорттық аймағы. Онда инженерлік коммуникациялар мен инфрақұрылымды құруды қамтамасыз ету
қажет. Ұлытауда, атап айтқанда, сапар орталығы, жолдар, мұражай салынуда.
Кеңестің міндеті - халықтың мәселелерін саралау
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан
Республикасының Президенті қызметіне
ресми кірісу рәсімінде еліміздің жаңа
даму кезеңінде саяси сабақтастық салтанат құрып, бейбіт күніміз баянды болуы
үшін Елбасының стратегиялық жолын
жалғастыра беретінін атап өтті. Мемлекет басшысы сайлауалды үгіт-насихат
жұмыстары үлкен міндеттің алдындағы
халықпен кеңесу болғанын, осы науқан
барысында өңір-өңірді аралап, халықтың
жай-күйімен етене танысқанын айтты.
Сондай-ақ, билік адамдардың талап-тілегіне құлақ асып, проблемаларын жергілікті жерде шешуге, азаматтар алдында
тұрақты есеп беріп тұруға міндетті екеніне тоқталды. Президент әділдіктің
үстемдік құруын талап еткен халықтың
мәселелері шындыққа жанасатынын
жоққа шығармай, Ұлттық қоғамдық
сенім кеңесі осы бағытта жұмыс істейтінін жария етті.
Ұлттық кеңестің негізгі міндеттері:
тұжырымдамалардың,
мемлекеттік
бағдарламалардың және нормативтік
құқықтық
актілердің
жобаларына
қоғамдық
сараптама
жүргізу;
жұртшылықтың
және
азаматтық
қоғамның пікірін ескере отырып
маңызды стратегиялық проблемаларды
қарау;
жұртшылықтың,
саяси
партиялардың, үкіметтік емес сектордың
және мемлекеттік органдардың өкілдері
арасында
сындарлы
диалогты
қамтамасыз ету; өзінің құзыреті шегінде
Қазақстан
Республикасының
заңнамасына қайшы келмейтін өзге де
қызметті жүзеге асыру болып табылады.
Қазақстандықтар ендігі жерде мемлекеттік құрылымдармен бірлесе отырып
алға қойылған міндеттерді шеше алады.
Қарапайым жұртқа бұл кеңес мемлекеттік механизмдерді жақынырақ білуге, ал
шенеуніктерге халықтың тыныс-тіршілігін, проблемаларын жақсырақ білуге
мүмкіндік береді. Кеңеске жастарды
қоса алғанда барлық қоғам өкілдері кіреді. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің
алғашқы отырысы 2019 жылдың тамызында өтеді деп жоспарланып отыр.
Ұлттық кеңес ұлтты ұйыстыратын
ұтымды ұсыныс, келсаппен түйгендей
кесімді сөз айтылатын, бірлігімізді баянды, тірлігімізді тиянақты ететін бастама болғай!
Рысты МұздыБаева,
Б.амалбеков атындағы орта
мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Жәрмеңке- 2019
Бас қалада Қарағанды облысының күндері өткізілді
- 3 тонна ірі қара мал етін, 2,0 тонна қой, 1,5
тонна жылқы етін, 1 тонна сүт өнімдерін және
1 тонна қымызды саудаға шығарды.
Қымыз фестивалі ұйымдастырылып, 300 литр
қымыз қала жұртшылығына тегін таратылды.
Сонымен қатар ауданымыздың мәдениет үйі
қызметкерлерінің
қатысуымен
мәдени-
*** **** ***
Облыста студенттерге арналған жатақханалар салу
үшін Қарағанды инвесторлар іздестірілуде. «Қаржы
орталығы»
АҚ
мен
кәсіпкерлер
палатасы
ұйымдастырған кездесуде осы бағдарламаның шарттары туралы егжей-тегжей айтылды. Қатысушылар
арасында жергілікті жоғары оқу орындарының,
колледждердің өкілдері, бизнесмендер, білім
басқармасының, «Сарыарқа» ӘКК» АҚ және «Даму»
Қоры филиалының өкілдері болды. Елбасы әлеуметтік
бастамалардың бірін жүзеге асыру үшін 2022 жылдың
соңына дейін ЖОО мен колледж студенттерін 75 мың
төсек-орынмен қамтамасыз ету қажет екенін атап өтті.
Жатақханалардың құрылысына мемлекет он жыл
ішінде 118 млрд теңге бөлуді жоспарлап отыр. Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру үшін «Қаржы
орталығы» АҚ құрылысшылардың, жоғары оқу
орындарының және мемлекеттің қатысуымен мемлекеттік - жеке меншік әріптестік моделін ұсынады.
6-7 шілде күндері Нұр-Сұлтан қаласында Қарағанды
облысының күндері өткен болатын. Осыған орай НұрСұлтан қаласының «Қазақстан» спорт комплексі
ғимаратының алаңында жәрмеңке ұйымдастырылып,
мәдени-бұқаралық іс-шаралар өтті.
Жәрмеңкеге Ақтүбек, Байдалы би, Қараағаш, Талдыбұлақ
ауылдық округтерінің ауылшаруашылығы тауар өндірушілері
бұқаралық іс-шаралар аясында Нұр-Сұлтан қаласы
жұртшылығына бір сағаттық концерттік бағдарлама берілді.
С.Баязитов,
ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы
№35_Жанаарка газеті 19.07.2019 16:37 Страница 2
2
ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылды
Қасым-Жомарт Тоқаев Президент жанындағы Қоғамдық
сенім ұлттық кеңесінің ережесін және құрамын бекіту туралы
жарлыққа қол қойды.
Халықтың ауызбірлігі, қоғамдық келісім, этносаралық және
конфессия аралық татулық – қашаннан ілгері жылжудың
алғышарты.
Осы құндылықтарды басшылыққа алатын болмысынан бітімгер жұртымыз қандай дау тумасын, соңын дабыраға
ұластырмай шешуге ден қояды, ағайын араздасса араша түсіп
жарастырады, тіпті ел мен елді елдестіруден де енжар
қалмайды.
Бұл сөзімізге осы күнге дейін талай күрделі мәселелердің
күрмеуін шешкен келелі кеңестер дәлел бола алады. Президент өткен онжылдықтарда мемлекетіміздің қалыптасуында
жасалған озық дүниенің барлығын алып, соның негізінде
алға еркін қадам баса беретінімізді айтады.
Сондықтан Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі де өз нәтижесін
көрсетіп, халық пен билік арасындағы көпір боларына сенім
мол.
«Біздің азаматтарымызды билік пен қоғам диалогын дамыту мәселесі қатты толғандырады. Мұндай диалог пікір
алуандығын мойындау негізінде құрылуы тиіс. Түрлі пікірлер, бірақ біртұтас ұлт.
Міне, басты бағдарымыз. Кеңеске, жастарды қоса алғанда,
бүкіл қоғам өкілдері кіретін болады. Ұлттық кеңестің
алғашқы отырысы осы жылдың тамызында өткізіледі. Билік
өзінің халық алдындағы уәдесін орындауға міндетті.
Оның басты миссиясы осыған саяды. Тек осылай ғана ұлт
бірлігі мен елдегі тұрақтылықты нығайтуға болады.
Сондықтан менің сайлауалды тұғырнамамды жүзеге
асырудың тақырыптық жоспары жасалады. Халықтың озық
идеялары, ұсыныстары осы құжатта көрініс табады»,- деді
Қасым-Жомарт Тоқаев.
Жалпы, мемлекет басшысы стратегиялық сабақтастықты
Латын әліпбиінен дәріс өткізілді
Қазақ жазуы - қазақ тілінің әріп таңбалaрынан тұратын
жазу жүйесі. Көне заманнан бері қазaқтар әртүрлі жазу
жүйесін пайдаланып келген. Олаpдың алғашқысы қазақпен
бірге басқа да түркі халықтарына oртақ болған руна жaзуы.
Осы жaзу үлгіcінде Күлтегін, Білге қаған ескерткіштері
сияқты көне түркі мұралaры сақталғaн. V-ХІІ ғасырлаpды
қaмтитын рунa жазуы Орхон, Енисей, Тaлас өзендері бойынан тaбылып отыр. Мұның өзі біздің aтa-бабaлaрымыздың
өмір сүpген гeографиялық оpындаpын көрсетеді. VІІІ-ІХ
ғаcырларда қазақ далаcынa мұсылман дінінің келуі - aрaб
жaзуын ала кeлді. Араб графикасынa негізделген жазу үлгіcі
1929 жылға дейін cақтaлып келді. Яғни оcы тұcқа дейін
жазылған еңбектеp араб жазуы негізінде хатқа түсті. Оны
Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев, Мәшһүр Жүсіп, Шәкәрім
cияқты ұлы тұлғалар қолданды. ХХ ғасырдың бaсындa
А.Байтұрсынұлы араб жазуын қазақ тілінің заңдылықтарына оpай бейімдeп, қазақ әліпбиін жасaды. Осы әліпби
негізінде кітаптар жарық көрді, шәкірттеp білім алды. Мағжaн, Абай, Мұхтар секілді алыптардың еңбектері
осы әліпби негізінде жaзылды. 1929-1940 жылдар аралығында халқымыз латын графикасы негізіндегі әліпбиді
пайдаланды. 1940 жылдан бастап қазіpгі қолданыстағы кирилицаға негізделгeн әліпби қолданылуда. Қазіргі
кездe мемлекетіміз лaтын әліпбиінe көшуге қызу дайындық үстінде. Елбасы тапсырмасына сай бүгінгі таңда
латын графикасына көшу жұмысы соңғы дайындық мезгіліне жақындап келеді.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының басым бағыттарының бірі — қазақ тілін
латын әліпбиіне көшіру. Облыста бұл үрдіс кезең-кезеңмен жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Атап айтсақ, жергілікті жерлерде түсіндіру жұмыстары көптеп ұйымдастырылып, айтылған ұсыныс-тілектер де қаперге алынуда.
Осы ретте облыстық тілдерді дамыту басқармасынан латын әліпбиіне көшу туралы өткен жылдың қорытынды
жұмыстары мен алдағы жоспарлары туралы білген едік.
Елімізде қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру реформасы ҚР Үкіметі бекіткен үш кезеңнен тұратын
ұлттық іс-шаралар жоспарына сәйкес бекітілді. Әрбір кезеңде атқарылатын шаралар жоспарланып, мақсат-міндеттер айқындалды. Реформаны жүзеге асыру үшін қажетті материалдық, техникалық, кадрлық, т.б.
алғышарттар қарастырылған.
17 шілде күні тілдерді мәдениет және дамыту бөлімі мемлекеттік мекемесінің латын әліпбиіне көшу ісі бойынша әдіскері Рышкен Әсия Берікқызы редакция қызметкерлеріне ”Латынша оқып дағдыланамыз“ атты тренинг-сабақ өткізді. Жаңа әліпбиге ауысуымыздың маңызды тұстарын әңгімелеуден бастаған маман, сабағын
өте тартымды әрі ұғынықты етіп жүргізе білді. Әсия Берікқызы латын әліпбиінің ең негізгі тұстарын айтып
өйтіп, соңынан түрлі тапсырмалар берді. Редакция қызметкерлері латын қарпімен жазып, мәтін оқып,
қателермен жұмыс жасап біраз қажетті мәліметтерге қанық болды. Әсия Берікқызы Астана қаласындағы "Тіл
қазына" курсынан білімін шыңдап, арнайы сертификатталған маман. Дәріс оқу барысында өзінің сауаттылығын,
белсенділігін, кез келген сұраққа ұтымды жауап беруі арқылы білімділігін дәлелдей білді.
Жалпы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі бұл тұста ауқымды жұмыстар атқарып жатыр. Аудан
әкімі Юржан Бекқожиннің бастамасымен жылдық жоспар бекітіліп, барлық мекемелерде арнайы дәрістер
өткізілуде.
Жазуды жаңа әліпбиге көшірудің мәдени-әлеуметтік, лингвистикалық, экономикалық, саяси, ақпараттық,
педагогикалық себептері бар. Осы орайда, қазақ жазуын латын графикасына көшіру де мезгілі жеткен мәселе
екенін қазіргі Қазақстан қоғамында болып жатқан талқылаулар көрсетіп отыр.
Барлық озық технологияның тіліне айналған латын әліпбиіне көшу — еліміз үшін, өнеріміз бен мәдениетіміз
үшін үлкен рухани құбылыс. Елбасы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында бұл мәселені
таяу жылдардағы негізгі міндеттердің бірі деп бекітті. Әлемдік өркениет көшінен қалмай, қазақ тілінің
халықаралық дәрежеге көтерілуін қаласақ, латын қарпін қолданысқа енгізудің мәні орасан.
Салтанат БаЛТаБаЙҚызы
20 шілде 2019 жыл
қамтамасыз ете отырып, бейбітшілік пен қоғамдық келісімге,
азаматтардың лайықты өмір сүруіне, қоғамның демократиялануына және ымырашыл сыртқы саясатқа басымдық беріп
отыр.
Осылайша азат ойлы азаматтық қоғамды қалыптастыру
үшін ашық әрі әділ жұмыс істеудің маңызы артады.
Бүгінге дейін түрлі таным-түсініктегі, діни көзқарастағы
қазақстандықтар бір үйдің баласындай, ынтымағы жарасып,
құтты шаңырағын шайқалтпай, берекесін қашырмай өмір
сүріп келе жатыр.
Біздің қоғамда әр алуан пікір бір мақсат, ортақ мүдде
төңірегінде тоқайласады. Осының жарқын бір көрінісі
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі болу керек.
Шәлен ШуданБеКов,
“Nur Otan” бастауыш партия
ұйымының төрағасы
елбасы Жолдауына үн қосамыз
Жастар - ел ертеңі
Былтыр 5 қазанда Елбасы
Нұрсұлтан
Назарбаев
"Қазақстандықтардың
әлауқатының өсуі: табыс пен
тұрмыс сапасын арттыру"
атты
Жолдауында
2019
жылды “Жастар жылы” деп
жариялауды ұсынды.
Жастар–кез
келген
мемлекеттің ең белсенді
бөлігі, қоғамның қозғаушы
күші. Сондықтан ел тірегі –
жастар екенін әсте естен
шығармаған абзал. Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына
кіруі жолында жастардың атқаратын рөлі зор.
"Мемлекеттік жастар саясаты туралы" заңда жастар саясатының мақсаты
– жастардың рухани, мәдени, білім алып, кәсіби толыққанды дамуы, шешімдер қабылдау процесіне қатысуы, ойдағыдай әлеуметтенуі және
олардың әлеуетін елді одан әрі дамытуға бағыттау үшін жағдайлар жасау
екені көрсетілген.
Мемлекеттік жастар саясаты рухани-мәдени құндылықтарға,
еңбексүйгіштікке, жауапкершілікке, ұрпақтар сабақтастығына,
отбасылық тәрбиенің басымдығына негізделген.
Мәселен, білім саласында жас мамандарды ауылға тартуды көздейтін
"Дипломмен ауылға" бағдарламасы, шетелде білім алуға мүмкіндік беретін "Болашақ" халықаралық стипендиясы, "Серпін" бағдарламасы
жүзеге асырылып келеді.
2014 жылы іске қосылған "Серпін" бағдарламасының мақсаты –
еліміздің оңтүстігіндегі жастарды кадр тапшылығын көріп отырған
солтүстік, шығыс, орталық өңірлерде оқытып, жұмысқа орналастыру.
Бұл, бір жағынан, жастар арасындағы жұмыссыздықтың азаюына да септігін тигізуде.
Сондай-ақ, "Жұмыспен қамту-2020", "Бизнестің жол картасы-2020"
бағдарламалары бар. Ал "StartapBolashak" бизнес-жобалар байқауы
ғылым мен технология, инновацияға жақын жас қазақстандықтардың танылуына мүмкіндік береді.
Ғылым, шығармашылық, қоғамдық қызмет, спортта ерекше көзге
түскен талантты жастарға "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығы табысталады. Байқау эстрада, классикалық музыка, халық шығармашылығы,
әдебиет, театр және кино, журналистика және қоғамдық қызмет, спорт,
дизайн және бейнелеу өнері, ғылым салаларындағы үздіктерді
анықтайды.
Әр өңірде жыл сайын жастар форумы ұйымдастырылып тұрады.
Президенттің тапсырмасымен қабылданған "7-20-25" бағдарламасы әр
жасқа ыңғайлы шарттармен баспана алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ,
жоғары білімнің қолжетімділігін арттырып, студенттердің жағдайын
жақсарту үшін 75 мың орындық жатақхана салынып жатыр.
"Жастар кадрлық резерві" жобасы, "Жастар практикасы" бағдарламасы
да қазақстандық жастарды қолдауға бағытталған.
Ұйымдардың да саны әжептәуір артуда. Олардың қаншасы өз міндетін
толығымен атқарып, жастар проблемасын шешіп жүргені – ол басқа
әңгіме. Жастар ұйымдарының дені қоғамдық бірлестік ретінде тіркелген,
сондықтан түйткілдің түйінін тарқату көбісінің қолынан келмейтіні
түсінікті.
Жастар ұйымдары дегенде, ең алдымен, "Nur Otan" партиясы
жанындағы "Жас Отан" жастар қанаты ойға оралады. Содан кейін 2013
жылы құрылған "Жастар" ғылыми-зерттеу орталығы да ерекше
мәртебеге ие. Орталық жыл сайын жастар арасында әлеуметтік зерттеулер жүргізіп, "Қазақстан жастары" ұлттық баяндамасын, жастар саясаты
институттарына арналған әдістемелік құралдар мен ұсынымдар
әзірлейді.
Бүкіл ел бойынша мыңдаған студенттің басын біріктіретін "Қазақстан
студенттері альянсы" республикалық студенттер қозғалысын да атап
өтуге болады.
Елімізді көгалдандыру мен оның экологиялық тұрғыдан таза болуын
қамтамасыз етіп жүрген "Жасыл ел" жастар еңбек жасақтарының да
орны бөлек. "Жасыл ел" жастарды жұмыспен қамтуға, студенттердің
патриоттық рухын көтеруге де үлкен үлес қосып келеді.
Жүмкен адиКаМов,
№132 ЖоББМ дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
№35_Жанаарка газеті 19.07.2019 16:37 Страница 3
20 шілде 2019 жыл
3
Күллі қазақ даласына аты аңызға айналған «Балабақсы» есімімен таңылған Кернебай Сүтемгенұлы өзінің ерекше
қасиетімен, көріпкел, балгер, әулиелігімен аты шыққан.
Арғын Қуандықтан тарайтын Аманғұл руынан шыққан.
Балабақсы туралы аңыз әңгімелер халық арасында өте көп
сақталған.
«Арыс» баспасынан 2005 жылы жарық көрген Қазақ
халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары» 1-том кітабында
былай жазады: «Арқада сондай-ақ Бала бақсы деген болған.
Оны да жын жастайынан, тіпті бесікте жатқаннан иеленген
деген әңгіме бар. Ол перілердің иесі Оспанқожа деген
әулиеден бата алған екен. Ал Оспанқожа деген кісі қырық
жыл құтырған адамды емдеген, перілерден әскер ұстаған
деген аңыз бар. Балабақсы да емшілікпен қатар,
көріпкелдік, балгерлік, тіпті улы жәндіктерді шақырумен де
айналысқан екен».
Туғанынан бірнеше күн өткенде Кернебайды бесікке
бөлесе, бесік үй-ішінде шоршып секіріп жүріпті. Мұны
көрген әке-шешесі, ауыл адамдары қорқып баланы тастай
қашқан көрінеді. Бір күн, бір түн қашып, жаңа жұртқа киіз
үйлерін тігуге кірісе бастаған кезде, жандарына бесігімен
келіп тұрған баланы көреді. Ел-жұрттың есі шығып, қолына
не түссе сонымен ұрмақшы болып, балаға тап бергенде, шешесі бесіктің үстіне жатып алып,ешкімге тигізбепті. Балада
бір күштің барын сезген болуы керек. Содан бастап баланың
әке-шешесі ауру-сырқауды білмепті. Дүниеден күдер үзіп,
ауруы асқынып келген адамдар, осы баланың шапағаты тиіп
ауруларынан айығып кетіп жатыпты. Осыдан бастап баланың
бұрынғы Кернебай аты ұмытылып, Балабақсы атанып кетеді.
Үш жүзге мәлім бола бастайды. Аурудың емін қобыздың
үнінен естиді, тіпті жауырынға қарап та сөйлейтін болған.
Көбінесе, ауру адам бақсының үйіне таялғанда ауруынан
сауығып кетеді екен. Балабақсыны бүкіл жұртшылық қатты
сыйлапты. Ол кісінің көріпкел, әулиелігіне, ел әбден сенген.
Алдағы заманды да болжап дәл айтқан.
Балабақсы туралы деректер ;аңаарқалық жазушы Хамит
Дәрібаевтың Сайдалы Сарытоқаға арнаған еңбегінде көп кездеседі. Сондай ақ, Бала бақсы жайлы көзкөргендердің айтқан
әңгімесін немесе жазбасын жиыстырып, тұлға ретінде көп
жылдар зерттеген жаңаарқалық қаламгер Төлеухан
Ілиясұлының «Жаңаарқа нақыштары» атты кітабын (“Арко”
баспасы, 2004 жыл) шолар болсақ бірнеше аңыздарды алға
тартады.
Бір жылы есімі бүкіл қазаққа белгілі Жәңгір төренің тоқалы
босанып ұл табады. Есірген төре үш жүзге сауын айтып той
жасайды. Үш жүздің баласының басы қосылған үлкен тойға
Алтай-Қарпық баласы тегіс қатысады. Жәңгірдің өз басын
«төре» дегені болмаса, ол: өте бай, әрі сері адам екен. Тойға
өзге Алтай балаларымен бірге қобызын сүйретіп Бала бақсы
келеді. Қобызын күңіренте тартып отырған Бақсыға менсінбей қараған төре: «Ал Бақсым, мына ат жарысына сен не
қосасың? Мүмкін мына қобызыңды қосарсың?» деп кекетеді.
Төре сөзі өтіп кеткен Бақсы: «Онда тұрған не бар? Қоссам
қосамын!» дейді шамданып. Төренің керемет бәйге аты бар
еді. Бақсының қобызынан сескенген ол, ат шабатын баланы
оңаша шақырып, егер де ана қобыз соңыңнан қалмаса,
ыңғайы келсе ұстап ал да, бір жерге байлап кет! деген нұсқау
береді. Айтқандайын, үш жүз ат қосылған бәйге аттары
күншілік жерден жіберіледі. Жәңгірдің жүйрігінің маңынан,
Бақсының қобызы да қалыспай ілеседі де отырады. Мазақ
қылғандай жүйрік шапса, қобыз да соңынан безілдей ұшып,
аяңдаса, бір орнында қалыктап, баланың соңынан бір елі
қалмайды. Жәңгірдің аты өзгелерден көп ұзап, жеке-дара
шыққан болатын. Қобыз ызыңдап соңынан қалмай қойған
бала, қалың тоғайдан өте бергенде бір ыңғайын тауып,
қобызды ұстап алады да, қыл арқанмен шандып, Нұраның
жиегіндегі биік теректің түбіне байлап кетеді. Алыстан шаң
көрінеді. Қыр басында дүрбі салып тұрған сәуегейлер, бір-біБалалығым өткен кең шалғын
Алғабасымның аңқыған жұпар иісін, саф ауа-
рінен асып, мәреге бір жарым шақырым қалғанда, алдымен
Жәңгірдің торысын көреді, екінші, үшінші, төртінші
аттардың да аттарын атап, түстерін түстеп, бір-бірінен
«сүйінші!» сұрасып жатқанда, кенеттен Жәңгірдің аты тулап,
үстіндегі бала тақыр жерге ұшып-түседі. Оның соңында келе
жатқан аттар да жан-жаққа бытырай қашып, үстеріңдегі иелеріне бой бермей тулап, пысқырынып, өз бастарын сауғалап,
бәрі жан-жаққа қашқан. Тек қана көкте қалықтаған биік терек
ұшып келе жатыр. Ел аң-таң. Мәре сызығынан бірінші болып
өткен бұтағына кобыз байланған әлгі терек, Жәңгірдің дәл алдына кескен теректей болып гүрс етіп құлайды. Жәңгір есінен
танып біразТарихқа тағылым дан соң барып
б а с ы н
көтергенде,
қасына Бақсы
Кернебай Сүтемгенұлы (1825-1902)
келіп:
«Ал,
Төрем! Бас бәйге қобыздыкі, екінші бәйге бұтақтыкі, үшінші
бәйге діңгектікі, төртінші бәйге тамырдыкі. Жіберген
бәйгелеріңнің бірі мәреден өтпегендіктен барлық бәйгені
жиып-теріп маған бересің», деп отырып алады.
Жәңгір төре өзінің жеңілгендігін мойындап, ат-шапан айыбы
есебінде қысырақтың үйірі бастаған жылқы малын, тай-тұяқ
алтын-күмісін, тоғыз түйеге тоғыз түрлі дүние мүлкін беріп,
Бақсыдан әзер құтылады. Жәңгірдің тойы бір ай шамасына
созылады. Бірде Жәңгір, қобызын күңірентіп отырған
Бақсыны шақыртып алып: «Ал, Бақсым! Білгіш болсаң айта
қойшы. Осы мен қашан, неден өлемін?», деген сұрақ қояды.
— Төрем, өзің сұрап қоймағаннан соң айтайын, қоймадың
ғой. Сен, осы сөз ауызыңнан шыкқаннан бір жыл өткенде,
аштан өлесің, - дейді. - Осы сен не сандырақтап отырсың,
Бақсым? Білгір-білгір дегенге тым бөсіп кететінің жаман-ау!
Басқа ірі қарамен ұсақ-түйекті санға коспағанда бір өзімде
аттай он жеті мың жылқы бар. Күніне бір малдан сойып жегенде де, менің ырзығым он жылға дейін таусылмайды, —
дейді Жәңгір ашу шақырып. - Оның сырын өзім де білмеймін.
Әйтеуір, сенің келер жылы аштан өлетінің анық, Төрем. Ол
аурудың сырын мен емес бір Алла ғана біледі, - дейді де,
Бақсы атына мініп жүре береді. Бақсы айтқандай-ақ, көп
ұзамай Жәңгір төре бұрын-соңды қазақ даласына естілмеген,
қазақтың көзі көрмеген, «қылтамақ» деген ауруға шалдыққан.
Ол қылтамаққа ұшыраған ең алғашқы қазақ. Бақсының
айтқаны келіп, ақыры бір жылдан соң Жәңгір тамақ іше
алмай аштан өледі.
Бақсы, құрдасы Қанболатты ертіп, Аралбай Құтжан
қажының ауылына келеді. Құтжан кажы өмірі басынан сөз
асырмайтын, өзгеге бет қаратпайтын, өр мінезді, дініне берік,
кесір-кесапаты жоқ, білімі терең адам екен. Байлығы да ешкімнен кем болмаса керек, қонақ күтіп отырып, қымыздың
буына тойғанда, Құтжан Бақсыны сынамақ оймен: «Оу,
Бақсым, сенің жының көп пе, менің жылқым көп пе? Кел
екеуміз бір - бірімізді салыстырайықшы!» -дейді.
- Қарсы емеспін, салыстырсақ салыстырайық, - дейді Бақсы.
- Онда мен жігіттерге: «Ертең кешкілік жылқыларды Дарат
пен Атасу өзенінің арасындағы кіші Қаратөбенің етегіндегі
Сарыжалға иіріңдер!» - деп бұйрық берейін, сосын, үшеуміз
таңертеңгілік менің жылқыларымды - оң жағына, сенің
жындарыңды - сол жағына иіріп көріп, төбенің үстінен екеуін
салыстырайық» - дейді қажы.
Келісілген уақытта Бақсекең, Құтжан қажы және Қанболат
үшеуі Қаратөбенің басына шығып қараса, оң жақта
Құтжанның жеті мың жылқысының көптігінен жер қайысып,
бір шеті мен екінші шеті көрінбей тұр екен.
- Ал енді Бақсым, сенің жындарың қанша екенін көрейік! деді, төбенің сол жағына көз салған Құтжан. Далада ештеме
көрінбеді. Құтжан мырс етіп күледі де, ішінен «жын
қайыратын дұғаларды» бірінен - соң бірін оқып, тұра береді.
Ол өз білімінің тереңдігіне сенген болатын. Өзі оқыған
БаЛаБаҚСы
дұғалық бар жерде жын жүрмейтініне әбден сенген Құтжан,
Бақсымен осындай шартқа барған еді. Бір уақытта Бақсы:
«Ал, қажым, көзіңді жұм!» - дейді. Көзін жұмғаннан бастап
«Әлхамнан» бастап, құранның сүрелерін ішінен зауылдатып
тұрған Құтжанға бір уақытта: «Көзіңді аш!» - дегенде,
төбенің сол жақ бетінде үсті - басы темір сауытпен мұздай
қаруланған, найзаларының ұшы көкке тіреліп, күнге
шағылысып, жалаулары желмен тербетілген, қисапсыз атты
әскердің бір кісідей болып, бүкіл даланы күңіренте, бір мезгілде «Аллахуакбар!» - деп, Құтжанның дұғасына қол жайып,
бата жасаған дауысынан жер - дүние күңіренгендей болады.
Таңғалып тұрған Құтжанның құлағына: «Әй, Құтжан, сен
таңданбай-ақ қой, сенің дұғаңның менің жындарыма
дарымаған себебі, менің жындарым мұсылман дініндегі жындар», - деп қажының көңілін орнықтырады.
Бақсыдан осылайша жеңілген Құтжан қажы, Бақсының
үстіне шапан жауып, алдына қысырақтың үйірін айдатып
шығарып салады. Ел Бақсыға қаншама мал беріп баққанымен
Бақсы өмірі жарымайды екен. Оның себебін бір Алладан
басқа ешкім білмеген. Ала жаздай осылайша үйір - үйірімен
мал айдап келгенімен Бақсы күз түсе Қанболаттікінен соғым
сұрауын қоймаған.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында, Сарыарқа жеріне капиталистік қатынастар бірте - бірте ене бастайды. Қазақ
даласындағы малы көп байлар, енді төрт түлік малдың табысты түрлерін ұстауға тырысады. Ағылшын алпауыттары
Қарағанды, Нілді, Спасск, Өспен, Қарсақпай зауыттарын
салып, Қарағанды мен Қарсақпай арасында түйемен көмір,
мыс тасып, ерсілі-қарсылы керуен жолын салады. Кіре
тасыған керуеншілердің алдыңғы легі таң намазында
Қарауылтөбеге жетсе, соңы - ақшам намазы кезінде ғана
біржолата өтіп тынады екен. Керуеннің екі жағында қарулы
күзетші, олай-былай жол кескен жүргіншілерді өткізбейді.
Бірде осындай кірешілердің үстінен түскен Бақсы,
Қарауылтөбенің басында кірешілердің өтуін тосып тұрып,
мынандай көріпкелдік айтқан екен: «Мына Аппаз бен
Сарысудың орталығы құжынаған халыққа толады, қала орнайды, екі ортасынан көліксіз арба жүреді, ол арбаның
жалғыз көзінен шашыраған оттан күзің қарығады, үні жерді
жарады, адам темір құстың үстіне мініп алып аспанға ұшады,
қалаған жеріне барып – келіп сайран салады. Үй-үйлерінде
майсыз шам жанады» - деген болжам айтады. Бақсының болжамы дәл келіп, Бүйрекшиде қала орнады, темір жол салынды, паровоз, тепловоздар, электр жарығы келді,
самолеттар ұшты. Бақсы сол уақытта осыларды меңзесе
керек.
Бақсының жасы жетпістің үшеуіне келгенде өзінің құрдасы
Қанболатты шақыртып алып: «Құрдас, мені тыңда! Биыл
қыста мен бұл дүниеден өтермін. Бірақ келер жылғы
көксоқтаға дейін не аспанда емеспін, не жерде емеспін, соны
түсіне алмай отырмын», - деп жылайды. Жұрт кеше ғана
жүгіріп жүрген Бақсының не айтып тұрғанын түсінбей дал
болады. Күздің күні толассыз қатты жаңбыр жауып, елдің берекесін алады, арты қарлы боранға ұласып, ақыры үскірік
аязға айналады. Бақсы осы тұста дүние салып, ауыл
арасының қатысы түгілі, мал жұтап, адам баласы аяқ алғысыз
жағдай туады. Ағайындары Бақсының мәйітін ақ киізге орап,
қыс бойы сөреде сақтайды. Өзінің өсиеті бойынша ел болып,
Бақсының денесін көксоқтада Жайылмаға апарып жерлейді.
Балабақсы бейіті Жаңаарқа ауданы, Алғабас ауылында.
Ауыл тұрғындары 1991 жылы бейіт басын көтеріп, мазар
тұрғызып, сыртын қоршаумен қоршады. Аудан орталығы
Атасу кентінде бір көше Балабақсы көшесі деп аталады.
Алғабас ауылының тумалары 2019 жылы Балабақсы
мазарының қоршауын жаңартып, маңайын абаттандырып арнайы ас беруді жоспарлауда.
Жұмабай ЖұМаСеЙіТов,
Әсет аМанЖоЛов
БаЛаБаҚСы МазаРы, аРТа БеРГеЙ аЖаРы!
сын аңсап келемін...
Ата-баба рухына тағзым етіп,
әулиелерді кие тұту алашымның
қанына сіңген қасиет. Әруағын
қастерлеп, Алласына сиынған елдің
перзентіміз.
Осындай қастерлі дәстүрді ұстанып,
ел қондырған атақты әулие, емші
Бақсыекеңнің басына Сүндетулла
Елубаев, Алдан Қарабаев, Мұрат
Ибрагимов, Марат Мейізбеков, Әсет
Аманжолов,
Жеңіс
Серіков,
Қайролла Елубаев, Ерболат Асқаров,
Таңатқан Ібішев және Берік Асқаров бастаған азаматтар барып қайттық.
"Өлі разы болмай, тірі байымайды" демекші, әруақты ұлықтау үшін қолға алынып, қазір
қызу жүріп жатқан негізгі жұмыстың бірі - мазардың сыртқы аумағын түгелдей қайта
жаңартып, әдемі безендіріп, мықты қоршау жасау. Бұл- кейінгі ұрпақ үшін өте қажет іс деп
білеміз. Игі бастаманы құп көрген ауыл тұрғындары мазарды қамқорлыққа алып, халықтың
қолдауына ие болды. Сауапты қарекет межесіне жетуге шақ. Алла бұйыртса, жақын уақытта
аяқталып қалады.
"Өткенін еске алған - өскендіктің белгісі"- деген иісі қазақ мұсылманда марқұмдардың басына барып тәу ету, дұға бағыштау - артында қалған ұрпақтың асыл парызы. Зиратты
жаңғыртуға ауыл халқын жұмылдыра білген, айналасын абаттандыру жөнінде бастама
көтеріп, қор құрып, оны ұйымдастыруда басы-қасында жүрген ағаларымыз Алдан Қарабаев,
Жұмабай Жұмасейітов, Мұрат Ибрагимов, Марат Мейізбеков және Әсет Жұмабайұлы жанашыр, ақылшы бола білді.
Сондай-ақ, дәл қазір мына аптап ыстықта
істің басында елдігімізді танытып, ауқымды
жұмыстарды атқаруға атсалысып жүрген
азаматтарға, көпшілік қауымға үлкен ризашылығымызды білдіреміз!
"Көп түкірсе көл" деген.
Қарапайым
халықтың
арқасында 2 млн. теңгеден аса
қаржы жиналды. Олардың
ішінде
Нұр-Сұлтан,
Қарағанды,
Жезқазған,
Қаражал
қалаларындағы
жерлестеріміздің мол үлесі
бар.
Жиналған қаржыға бейіт алдына орындықтар қойылады,
тал егіледі, бейіт қоршауы
жаңартылады,
алдына
төсемтас (брусчатка) төселеді,
мәрмәрдан тас қойылады,
төрт айшық орнатылады.
Мазарды жаңғырту жұмысы
толық аяқталған соң, сауапты
елдік іске ниет еткен көпшілік
Алғабас ауылында әруаққа
құран бағыштап, ас беруді
жоспарлап отыр.
Бақсы бабаның рухын ұлықтау арқылы елдің бірлігі артып, азаматтардың рухани биіктігінің
асқақтай беретіні сөзсіз. Әулие рухы баршамызды қолдап, желеп-жебеп жүре берсін!
нұргүл ШаМаева
№35_Жанаарка газеті 19.07.2019 16:37 Страница 4
4
Жақсымен өткізген жарты сағат...
"Жақсымен
өткізген
жарты
сағат, жаманның
өтіп
кеткен
ғұмырымен тең" деп халқымыз бекерге айтпаса керек.
Төкен ағамен болған
әңгіме барысында
осы нақыл ойыма
орала берді, орала
берді. Ол кісінің
көркем сөзбен кестелеген шығармаларымен бұрыннан таныс
болсам да, өзімен бетпе бет отырып әңгімесін тыңдау бір
ғанибет екенін түсіндім. Әр қойылған сұраққа асықпай байыппен жауап берген Төкен ағамен өткізген әңгімеміз мәнді
де мәнерлі болды. Сұхбатымыздың ең тұщымды тұстарын
оқырман қауымға ұсынғалы отырмын.
"Әп" дегенде әңгіме басы Төкен
Әлжановтың төлқұжатына айналған
"Жаңаарқа вальсі" әнінің өмірге келуі
жайында өрбіді.
Төкен Әлжантегі 1953 жылы
Қарағанды
облысы,
Жаңаарқа
ауданының орталығы Атасу кентінде
дүниеге келген. Жазушы, Қазақстан
Жазушылар одағының мүшесі, Т.Айбергенов атындағы сыйлықтың иегері, халықаралық конкурстардың
проза жанры бойынша жеңімпазы.
Еңбек жолын 1974 жылы Ақадыр
аудандық «Ақадыр таңы» газетінде
жауапты шығарушы қызметінен бастап, кейіннен қалалық, облыстық газеттерде түрлі жұмыстар атқарған,
корректордан редакторға дейінгі
лауазымдық сатылардан өткен.
-Төкен аға, сіздің шығармашылық
саладағы еңбектеріңіз бір төбе,
"Жаңаарқа вальсі" әніңізді бір төбе
деуге болады. "Тек осы ән үшін ғана
Төкен Әлжановқа ескерткіш қою
керек" деген пікірді көп естиміз. Жаңаарқалықтардың
әнұранына айналған әсем ән қалай туды?
-1982 жыл болатын. Мәдениет үйінде қызмет етіп жүрген
кезім. "Жаңаарқа ән-би" ансамблінің көркемдік жетекшісімін.
Әдеттегідей концерттік бағдарламаға дайындық жүргізіп жатырмыз. Бағдарлама беташардан басталып, қыз бен жігіттің
әнімен аяқталатын болды. Қазақтың тойын көрсеткіміз келді.
Бірақ, бір нәрсе жетіспейтін тәрізді болып тұрды.
Сол уақытта редакцияның шопыры, "Серғазы палуан" атанып кеткен жігіттің әйелі босанып, Мирас атты ұлы дүниеге
келді. Жанымда Панаш Жүкенов тағы басқа сері жігіттер бар,
қуанышқа ортақ болып, құтты болсын айтуға бардық. Өнер
адамдарының басы қосылса белгілі арқа-жарқа болып, дуылдап, отырыстың сәні кірді. Осылайша, әдемі кештің жетегінде
жекеленіп қолыма домбыра ала, шапақты қақсам әуезді әуен
келетін секілді. Ең бірінші әннің қайырмасы туды. Артынан
тұтас ән дүниеге келді. Соған қарап сөзі туды. Қағазға түсіре
қоятын, нота білмеймін. Содан ұмытып қалмайын деп, қайтақайта тартамын. Сол күні 2-3 сағат ұйықтаған болдым. Осылайша кішкене ғана қоржын үйде осы ән өмірге келді.
Ертеңінде ансамбльдің музыкалық жетекшісі Алтын
Сейфуллинға тыңдаттым. Ол кісі бірден ұнатып, оркестерге
салды. Бағдарламаның финалы ретінде қойып, әнді өзім
орындадым. Жалпы бұдан бұрын Жаңаарқаның өзіне тікелей
арналған ән болмаған екен. Көрермен ыстық ықыласымен
қабылдап, алғыстарын жаудырды.
Біраз уақыттан соң Алматы қаласында өтетін жазушылар
съезіне барғанымда жерлесіміз, ақын Қымбат Әбілдина
қонаққа шақырды. Қонақта өнер саласындағы белгілі
тұлғалар жиналған екен. Үйде Қарақат жүр. Ол кезде Күләш
Байсейітова атындағы саз колледжінің студенті екен. Ән мен
жырға толы кеште мен де домбыра алдырып "Жаңаарқа вальсін" орындадым. Сол жерде Қарақат әнді қабылдап алды.
Қымбат қайта айтып беруімді өтінді. Тыңдап алып, сөзін жаздырып алып қалды.
Содан біраз жылдар өтті. Жезқазған қаласына көшіп бардым. Бір күні радиодан: "Жерлес ағамның әнін шашу ретінде
ұсынамын",-деп Қарақат домбырамен "Жаңаарқа вальсін"
шырқады. Соңынан өңдеп, оркестермен де көрерменге
ұсынды. Міне, осыдан кейін әнім көпшілікке таралып кетті.
(Автордан)
...Осылайша
бұл
ән
жалғыз
жаңаарқалықтардың ғана емес, барша ән сүйер қауымның
сүйікті шығармасына айналды. Бұл әнде жалпы туған жерге
деген құрмет те, үлкен сағыныш та астасып жатыр.
Тақырыбы отансүйгіштікті негізге алса да, әуені майда
қоңыр, жағымды махаббатқа толы. Сондықтан болар,
"Жаңаарқа вальсін" тыңдаған құлақ елең етпей қоймайды.
Тыңдай келе, санасын жаулап, жүрегінен мәңгі тұрақтап
қалды. Шынайы шығарманың құдіреті де осында болар...
Төкен ағаның бұдан басқа "Тым кештеу жолықтық па?",
"Сүйемін сені, туған жер", "Қызыл тас", "Айшырақ" атты
әндері бар.
-Төкен аға, сізді шығармашылыққа бейімдеп,
бойыңыздағы қабілетті шыңдаған кім?
-Өнер деген ата-бабаңның қанымен, ананың сүтімен бітетін
дүние ғой. 1-сыныпты Айшырақ елді мекенінде қой бағып,
атқа мініп, кеңшілікте өткіздік. Ақселеу Сейдімбек, Өмір
Кәріпов, Алдан Смайлов, Балтабай Әбдіғазиев секілді ұлы
тұлғаларды өмірге әкелген өңірде туған соң, киелі
топырақтың қасиеті де дарыған шығар. Әрі Қалиақпар
Әбілдин немере ағам, Мұзафар Әлімбаев жақын араласқан
ағам болды. Ал, негізгі ұстазым Өмір Кәріпов болған еді. Ол
кісі әдебиет үйірмесін ашты. Өлең шығаруға, жазуға икемі
бар оқушылар осы жерде топтасатын едік. Тұңғыш рет
оқушылар арасында айтыс ұйымдастырды. Сол кезде 8 сыныпта оқимын, өз класымның айтысының сөздерін өзім, 9сыныптыкін Балтабай Әбдіғазиев жазды. Қатар жүрген
Панаш Жүкенов те өзінің өнерімен көп көзге түсетін.
Қойлыбай Асанов, Жансая Жарылғапов соңымыздан ерген
ізбасарларымыз болды. Мектепті күміс медальға аяқтадым.
Төкен Әлжановтың еңбектеріне келсек, осы уақытқа дейін
15 кітабы жарық көрген. Алғашқы әңгімелер жинағы
«Армысың, ару күн!» деген атпен «Жалын» баспасынан 1987
жылы шығып, ол әдеби жыл қорытындысында лайықты
бағасын алған. 1991 жылы осы баспадан «Ашық сабақ»
жинағы жарық көрді. Төрт романның авторы. «Қым-қиғаш
тіршілік», «Ақ-қараның арасы», «Сегіз сері», «Сарбас ақын»
сияқты шығармалары оқырмандарының жүрегіне жол
тапқан туындылар. Сондай-ақ, «Еркектің киесі» әңгімесі
түркі тілдес елдер әдебиеті жариялаған Махмұт Қашқари
атындағы халықаралық бәйгенің жүлдегерлер сапын
толықтырса, бірнеше туындылары республикалық,
халықаралық бәйгелердің бәйге басынан көрінді. Тағы басқа
«Ашық сабақ», «Қым-қиғаш тіршілік», «Ақ-қараның арасы»,
"Жартастан жеткен жаңғырық", «Жалғанның жанды
қуыршақтары», «Тіріде тірнек таусылмас», «Ән-ғұмыр»,
«Саусағынан саз сауған», «Арландар апанында өлмейді"
атты кітаптары жарық көрген. Шығармалары түрік
және қытай тілдеріне аударылып, сол елдерге таралған.
Драматургия саласында да табысты еңбек етіп келеді.
«Періштелер жерде ғұмыр кешпейді» драмасы Семейдің
Абай, Атыраудың Махамбет, Қарағандының С.Сейфуллин
атындағы және басқа театрларда сахналанған. Сонымен
қатар, драмалары республикалық конкурстарда бірнеше рет
жүлделер алып шықты.
1998 жылы «Жалғыздан қалған тұяқ» повесті үшін Т.Айбергенов атындағы сыйлық иегері атанса, 2000 жылы
«Жалғанның
жанды
қуыршақтары»
повестімен
халықаралық бәйгенің жеңімпазы деп танылды. Қарағанды
облысы әкімінің «Жыл жазушысы» сыйлығының лауреаты,
2000 жылы проза жанырынан «Қазақстан әдебиеті-2000»
халықаралық конкурсының жеңімпазы, 2000 жылы Махмұд
Қашқари атындағы түрік тілдес елдер әдебиеті
халықаралық
бәйгесінің
жүлдегері,
2012
жылы
драматургтердің республикалық бәйгесінің жүлдегері, 2012
жылы қазақ хандығының 550 жылдығына арналған бәйгенің
жүлдегері, 2015 жылы "Тәуелсіздік тұғыры" республикалық
бәйгесінің жүлдегері, 2016 жылы Р.Отарбаев атындағы қор
ұйымдастырған әңгіме жанрынан республикалық бәйге
жеңімпазы,
"Дарабоз" бәйгесінің басты жеңімпазы
атанған. Ал, өткен жылы Тайланд астанасы Бангкоктен
тағы бір қуанышты хабар алды. "Кемпір мен бұзау"әңгімесі
тағы бір халықаралық конкурста жүлдегерлер қатарынан
көрінген екен.
-отбасыңыз жайында айтып өтсеңіз?
-Жарымның есімі Маржан. Қостанай қаласының тумасы.
Тұңғышым - Азат - физика пәнінен Темірғали Көкетаевтан
дәріс алған. "Болашақ" бағдарламасымен Англияда магистратура бітірген. Бүгінгі күні жеке кәсіпкерлікпен айналысуды
қолға алуда. Үлкен қызым - Гүлім сонау Шым қаланың келіні
атанған. Бекзат атты қызым Балқаш қаласының тұрғыны,
20 шілде 2019 жыл
мұғалім. Небәрі 2-3 ғана еңбек
өтілімен "Жыл мұғалімі"
атанған.
-Әңгімеңізге рахмет!
Сұхбатымыздың әдемі түйіні болсын, Төкен ағаның өнер
майданындағы бірқатар әріптестерінің, сыншылар мен жазушылар лебізін келтіре кетуді жөн көрдік.
«Біздің ойымызша, тұңғыш кітаптардың ішінде назар салуға
тұрарлықтары – Талғат Теменовтың «Гүлназ», Төкен
Әлжановтың «Армысың, ару күн!» деп аталатын жинақтары.
Бұрын мерзімді баспасөз бетінен көріне қоймаған, оқушы
қауымға бейтаныс есім – Төкен Әлжановтың әңгімелері
жандылығымен, нәзік лирикалық иірімдерімен есте қалады.
Т. Әлжанов ең бастысы әңгімені қай жерден бастап, қай жерден аяқтау керек екендігін ішкі бір творчестволық түйсігі
арқылы жақсы аңғарып отырады. Сондықтан да оның «Қос
уыс бидай», «Мылқау», «Біздің үйде той» деп аталатын
новеллаларының композициясы шымыр, бас-аяғы жинақы.
Төкеннің сөз саптасы да тәп-тәуір, тілдің дәмін татып қалған
кісінің нарқын байқатады.»
Серік аСыЛБеКов,
жазушы. (Әдеби жыл қорытындысында
жасалған баяндамадан.«Қазақ әдебиеті»,
25 наурыз, 1988 жыл)
«Жазушы атаулылардың таланттылары
пәлсапаға бойламай, орта жолда қалмаса керек.
Кемеңгерлікке ұмтылыс уақыт кеңістігінің келешегіне де, бүгінгісіне де терең үңілудің айғағы
емес пе?! Осы тұрғыдан алғанда Төкеннің өз
шығармаларындағы толғаныстары мені қатты
ойлантты. Автордың айтқыштығына шынында
да сүйсініп отырасың. Мысалы, «Құшақ
көрмеген қыздай, қылық алмаған арудай кірпияз.» Осы психологиялық мінездемеден көз
алдыңа қандай жанды сурет елестейді? Бір
сөзбен айтқанда – Т. Әлжантегі өте шебер
қаламгер».
Мұзафар ӘЛіМБаев, Халық жазушысы,
Мемлекеттік сыйлық иегері.
(«орталық Қазақстан», 24 қазан, 2006 жыл)
«Төкеннің кітабын мен ықыласпен жедел
оқыдым. Ең бастысы мұнда қат-қабат өмір
шындығы бар. Адамдардың әрқилы қарымқатынасы бар. Шығармаларға адам тағдыры өзек
боп өрілген. Т. Әлжантегінің шығармаларын
оқып шыққанда маған ұнағаны оның өмір шындығынан
айнымайтындығы.»
Құрал ТоҚМыРзаұЛы,
жазушы. (Кітаптарға жазылған рецензиядан)
«Төкен Әлжантегі қаламының тұтқырлығына тәнтімін».
Өмір КӘРіПұЛы, жазушы. («орталық Қазақстан».
13 сәуір, 2006 жыл)
«Кейінгі жылдар ішінде жазылған романдардың арасынан
Э.Төрехановтың «Ескендір мен Роксана», С.Елубаевтың
«Мінәжат», А.Смайыловтың «Тамұқтан келген адам», Т.
Әлжантегінің «Сегіз сері», Ж.Шаштайұлының «Жала мен
нала», тағы басқа шығармалар жанр талабына жауап беруімен ғана емес, өзіндік айтар идеяларымен де ұлт
оқырмандарына ой салар еді деп білемін.»
нұрдәулет аҚыШ, жазушы. («Жас қазақ». 27 ақпан,
2009 жыл. «Қазақ романы: кеше мен бүгін»
дөңгелек столында айтылған пікір)
«Сол сияқты жақында менің қолыма жезқазғандық Төкен
Әлжантегі деген азаматтың «Қым-қиғаш тіршілік» деген
прозалық шығармалар жинағы түсіп, бірсыпыра әңгімелері
мен повестерін оқып шықтым. Жинаққа кітаптың атымен
аттас бір роман мен төрт повесть, төрт әңгіме еніпті. Сол
жинақтан
байқағаным,
ауыл
арасында
тұратын
жазушыларымыздың да қалада тұратын (бұл жерде мен Алматы мен Астананы айтып отырмын) жазушыларымыз секілді тіл өрнегі мен ойлау жүйесі соншалықты қарапайым әрі
ұтымды, сөз қолданысы, айналадағы тіршілікті көрсетуі
ғажап екен. Жасыратыны жоқ, өз басым қатты ырза болдым.»
Сейфолла оСПан,
ақын. («алтын орда» газеті жүргізген сауалнамадан,
2–9 қараша, 2001жыл)
Мерзімді басылымнан «Қазақ әдебиеті» газеті, «Жұлдыз»
және «Үркер» журналдары қолыма тиді. Олар әр сан сайын
аудармаға арнайы орын беріп таңдаулы шығармаларды жариялауды үрдіске айналдырғанын көрдім. Айталық, белгілі
қаламгер Төкен Әлжантегінің «Жұлдызда» жарық көрген
еңбегі соның дәлелі. Осыған дейін Қалихан Ысқақ, Асқар
Сүлеймен секілді қарымды қаламгерлер аударма жасап келген Иван Алексеевич Буниннің әңгімелерін тәржімалапты.
Оқи бастағаннан бірден иіріміне тарта жөнеледі. Қолданған
сөз-сөйлемінің сұрыпталғанын, тілінің көркемдігін көрдім.
Ыңғайы солай болған шығар, таңдалған әңгімелерінің дені
махаббат хикаялары. Еркек пен әйел арасындағы
сүйіспеншілікті, құштарлықты төгілте жазып өз заманын, өз
дәуірінің таңбасын танытады әрі адамзатқа тән тәтті сезімді
төкпей-шашпай қазақ оқырманына ұсыныпты».
дәулетбек БаЙТұРСынұЛы,
Әдеби жыл қорытындысында жасаған баяндамасынан.
(«Қазақ әдебиеті», 29 маусым, 2018 жыл)
Сұхбатты даярлаған: Салтанат БаЛТаБаЙҚызы
№35_Жанаарка газеті 19.07.2019 16:37 Страница 5
20 шілде 2019 жыл
5
Қарағанды облысында "Бақытты отбасы" бағдарламасына қатысушыларды іріктеу басталады
аталмыш тұрғын үй бағдарламасына келесі
санаттағы азаматтар қатыса алады:
1. 4 және одан да көп балалары бар көпбалалы отбасылар;
2. кәмелетке толмаған балалары бар толық емес отбасылар;
3. мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған
отбасылар.
Бағдарламаның шарттары бойынша өтініш берушілер
жергілікті атқарушы органдарда тұрғын үй алуға кезекте тұруы тиіс.
"Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша пәтералу үшін келесі шарттар орындалуы тиіс:
- бастапқы жарна болуы керек. Яғни тұрғын үй құнының 10%.
- төлем қабілеттілігін растау.
- отбасының бір мүшесіне табыс сомасы 42 500 теңгеден аспауы тиіс.
Несиенің ең жоғары сомасы - 10 миллион теңге, 20 жылға дейін, жылдық мөлшерлеме 2%.
Жолдама беру үшін құжаттарды қабылдау 22 шілде мен 26 шілде аралығында Қарағанды
қаласы, Магнитогорская көшесі, 19 мекен жайы бойынша жаңа Майқұдық МҮ ғимаратында
сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жүзеге асырылады, түскі үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін.
Назар аударыңыз! Банкке жолдама жіберу кезінде азаматтардың жергілікті атқарушы орган-
ХаБаРЛандыРу
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп кеңесінің төрағасы Жандос Шералыұлы Сәрсенов мемлекеттік қызметке орналасу және өткеру, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп
нормаларын сақтау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша «Facebook Messenger» жүйесі арқылы онлайн-режимде (бейнеқоңырау арқылы) азаматтарды
қабылдау жүргізеді. Азаматтарды қабылдау апта сайын дүйсенбі және бейсенбі күндері сағат
16:00-ден 17:30-ға дейін жүзеге асырылады.
ҚаБыЛдау КеСТеСі
азаматтарды
азаматтарды
азаматтарды
Байланыс
қабылдау жүргізетін қабылдау жүргізетін қабылдау күні мен
ақпараты
№ тұлғаның лауазымы
тұлғаның Т.а.Ж.
уақыты
1.
Апта сайын
дүйсенбі және бейсенбі күндері сағат
Департамент басшысы
16.00-17.30
– Әдеп кеңесінің
Сәрсенов Жандос
аралығында
төрағасы
Шералыұлы
8 (7212)25-04-50
ескерту
Қабылдауға алдын ала
жазылу үшін келесі телефон нөміріне хабарласу
қажет 8 (7212) 50-33-83
дарда баспанаға кезекте тұрғаны ескерілетін болады.
Шілденің 22-нен 26-на дейінгі аралықта «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша өтініш
қабылдайтын пункттердің мекен жайлары:
Қарағанды қ. Магнитогорск к-сі 19, МҮ ғимараты (Майқұдық)
Балқаш қ. Уәлиханов к-сі 5, каб.10
Жезқазған қ. Алашахан к-сі 1
Қаражал қ. Сайдалы Сары Тоқа к-сі 1, каб.1
Саран қ. Жамбыл к-сі 65
Сәтпаев қ. Сәтпаев к-сі 108, каб.13
Теміртау қ. Тәуелсіздікгүлзары 9, каб.314
Шахтинск қ.Қазақстан к-сі 101
Абай ауданы, Абай қ., Абай к-сі 26
Ақтоғай ауданы, Ақтоғай а., Бөкейхан к-сі 4
Бұқар жырау ауданы, Ботақара к., БұқарЖырау к-сі, 56а
Жаңаарқа ауданы, Атасу к., Тәуелсіздік 1,
Қарқаралы ауданы, Қарқаралы қ., Әлихан Бөкейхан к-сі 55
Нұра ауданы, Нұра к., Талжанов к-сі 5а
Осакаров ауданы, Осакаров к., Достық 33
Ұлытау ауданы, Ұлытау к., Абай к-сі 22, каб.3, Қаз Пошта ғимараты
Шет ауданы, Ақсу-Аюлы к., Шортанбай к-сі 24
оБЪЯвЛение
Руководителем департамента агентства по делам государственной службы по Карагандинской области, Председателем Совета по этике Сарсеновым Жандос Шералыевичем проводится прием граждан в онлайн-режиме (через видеозвонок) посредством приложения
«Facebook Messenger» по вопросам поступления и прохождения на государственную службу,
соблюдение государственными служащими норм служебной этики, оказание государственных услуг. Прием граждан осуществляется еженедельно по понедельникам и четвергам с
16:00 до 17:30.
ГРаФиК ПРиеМа
должность лица,
Ф.и.о. лица, пропроводящего прием
водящего прием дата и время приема Контактные те№ граждан и предпринимателей
граждан
лефоны
граждан
1
Руководитель Департамента Председатель Совета по этике
Примечание
Для предворительной записи необходимо связаться по
Еженедельно по поненомеру телефона 8
Сарсенов Жандос дельникам и четверШералыевич
гам c 16:00-17:30 ч. 8 (7212)25-04-50 (7212) 50-33-83
ауылым-алтын бесігім Сарбасова
атынан
Балалар алаңының іргетасы қаланды
Бабаларымыз байтақ далада
байрағын
көтеріп,
төрт
түлігін төскейге өргізіп, жаз
жайлап, қыс қыстап, көшпелі
керім күн кешкені аян. Берекесі мен бірлігі ыдырамай, іргесі ағайыннан сөгілмей,
ырысы жерге төгілмей, абызы сөйлеп, ақсақалы тезге
салып, әз анасы жөнге салған қазақтың, салт-дәстүрі мен
жөн-жоралғысы ауылда ұйысып, құты мен киесі ауылға
қонған.
Кемеңгер қарты
қазығына айналған туған жер,
өскен ауыл деген киелі мекен,
кең орда. Оған жетер жер
жалғанда жоқ-ау сірә.
Ауданнан шалғайда
жатқанымен аты шартарапқа
жеткен Ақтау ауылы менің
туған жерім. Мақтасаң сөз
жетпейтін
киелі мекеннен
сонау
Тәуелсіздік алған
тоқырау
жылдары
шалғайлығын сылтау етіп
үдіре
көшкен көштің
саябырсығаны бүгінде дәтке
қуат. Ырыс-дәулетін ауылдан
көрген
көпшіліктің
көш
соңына ілеспей қалуы туған
жерге деген сүйіспеншілік пен
жағдайдың түзелуі. Ауылда
бой көтерген зәулім мектеп,
әр үйде ағып тұрған таза су,
жарқыраған жарық шам, көше
бойының жарықтануы, қора
толы қой-ешкі мен желідегі қыл құйрықтың көбеюі көшке
тосқауыл болғаны да жасырын емес. Берекесін ауылдан
көрген әр ошақтың бүгінде жағдайы жақсы, түтіні түзу
ұшуда. Бала-шағасын оқытып, қаладағыларға арман болған
зәулім үйлерден балалары үшін баспанасын қамдап қойғаны
қаншама. Ұл-қызын ұясынан ұшырып, немересінің тәтті
қылығын қазақтаған үлкендер легі ауылдың ақылшысы
болса, абзал аналары ел ұйытқысы.
Социалистік жарыста алдыңғы қатардан түспей ақтылы
қойды өсірумен аты шыққан Ақтау ауылындағы Ақтау орта
мектебінен талай түлек қияға қанат қаққан болатын. Сол
кезеңдерде
жылына елуден аса
қарлығашын қияға
самғатқан, бір-біріне қарама қарсы салынған ескі мектеп біз
үшін қадірлі әрі қымбатты екенін 30 жылдан кейін кездесуге
келген әр түлек айтып жатырмыз. Балалық шағымыздың
куәгері болған, білімнің нәрін санамызға сіңірген мектебіміздегі талай қызықты шақты еске алысып бір марқайып
қалдық.
12 шілде күні Ақтау орта мектебінің 1989 жылғы түлектері,
ХХҮ қарлығаштары сүйікті ауылымызға 30 жылдық кездесуге жиналдық.
Ауылдан түлеп ұшып, еліміздің әр
аймағында қызмет етіп жүрген азаматтар мен азаматшалары
бас қосқан кездесу өте тартымды өтті.
“Елу жылда - ел жаңа” демекші өмірдің заңдылығына
бағынып,
өмірден
озған
ата-аналарымыз
бен
ұстаздарымызға, сыныптас достарымызға алдымен ас беріліп, құран бағышталды. 1979 жылы тұлымымыз желбіреп
мектепке барған ұл-қыздың бүгінде көбінің ата-анасы
мәңгілік мекенге аттанса, кешегі өзіміз алдында отырған
ұстаздар легінің де қатары сиреген. Алдымен сөз алған
ауылдық ардагерлер ұйымының төрағасы, ұзақ жылдар
Ақтау ауылының директоры болған Мәнсүр Әбдіғалымов
ауылдағы игі бастамаларға тоқталып, бүгінгі саябақтың бой
көтеруі туған жерге деген ізгі ниеттің нышаны екенін баса
айтты. Ауыл әкімі, кешегі өзімізге неміс тілі пәнінен сабақ
берген Ахметжан Отарбаев әр жылғы түлектердің ауылға
жасаған тартулары кейінгі буынға үлгі екенін айтып, ауылдан
шыққан оқушыларымен мақтанатынын жеткізді.
Аудандық мәслихат депутаты, осы ауылдың тумасы Жәнібек
Рысбеков жаңа бастамаға жылы дебізін білдірді. Кешке
жиналған көпшілік ақ жарма тілектерін айтып, игілікті істің
жалғасын табатынына сенім білдірді. Ұстаздар легінің тілегін Жарулла Әбдіқадыров, Зекен Төребекова, Ғауһар Жанабекова, Секер Рахметова, Мақсат Арунов жалғастырып,
өткен күннен естеліктер айтып, сәттілік тіледі. Сыныптасымыз, биік белестерді бағындырған, профессор Қарлығаш
сыныптастар
сөз сөйлеп,
ұстаздарға, ауыл басшыларына,
ел
ағаларына
алғысын
білдірді.
Өмірден
озған
алғашқы
ұстазымыз
Алтыншаш
Аманжолқызы мен Сұлушаш Төлеутайқызына, сыныптастарымыз Марғұлан Болатұлы мен Нұржан Көлзақұлына арнайы
құран бағышталды. Ауыл үлкендері, ата-аналар мен аға-апалар тілек қосып, іргетасы қаланған балалар саябағына шашу шашып, құтты
болсын айтысты.
Келесі кезекте рухани жаңғыру аясында Елбасының “Ттуған жерге
туыңды тік!” бағдарламасы аясында
1972 жылғы туған
ауыл азаматазаматшаларының
демеушілігімен
жасалынған балалар алаңының ашылу
салтанаты басталды. Ауыл тұрғындары
жиналған ашылу салтанатында ауыл
әкімі Ахметжан Отарбаев сөз сөйлеп,
ауылдық
ардагерлер
ұйымының
төрағасы Мәнсүр Әбдіғалымов пен сыныптасымыз Еркештің әкесі Совет
Карин
лентасын қиып салтанатты
шара Нәзима шешеміздің шашуымен
жалғасын тапты.
- Соңғы уақытта ауыл жастары әсіресе
ауыл мектебінің түлектері ауылымызға
тарту жасауды
қолға алды. Бұл
қуанарлық әрі құптарлық
шара.
Болашақты бұл жалғаса беретініне біз
ауыл
үлкендері
сенімдіміз.
Ауылымыздың басты мәселесінің бірі - бұл жол еді ол салынып жөнделіп жатыр. Сырттағы балаларымыздың ауылға
қатынасуына ең қажетті де осы жол болатын. Іргесі тұтас
ауылымыздың ажарлануы, көркіне көрік қосып гүлденуі,
заман талабынан қалмай, өркениетке жол бастауы бұл
қуанарлық шаруа. Сондықтан құтты, қайырлы болсын.
Ауылдан бастау алған өмірлерің мәнді болсын. Туған елді,
өскен ұяны ұмытпай оны қастерлеу баршамыздың азаматтық
парызымыз екенін естен шығармай жақсы жобаларды жүзеге
асыра берейік,-деген Мәнсүр әкеміз болашақта ардагерлер
аллеясы бой көтерсе деген ойын білдірді. Көпшілік құптай
кеткен бұл жоба да уақыты келгенде орындалатыны анық.
Арқа–жарқа болып басқосқан кездесу ауылдың мықты
шаруа қожалықтарының иелері сыныптастарымыз Азамат
Шалғынбайұлы мен Айдын Ұзақбайұлының
үйінде
жалғасын тапты. 30 жылдан кейінгі кездесу балалар паркінің
бой көтеруімен ажарлана түсті. Кіндік қанымыз тамып,
топырағына алғаш табанымыз тиген білім нәрімен
сусындаған, Ақтау ауылына барып балалық шағымызбен
қауышып қайттық. Жайнай бер жұмақ мекен Ақтауым!
Салтанат ТӨЛеГенова
№35_Жанаарка газеті 19.07.2019 16:37 Страница 6
6
СаРБаСова ҚаРЛыҒаШ
аМанГеЛдіҚызы
Сарбасова Қарлығаш амангелдіқызы - педагогика ғылымдарының докторы,
профессор,Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар академиясының академигі.
1972 жылы туған, ұлты
қазақ,
Қазақстан
Республикасының азаматшасы.
1993-2011 жылдар
а р а л ы ғ ы н д а
Е.А.Бөкетов атындағы
Қарағанды мемлекеттік
университетінде
қызмет істеді. Аталған университетте 1998-2005 жылдар аралығында педагогика факультеті деканының орынбасары, 2005-2006 жылдары бастауыш оқытудың педагогикасы
және
әдістемесі
кафедрасының
меңгерушісі
қызметтерін атқарды, 2006-2009
жылдары 13.00.01 – Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы, этнопедагогика мамандығы
бойынша докторантурада оқыды.
2011 жылдың қыркүйек айынан
бастап C.Сейфуллин атындағы
Қазақ агротехникалық университетінде қызмет істейді. Бүгінгі
күнде осы университетте «Компьютерлік жүйелер және кәсіптік
білім беру» факультетінің деканы.
2009 жылы Е.А.Бөкетов
атындағы Қарағанды мемлекеттiк
университетiнiң БД 14.50.05 бiрiккен диссертациялық кеңесiнде
13.00.01 - Жалпы педагогика, педагогика және білім беру тарихы,
этнопедагогика мамандығы бойынша «Қазіргі қазақ педагогика ғылымындағы әл-Фарабидің, Ж.Баласағұнидің,
М.Қашқаридің тәлім-тәрбиелік идеялары» тақырыбына педагогика ғылымдарының
докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияны қорғап, оған ҚР
Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің
2009 жылы 26 маусымдағы шешімімен (№5 хаттама) педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесі берілді. 2011 жылы «Педагогика» мамандығы бойынша профессор ғылыми атағын алды. 2012 жылдың 12 мамырында Қазақстанның
Педагогикалық Ғылымдар Академиясының толық мүшесі (академигі) болып сайланды.
2009-2010 жылдар аралығында Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттiк
университетiнiң БД 14.50.05 бiрiккен диссертациялық кеңесiнің құрамына енгізіліп,
аталмыш кеңесте диссертациялық жұмыстарға сараптама жасауға белсене атсалысты.
2012 жылы 24 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ»
халықаралық стипедиясының иегері болды.
Қ.А.Сарбасованың ғылыми-зерттеу жұмыстарының мазмұны бүгінгі таңда 200-ден
астам ғылыми еңбегінде басылым көрген. Олардың ішінде 2 монография, 1 оқулық,
2 оқу құралы, 11 оқу-әдістемелік құрал, 20 электронды оқулық, 1 ЭЕМ-ға арналған
оқыту бағдарламасы, 7 әдістемелік нұсқаулар, 3 элективті курстардың оқуәдістемелік кешені мен ғылыми мақалалар бар. Ғылыми мақалардың ішінде 5-еуі импакт-факторы бар рейтингтік журналдарда жарияланған, 2-еуі Scopus базасына, 3-еуі
РИНЦ базасына енгізілген халықаралық журналарда, 36 ғылыми мақала ҚР БжҒМ
білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті бекіткен журналдарда
жарияланған.
Профессор Қ.А.Сарбасова белсенді ғылыми жұмыспен айналыса отырып, магистранттар мен ізденушілердің зерттеу жұмыстарына ғылыми жетекшілік етіп отырады. Оның жетекшілігімен 2 ғылым кандидаты, 2 PhD философия докторы, 10-ға
жуық ғылым магистрлері дайындалды.
Соңғы бес жылда Қ.А.Сарбасованың жетекшілігімен орындалған студенттердің
ғылыми-зерттеу жұмыстарының 1-уі республикалық, 3-уі - жоғары оқу орны
деңгейіндегі байқаудың, 11-і - халықаралық, республикалық ғылыми-практикалық
конференциялардың жеңімпазы болды.
Профессор Қ.А.Сарбасова үш тілді – қазақ, ағылшын және орыс тілін меңгерген
тәжірибесі мол ғалым-ұстаз болып саналады. Оның «The Learner’s English-Kazakh
dictionary of education (Ағылшынша-қазақша педагогикалық сөздік)», «Tutorial of discipline «Pedagogy» атты ағылшын тіліндегі оқу құралдары баспадан жарық көрді.
«Pedagogy» және «The dictionary of Pedagogy», «The Methodology of Pedagogy» электронды оқулықтарын құрастырып, оған ҚР Әділет Министрлігінің зияткерлік меншік
туралы авторлық куәліктерін алды. Сонымен бірге ағылшын тілінде бірнеше ғылыми
мақалалары бар, алыс шетелдегі халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда қатынасып, баяндамалар жасап отырады.
Қ.А.Сарбасова ғалым ретінде Қазақстан Республикасында орта білім беру
мазмұнын жаңарту аясында оқулықтарға сараптама жасауға белсене атсалысады, сонымен бірге үнемі кәсіби біліктілігін арттырып отырады. Ұлыбританияда Рединг
университетінде, Чех Республикасындағы Karlova университетінде, Малазия Келантан Университетінде, Оңтүстік Кореяда Донгук университетінде кәсіби біліктілікті
ғылыми-педагогикалық тағылымдамадан өтіп, халықаралық дәрежедегі сертификат
алды.
Марапттары:
1. 2008 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің шешімен «Жоғары оқу орнының
үздік оқытушысы» атағы берілді (18.02.2009 ж. №68)
2. 2014 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің шешімен «Жоғары оқу орнының
үздік оқытушысы» атағы берілді (30.12.2014 ж.)
3. Өнертабыс дамуына үлес қосқаны үшін A.Нобель медалі
4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы
(2016 ж., 2017 ж.), Қарағанды облысының әкімінің, Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ,
С.С.ейфуллин атындағы ҚазАТУ ректорларының Құрмет грамоталары.
20 шілде 2019 жыл
Құрметті Жаңаарқа арулары, жас келіндер!
Қазақ келіні қашанда әйел затының идеалы іспеттес! Бойына дарыған ерекше қасиеттерімен,
үлкенге құрмет, кішіге ізет, жарына деген адалдық пен отбасына деген шексіз махаббатымен
ерекшеленетін қазақ келіндері барша әлемдегі әйел затына үлгі болып келеді. Алайда,
келіндердің де ең өнерлісін, ең мықтысын анықтау қажет. Олай болса, ауданымызда 26 шілде
күні сағат 15:00-де С.Сейфуллин атындағы кітапханада «Мен қазақтың келінімін!» атты келіндер
сайысы өтеді. Аталмын сайысқа қатысуға ниет білдірген 29 жасқа дейінгі жас келіндер 22 шілдеге дейін «Жастар ресурстық орталығы» КММ-не 8(71030)27328 номері немесе
cmizhanaarka@mail.ru поштасы арқылы өтініш қалдыруға және толық ақпарат алуға болады.
Сайыс ережесі:
1.Сайыс ережеге сәйкес 6 кезеңнен тұрады:
Сайыс кезеңдері:
1). «Мен қазақтың келінімін» байқауымыздың бұл бөлімінде келіндеріміз өзін таныстырады.
Бұнда келіндеріміздің көркемдігі және сырт сымбаты, жүріс –тұрысы сынға алынады (отбасы
және өзі туралы бейнеролик) 2 мин.
2). «Бәйге» салт-дәстүр, әдет –ғұрып, жөн-жоралғы жөніндегі сұрақтарға жауап беру . Әр
қатысушыға 2 сұрақтан беріледі. Ойлануға 1 минут уақыттан беріледі.
3). «Өнерлі келін - өнегелі келін» Бұл бөлімінде аруларымыз өз өнерлерін көрсетеді (ән
айту, би билеу, ертегіден үзінді, өлең оқу т.б өнерлерін көрсетуге болады ) 4 мин.
4). Бұл бөлім « Шеберлік» деп аталады. Өз қолдарыңыздан шеберлік таныту. 5 мин.
5). «Дәмді тағам» бөлімі. Бұл бөлімінде дайындап алып келген тағамдарынын жасалу жолын
түсіндіріп, қорғау. Бейнекөрсетілім 3 мин.(Алжапқыш мен басына байлам тағу керек).
6). «Қазақтың келіндеріне әдептілік жарасады» бұл бөлімде қазақ киімінің үлгісін көрсету.
2. Сайыс жеңімпаздарын арнайы құрылған қазылар алқасы анықтайды, қазылар алқасының
шешімі талқыланбайды (1-5 ұпаймен бағаланады).
3. Сайыстың барлық кезеңдеріне толықтай дайын болу қажет, кезеңдер толық орындалмаған
жағдайда ұпай саны шегеріледі.
4. Жеңімпаздар «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі дайындаған бағалы сыйлықтармен
марапатталады.
Бірге іске асырамыз
ақтылы қой өсіру-ата баба дәстүрі
Ақтау ауылының киелі топырағында өткен бұл дүбірлі шара басқаларға үлгі болатыны анық.
Киелі орын, кең жайлауға қоныстанған «Бірлік» шаруа қожалығының иесі Қуат Ахметовтың
жылдағы дәстүрі - мал жайлауға шығып, арқа басы кеңігенде сабантой жасау. Бұл той бірақ сабантойдан өзгерек.
Сыртта жүріп, туған жердің топырағын аңсаған азаматтардың құрметіне арналған бұл тойдың
салмағы да басым. Шаруа қожалығында еңбек етіп, төрт түлікті төскейге өргізген Монғолия елінен келген азаматтардың қатары 12 отбасына көбейді. Ата кәсіптен ажырамай, мал бағудың
қыр-сырына қанық Монғолиядағы ағайынның 12 отбасы біздің ауданға көш түзеп, «Бірлік» шаруа
қожалығының кең жайлауына қоныс тепті. «Елге ел қосылса құт» демекші ата-баба аңсаған мекенге
жеткен қандастарымыз келісім шарт бойынша мал шаруашылығын дамытуға, оның ішінде қой
малын өсіру үшін шақыртылып отыр.
Ақтау елді мекенінде ерте уақыттарда қой малын өсіру өте қатты дамыған болатын. Кейінгі отызқырық жыл ішінде осы бағыттағы жұмыстар бәсеңдеп, тоқтап қалғаны жасырын емес.
Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ата-бабаларымыздан қалған
игі дәстүрді қайта жаңғырту мақсатында жерлесіміз Қуат Сәтжанұлы үлкен жобаны қолға алып,
қой малын өсіруге бел буып отыр. Бұл инвестициялық жоба арқылы қой малының басын 15-20
мыңға жеткізу көзделуде. Шаруа қожалықтағы қойдың саны биылдың өзінде 5 мыңға жетіп отыр.
Монғолия елінен елге жеткен 44 азамат қой өсіруді қолға алмақ. Жұмыс орнымен қатар, тұратын
үймен қамтылған отбасылардың мектеп жасындағы балаларына мектепке қатынау үшін арнайы
көлік қарастырылған. Жалпы, қой шаруашылығымен айналысу үшін 4 қыстаққа тұратын үйлер
мен мал ұстайтын қоралар салына басталған.
Манақа өзенінің сағасындағы жайлауда өткен тойда игі істі қолға алуға келген азаматтарға
қонақжайлылық танытылып, кең дастархан жайылып, ұлттық ойындарымыздан жарыстар
ұйымдастырылды. Балалар жағы асық атып,жаяу жарысса, жігіттер жағы қазақ күресі мен қол
күресінің көрігін кіргізді. Ұланғайыр дала төсін тұлпарлардың тұяқары дүбірлетіп, ат жарысы
болды. Бұл шараға ауданымызда құрылыс жұмыстарымен айналысып жүрген 30-ға жуық өзбек
ұлтының өкілдері де қатысты. Аталған шарада аудан басшысы Юржан Бекқожин: -Қой өсіру
бағыты бойынша қолға алынған Қуат Ахметовтың бұл жобасы өте құптарлық іс. «Бірлік» шаруа
қожалығының бастаған ісі облыстық үйлестіру кеңесінде қаралып, кәсіпкерлікті қолдау картасына
енгізілген болатын. Игі істерді бастауда кейінгі буынға үлгі болған бұл жоба билік тарапынан
қолдау табатынын айтып өткеніміз жөн. Төрт түліктің момын, суыққа бейім, ыстыққа төзімді қой
өсіру жұмыстары алдағы уақытта да дамый бермек. Сондықтан барлықтарыңызға табысты еңбек
тілейміз. «Мал өсірсең –қой өсір, өнімі оның –көл-көсір» деп бабаларымыз жай айтпаған.
Отарларыңыз көбейіп, еңбектеріңіз жана берсін,-деп ақ жарма тілегін білдірді.
Жапан түздегі жайлауға жан бітіріп, сай саласындағы бұлақ басына қой отарын жайылтып,
ақшаңқан киіз үйлерін тігіп, бір қауым елді «Бірлік» шаруа қожалығының ауылына
қоныстандырған Қуат ағаның бұл ісі өзгелерге үлгі боларлық. Кең далада кербестісін желітіп,
ақтылы қойын өргізер ағайынға бізде толайым табыстар тіледік.
Өз тілшімізден
№35_Жанаарка газеті 19.07.2019 16:37 Страница 7
20 шілде 2019 жыл
7
ЕСКЕ АЛУ
Ардақты әке, асыл жар, қадірлі жан
ШоЙынҒаПов аЙТМұХаМБеТТің
өмірден өткеніне 4 жыл, аяулы ана, сүйікті
әже, беделді ұстаз ҚуаныШБеКҚызы
ҚыМБаТТың арамыздан бақилық болып
өткеніне 10 жыл толады.
Қанша ажалға тосқауыл боламыз десек те,
сұм ажалға қарсы тұра алмадық. Тағдырға не
шара? Ата-анамыздың асыл бейнелерін
көруге зар болып қала бердік. Алланың өз ісі
өзіне жөн дейді ғой.
Дегенмен қабырғамыз қайысып, қайғыдан
арыла алмай жүргенімізде анық.
Асыл әке, аяулы ана - қос қыраным,
Қос жүрек қол ұстасып, бір отбасы болып қалықтадың.
40 жыл оттасқанда үзілді ғұмыр дария,
Әттеген-ай, Алланың бұл ісіне не шара?
Жыл артынан зымырап жылдар өтті,
Етегіміз жасқа толып еңіреумен 10 жыл жетті.
“Құлындарым”, “Сары ботам” деген сөздер,
Амал нешік елеңдеумен құлақтан өшті.
Зиратыңа қарап үнсіз егіліп,
“Қымбатжаным”- деп күрсінуші еді әкешім.
Көп ұзамай қасыңа барып,
Қос төмпешік болып жайғасты ғой әкешім.
Әкең өлсе де әкеннің көзің көргендер өлмесін деген сөз бар,
Әкеміз Айтмұхамбет, Айту, Артаманды.
Анамыз Қымбат, Қымбатжан, Қымбат мұғалімді, білетін ел-жұрты бар.
Сағынатын артында Нұрлыханы, Досмұханы, Ақзер, Гүлімі бар.
еске алушылар: балалары, немерелері
28 шілде күні сағат 13.00-де “Сұлтан” тойханасында әкеміз бен анамызға дұға
бағышталып, құдайы ас беріледі
ЕСКЕ АЛУ
Байдалы би ауылының тумасы, аяулы анамыз, ардақты да
ақылшы
әжеміз
ҚоСҚұЛаҚова
ТұРСын
оСПанҚызының өмірден озғанына 27 шілде күні 40
күн толады.
Алтын діңгек, отбасының ұйытқысы, төріміздің көркі
болған жанашыр, қамқор мейірман анамыздың ыстық
алақаны мен бір ауыз жылы сөзін естуді сағындық. Ортамызда жүргенінің өзі біз үшін көңілге демеу, жүрекке медеу
екен. Ақылшы тірегіміз деп, барына қуанып жүргенде анамыз дүниеден кетті. Алла ісіне шара бар ма? Жасаған
жасын, көрмеген қызығын бала-шаға, ұрпағына берсін. Алладан рахмет, пайғамбардан шапағат тілеп, қабірі нұрға толсын дейміз. Жарқын жүзіңді әрқашан да жүрегімізде
сақтаймыз.
Ардақты ана, аяулы ана қымбаттым,
Тәтті ұйқынды бөліп талай түн қаттың.
Өмірімізге өзің берген тіршілікпен,
Ер жеттік те сәні болдық әр бақтың.
Анашым, ақылшым, ардағым,
Ұрпақтың амандығы еді арманың.
Берген ақ жүректен ақ батаңмен,
Өркендесін соңыңдағы ұрпағың.
Сағына еске алушылар: балалары, немерелері, жиендері, шөберелері
27 шілде күні сағат 13.00-де Байдалы би ауылының мәдениет үйінде анамыздың
өмірден өткеніне 40 күн толуына орай құдайы дәм беріліп, құран бағышталады
ЕСКЕ АЛУ
Жаңаарқа ауданының тұрғыны болған, ардақты да қадірлі
бауырымыз, адал жар, аяулы ана РыМКеШ
КоЖинаның өмірден өткеніне 1 тамыз күні 1 жыл толады. Ардақты жанның нұр тұнған жүзін еске алып, қабірі
жарық, топырағы мамық болсын деп дұға бағыштаймыз.
Асыл ана, алтын қамал қорғаның,
Соқпағыңды өшірмейді тармағың.
Ұрпағыңның қадамына құт тілеп,
Жұмақта да қолдап жатсын әруағың.
Не шара, бұл Алланың жазғанына,
Орны толмас біз үшін үлкен қаза.
Нұрланып жатқан жерің мәңгі бақи,
Жұмақтың төрі болсын тұрағың да.
Сағына еске алушылар: бауырлары, жолдасы-Теміртай,
ЕСКЕ АЛУ
Байдалы би ауылының тұрғыны болған, сүйікті немере,
құлдыраңдаған құлын, ізетті іні, үйіміздің сәні болған
нұРаСыЛ
аСыЛХанұЛының
арамыздан
алыстағанына 24 шілде күні 1 жыл толады.
Найзағай ғұмыр кешіп, жарық жұлдыздай ерте жанып,
ерте сөнген құлынымыз небары бірақ мүшел ғұмыр
кешіп, өмірден періштедей пәк күйінде өте барды. Кішкене күнінен елгезек, зерек болып, өзгенің көңілін
қалдырмай,
ақкөңілдігімен
алып-ұшып
жүрген
құлынымыздан қапияда
көз жаздық. Қаңтардың
ақшұнақ аязды күнінде өмірге келген Нұрасылдың өмірі
тым қысқа болды. Ардақты құлынымыздың жатқан жері
жайлы, топырағы торқа болсын деп дұға бағыштаймыз.
Өзге едің, ерекше едің, жөнің бөлек,
Озат ең өзгелерден ойың ерек.
Алланың жазуына шара бар ма?
Ол жаққа да құлыным жақсы керек.
Қалжың айтып, достармен алыспайсың,
Қызық-тойда күлімдеп қауышпайсың.
Жәннат бақта шалқысын жаның мәңгі,
Дұға жасап, Аллаға табыстаймын.
Сағына еске алушылар: әжесі, бауырлары
24-25 шілде күндері сағат 13.00-де Байдалы би ауылында Нұрасылдың өмірден
өткеніне 1 жыл толуына орай құдайы дәм беріліп, құран бағышталады
балалары
1 тамыз күні сағат 13.00-де “Ақсарай” мейрамханасында аяулы жанның өмірден
өткеніне 1 жыл толуына орай құдайы дәм беріліп, құран бағышталады
Сенім
телефоны
«Жаңаарқа ауданның кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сенім
телефоны жұмыс істейді. Сіз Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп
кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары), Қазақстан
Республикасының Еңбек кодексін, «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас
жемқорлықпен күрес туралы» Қазақстан Республикасының заң нормаларының бұзылу
фактілері туралы ақпаратты 2-83-47 телефоны бойынша хабарлай аласыздар.
«Жаңаарқа ауданның кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» ММ
ЕСКЕ АЛУ
Биыл Жаңаарқа ауданы, С.Сейфуллин атындағы ауылдық
округінің Ынтымақ орта мектебінің 1979 жылғы түлектерінің
мектеп бітіргендеріне 40 жыл толып отыр.
Тағдырдың жазуымен ортамыздан ҚаЛдыБеКов еРҒаЛи
аМанГеЛдіұЛы,
КӨПеева
СандуҒаШ
МаҚСұТҚызы, иЖанов еРТаЙ иЖанұЛы ЖӘне
ныҒМаТуЛЛин МаРаТ ҒаЙниЯТұЛы өмірден ерте
кетті.
Еске алдық өткен күн, белдерді,
Қалайша жоғалттық сендерді.
Жандарың ЖӘННӘТӘ болсын деп,
Жасымыз жаңбырдай сенделді...
Жаратқан ием жандарыңды аяласын,
Артта қалған тұяқтарыңа құдайым ғұмыр берсін...
Ерғали тәуірім, бауырым,
Білдің бе, қайғыңның ауырын.
Сандуғаш тым ерте көз жұмдың,
Қайғырды қанша жұрт – қауымың.
Бақи бол, Арыс ұл – Ертай деп,
Қамықты – ау, сен туған ауылың.
Маратта мезгілсіз қоштасып,
Күңірентті-ау, Иманақ тау үнін,
Қайдасың?, Қайдасың?, Қайдасың?
Жас кеткен, қыршын дос, бауырым!
деп достарың, парталастарың қамығып сағына іздеп, еске аламыз...
еске алушылар: ынтымақ орта мектебін 1979 жылы бітіргендер
№35_Жанаарка газеті 19.07.2019 16:37 Страница 8
Бірге іске асырамыз
Қара жол -күре тамыр
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлау
алдындағы
«Баршаға
ортақ
игілік!»
бағдарламасындағы басты бағыттар - Сабақтастық.
Әділдік. Өрлеу болып үшке бөлінді. Осы үш бөлім
де еліміздің өркендеу жолына бағытталған. Мемлекет басшысының Өрлеу бағыты 10 бөліктен тұрады.
Оның бірі - ауқатты және заманауи ауыл бөлімі.
-Агроөнеркәсіп секторын дамыта отырып, ауылдарды ауқатты және қазіргі заманға сай мекенге айналдырамыз. «Ауыл - ел бесігі» жобасы аясында ауылдық елді мекендерді кешенді түрде
дамытып, өмір сапасының озық стандартына жақындатамыз. Бірінші кезекте ауылды жерлердегі инфрақұрылымды дамытуға көңіл бөлеміз: жергілікті маңызға ие жолдар, тіршілік
көздері жүйесі (су және энергиямен қамтамасыз ету), байланыс, интернет, әлеуметтік –
мәдени және спорттық нысандар басты назарда болады,-деген Қасым-Жомар Кемелұлының
сөзі ауыл тұрғындарына серпін берді.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында ауданымызға қарасты ауылдар таза ауыз сумен қамтылған. Үзіліссіз берілетін жарық ауылдардағы ағайынды қаланың
тұрмысына жақындата түсті. Су мен жарықтың үздіксіз берілуі ауыл тұрғындарының
көбінің үйіне жуынатын бөлме мен әжетхана салуға түрткі болды. Ұялы байланысқа
қосылған ауыл тұрғындары алыс-жақын жерлермен тіпті ғаламтордағы ғаламаттарға кедергісіз қол жеткізді.
Еліміздің 42 пайыз халқы ауылда тұрады- деген мемлекет басшысы ауылды гүлдендіруді
басты нысанаға алып, ауылға көңіл бөлуді қолға алуды жалғастырып отыр. Міне, осы
бағдарламалардың жетегінде талай жыл шешімін таппай шиеленіскен мәселеге айналған
Атасу-Қаражал тас жолы заман талабына сай асфальтталып жатыр. Жыл сайын көктемгі
су тасқынында таудан аққан су жол жиегіне жиналып жолды шайып кету қауіпін төндіретін.
Осы қауіпті сәт қайталанбас үшін тас жолдың табанына су ағар трубалар салынып,
жөнделіп жатыр. Жаңа мыңжылдықтарға бастар жаңа жол аудан мен ауыл арасын
жақындата түсетіні анық. Шалғайда жатқан Ақтау ауылының тұрғындары бұл жағымды
жаңалыққа дән риза. Болашақта ауылға қарай баратын жолда асфальтталып жатса нұр
үстіне нұр болар еді.
Ғазиз КӘРіБаев,
ақтау ауылы
ұлы даланың жеті қыры
Көрмеде бас жүлдеге ие болды
Жаңаарқа аудандық білім
бөлімінің ұйымдастыруымен
өткізілген "Озат тәжірибе - көпке
ортақ" атты мектепке дейінгі
ұйым
тәрбиешілерінің
шығармашылық көрмесінде "Ер
Төстік" бөбекжайы ұжымы бас
жүлдеге ие болды. Көрмеге
тәрбиешілер бар өнерлерін
салып, бүгінгі күні қабылданып
жатқан
мемлекеттік
б а ғ д а р л а м а л а р д ы
бүлдіршіндердің санасына жеткізетіндей етіп дайындалған екен. Көрмеде бас жүлдеге ие болған бұйымды қарай отырып,
туған жерге деген сүйіспеншілікті Елбасымыздың "Ұлы даланың жеті қыры" атты
мақаласымен ұштастыра білгендеріне риза болдық. "Ер Төстік" бөбекжайы ұжымына
шығармашылық табыс тілейміз!
Өз тілшімізден
КРедиТы оТ азиаТСКоГо
КРедиТноГо Фонда
аКФ снижает ставки по кредитам с 1 августа!
Сумма кредита до 20 000 000 тенге, срок до 5
лет. ТоЛЬКо 2 МеСЯЦа!
Успей получить кредит по сниженной ставке!
Наш адрес: поселок Атасу, улица Абая 19,
контактныйтелефон: рабочий телефон: 8 (710)30
2-71-94, Акмарал +7 771 7470685, Нурсултан +7
771 266 57 00
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
Жаңаарқа ауданының тұрғыны, ардақты да қадірлі
құдағиымыз, аяулы ана, сүйікті әже СұЛуШаШ
КауһаРБаЙҚызын 60 жасқа толуымен шын
жүректен құттықтаймыз. Аяулы жанға зор денсаулық,
ұзақ ғұмыр, отбасына бақ-береке тілейміз.
Алғы күннен күтер әркім жақсы үміт,
Қона берсін саған әркез бақ күліп.
Шаттықпенен көріп таңның арайын,
Жаратушы төксін, игі жақсылық.
Күміс күлкі жүзіңізден арылмасын,
Болсын дейміз әрдайым бағың басып.
Қуаныш, шаттық ойнап жанұяда,
Немерелердің қызығына тоймасың.
Құттықтаушылар: құда-құдағиы-асқар-Гүлнар, Фархат-арай, Қайрат-Салтанат, Сағыныш-есім, Бибарыс, Томирис, Кәусар, наргиза,
Әлия, Бекарыс, Бекнұр, нұрдәулет
Хабарландыру!!
Құрметті аудан орталығының тұрғындары!!
Коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйлерді сатып алу бағдарламасы аясында
аудан орталығындағы тұрғын үйлерді сатып алу шарасы жүргізіліп жатқандығын хабарлаймыз!
Тұрғын үйге қойылатын талаптар: құрылыс жылы 1970 жылдан ерте емес; жалпы аумағы
60 ш.м. кем емес үй; шатыры-шатырлы; қабырға - блокты, көбікблокты, панельді, кірпішті,
саманды, шлактан құйылған, ағаштан; шаруашылық қора-жайлардың болуы;
орталықтандырылған су құбыры; кәріз жүйесі, санитарлық торап; сумен жылыту;
тұрмыстық қызметке қарыз болмауы.
Тұрғын үйді сату үшін өтінімді www.goszakup.gov.kz сайты арқылы беруге болады.
Өтінім бергенде қажет болатын құжаттардың тізбесі:
1) жеке тұлғаның жеке куәлігінің электрондық көшірмесі;
2) тұрғын үйге құқық беретін құжаттардың, оның ішінде техникалық төлқұжаттардың
электрондық көшірмесі;
3) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру орналастырылған күнге
дейін берілген тұрғын үйге тыйым салынбағаны туралы құжаттың электрондық
көшірмесін;
4) тұрғын үйдің ағымдағы жағдайының фотосуретін қоса, Қазақстан Республикасындағы
бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес жүргізілген жылжымайтын мүлікті (тұрғын
үй) бағалау есебінің көшірмесін;
5) әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысын;
6) жұбайлардың екіншісінің нотариат куәландырған келісімінің электрондық көшірмесі
не некеде (ерлі-зайыптылықта) тұрмағаны туралы нотариат куәландырған анықтаманың
электрондық көшірмесі немесе некенің (ерлі-зайыптылықтың) бұзылғаны туралы
куәліктің электрондық көшірмесі немесе жесірлігін растаушы куәліктің электрондық
көшірмесін қамтиды.
Құжаттарды қабылдау 10 шілде мен 9 тамыз аралығында жүргізіледі.
Қосымша сұрақтар бойынша: атасу кенті, Тәуелсіздік даңғылы 2/1 мекенжайы бойынша «Жаңаарқа ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» ММ
арқылы білуге болады. Тел: 2-67-65, 2-86-98.
Жаңаарқа ауданының әкімдігі
Құрметті Жаңааарқа ауданының
тұрғындары!
2019 жылдың 19-20 шілде күндері Жаңааарқа ауданы аймағы бойынша «Жолдағы
қабылдау» акциясының кезекті этапы өтеді.
Іс-шараның негізгі мақсаты полиция бөлімшелерінің құзырындағы әр түрлі сұрақтар
бойынша азаматтардың мәселелеріне, сұрақтарына уақытылы шешім қабылдау, оның
ішінде: жеке тұлғалардың паспорттарын, жеке қуәліктерін беру және ауыстыру, әкімшілік
құқық бұзушылық жасаған үшін айппұл төлеу, полиция қызметкерлерінің құқылы емес
іс-әрекеттеріне төтеп беру бойынша жұмыстар жүргізіледі. Жаңааарқа ауданы бойынша
полиция бөлімінің басшылығы аудан тұрғындарының сұрақтарына арнайы жылжымалы
қабылдау пункітінде жауап береді.
Сіздерді, атасу кенті, Тәуелсіздік көшесі, 23, ХҚКо ғимаратының жанында
күтеміз.
аудандық полиция бөлімі
уважаемые жители
Жанааркинского района!
19 по 20 июля 2019 года на территорий Жанааркинского района пройдет
очередной этап акции «Приемная на дороге».
Её основной целью является оперативное решение проблемных вопросов
граждан по различным вопросам деятельности подразделении полиции, в
том числе по вопросам выдачи и замены паспортов и удостоверении личности, уплаты штрафов за административное правонарушение, реагирование
на неправомерные действия сотрудников полиции. Руководство ОП Жанааркинского района ответят на вопросы жителей в специальных мобильных
приёмных.
Ждём вас по адресу п. атасу ул. независимости 23 возле здания Цона.
Районный отдел полиции
“аудандық “Жаңаарқа” газеті редакциясы”
ЖШС басшысы - бас редактор
еРаЛина СаЛТанаТ аМанҚызы
МенШіК иеСі: аудандық ”Жаңаарқа“ газеті ЖШС
Мекен-жайымыз: 100500, Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, атасу кенті,
Тәуелсіздік даңғылы, №2 -үй. Телефондар: 2-85-45, бухгалтер 2-80-52,
тілшілер бөлімі 2-71-01
ИиК KZ276017171000000078, Бин 010340002761, БиК HSBKКZKX, КБе 16,
Рнн 240400001948, ао “народный Банк Казахстана”
Құрылтайшысы: Жаңаарқа ауданының әкімдігі
Газет Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат
министрлігінде 18.06.2012 жылы тіркеліп,№12845 - Г куәлік
берілген.
Жарияланған мақала авторының пікірі редакция көзқарасын
білдірмейді
Жарнамалар мен хабарламалардың мазмұнына жарнама
беруші жауап береді
Газет “Арко” ЖШС баспаханасында басылады: Қарағанды
қаласы, Сәтбаев көшесі,15
Офсеттік басылым
Индекс 66282
Көлемі бір баспа табақ
Аптасына бір рет шығады
Таралымы 1737 дана
Тапсырыс №34
Автор
zhanzbc
Документ
Категория
Без категории
Просмотров
3
Размер файла
3 725 Кб
Теги
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа