close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

?

№37 Жанаарка газеті

код для вставки
№37_Жанаарка газеті 02.08.2019 17:31 Страница 1
№37 (9927), 3 тамыз, 2019 жыл
"Таза жағалау" акциясы өткізілді
Бірге жүзеге асырамыз!
шақырды.
Сенбіліктің негізгі
аумағы
жоғарғы
кернеулі подстанциядан бастап,
Ақтайлақ елді
мекеніне дейін
жалғасты. Бөлім
және
мекеме
қызметкерлері
алдын
ала
бөлінген аумақ
б о й ы н ш а
27 шілде күні өткен республикалық “Бірге – таза Қазақстан” және "Таза жағалау"
жалпыхалықтық экологиялық акциясы аясында өткен сенбілікке жаңаарқалықтар белсене
атсалысты. Таңертеңмен жазғы сахна алаңына жиналған мекеме қызметкерлерінің алдында
аудан әкімі Юржан Бекқожин, аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Серіков, Атасу кентінің
әкімі Аманкелді Түсіпов сөз сөйледі. Туған мекеннің тазалығын сақтаудың қаншалықты
маңызды екенін тілге тиек етіп, "мен патриотпын" деген әр тұрғын бұл мәселеге бейжай
қарамау керек екендігін ескертті. Тәртіп пен мәдениеттің тазалықтан басталатынын айтып,
тұрғындарды санитарлық тазалықты қатаң сақтауға, көгалдандыру жұмыстарына атсалысуға
Бірге жүзеге асырамыз!
Көшелер әрленуде
Ел Президенті
Қ а с ы м - Жом а рт
Тоқаевтың "Бірге
жүзеге
асырамыз!"
атты
ұ р а н ы м е н
көптеген
игі
і с т е р д і ң
атқарылып
жатқаны баршаға
аян.
Аудан көлемінде
халық күткен серпінді де ауқымды
жобалар жүзеге
асты. Соның бірі
көшелердің абат-
тандырылуы болып
отыр.
Орталық
даңғылдардың борд ю р л е р і
жаңартылып,
мәдениет
үйі
а л д ы н д а ғ ы
төсемтастар
да
айырбасталмақшы.
Әрі бұл жөндеу
жұмыстары Сәкен
бабамыздың
125
жылдығына және
ауданымыздың 90
жылдық торқалы
тойына деген үлкен сый болмақ.
Осы уақытқа дейін тоз-тозы шыққан жүргінші жолдары жүруге ыңғайсыздық туғызып
қана қоймай, көрер көзге де қораш көрінгені сөзсіз. Сондықтан бұл шаралар жалпы аудан
тұрғындарына және келген қонақтарға да сапасымен әрі көркемдігімен көз тартпақ.
Әсел СұлТАнқызы
жұмыстар жүргізді. Сарысу
өзенінің көпір асты аумағы тазаланды, үлкен тас жолдың екі
жағы тазартылды. Сондай-ақ,
қоғамдық орындарды күлқоқыстан тазартты.
Өз тілшімізден
Аптаның маңызды жаңалықтары
Қарағанды облысында шұбаркөлдік көмір өндірісі бойынша рекорд орнатылды.
Еуразиялық Топ (ERG) құрамына кіретін «Шұбаркөл көмір» АҚ кеншілері разрездің негізі
қаланғаннан бері 170 млн тонна көмір шығарған. Өздерінің рекордтарын олар Еуразиялық
Топтың 25 жылдығына арнап отыр.
Кәсіпорын үшін ғана емес, сонымен қатар жалпы еліміздің тау-кен өндіріс саласы үшін
айрықша болып табылатын 170 миллион тонна бірегей жоғары калориялы және күлділігі
төмен көмірдің өндірісін «Центральный» №1 разрезіндегі ЭКГ-5 экскаватор бригадасы
жүзеге асырған. Осылайша Шұбаркөл разрезінің тарих беттеріне машинист Ахмадия Ахметов пен оның көмекшісі Николай Затонный өз есімдерін қалдырды.
«Шұбаркөл көмір» АҚ президенті Андрей Сафоновтың айтуынша, жаңа өндірістік жетістік
барлық ұжымның жоспарлы және толыққанды жұмысының нәтижесі болып табылады.
*** *** ***
Қарағандыда осы жылы жаңа Сот сарайы ашылады деп жоспарлануда. Қарағандыда
облыстық соттың жаңа ғимараты салынуда. Жобаны жүзеге асыру екі жыл бұрын басталған
болатын. Биыл құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын қалды. Жылдың екінші жартысында
судьялар қоныс тойын тойлайды деп жоспарлануда.
Қарағанды облыстық сотының төрағасы Нұрсерік Шәріпов және қала әкімі Нұрлан
Әубәкіров мердігерлермен техникалық жиналыс өткізді. Нысанды аралау кезінде аумақты
абаттандыру, кірме жолдарды ұйымдастыру және көлік қою мәселелері талқыланды.
Әділ сот сарайы заманауи талаптарды ескере отырып жобаланған. Бұл әкімшілік,
қылмыстық және азаматтық корпустардың үш жеке ғимаратынан тұратын кешен болады.
Ғимараттың жалпы ауданы - 13 мың ш. м.
Судьяларға заманауи техника, келушілерге қолайлы жағдай жасалады деп күтілуде.
Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін нысанның қолжетімділігі қарастырылған. Ұйымдастыру
техникасымен жабдықталған заманауи және ыңғайлы күту залы құрылады. Сот процесстерін өткізуге арналған залдар кең болады.
*** *** ***
Арыс қаласының оқушылары Қарқаралыда демалып жатыр. Қарқаралыдағы демалыс орнына Түркістан облысының Арыс қаласынан 30 бала келді. Сарыарқаның інжу-маржаны
саналатын демалыс аумағына саяхатты олар үшін Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті ұйымдастырды. ЖОО сапар бойынша барлық шығындарды өз мойнына алып,
«Политехник» демалыс базасын ұсынып, жас туристер үшін танымдық-ойын-сауық
бағдарламасын ұйымдастырды. Бағдарлама кең ауқымды. Кураторлық қызметті «Жас Орда»
жастар ұйымының белсенділері мен университеттің жастар саясаты департаментінің
өкілдері өз мойнына алды. Шеберлік-сыныптар мен тренингтер балалардың білімі мен
қабілеті деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Бүлдіршіндер туристік серуендерге барады,
байқаулар мен ойындарда, зияткерлік және спорттық жарыстарда бір-бірімен бәсекелеседі.
Экскурсия кезінде олар табиғи саябақтың қызықты жерлерін, тарихы бай Қарқаралы көне
қаласының көрікті жерлерін тамашалайды.
Облыс әкімдігінің сайтынан
№37_Жанаарка газеті 02.08.2019 17:31 Страница 2
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
әрдайым сізбен бірге
Адам баласы шыр етіп дүние есігін ашқан сәттен бастап-ақ өмірінің алғашқы күндері мемлекеттік көрсетілетін қызметтермен тағдыры тоғысады екен ғой.
Бұлай дейтін себебіміз, сәби дүниеге келгеннен-ақ ата-анасы бала тууды тіркеу, бала
туғанда берілетін және бала күтімі бойынша жәрдемақыларды тағайындау, мектепке дейінгі
балалар ұйымдарына балаларды кезекке қою деген сияқты алуан түрлі мемлекеттік қызмет
түрлерін алып, тиісті құжаттарын ресімдейді.
Бүгінгі таңда «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының аясында «Мемлекетазаматтарға» қағидаты негізінде, яғни азамат емес, мемлекет, азаматтардың қажеттіліктерін
алдын-ала түсініп, мекемелерге олардың баруының қажеттілігінсіз мемлекеттік қызметтер
көрсету үшін олармен байланысатын, басқарудың жаңа моделі іске асырылуда.
Себебі, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың негізгі
бағытының бірі – «Цифрлық мемлекетке көшу», яғни тұрғындардың қажеттіліктерін күні
бұрын біліп халыққа қызмет көрсету инфрақұрылымы ретінде мемлекеттің функцияларын
түрлендіру болып табылады.
Бұл ретте, кез келген уақытта, кез келген орында және кез келген құрылғыда (байланыс
орталығы, веб-портал, зияткерлік мессенджерлер, мобильді қосымшалар, SMS-хабарламалар) ақпарат пен қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған бірыңғай
қызмет көрсету моделін іске асыру үшін шашыраңқы ақпараттық жүйелер мен арналарды
біріктіру жүргізілуде.
Бұған жарқын мысал ретінде, қызмет алушының тікелей мемлекеттік мекемелерге баруынсыз, қатысуынсыз көрсетілетін «Бала туу» проактивті қызметін айтпасқа болмайды.
Бұл проактивті қызмет арқылы ата-ана жаңа туған нәрестеге ат бере алады, туу туралы
куәлікке өтінім бере алады, балабақшаға кезекке қоя алады, біржолғы төлем сомасын біле
алады, тұрғылықты жері бойынша тіркей алады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының
«Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты 2018
жылғы 5 қазандағы жолдауында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер аясында мемлекеттік
қызметшілердің тұрғындармен тікелей қарым-қатынасын азайтуға қол жеткізу және 2019
жылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің 80 пайызы, ал 2020 жылы кемінде 90 пайызы
электронды форматқа көшірілу қажеттігі тапсырылған.
Межелеп қойған мақсатқа жету жолында мемлекеттік органдар тарапынан бірқатар жедел
шаралар қабылдануда.
Атап айтсақ, оның бір мысалы қолданысқа енген композиттік қызметтер, яғни бір өтініш
негізінде электрондық нысанда көрсетілетін бірнеше мемлекеттік қызметтердің жиынтығы.
Қазіргі уақытта осындай нысанда оннан астам композиттік қызметтер тұрғындарға
қолжетімді.
Бұған қоса, Telegram мессенджері түрлі онлайн-қызметтерді алу үшін ыңғайлы арнаға айналды.
2018 жылғы мамыр айында @EgovKzBot – электрондық үкімет порталы боты іске
қосылды. Бүгінгі күні бот арқылы мекен жай анықтамасы, соттылықтың болуы немесе болмауы туралы, жылжымайтын мүліктің болуы немесе болмауы туралы, жылжымайтын
мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы, наркологиялық, психоневрологиялық,
туберкулез диспансерінен анықтамалар алу сияқты тағы да басқа отызға жуық қызметтер
мен сервистерді алу мүмкіндігі бар.
Қазіргі цифрлық даму ғасырында аққан жұлдыздай сырғып бара жатқан адамзаттың ең
басты құнды валютасы болып уақыт саналады.
Осындай жеделдік пен шапшаңдықты талап ететін дәуірде, «Заманың түлкі болса, тазы
болып шал» деген халық даналығын ескере отырып, көштен қалмай үрдіске ілескен жөн демекпіз.
Сондықтан да, «Өзіңнен баста» ұстанымын негізге ала отырып, өзіңіздің алтын
уақыттарыңызды үнемдеу мақсатында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді мейлінше
«электрондық үкімет порталы», мобильді қосымшалар және мессенджерлер арқылы алуға
шақырамыз.
ЖАнСЕРІК БұРХАнұлы ЖҮнІС,
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
қарағанды облысы бойынша департаментінің
бас маманы
Дін – діңгегім
Діни ағымдардың арбауынан сақтан
Ислам діні бейбітшілікті насихаттайтын,
қоршаған
ортаға мейірім тарататын толерантты
дін.
Исламда
күштеу
және
жазықсыз қырып
жою жоқ.
Нағыз мұсылманды
ислам
оның
қолынан немесе тілінен
өзге
адамдарға немесе
қоршаған ортаға зардап
келмейтін
адам деп сипаттайды.
Дегенмен, қазіргі
уақытта исламды саяси мақсаттарына қолдану мақсатында, түрлі сыртқы күштер
мұсылмандар арасына іріткі салып, адамның ақылына сыймайтын жауыздыққа шақыруға
көшкен. Осыдан ислам бет пердесін жамылған, деструктивті топтар қалыптасуда.
Сондықтан әрбір азамат, әрбір мұсылман ислам мен деструктивті діни ағымның ара-жігін
ажыратуға қауқарлы болуы шарт.
Осы орайда, Ғ. Тілеухан атындағы орталық мешітінде және Кадіркей Сәдуақасұлы
атындағы мешіттерде, жастар ресурстық орталығы дін мәселелерін зерттеу секторы мамандарымен бірлесіп, діни экстремизмнің алдын-алуға бағытталған шара ретінде "Ислам
жайында не білуім керек?" тақырыбындағы парақшалар таратылды. Онда, мешіт
жамағатын, әсіресе жастарды деструктивті ағымдардың арбауынан сақтандыруды
қамтамасыз ететін тиісті ақпараттар қамтылған.
Жастар ресурстық орталығы
2
3 тамыз 2019 жыл
Бірге жүзеге асырамыз!
«AiNal» супермаркеті ашылды
Бүгінгі таңда елімізде кәсіпкерлік даму үстінде. Осы мақсатта мемлекет тарапынан
ауқымды қолдаулар көрсетіліп, кешенді бағдарламалар жұмыс жасауда. Осындай
қолдаулардан қуаттана түскен кәсіпкерлік субъектілері де өз күшімен кеңейе, ұлғая түсуде.
Жұма күні аудан орталығында кәсіпкерліктің жаңа бір нысаны іске қосылды. Жеке кәсіпкер
Қуатжан Қуанышұлы аудан тұрғындарына «AiNel» супермаркеті қызметін ұсынды. Жоба
құны 40 млн.теңгені құрайтын супермаркеттің жалпы көлемі 400 шаршы метрді құрайды.
Супермаркет болашақта 6 адамды жұмыспен қамтитын болады. Супермаркеттің ашылу салтанатына ауыл тұрғындары көптеп жиылып, жаңа нысанның жұмысына сәттілік тілеген
аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Серіков:
-Ауылдар, аудандар өмірі қала деңгейіне мүмкіндігінше теңестірілуі керек. Бұл бағыттағы
жұмыстар толассыз жүргізіле береді. Жаңа нысанда сапалы азық-түлік ұсынылып,
тұтынушыға барлық жағдай жасалады, бұл жетістік. Ауданымыз көркейіп, гүлдене берсін,деп нысан иелеріне ізгі тілегін білдірді.
Кәсіпкер Қуатжан Оспанов жиналған көпшілікке «хош келдіңіз» айтып, жаңа нысанның
лентасы кесілді. Жаңа нысан әрбір жекелеген азықтың бірнеше түрін ұсынып, бірнеше сауда
белгілерінің өнімдерін қойған. Күнделікті дастархан мәзірлеріне қоса, тұрмыстық химия,
атап айтқанда кір жуғыш ұнтақтар, сусабындар, түрлі үйге қажеттіліктердің бәрі де табылады. Сонымен қоса көтерме-бөлшек сауда бөлімі мен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік
бұрышы тұрғындарға ұсынылмақ. Ашылу салтанаты барысында нысан иелері аз қамтылған
он отбасыға азық-түлік таратты. Сонымен қатар аудан әкімінің орынбасары Бауыржан
Қуандықұлы мен кәсіпкер Қуатжан Қуанышұлының арасында 19 әлеуметтік маңызы бар
тауарлардың бағасын тұрақтандыру туралы келісім шартқа қол қойылды.
Жаңа супермаркет қолжетімді бағасымен, ассортиментінің кеңдігімен және қызмет
көрсетудің мәдениетімен баршаның ойынан шығатынына күмән келтірмеуге болады. Сауда
орнының иелері де кәсібін осындай деңгейде ұстап тұру міндетін өз алдарына қойып отыр.
Мөлдір қАСыМ
Өрт - тілсіз жау
Жұмыла көтерген жүк жеңіл
1 тамыз күні М.Жұмажанов ауылдық округінің тұрғындары үшін жағымсыз тосын жайттан басталды. Ауыл аумағында таңертеңгі 9.30-дан басталған өрт бірте-бірте күшейіп, батыстан болған жел салдарынан шекаралас жатқан Орынбай ауылдық округіне қарай қарай
ауа бастады. Ауыл жігіттерінің қол күші жетпей, аудан әкімшілігіне, аудандық төтенше
жағдайлар бөліміне хабарластық. Аудан әкімшілігінің басшылығы тез арада шұғыл шаралар қолданды. Аудан әкімі Юржан Бекқожин жағдайды өз бақылауында ұстады.
Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Аян Сүлейменов, Атасу кентінің әкімі Амангелді
Түсіпов қызметкерлерін өзі бастап әкелді. Аудан әкімінің аппаратының жас жігіттері де
өз қолдарынан келген көмегін аямады. "Жаңаарқа Жылу" мекемесі тракторды соқасымен
жіберді, "Таза су мекемесі" су таситын көліктерін жіберді. Көмек жасауға келген
азаматтардың барлығы өздерімен бірге өрт сөндіруге қажетті құралдарын да ала келді.
Барлығы 22 адам жабылып жүріп кешкі сағат сегіз жарымның кезінде өрттің бетін
қайтарды. Бұндай ұйымшыл көмек болмағанда бүтіндей бір ауыл өрттің астында қалу
қаупі зор еді. Дегенмен, өкінішке орай, ауыл тұрғындары Еділбай Әбдішев, Думан Әбішев,
Райхан Кенжеханова, Марат Досаевқа тиесілі жерлердің шабындығының біразы өртке
оранды.
Жағдайдың қауіптілігін сауатты түрде сараптап, шұғыл түрде көмек берген аудан
әкімшілігінің басшылығы мен аппаратына, Атасу кентінің әкімшілігіне, төтенше
жағдайлар бөліміне, "Таза су", "Жаңаарқа жылу" мекемелері ұжымына және өртке қарсы
көмек қолын созған барлық азаматтарға Орынбай ауылдық округі тұрғындары атынан
алғысымызды білдіреміз.
Орынбай ауылдық округі тұрғындарының атынан ауылдық округ әкімі
Мейірхан Сәдуақасов
№37_Жанаарка газеті 02.08.2019 17:31 Страница 3
3 тамыз 2019 жыл
3
Көз алдымда ауданның көркейгені
Газетіміздің 29
маусым күнгі
№31-32 сан ы н д а
Марат
Әбдішевтің
«Сәкеннің
ескерткіші»
атты мақаласы жарық
көрді. Мақалада
Сәкен
Сейфуллиннің ескерткішінің
орын ауыстырылғаны жайлы баяндалады. Оқып отырып, Марат Түйтебайұлы да
ауданымыздың біраз тарихын біледі-ау деген ойға
қалып, қоңырау шалып, сұхбат беруін өтіндім.
Марат Түйтебайұлы ауданымызда 1956 жылы
қаңтарда туып, осында ер жеткен азамат. Басшылық
қызметтерде болып, талай зиялы қауыммен дәмдес
болған, шенді-шекпенді, басшы азаматтармен
араласқан, “Қазақстанның Құрметті құрылысшысы”
медалі мен бірнеше марапаттаулар иесінің аудан тарихы туралы айтары көп.
-Әкем Түйте әке-шешеден жас қалған жан. Ағайын арасында ер жеткен әкем 14 жасынан еңбекке араласқан. Әкем
Қызылтау тауларындағы Сарыбұлақ ауылында туғанымен
өскен жері - Байдалы би ауылы. “Қиын қыстау кезінде осы
аңғарға Әбдіш жербауырсақ (картоп) салып, сол
жербауырсақпен күнелткен едік”,+ деген үлкендердің
әңгімесін сан естіген едім. Әбдіш атам ел билеп, ел алғысын
алған, ауқатты болыс болған кісі екен. Кейін қуғын-сүргінге
ұшырап, елге оралмаған.
Ауданымызда салынған темір жол саласында бір жерде тапжылмай жұмыс атқарған әкемнен үйренгеніміз көп. Анам
Шайжамал Жөлеуова қолы ашық, қонақжай
кісі.
Отбасымыздағы он баланың білім алып, жақсы оқып, еңбекке
араласуына жастайынан сол кісінің тәрбиесі негіз болды. Кісі
күту, қонақтың бабын жасау, келген адамның қас-қабағын бағу,
үйдегі әдеп пен отбасылық құндылық, тәртіп пен тәрбиенің
барлығы анамыздан бастау алды. Кейін ОРС мекемесінде
дүкенші болып еңбек еткен анамыз, үй мен түздің жұмысын
ақсатпай қатар алып жүрді. Ал, әкем қарапайым жұмыскер
болғанымен, өз ойын ортаға ашық айтатын, жұмыстың
ыңғайын білетін, қандай шаруа болмасын орта жолдан
қалдырмай аяғына дейін жеткізетін талапшыл жан еді. Сол
кезде біздің көшеде тұратын аудандық райкомпартияның бірінші хатшысы Дмитрий Антонович Черновпен жақсы араласатын. Жалпы бүгін ойлап отырсам әкем сол кездерде ылғи
беделді адамдармен араласыпты. Олар: дәрігер Төребай Смайылов, ішкі істер бөлімінің басшысы Шора Искаков, станция
бастығы Қасіретхан Бакарамов, Лидия Пасохина, В.Троль
тағы басқалары. Бірінші хатшының әкесі Антон кішкентай
ғана ақсақал болатын. Балаларымен, немерелерімен бір
құбырдан су ішіп, бір аулада ойнап, бір мектепте оқып ер жеттік. Үйіміздің есігі жабылмай, төрімізден қонақ арылмайтын.
-Бала Марат пен бүгінгі аға Мәкеңнің көз алдында
дамыған ауданның өткені туралы не айтасыз?
- Бала Марат пен аға Марат үшін ең әдемі, ең көрікті, дамыған
әрі гүлденген мекен Жаңаарқа жері. Кішкентай кезімде біздің
ауданның көлемі өте үлкен сияқты болатын. Қазір ойласам
арада өткен 60 жылда қаншама құрылыс пен үйлер салынып,
іргесін кеңейткен ауданымыз сол кезеңдерде шағын аудан екен.
Мына көше ортасындағы қалың бейіт ауданның шеті болатын.
Сол бейіттердің әр жақ қапталындағы көшелердің
барлығы кейін салынған үйлер. 1970 жылдардың басы мен
1980 жылдардың соңына дейін құрылыс саласы қарқынды
дамып, ел игілігін көрді.
1973 жылы
№161 мектепті бітіріп, Қарағанды
политехникалық институтына оқуға қабылдандым. 1978
жылы инженер-құрылысшы мамандығын алып, Торғай
облысының Арқалық қаласына жолдамамен жұмысқа барып,
еңбек жолымды бастадым. 1981 жылы ауданымызға қарасты
ПМК №1106 мекемесіне жұмысқа орналастым. Осы жылдан
басталған еңбек жолым әлі жалғасуда. Ол
кездегі
идеологияның негізі жастардың жұмысын жандандыру болып
саналды да, мені аудандық комсомол комитетіне қызметке жіберді. Бірнеше жыл комсомол ұйымында жұмыс атқарып
тәжірибе жинақтап, 1988 жылы құрылыс саласына оралдым.
Осы тұста ауданда қарқынды құрылыс басталды. Қазіргі
«Сұлтан» дәмханасы балабақша болып салынды. Қараағаш
ауылына мектеп, балабақша, 1000 тонналық астық қоймасы,
С.Сейфуллин ауылында мектеп, Байдалы би ауылында мектеп, балабақша салдық. Біз үлкен ғимараттар салсақ, басқа мекемелер тұрғын үй салуды қолға алды. Ертіс канал, автобаза,
темір жол мекемелерінің үйлері сол кезеңдегі іргетасы
қаланған үйлер. Кейін тәуелсіздік орнағаннан кейін он-он бес
жыл аралығында үй салу тоқтап қалғанымен 2005 жылдан
бастап құрылыс саласы қайра қарқын алды. Сәулетті
ғимараттар мен көп қабатты үйлер салына бастады. Жеке меншік үй салуда көбейіп, ауданымыздың аумағы үлкейіп келеді.
-Мәке, сіз өткен ғасырдың соңы жаңа ғасырдағы жақсы
мен жайсаңнан тәлім-тәрбие алдыңыз, аудан басшылары
туралы айтып өтсеңіз. Сол жылдары атқарылған игі істер
жайлы ой бөліссеңіз?
-Бала кезімде аудан басшысының Д.Чернов болғанын мана
айттым. Ол кісі Осакаров ауданына 1 хатшы болып кетті де,
орнына Мұқан Медеубаев тағайындалды. Ол кезде жаспын
ғой бірақ есімде қалғаны, сол жылдары қыс қатты болып,
мал азығы жетіспей, ауданға қарасты барлық ауылдардағы
малды қыстан аман алып шығу үшін аянбай тер төгіп,
жұмысты дұрыс ұйымдастырып, шөп пен жемді уақытылы
жеткізіп, көктемге ел шығынсыз шыққаны болатын. Сол жылдан кейін ауылдарда мал азығын дайындайтын кормоцехтар
салына бастады. Шөп таситын кассета тіркемелер даярланып,
іске қосылды. Ол кісіден
кейін
Мұхамедқасым
Қойшыбайұлы Шәкенов 1
хатшы болып тағайындалды.
Жезқазған
облысының
обком комсомолының 1 хатшысы
болып
істеген
М ұ х а м е д қ а с ы м
Қойшыбайұлы
ауданның
э к о н о м и к а с ы н ,
ауылшаруашылық саласын,
әлеуметтік
жағдайының
көтерілуіне
көп еңбек
сіңірді. Ауданымыз астық
жинаудан алға шығып, 54
000 тонна астық өткізіп, жемісті еңбегінің арқасында ауданның көптеген механизатор мамандары кеуделеріне орден тағып, ел есінде қалды. Осы кісінің
тұсында мен ауданда еңбек еттім. Бір күні партия комитетінің
ұйымдастыру бөлімінің басшысы Қадыр Иманбаев шақырып,
мені комсомол комитетіне нұсқаушы жұмысына шақырды.
Қадекеңе үймен ақылдасайын деп рұқсат сұрап, әкеме айтып
едім, әкем ойланып отырып: “өзің сұранған жоқсың, өздері
шақырып отыр, ендеше саған үміт артып отыр, бұл құрылыс
саласы емес, елмен халықпен жұмыс жасайтын орын”,- деп батасын берді. Өз мамандығыммен істеген жұмысымды қимасам
да келісім беріп, жаңа жұмысқа орналастым. Комсомолдық
жұмыста жүргенімде жұмыстан кеш шығам. Заман солай
болды ма, орысшалаумын. Бір күні кештете жұмыс телефоны
шыр ете қалды, тұтқасын көтеріп: “слушаю?”,-дедім, -“кого
слушаешь?”,-деді, -а вам кого нужно?,-дедім. Әр жақтан:” бұл
мен, 1 хатшы Шакенов”,- дегенде сасып қалдым. Менің бұл
күйімді сезді ме: “телефон көтергенде алдымен өзіңді таныстыру керек”,- деп қоя салды. Тағы бірде кештетіп жұмыста
отырсам, кабинетке Мұхамедқасым Қойшыбайұлы кіріп
келді. Әскерилерше орнымнан атып тұрып, аты-жөнімді айтып
сәлем бердім.
-Байқаймын осы сенен басқа адам жұмыс істемейтін
сияқты. Сен жұмыс уақытында қолың тимей ме болмаса
үлгермейсің бе?-деді жымиып.
-Жұмысты кешке жасаған жақсы,-дедім орысша араластырып. Осылай бір жыл уақыт өтіп, жұмысымды бағалап мені
партияға өткізді. Осы уақытта райспалкомның орынбасары
Х.Сәтжанов райсполкомның бас сәулетшісі жұмысына,
халықты бақылау мекемесінің басшысы Қ.Иманбаев өз мекемесіне жұмысқа шақырды. Бірде екеуі де кадрлық мәселе бойынша мені сұрап, 1 хатшыға барады. Басшы мені өз
қарамағына қалдыратынын айтып,
райкомпартияның
ауылшарушылық-құрылыс саласына нұсқаушы етіп орналастырды. М.Шакеновтан жұмыс істеудің тәсілін, ұйымдастыру
мен
жұмыс тәртібін үйрендім. Бұл кісінің уақытында
райсполкомның төрағасы Н.Б.Станин болды. М.Шакенов
орталық партия комитетіне тағайындалып, орнына облыстық
партия комитетінің ауылшаруашылық бөлімінің басшысы
Марат Мияшұлы Мусин тағайындалды. Райсполкомның
төрағасы болып Ағадырдан В.Л.Карепов келді. Осы кісілердің
кезінде ауданда
кадрлық
ауыс-түйіс болды.
Ауылшаруашылық бөлімі таратылып (басшысы Ы.Жұмабеков)
РАПО құрылып, М.Хишауов басшысы болып тағайындалды.
Бір күні Марат Мияшұлы шақырып:-”Сені шақырғаным,
құжаттарыңа қарасам құрылысшы екенсің. Сені жаңа
құрылған мекеме басшысы М.Хишауовқа құрылыс саласынан
орынбасар етіп тағайындамақпын”,- деді. Ойланып тұр едім;
”Білесің бе, сенің жалақың менің жалақымнан көп, сонымен
бірге құрлыс саласында атқарар жұмыс та көп. Ауылдарда
құрылысты дамыту керек. Баздармен бірге тұрғын үйлер де
салыну керек, келісесің бе?,-деді. Келістім. Құрылыстағы қызу
еңбек басталды. Целинный совхозының (директоры В.Соколова) 9 базын бұзып, қайыра салдық. Бұл жұмысқа ветеринария
бөлімінің басшысы Б.Ментаевтың еңбегі сіңді.
«Жилье-91» бағдарламасымен тұрғын үйлер салынды. Ақтау
(директоры М.Әбдіғалымов), ХХҮ партсъезд (Б.Күжікенов),
Рассвет (Н.Кенжетаев) совхоздарында құрылыс қарқынды
жүрді. М.Мусиннан кейін аудан басшысы болып Секен
Әбішұлы Әбішев Алматыдан ауысып келді. Осы тұста кеңес
үкіметі тарап, ауданның партия комитетінің орнына ауданның
президиум кеңесі құрылып, төрағасы С.Әбишев сайланды.
Бұл мекеме көпке бармай облыстарда аудандарда әкімшілік
құрылып, ауданның 1 –ші әкімі болып 1992 жылы Аманбек
Түсіпханұлы Әбдіханов тағайындалды. Ағадыр ауданының
ХХҮ партсъезд совхозының директоры болып қызмет атқарған
Аманбек Түсіпханұлы ауылшаруашылығын дамытуға көп
көңіл бөлді. Заманның талабына қарай совхоздар мен мекемелер таратылып, шаруа қожалықтар құрыла басталды. Мал
үлеске тиіп таратылды. Осы уақытта аудандық мәслихат
құрылып, мәслихаттың хатшысы болып Хамит Нұрланұлы
Омаров тағайындалды. Қиын кезең басталды. Бардың жоққа
айналған шағы, мекемелер тарап, жұмыссыздар көбейді. Мен
зейнетақы қорының бөлім басшысы болып жұмыс істеймін.
1997 жылдың күзінде А. Әдіханов Абай ауданына әкім болып
ауысып, орнына 1-ші орынбасары Серік Жаманқұлұлы Шайдаров әкім болып тағайындалды. Бір ай өткен шамасында демалыс күні палуан Мұхамеджанның мерейтойда Секеңмен
кездесіп, қал-жағдайды сұрасып қалдық. Түстен кейін демалыс
күніне қарамай әкімшіліктен шақырту алып, Секеңе келдім.
Секең заманның қиын кезеңін айтып, бірге жұмыс жасауды
ұсынды. Ертеңі 2 қазан күні мен 1-ші орынбасар, Іслям
Жақанов орынбасар болып жұмысқа кірістік.
Не нәрсенің де қатқа айналған кезі.
Барлығы көз алдымызда өтіп жатыр.
Елдің көбі жұмыссыз. Ер азаматтар
жұмыссыз болғаннан кейін үйдегі
тұрмыстың жай-күйі белгілі. Барға қанағат, жоққа салауат
айтқан шақ. Әйелдердің көбі сауда саттықпен айналыса бастады. Ауданымыздағы алғашқы саудагерлер жұмысқа шыға
бастады. Бүгінгі белді кәсіпкерлеріміз Кәржас-Сақы, Серік Тойынбаев, Рабани сол қиындықты өткерген жандар. Қаржының
тапшылығынан елдің жарыққа қарызы өте көп болды. Елдің
берешегі 2008-2010 жылдары өтеліп бітті. Осы кезеңде жарық
беруге ЖРС мекемесінің басшысы С.Ордабаевтың еңбегі зор.
Жылу беретін қазандықтарға отын, көмір тапшылығы етек
алды. Күн көріс көзі зейнетақы мен жәрдемақыға тірелген
кез. Оның өзі уақытылы берілмей кешігіп, аналар ренішін тудырды. Осы қиын жағдайды қалыпқа келтіру үшін сол кездегі
бірінші басшы мен аппараты, мекеме басшылары аянбай еңбек
етті. Халықты ұйымдастырып, қиындықты еңсеруге жол
тапты. Бюджеттің қаражаты болмаса да басшының
ұйымдастыруының арқасында жоқтан бар құралып, жолдар
жүйеге келіп, кәсіпкерлік дамып, ауданымыз алдыңғы қатардан
орын алды. Он жыл ауданымызға еңбек сіңіріп, Серік Шайдаров Нұра ауданына әкім болып тағайындалып, ауданды
мәслихат хатшысы Хамит Нұрланұлы Омаров басқарды.
Хамит Нұрланұлы ауданымыздың
тазалығы мен
көгалдандыруына көп көңіл бөлді. Жаңа нысандар мен ескерткіштер жасалынып, ауданымыздың ажары ашыла түсті.
Ауданымыздың 80 жылдық мерейтойы биік дәрежеде өтіп, ел
есінде қалды. Х.Н.Омаров облысқа жұмыс бабымен ауысып,
аудан басшысы болып Сәкен Жайлаубайұлы Оспанов
тағайындалды. Ауылшаруашылығын дамытуға үлес қосқан
басшы малдардың асылдануына көп көңіл бөлді. Ақтоғай
ауданының әкімі болған Ғабдырахман Игілікұлы Омаров ел
тізгінін ұстап, тәжірибесінің арқасында біраз жұмыстардың
жандануына ат салысты. Ауданымызда құрылыс саласы
қарқынды дамып, тұрғын үйлер бой көтерді. Зейнеткерлікке
шыққан Бейбіт Байбосынұлы Қасеновтың орнына Юржан
Асанұлы Бекқожин сайланды. Юржан Асанұлы ауданымыздың
ауылшаруашылығы саласының дамуына үлес қосып, ауданымыздан облыс әкімшілігіне ауылшаруашылық басқармасына
басшы болып көтеріліп кетті. Ауданымыздың өркендеуі жолында еңбек еткен Ғабдырахман Игілікұлы денсаулығына байланысты басшылықтан босап, аудан басшысы болып
ауданымызда еңбек еткен Юржан Асанұлы Бекқожин
тағайындалды. Аудан халқымен бұрыннан таныс басшы қай
сала болмасын жанданып, үнемі алдыңғы сапта болуды межеге
алды. Бүгінгі күні ауданымыздың кескін-келбеті өзгеше.
Қаншама қиындықтарды еңсерген ауданымыз жаңарып, жасарып, жайнап келеді. Аудан тұрғындарының әл-ауқатының
жақсы екендігі соңғы жылдары бой көтеріп жатқан тұрғын
үйлер аңғартқандай. Қойнауы малға толған Жаңаарқамызда
ауылшаруашылық саласы да жақсы дамып келеді.
-Біраз тарихтан сыр шерттіңіз, отбасыңыз жайлы
айтсаңыз?
-Әкем мен анам жайлы айттым. Жалпы біздің отбасының
балаларының көбі әке жолын қуып, темір жол саласының
мамандығын таңдаған. Бірге туған бауырларым жайлы айтсам
Дәулет ағам Қарағанды қаласының Совет ауданының комсомол комитетінің 1-хатшысы, облыстық қаржы бақылау
мекемесінің басшысы, Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары, Октябрь ауданының әкімі қызметтерін атқарған, еңбек
демалысында, Мұрат деген сыңарым болған, кішкентай кезінде шетінепті,
бүгінде арамызда жоқ. Мақпал мединституттың түлегі, Сұрыптау бекетінде бас есепші болып
еңбек еткен, Қабдыраш - темір жол саласында инженер-технолог, сыңары Сәуле - медицина саласында қызмет атқарған, зейнеткер, Қарлығаш - Нұр-Сұлтан қаласының тауарлар мен
көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздіктерін
бақылау басқармасында бөлім басшысы, Алма - қаржыгер,
жеке кәсіппен айналысады, Бауыржан - Қарағанды облысының
экс-әкімі, Сандуғаш - темір жол саласында бас маман,
Марғұлан - қара шаңырақтың иесі, теміржолшы, бүгінгі күні
Қарағанды қаласында анаммен бірге тұрады, жеке кәсіппен айналысады.
Өз отбасыма келсем жарым - Бәтима Сапарқызы екеуміз 4
бала тәрбиелеп, немере-жиен сүйген ата-әжеміз. Нұргүл зейнетақы төлеу орталығында маман, Дидар - “КазТрансОйл”
мекемесінде есепші, Ләйлә - “Қазақстан Темір жолы” мекемесінде бас маман, Мадияр - “КазТрансОйл” мекемесінде оператор. Келінім - Аяулым –жеке кәсіпкер, халықаралық
балаларды дамыту орталығының жетекшісі.
-Ауданымыздың мерейтойы мен тұспа-тұс келген қызыл
сұңқар ақын Сәкен бабамыздың 125 жылдығын атап
өтпекпіз. Дайындық қалай?
-Сәкеннің тойы елдің тойы. Ол үлкен дайындықпен аталып
өтетін той. Ақынның тойына алыс-жақын жерлерден
қонақтар келеді деп күтілуде. Ауданымыз Сәкеннің әр мерейтойын абыройлы атқарып келеді ғой. Бұл жылы да үлкен
дәрежеде өтетініне сенім зор. Ауданымызда тойға дайындық
жасалынып жатыр. Көшенің көріктенуі, жолдардың жасалынып, төсемтастар төселуі, апта сайынғы таза бейсенбілік пен
сенбілік тойға дайындықтың бастауы. Аудан азаматтары бар
да, ел ағалары мен намысты қыз-жігіттер барда той өз
дәрежесінде өтеді деген ойдамын. Тойға бәріміз бір кісідей атсалысып, жер ұйығы Жаңаарқаның қонақжайлылығы мен
мәдениетін көрсетуіміз керек. Оған бәріміз міндеттіміз.
-Әсерлі әңгімеңізге рахмет. Алдағы тойды абыройлы
атқарайық.
Салтанат АМАнқызы
№37_Жанаарка газеті 02.08.2019 17:31 Страница 4
4
қАзАқША ОқИМыз, LATYNShA JAZAMYZ
ıV тарау
БІРГЕ ЖАзылАТын СӨзДЕР
ЕМлЕСІ
§30. Екі түбірден құралған бір ғана зат пен ұғым атауы
бірге жазылады: kókónis, shekara, jertóle, baǵdarsham, beınebaıan, sýsabyn, kereńqulaq (өс.),
ıtsandyq (өс.), kelteshash (өс.).
§31.Екінші сыңары -lyq (-lik, -dyq, -dik, -tyq, -tik) қосымшасымен келген қоғамдық,
әлеуметтік лексика, -ar (-er) қосымшасымен келетін әдет-ғұрып, кәде атаулары, -lar (-ler, -dar,
-der, -tar, -ter) қосымшасымен келетін ботаникалық, зоологиялық атаулар, -qysh (-kish, -ǵysh,
-gish)қосымшасымен келетін құрал-сайман және техника атаулары, -ty (-ti, -dy, -di), -pa (-pe,
-ba, -be, -ma, -me), -ys (-is, -s), -ǵy (-gi, -qy, -q) қосымшасымен келетін лексикаланған тұрақты
тіркестер мен зат атаулары бірге жазылады: ortaazıalyq, jerjúzilik, arampıǵyldyq, búkilálemdik,
jalpyhalyqtyq, birrettik; aýyzashar, atqaminer; ashatuıaqtylar, balyqqorektiler, jalańkózdiler,
aǵashkemirgishter; kespekeskish, sabynsalǵysh, órtsóndirgish; sharýabasty, nemketti, súıkeısaldy;
alypqashpa, baýkespe, janbaǵys, kireberis, kúnkóris; aýaqyzdyrǵy, aýasúzgi, bórioınaq.
§32.Ásire, bir, kóp, jalpy, бей және avan, avıa, avto, agro, antı, aero, gıdro, gıper, eýro, ızo, ınfra,
kıno, mega, mını, radıo, tele, trans, últra, foto, elektr сияқты сөзалды сыңарларымен, сондай-ақ
beı қосымшасымен келген атаулар бірге жазылады: ásiresolshyl; birqalypty, birmándi; kópmándi,
kópmúshe; jalpyulttyq, jalpymemlekettik; beıkúná, beıhabar; avansahna; avıamektep; avtojol;
agrokeshen; antıdene; aeroshana; gıdrobeket; gıperbelsendi; еýrosport; ızosyzyq; ınfraqurylym;
kınoqondyrǵy; megajoba; mınıjoba; radıobaılanys; telearna; transshekara; últradybys; fotosýret;
elektrsúzgi.
§33.Екінші сыңары aralyq, qumar, jandy, taný, tanym, jaı, hat, aqy, ishilik, symaq сияқты
сөздермен келген атаулар бірге жазылады: halyqaralyq; ataqqumar; ultjandy; jaratylystaný;
tiltanym; jylyjaı; ashyqhat (ashyqhatsyılaý); zeınetaqy; mekemeishilik; ákimsymaq. Бірақ
анықтауыштық қатынас сақталған күрделі сөздер бөлек жазылады: ashyq hat, qyzmettik hat.
латын қарпімен жазып дағдыланды
30 шілде күні бөлім әдіскері "Latyn qarpinde jazyp daǵdylanamyz" атты кезекті тренингсабағын "Жаңаарқа-Жылу" мекемесінде өткізді.
Сабақ латын әліпбиіне көшу ісінің маңыздылығын айтумен басталды. Әрі қарай жаңа
емленің құрылымы, жаңалығы, ұтымдылығын айтумен жалғасын тапты. Әр ережені меңгерту
мақсатында түрлі тапсырмалар орындалды. Қатысушылар үшін оқу емес, жазу жағдысы
қиындық келтірді. Сабақ соңында қатысушылар жаңа емле ережесімен таныстырып, жазу
дағдысын қалыптастыру мақсатында сабақ өткізгендігі үшін әдіскерге алғыстарын білдірді.
Бүгін, тамыз айының алғашқы күні "Latyn qarpinde jazyp daǵdylanamyz" тренингі демалыс
саябақтары және стадионды басқару мекемесінің ұжымында өтті. Жаңа әліпбимен орындалатын тапсырмаларды сүрінбей орындап, әр ережені мұқият тыңдап, ережеге сай сөздерді
жазуда бұл ұжымның қызметкерлері белсенділік танытты. "Қандай әріптер оқуда қиындық
тудырады?" деген сұраққа аудитория "и, у, ш әріптері", - деп жауап берді.
Алдағы уақытта бұл жұмыстар жыл соңына дейін жүргізіліп отырады.
Жаңа реформа жаңа тыныс сыйлауда
Жаңа әліпбиге қадам басамыз дегеннен бері Қарағанды облысының аудан, қалаларының
мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдеріне қазақ жазуын латын графикасына көшіруге жауапты маман-әдіскерлер алынды. Қазіргі уақытта Қарағанды облысының тілдерді дамыту
жөніндегі басқармасының Ресурстық тіл орталығы мамандары тарапынан аталған бағытта
әдістемелік көмек көрсетіліп, жұмыс жандануда.
Көптеген ісшаралар облыстан бастау алып, 2018 жылдан бері ауданымызда қарқынды түрде
іске асып жатыр. Жаңа емле ережесін таныстыру мақсатында латын қарпінде жазуға
дағдыландыру, латын әліпбиінде оқуға үйрету жұмыстары жүргізіліп, тренинг сабақтар
өткізіліп келеді. Барлық ісшаралар мен тренингтер жылдық жоспарға сәйкес жыл соңына
дейін жүргізіліп отырады.
Маман-әдіскерлер үшін біліктілікті арттыру мәселесі де шешімін тауып отыр. Осыған орай,
ресурстық орталық мамандарымен қатар біз де ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық
орталығының ұйымдастыруымен Нұр-Сұлтан қаласында өткен 10 күндік оқуда жаңа
әліпбидің жаңалығы, ұтымды тұстары мен кемшілігі, сабақ өткізуде қолданылатын әдістәсілдер жайында біраз маңызды ақпараттармен сусындап қайттық.
Бұл оқудың бізге берген пайдасы – латын әліпбиіне көшу жұмыстарының басы-қасында
жүрген тіл жанашырларының өзінен тікелей дәріс алдық. Біз үшін бұлыңғыр болған
тақырыптардың басы ашылды.
Тіл мәселесіне келгенде біз бір дүниені ұмыт қалдырған екенбіз. Таразының бір жағы орфография (емле) болса, екінші жағында орфоэпия (сөздің дұрыс айтылуы) тұратыны назардан
тыс қалған екен. Жазба тілі қалай дамыса, ауызша тіл де одан кем дамымауға тиіс. «Ауызша
тіл» деген ұғымға жатсына қарауларыңыз мүмкін, бірақ орфоэпия проблемалары осы
ұғыммен ғана кеңірек ашыла түседі. Ақерке, Ақнұр, уақыт, көбелек, Назқоңырлардың
[Ағерке, Ағнұр, ұуақыт, көбөлөк, Назғоңыр] болатынын оқушыға үйретпестен қапыда
қалдырып кетіппіз. Сауатты жазу бір бөлек, сауатты айту – бір бөлек дүние. Ақын [өлең]
оқымайды, ол [өлөң] оқуға тиісті, балалар [өзенге] шомылмайды, олар [өзөнге] шомылғаны
дұрыс.
Байқайсыз ба, тіл мамандары болсақ та, орфоэпия заңдылықтарына сүйеніп сөйлеуге өзіміз
де шорқақпыз. Алайда қазақ жазуын латын әліпбиіне көшіру үдерісінде оң-солымызды
түгендеп, осындай дүниелер қолға алынып жатқаны көңіл қуантады. Екі ұшты ойлар, басы
артық әріптер, екі түрлі нұсқада қолданылатын ережелердің біріздендірілетіні – жаңа
реформаның жетістігі. Жаңа әліпбидің жаңалығы туралы әлі де жазылар дүние көп. Латын
әліпбиімен тынысымыз тарылмайды деген сенімдемін.
ЖАҢА ӘлІПБИДІ МЕҢГЕРЕйІК
Базарға, қарап тұрсам,
әркім барар
қырда
Күңіреніп қырда отырып көкірек кернеп,
Ән салдым домбыра алып ырғап, тербеп.
Аузымнан өлеңімді қағып алып,
Ызыңдап кетті жаттап асау жел кеп.
Асау жел саулап жаттап кетті сарнап,
Аралап Сарыарқаны кезіп-шарлап.
Ән салдым қырда отырып көкірек кернеп.
Кім білсе желдің тілін соған арнап.
Сәкен СЕйфуллИн
Qyrda
Kúńirenip qyrda otyryp kókirek kernep,
Án saldym dombyra alyp yrǵap, terbep.
Aýzymnan óleńimdi qaǵyp alyp,
Yzyńdap ketti jattap asaý jel kep.
Asaý jel saýlap jattap ketti sarnap,
Aralap Saryarqany kezip-sharlap.
Án saldym qyrda otyryp kókirek kernep.
Kim bilse jeldiń tilin soǵan arnap.
Sáken SeıfýLLıN
Bazarǵa, qarap tursam,
árkim barar
Базарға, қарап тұрсам, әркім барар,
Іздегені не болса, сол табылар.
Біреу астық алады, біреу маржан,
Әркімге бірдей нәрсе бермес базар
Bazarǵa, qarap tursam, árkim barar,
İzdegeni ne bolsa, sol tabylar.
Bireý astyq alady, bireý marjan,
Árkimge birdeı nárse bermes bazar
Сөзді ұғар осы күнде кісі бар ма?
Демеймін жалпақ жұртқа бірдей жағар.
Жазған соң жерде қалмас тесік моншақ,
Біреуден біреу алып, елге тарар.
Sózdi uǵar osy kúnde kisi bar ma?
Demeımin jalpaq jurtqa birdeı jaǵar.
Jazǵan soń jerde qalmas tesik monshaq,
Bireýden bireý alyp, elge tarar.
Әркімнің өзі іздеген нәрсесі бар,
Сомалап ақшасына сонан алар.
Біреу ұқпас бұл сөзді, біреу ұғар,
Бағасын пайым қылмай аң-таң қалар.
Бір кісі емес жазғаным, жалпақ жұрт қой,
Шамданбай-ақ, шырақтар, ұқсаң жарар.
"Ит маржанды не қылсын" деген сөз бар,
Сәулесі бар жігіттер бір ойланар.
Абай құнАнБАйұлы
Árkimniń ózi izdegen nársesi bar,
Somalap aqshasyna sonan alar.
Bireý uqpas bul sózdi, bireý uǵar,
Baǵasyn paıym qylmaı ań-tań qalar.
Bir kisi emes jazǵanym, jalpaq jurt qoı,
Shamdanbaı-aq, shyraqtar, uqsań jarar.
"It marjandy ne qylsyn" degen sóz bar,
Sáýlesi bar jigitter bir oılanar
Abaı QuNANBAıuLY
Әсия РыШКЕн,
«Жаңаарқа ауданының мәдениет және тілдерді дамыту
бөлімі» ММ-нің латын графикасына көшу ісі бойынша әдіскері
Өрттен сақтануды естен шығармайық
Ауданда жем-шөп дайындау қарқын алды. Пішеншілер
әрбір ашық күнді тиімді пайдаланып, жем шөптің берік
қорын жасауға жұмылған.
Шөпті жинап алу – ауылшаруашылық құрылымдары басшылары мен механизаторлардың негізгі міндеттері. Бірақ бұны
іске асыру оңай емес, жыл сайын ауа райы жағдайы, не өрт сияқты
әр түрлі себептер едәуір шығын келтіруде. Шаруашылықтар осы жем-шөпті
қабылдап оны сақтауға шөп үйетін орындардың, жағдайын тексеріп, басшылары биылғы ірі
сабақты шөпті өрттен сақтауды қамтамассыз ету қажет.
Шөп үйетін және сақтайтын алаңдар мен орындардың өткен жылғы қалдықтарын тазалау
керек. Аудан шаруашылықтарының шөп үйетін және сақтайтын орындарымен мен
алаңдарын өрт сөндіретін су қорымен қамтамасыз ету керек. Шөп алаңдары мен орындарында найзағай тұтқыш болу керек. Ауылшаруашылық құрылым басшыларына техниканы
дайындау, жанар –жағармайдың қажетті қорын жасау тәрізді проблемалар жетерлік, бірақ
солармен қатар шөп шабу кезінде өрт қауіпсіздік мәселесі де назарда тұр. Отты абайсыз пайдалану орны толмас шығындарға әкеліп соғады.
3 тамыз 2019 жыл
Өрт - тілсіз жау
Шөп алқаптары өрт кауіптілігі жанғыш материалдардың көптігімен және өрттің тез
таралатындығымен сипатталады. Шөп шабу кезінде машина тракторлардың ақаулығы,
ұшқын өшіргіштердің қойылмауы - өрттің шығуына себепкер. Шөп шабуға жұмылдырылған
жұмысшылардың темекі тартқанда абай болмауынан да өрттер жиі туындайды.
Шөпті өрттен сақтап қалу үшін төмендегідей қауіпсіздік шараларын дайындаңыздар: агрегаттарды өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етіңіздер: 2 өрт сөндіргіш құрал, 2 күрек,
1,5х1,5 метрлік брезент не киіз; техникаларға тексеріс жүргізіңіздер; далаға шектелетін, тас
жол маңындағы шөп алқаптары ені 4 метрден кем емес жолақпен шеттері шабылып, жыртылсын.
Жинау агрегаттарындағы жанар-жағар майдың ағуын болдырмаңыздар, тракторлардың
ұшқын өшіргіштерінің ақаусыздығын тексеру, оларды тәулігіне кем дегенде 1 рет отыру
керек; тракторларға және басқа да техникаларға капотсыз немесе ашық капотпен жұмыс істеуге болмайды; қозғалтқыштың радиаторындағы шаңдарды, шөптерді тазалау үшін дәнекер
жұмыс істеуге болмайды; шөп алқабында түнгі уақытта техникаларға жанармай құюға болмайды.
Өз тілшімізден
№37_Жанаарка газеті 02.08.2019 17:31 Страница 5
3 тамыз 2019 жыл
қиыннан қиыстыратын адам
5
Жаңаарқаның
қадірлі де
құрметті
ақсақалы
Әбеуов Қайролла
да 80-ге толды.
Қ ұ д а й д ы ң
қалауымен 80-ге
толып
жатқан
а д а м д а р
баршылық болуға
тиісті. Біз оларды
санап жатпаймыз. Бізге керегі 80 жыл жасап, елге, ортасына, Жаңаарқа ауданына ерекше еңбегі сіңген ақсақал. Сол ақсақал біз
әңгіме еткелі отырған - Әбеуов Қайролла.
Басынан бастайық. Жалындаған жастық жігері бар,
арқалаған арманы бар, енді ғана мектеп бітірген
Қайролла тағдырдың қалауымен Петропавл
қаласындағы құрылыс техникумына 1957 жылы
түсіп, 1959 жылы ойдағыдай бітіріп шықты. Осы
қаладан, қалың орыстың ортасында өскен Майра
деген қызды жолықтырып, Жаңаарқаға алып келіп,
үйленіп, сол заманға сәйкес тойын өткізді. Сол,
орыстың арасында өскен Майра, қазір Жаңаарқаның
әдет-ғұрпын бес саусағындай білетін нағыз данагөй
бәйбіше. Қазір оның “Жорға Майра” деген атағы
бар.
Майра 4 ұл, 5 қыз туып, отағасы Қайролла екеуі
тәрбиелеп, өсіріп, оларды аяқтандырып, әр қайсысын
үй қылды. Олар 31 немере, 16 шөбере көріп отыр.
Майра мен Қайролланың қосылғанына биылғы жылы 60
жыл болады. Екеуінің де жасы 80-ге толады.
Сондықтан да олардың мерейлі тойлары бүкіл
Жаңаарқаның тойы деуге болады. Енді Әбеуов Қайролланың
өзіне келейік. Қақаң оқу бітіріп келген соң әр түрлі мекемелерде прораб болып қызмет жасады. Жастық жігері бар
Қайролла, қай жұмысқа барсын іскерлігін көрсетті.
Ол кісінің іскерлігін байқаған сол кездегі партия басшылары Қақаңды қиын жұмыстарға салды. Жол мекемелерінде
істегенде Қарағанды-Жаңаарқа автомобиль трассасын
жасауға Әбеуов Қайролланың іскерлігі ерекше көрінді.
Жаңаарқа -Ағадыр, Ақтау, Қызылтау және Сәкен Сейфуллин ауылына тартылған жолдар - осының барлығы осы
кісінің тікелей басшылығымен, іскерлігімен жасалынған
дүниелер еді. Кейін Ертіс-Канал мекемесі Жаңаарқаға келгенде Әбеуов Қайролла осы мекеменің басшысының орынбасары болып қызмет атқарды. Бұл мекеменің
Жаңаарқаға-Атасуға қаншама үй салғанын біз жақсы білеміз.
Яғни, бұл жұмыста да Әбеуов Қайролланың іскерлігінің
үлесі бар деген сөз.
Кейін Қайролла комхозда бастық болып істегенде ерекше
іскерлігінің көрсетті. Осы кезде ол кісіге "қиыннан
қиыстыратын, жоқтан бар жасайтын іскер адам" деген
атақтар айтыла бастады. Шындығында Қақаң айналдырған
2-3 жылда ешқандай үкіметтен қаржы алмай, тек қана
комхоздың табысына 30 шақты үй салды. Бұл үйлер қазір
Атасу кентінің бір ауданын алып жатыр. Қақаң туралы бұл
әңгімелерді мен бұрыннан білетін едім. Бірақ бұл кісімен
бірге жұмыстас болмағандықтан Қақаңның іскерлігін өз
Қазір жаз мезгілі. Ал жаздың сәні – суға түсу.
Күннің ыстығында бір сергіп, суға шомылған
жақсы-ақ! Барлық жерде суға түсу маусымы
қызып тұр. Алайда, суға түсудің соңы қайғылы
жағдайға душар ететінін қаперден шығармау керек. Отбасы,
дос-жаранмен бас қосып, бой сергітіп, суға сүңгуге асыққан
халық таң атысымен теңіз жағалауына қарай ағылады.
Әсіресе, суда өзін балықтай сезінетін әккі сүңгуірлер мен
теңіздің асау толқынына қарсы құлаштап жүзіп, күлкіқызыққа қарқ болатын балаларда шек болмайды. Суда жүзу,
күнге қыздырынып, жағажайда демалу әрине адам
денсаулығына пайдасы зор. Дегенмен демалыста сақтық әрі
қауіпсіздік талаптарын ескеру аса қажет-ақ. Суда жүзу барысында жағалауда демалушы халық басты қағидаттарды қатаң
қадағалауы тиіс. Мәселен, шомылатын теңіз аумағының
тазалығы мен тереңдігін мұқият тексеру, қоршау белгілерінен
тысқары аумаққа жүзбеу, техникалық ескерту белгілерінің
үстіне шықпау, ең бастысы мазасыз, қалжыраңқы, мас
күйінде немесе суға тойып түспеу қажеттігін назарда ұстаған
жөн. Әсіресе, жастар қызықтың буымен жарыса жүзіп,
жағажайдан тым алыстап кеткенін де байқамай жатады.
Осындай салғырттық салдарынан су иіріміне тап болып,
төтенше жағдай, тіпті адам өлімі болады.
Теңіздің күйін болжап болмайды. Су беті таяз, қауіпсіз
көрінгенімен түбі терең иірім болуы мүмкін. Жүзе алмайтын
жандар міндетті түрде құтқару күртешесін киіп, белден
жоғары аумаққа бармауы тиіс. Судағы қауіпсіздік ережелері:
суға абайлап кіріңіз, денеңіздің суға бейімделуіне мүмкіндік
беріңіз; өзіңізді қалтырауға дейін жеткізбей, 10-15 минутқа
дейін ғана шомылыңыз; аяқ-қолыңыз тартылған жағдайда
сасқалақтамаңыз, су бетінде қалуға тырысыңыз және көмекке
шақырыңыз; жүзе білмесеңіз, белден жоғары тереңдікке
бармаңыз; суға жалғыз шомылмауға тырысыңыз; мас күйде
суға шомылуға болмайды; ағысқа түсіп кеткен жағдайда
көзіммен көрген жоқ едім. Оның да сәті түсті. 2013 жылы
зейнетке шыққан азаматтар басымызды қосып "ардагерлер
ұйымын қайта жандандырсақ қайтеді" деген мәселе
көтердік. Жолдастар маған қолқа салды: "Қолыңнаң келеді ,
сосын осыған кіріс"-деді олар.
Ол кезде ардагерлер ұйымына Ыдырыс, одан кейін Отаншыл ағаларымыз ие болып жүретін. Аты бар да, заты жоқ
ұйым болатын. Сол кездегі әкім Ғабдырахман Омаровпен
және әкім орынбасары Марат Жандәулетовпен келісіп,
Отекең марқұм жұмысын беретін болды.
Сол кездерде жиналыстарға Қақаң келіп жүретін. Мен ойланып: "Менің қолымнан келе қоймас, осы жұмысты
Қайроллаға берейін",-деген қорытындыға келдім. Әкімдерге
айтып едім, олар таң қалды. "Кеше ғана келісіп едік қой,
мұныңыз қалай?",-деді олар. Мен оларға: "Осы кісінің
қолынан келеді, менің қолымнан келе қоймас",-дедім. Сонымен жиналыс өтіп, Әбеуов Қайролланы ардагерлер
ұйымының төрағасы етіп сайладық. Қақаң маған: "Сен
қағаздарға ие бола бер, қалғанын өзім істеймін",-деді. Сонымен қызық майдан басталып кетті. Ардагерлер ұйымы
"Нұротанның" бір бөлмесінде кірме болып отырған еді. Ардагерлерге кемінде екі бөлмелі офис керек болды. Біреуінде
кабинет ретінде отырсақ, екіншісі үлкендеу, ардагерлер келіп
демалатын, әртүрлі ойындар ойнайтын бөлме болуы керек.
Мәселені шешу оңай болған жоқ. Конфликт те болды. Дауласу, ренжісу де болды. Қақаң неше түрлі тәсіл қолданып,
ақыры ойлаған нәрсесін орындады. Жоқтан бар жасап,
қазіргі ардагерлер үйін жасады. Не қаражаты жоқ, не
материалдық базасы жоқ, үйі-күйі жоқ, мебельдері жоқ ардагерлер бәріне ие болып шыға келді. "Жоқтан бар жасады"
деген
осы
шығар. Қазір
ардагерлер
үйінде қазіргі
заманға сай жиһаз, компьютер, теледидар,
телефон бәрі бар. Ардагерлер күнде
келіп, демалып, ойындар ойнап, бір-бірімен әңгімелеседі. Әрине, бұл жағдай
әкімшіліктің көмегінің арқасында болды.
Сол кездегі әкімдермен тіл табыса білуі Әбеуов Қайролланың іскерлігі еді.
Сондықтан бұрыңғы аудан әкімі
Ғабдырахман Омаровқа, әкімнің орынбасары болған Марат Жандәулетовке,
қазіргі “Жаңаарқа жылудың” басшысы
Мейіржан
Әбілдиновке
Әбеуов
Қайролламен тіл табыса отырып, ардагерлер үйін жасауға ат салысқаны үшін - біз
ардагерлер алғыс айтамыз. Сонымен
Әбеуов Қайролланың іскерлігін мен өз
көзіммен көрдім. Ол кісінің тағы бір іскерлігіне мен куәгер болдым. Жалғыз мен
емес, оның бұл іскерлігін бүкіл Жаңаарқа,
Қарағанды облысының ардагерлері өз
көздерімен көрді. Бұл былай болған еді.
Қайролла өзі белсенділік жасап,
Қарағанды облысы ардагерлерінің семинар-кеңесін Жаңаарқада жасаймын деп
кірісіп кетті. Ешқандай қаражаты жоқ, не
істер екен деп мен жүрмін. Сөйлесетін
адамдармен сөйлесіп, демеушілер тауып,
қаражаттар, сойысқа мал да тапты. Сөйтіп, семинарды тамаша қылып өткізді. Облыс ардагерлері риза болып, мақтап
кетті. Осы жұмыстарды ұйымдастырып жүргенде әсіресе демеушілер іздегенде Қақаң мені бірге ертіп жүретін. "Саған
келешекте керек болады, үйрене бер",- дейтін маған. Ол
кісінің демеушілермен сөйлескендегі шеберлігіне осы
уақытқа дейін мен таң қалам. Сөйлесіп отырған адамның
психологиясын ол өте жақсы білетін. Демеушінің қай
жағынан қалай келу керектігін нақты білетін. Сөйлесіп
отырған адамы демеушілікке қалай көніп қалғанын байқамай
қалатын. Бұның бәрі Қақаңның шеберлігі, іскерлігі еді. Кейін
мен де Қақаң сияқты демеушілер іздеп көрдім. Бірақ
қолымнан түк те келмеді. Демеуші іздеп тауып, оны көндіру
оңай жұмыс емес екенін ұқтым. Ол үшін Қақаңдай қабілетті
болу керек екен.
Сонымен, Қайролла Әбеуов екі жыл бұрқыратып жұмыс
істеді де, ардагерлер үйін қалыптастырған соң төрағалығын
маған тапсырды да біржола демалуға кетті. Қазір үйінде,
бала-шағасын қызықтап өмір сүріп жатыр. Көкірегі ояу
ақсақал ғой. Көп нәрсені біледі. Жаңаарқа төңірегінде ерте
болған би-шешендердің сөздердін 80-ге келсе де әлі жатқа
айтады. Сөйтіп, осы абыздығымен кейінгі жастарға үлгіөнеге көрсетеді.
Қақаң мен Майра осы жылдың 10 тамызында 80
жылдығын тойламақшы. Демеушіні оп-оңай табатын Қақаң
бұл тойына демеушілер іздемейтіні анық. Өйткені, бұл
жолғы демеушілері балалары ғой! Той құтты болсын!
Ғалым ТӨТЕйұлы,
аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы
Суда абай болыңыз
жатыр!»,- деп айғайлап аудару қажет.
Әрқашанда суға батушыны құтқаруға ересек
адам табылады.
Суға батушыны құтқару кезіндегі үш тәсіл:
қолтығынан ұстап сүйреу: құтқарушы суға батушыны қол
астынан ұстап, шалқасынан жүзе отырып сүйреп шығарады.
Шашынан сүйреу: суға батушыны бір қолмен шашынан немесе жағасынан ұстап, басын су бетінде ұстауға тырысып,
кез келген тәсілмен жүзу. Шынтағынан жоғары ұстап сүйреу:
Суға батушының артынан екі қолынан ұстап артқа қарай
тартып, өзі сол (оң) қолын оның қолының астынан арқасына
өткізіп, басқа қолынан шынтағынан жоғары ұстап, бір
қырымен жүзу. Есте сақтаңыз! Зардап шегушінің өмірін
тыныс алуы тоқтағаннан кейін 6 минуттан кешіктірмей
қайтаруға болады.
Зардап шегушіні судан шығарғаннан кейін басын қисайта
бұрып аузын құмнан, лайдан тазартыңыз. Осы әрекеттерге 15
секундтан артық уақыт кетпеуі тиіс. Зардап шегушінің дем
алуын және тамыр соғысын анықтаңыз. Бұлар байқалмаған
жағдайда ауызбен дем алдыру қажет. Мойын астына киімді
орап төсеп, басын барынша шалқайту керек. Мұрынын
қысып тұрып, құтқарушы терең дем алып, зардап шегушінің
аузына дем береді. Үрлеу жиілігі минутына 18-20 рет болуы
керек. Жасанды тыныс берумен бір мезгілде жүрек сыртынан
массаж жасауға болады. Төссүйектің жоғарғы үштен бір
бөлігіне алақандарын айқастыра қойып минутына 70 рет жиілікпен басады (5 рет басқанда 1 рет ауа үрлеу).
Егер зардап шегушіде жүрек соғысы мен өздігінен тыныс
алу пайда болса, оған ес кірді, яғни сіздің әрекетіңіз босқа
кеткен жоқ. Жүрек соғысы мен өздігінен тыныс алу пайда
болғаннан кейін бірден құтқарылған адамды қайтадан ішіне
аударып жатқызу керек және суды шығаруға тырысу қажет.
Өз тілшімізден
Суға түсу кезінде абай болған жөн
ағысқа қарсы жүзбеңіздер, ағынды жағаға жақындауға
пайдаланыңыздар; иірімге түсіп кетсеңіз, үрейге бой
алдырмаңыз, терең дем алып, су астына сүңігіңіз де, ағыспен
су бетіне шығыңыз; суда тентектікке жол бермеңіз. Апат туралы жалған дабыл бермеңіздер. Бір-бірлеріңізден көз жазып
қалмаңыздар; қыздырылған күйі суға кіруге және тамақ іше
салып суға түсуге болмайды; егер өзіңізді нашар сезінсеңіз,
суға шомылуды дереу тоқтатыңыз; үлкен толқындар кезінде
шомылмаңыздар және таныс емес орындарда суға
секірмеңіздер. Қайықтан, айлақтан және басқа су
құрылыстарынан сүңгімеңіздер; жағажай жағалауларымен
айдындарын ластамаңыздар. Өзіңізбен үй жануарларын
әкелмеңіз; шомылғанда автокөлік доңғалағы камерасың,
тақташаны, допты, үрлемелі матрасты т.б. қолданбаңыздар.
Кез келген затты жүзу құралдары ретінде тыйым салынады.
Сондай-ақ, иесіз және техникалық ақаулы қайықтарды
пайдалануға, құтқару және су төгетін құралдарсыз жүзуге
шығуға, жүзу құралдарын жолаушылар сыйымдылығы мен
жүк көтерімділігінен артық жүктеуге, ішімдік ішкен күйде
серуендеуге, ересектердің қарауынсыз 14 жасқа дейінгі
балалардың жеке серуендеуіне, қайықтың борттарында және
алдыңғы герметикалық бөлігінде отыруға, жүзіп келе
жатқанда орын ауыстыруға, сондай-ақ бір қайықтан екінші
қайыққа ауысуға, қайықтан, катамараннан және т.б. тікелей
суға түсуге, жүзу құралдарымен моторлы кемелерге
жақындауға, түнгі уақытта жүзу құрадарын пайдалануға
тыйым салынады.
Суға батушыға алғашқы көмек көрсету бойынша
ұсыныстар: суға батып бара жатқан адамды көре салысымен
бірінші айналадағылардың назарын: «Адам батып бара
№37_Жанаарка газеті 02.08.2019 17:31 Страница 6
3 тамыз 2019 жыл
6
Дүниедегі
ма ма н д ы қ
атаулының
төресі
–
ұстаздық. Әсілі,
мұғалім барлық
мамандық иесін
тәрбиелейтін,
оқытып үйрететін
мейірімді абзал
жандар. «Мұғалім
мамандығы
–
б а р л ы қ
мамандықтың
анасы» демекші, ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ.
Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер
шамшырақ секілді. Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған
батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір
балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып
терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен
ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған.
Сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы
құрметпен бас иеді.
Мен өзім бірнеше жыл білім беру ісімен шыңдалған, талай
шәкірттерді түлеткен, бар білімім мен күш-қайратымды
болашақ ұрпаққа арнаған, бүгінде зейнет демалысындағы ардагер ұстазбын. Осы қиын да қызғылықты жолымда талай
мамандармен әріптес болдым. Қаутай Қасымбеков аға осы
таныс-біліс болған ұстаздардың ішіндегі шоқтығы биік тұлға.
Ол кісінің ұлағатын, білімін, біліктілігін, парасатын тебіренбей еске алу мүмкін емес.
Еңбек жолымды аудан орталығындағы кешкі мектепте дәріс
беруден бастадым. Қаутай аға осы мектептің басшысы болды.
Сондай-ақ, Елшібаев Бақтияр, Ақтомпай аға, Серік
Хамитұлы, Сабыр Хасенұлы, Күлпәш, Махфруза апайлар секілді үлкен тәжірибелі мұғалімдермен қызметтес
болғанымды мақтан етемін. Ұжымда жасы ең кішісі мен болдым.
Алғашқы рет ұстаздық қызметіме кіріскенімде сабақ беру
әдісімді басшылыққа алып, мамандығымды игеруге
атсалысқан ұстазым осы Қаутай аға болды. Кешкі мектеп–
түрлі себеппен орта мектепті дер кезінде бітіре алмаған
адамдарға өндірістен қол үзбестен жалпы орта білім алуға
мүмкіндік беретін оқу орны. Бұл мектептің кәдімгі күндізгі
мектептен айырмашылығы бар, сабақ беру әдісі де басқаша.
Себебі, алдында отыратын оқушылардың жастары, танымтүйсіктері әртүрлі болады.
"Сен сабағыңды қысқаша, мазмұнды, жүйелі етіп, конспект
түрінде жазып, лекция түрінде оқып бер, сонда түсінікті болады",-дейтін Қаутай аға бағыт сілтеп. Осы үлгіде жүргізген
Болашаққа жасалған
жанашырлық
Елбасы
Н.Ә.Назарбаев
Қазақстан халқына арнаған "
Қазақстандықтардың
әлауқатының өсуі табыс пен
тұрмыс сапасын арттыру" атты
Жолдауында жастарды қолдау
мақсатымен "Келесі жылды
"Жастар жылы" деп жариялауды ұсынамын" деген болатын. Кейін, Елбасы 2019 жылды "Жастар жылы" деп
жариялау туралы жарлыққа қол қойды.
Елорда төрінде өткен еңселі басқосу "Жастар жылының"
басталуы, анығында, жастар мен отбасы институтын кешенді қолдаудың бірегей мүмкіндігіне айналды. Себебі,
еліміздің болашағы - жастарға айырықша көңіл бөліп,
"Жастар жылын" қабылдауға ұсыныс білдіруі қоғамның
ауызбірлігін еселеп арттырды. Бүгінгі еліміздің елдігін
айқындап, беделін асқақтатар біздің келешегіміз - белсенді жастар.
Елбасымыз бүгінгінің адамы білімі жетік, жаңа технологияларды меңгерген, жан-жақты болуы тиіс екенін
айтып қана қоймай, біздің сондай тұлға болып
қалыптасуымыз үшін барлық жағдайды жасап жатыр.
Мәселен, шет мемлекеттерде білім алуға ұмтылған жастар "Болашақ" бағдарламасының жемісін көрсе, "Дипломмен - ауылға!", "Жасыл ел", "Жастар тәжірибесі",
"Серпін-2050 жобалары" тағы бар. Бұдан бөлек, жастар
мен жас отбасылардың баспаналы болу мәселесі де мемлекет тарапынан қолдау тапты. Яғни, "Тұрғын үй
құрылыс жинақ банкінің" 2012 жылы қолға алған "Қол
жетімді баспана-2020" мемлекеттік бағдарламасы жүзеге
асырылады.
Біз, жастар, күш-қайратымызды, жастық жігерімізді
Тәуелсіз Қазақстанның дамуына жұмсаймыз. Ұлттық
мүдде қағидасын сақтау мен ұлттық экономиканы көтеру
- басты мақтасымыз.
Ділназ ТЕМІРҒАлИЕвА,
Б.Амалбеков атындағы ЖОББ
мектебінің оқушысы
ұстаздардың ұстазы
алып, мені үйге жеткізіп тастауды бұйыратын. Қолдан келген
қамқорлығын ешқашан аямайтын.
Жасыратыны жоқ, кешкі мектеп оқушыларының
көпшілігінің білімі, тәрбиесі, жеке
басын қадірлеу деңгейі төмен болатын, әрі ата-ана қамқорлығына зәру
балалар да болатын. Әрине, арасында
ақыл тоқтатқан отбасылы жандар,
еңбек адамдары да дәріс алатын. Осы
орайда, шәкірттеріне қамқор болып,
білім мен тәрбиені ұштастырып,
оларды
ұйымшылдыққа,
мәдениеттілікке баулуда Қаутай
ағаның сіңірген еңбегі ұшан-теңіз
болды.
Мектеп
басшысының
парасаттылық жайлы толғаныстары,
тәрбиелік мәні жоғары ұсыныстары
үнемі әріптестерінің арасында қолдау
табатын. Әрі шәкірттерінің де
өмірден өз орнын тауып, өмірлік оң
көзқарастарын қалыптастыруға септігін тигізбей қойған жоқ.
Қаутай ағаны тамырын тереңге
тартқан алып бәйтерекке ұқсатамын.
Себебі, ол пана іздеген адамдардың
барлығын өз құшағына ала білді.
Жапырақтары мұқтаж адамдарға сая
болды.
Қаутай аға мен үшін тұнып тұрған
жақсылықтың,
адалдықтың,
әділдіктің,
парасаттылық
пен
адамгершіліктің белгісі болып қала
береді. Мен осындай ерекше
тұлғамен әріптес болғанымды, ол
кісінің ақыл-кеңесін тыңдағанымды мақтан етемін. Ол кісінің
бойындағы адалдық, кішіпейілділік қасиеттері өз ортасында
беделді, сыйлы ете білді. Қаутай ағамен аз ғана уақыт
қызметтес болсам да, ол кісінің білімі, тағлымы, ақылы әлі
күнге дейін санамда күннің нұрындай жарқырап тұрады.
Өмірінде шен-шекпенге құмарлығы жоқ, атақ-даңққа
ұмтылмаған, марапаттауды күтпейтін, бар өмірін жас ұрпаққа
білім мен тәрбие беруге арнаған Қаутай Қасымбеков артына
осындай із қалдырды.
"Іздемегеннің ізі суыйды" немесе "Өткенсіз бүгін жоқ"
дейді халық нақылы. Осындай ғибратты ғұмыр жасаған,
өнегелі өмір сүрген нар тұлғаларымыздың жақсылығын айту
біздер үшін парыз. Иманы өзіне, жақсылығы ұрпағына дарысын деймін!
Жұмаш қаппарқызы қасентегі,
зейнеткер
сабағым,
шынымен
нәтижелі
болып,
оқушылар ризашылығын
білдірді.
Қаутай аға ісіне
тиянақты,
үлкен
ұйымдастырушылық
қасиетке ие еді. Мейірімділігімен қатар қажет
кезде қаталдығы да болатын. Жаңалыққа жаны
жақын
болатын.
Жалқаулыққа төзбейтін,
өте талапшыл болатын.
Өмірінің соңына дейін
шәкірттерін білім нәрін
сусындатып қана қоймай,
бойындағы
осы
қасиеттерін де сіңіре
білді. Қатар жүрген
әріптестеріне де осы
жақсылықтарын дарыта
білгені сөзсіз. Сабырлы
да салқын жүзі ол кісінің
шындықты бетке айтатын
өткір мінезін білдіріп
тұратын. Ал, бір уақытта
керісінше
ешкімге
ұқсамайтын
әзілқалжыңын айтып, жайдары жүзге енетін.
Қаутай аға үнемі әкелік қамқорлығының танытып, жағдайға
түсіністікпен қараушы еді. Кешкі мектеп болған соң, сабақ
кешкі 19.30-да басталады. Үйде кішкентай бөпем бар, жолдасым спорт мектебінде жаттықтырушы, оның да жұмысы
кеш бітеді. Сабаққа зорға үлгеремін, кей кездері тіпті кешігіп
қаламын. Мұғалімдер бөлмесіне кіргенімде Қаутай аға отырады. Ренжіместен сабырлы қалпында: "Жұмаш, сабағыңа
бара ғой",-дейтін. Мен болсам ұяттан өртеніп, класыма қарай
жүгіре басып кетемін. Осылайша кешігуім жиілеп кетсе
керек, Қаутай аға бір күні: "Жұмаш, сенің уақытты біліп отыратын қол сағат алуға еңбекақың жетпей жүр-ау деймін.
Мен саған тағы 2-3 сағат қостым, ақшаң көп болсын",-демесі
бар ма?! Бұл не деген ақылдылық, жомарттық пен
сабырлылық десеңізші...
Оның үстіне сабақ үнемі кеш бітеді. Қараңғы басқанда үйге
қайту да бір мұң. Осыны білген аға, таныс адамдарды тауып
Сыбайлас жемқорлық қоғам дерті
Кез келген өркениетті
қоғам үшін сыбайлас
жемқорлықпен күрес ең
өзекті мәселенің бірі
болып табылады. Сыбайлас
жемқорлық
заман ағысымен бірге
өсіп өркендеп, мол
қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге
тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған
кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас
мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр.
Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік
саясатының негізгі басымдылықтарының бірі осы
зұлымдықпен күрес болып табылады.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы» Заң
талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен
жиі бетпе бет келеді. Сондықтан, кез келген ортада пара беру
мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет. Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас
жемқорлық қылмыстар және осы тұрғыдағы құқық
бұзушылықтарға бой алдыруының себебі көп. Оған ен алдымен қызметшілердің білім денгейінің, әдептілік
ұстанымының төмен болуы әсер ететін болса керек. Кей мемлекеттік
қызметшілердің
құқық
бұзушылыққа
немқұрайлылық танытуы, кәсіби әдептілігінің жетіспеуі де,
жеке басының қамын ойлауы да парақорлықтын дендеуіне
септігін тигізуде. Сондай-ақ кейбір мемлекеттік орган
басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң талаптарын атқаруда ынта танытпай, жұмыс жүргізбеуі де
жемқорлықтың тамырын терендете түседі.
Бұл дерттің алдын алып, қоғамға таралу жолдарын кесіп,
оның ұлғаюына жол бермеу керек. Ол үшін аталған дертке
қоғам болып, ат салысып, қарсы жиылуымыз қажет. Сонда
ғана ел мүддесі үшін зор үлес қосатынымыз және халық сенімінен шығатынымыз анық.
«Дүние-байлық не керек, денсаулығын болмаса, Төрелігін не
керек, халықтың көңілі толмаса» деген нақыл сөз сот саласында еңбек етіп жүрген қызметкерлердің де бағдары іспеттес. Шынында да, біз әділ төрелік жасап, жемқорлықтан
жоғары тұрған жағдайда ғана халық сеніміне ие боламыз.
Ж.Раимбеков,
Жаңаарқа аудандық сотының аға сот жасауылы
Атасу кентінің тұрғындарының назарына
2019 жылдың тамыз айының 5- жұлдызынан бастап Атасу кентінің жеке меншіктегі ірі қара малынан, әртүрлі жұқпалы
ауруларды анықтау мақсатында қан алынады. Осымен қатар жұқпалы ауруларға қарсы вакцинацая жасалады.
Ветеринариялық-профилактикалық іс–шаралармен қоса, бұрын бірдейлендіруден өтпеген мал бастары сырғаланып,
ветеринариялық төлқұжат беру жұмыстары іске асады. Ветеринариялық-профилактикалық жұмыстарды жүргізу үшін ірі
қара мал басының ветеринариялық төлқұжатын, және мал иесінің жеке куәлігін ала келулеріңізді сұраймыз.
Ветеринариялық іс-шаралар төменде көрсетілген кесте бойынша жүргізіледі.
№
Күні,айы
Табынның атауы
Бақташының аты-жөні
2
6 тамыз
Газ бөлімі
Е.Саденов
8 тамыз
Залиния-1
10 тамыз
Загодзерно
1
3
4
5
6
5 тамыз
7 тамыз
9 тамыз
СПТУ
Б.Сариев
Степной
М.машауов
Залиния-2
Р.Шеримбеков
Б.Рахметов
Е.Оразбаев
Ескерту: Жоғарыда көрсетілген ветеринариялық іс-шаралардан бас тартқан мал иелеріне «Әкімшілік құқық
бұзушылық» Кодексі бойынша әкімшілік шара қолданылады
«Атасу кенті әкімінің аппараты» ММ-сі
№37_Жанаарка газеті 02.08.2019 17:31 Страница 7
3 тамыз 2019 жыл
ЕСКЕ АЛУ
2019 жылдың шілде айының 2 жұлдызында Жаңаарқа
ауданының сыйлы және құрметті азаматы, белгілі дәрігері
ШАяХМЕТОв ЖұМАБАй ШАяХМЕТұлы өмірден
озды.
Шаяхметов Жұмабай Шаяхметұлы 1 қаңтар 1937 жылы
Жаңаарқа ауданы Атасу кентінде өмірге келген. Әкесі – теміржолшы. Бекмағанбетұлы Шаяхметтің жеті баласының
тұңғышы – Жұмабай, 1955 жылы В.И.Ленин атындағы орта
мектепті үздік бітіріп, сол жылы Қарағанды мемлекеттік
медицина институтына түседі. 1961 жылы аталған оқу
орнын үздік бітіріп,өзінің туып өскен жеріне дәрігер болып
оралады. Сол жылдардағы Қарағанды мемлекеттік медицина институтының алғашқы түлегі, санаулы қазақ ұлтты,
білікті және сауатты дәрігерлерінің бірі-Шаяхметов Жұмабай
еді. 1961 жылы шілде айында Жаңаарқа станциясында орналасқан Қазақ теміржолының
желі ауруханасында дәрігер-терапевт, бөлімше басқарушысы, емхана басқарушысы, бас
дәрігеріге дейін қызмет атқарады. 2 ақпан 1984 жылы аудан исполкомының бұйрығымен
Жаңаарқа аудандық орталық ауруханасына ауыстырылады. Ташкент, Ленинград және
Москва қалаларындағы сол кездегі орналасқан ССРО медициналық институттарында
дәріс алып,Жұмабай Шаяхметұлы, орталық ауруханада терапевт, кардиолог, невтропатолог
және де басқа да білікті маман екенін көрсете білді. 1993-2004 жылдары ауданаралық
құрылған МСЭК комиссиясың мүшесі болып қызмет атқарады. 2004 жылы зейнетке
шыққаннан кейін, халықтың ұсынысы бойынша, 2012 жылға дейін Біріккен медицина
орталығында қызмет көрсетті.
Жұмабай Шаяхметұлы ұзақ, адал еңбегі үшін көптеген мемлекеттік, облыстық, аудандық
мадақтау грамоталарға және марапаттауларға ие болды. Жұмекен, жайдары, ақкөңіл, кішіпейіл мінезімен елдің есінде қалды, сол себепте ол кісінің ең үлкен марапаты – ол халық
құрметі!
Еске алушылар: балалары
Әкеміздің өмірден озғанына 40 күн толуына байланысты тамыз айының 9
жұлдызында «Жаңаарқа» мейрамханасында сағат 19:00-де ас беріліп, құран
бағышталады
ЕСКЕ АЛУ
Ұзақ жылдар бойы Қараағаш ауылының тұрғыны
болған, туған-туыс, көрші- қолаң, ел-жұртқа сыйлы
ардақты да аяулы анамыз, немерелерінің сүйікті әжесі
қАйШАБЕК ӘСІлқызыныҢ өмірден өткеніне 8
тамыз күні 40 күн толады. Анамыздың жатқан жері жайлы,
топырағы торқа болсын. Анамыздың жарқын бейнесі
мәңгі жадымызда.
Алыстасың, енді Ана оралмайсың,
Қызығында ұл-қыздың бола алмайсын.
Сағынышпен көз жасты төккенменен,
Тұғырыңа үйдегі қона алмайсың.
Сәт сайын еске алып сағынамыз ,
Тағдырға іштей налып жабығамыз.
Күн сайын шын ниетпен дұға арнап,
Салғанына Алланың бағынамыз.
Сағына еске алушылар: Арыстанбек әулеті
Анамыздың өмірден өткеніне 40 күн толуына орай 8 тамыз күні сағат 13.00- де
«Сәт» мейрамханасында құдайы дәм беріліп, құран бағышталады
ЕСКЕ АЛУ
Ақтайлақ ауылының тұрғыны, аяулы да сүйікті анамыз,
немерелерінің ардақты әжесі болған ӘБДІРАСылқызы
ШОлПАнныҢ өмірден өткеніне 10 тамыз күні 40 күн толады. Тағдырдың жазуына бағынбайтын пенде бар ма,
өкінішке орай ардақты да асыл жанды арамыздан алып
кетті. Ізгіліктің бастауы болған қамқор жан анамызды
жүрегіміз қимастық сезімге толып, екі көзге мөлтілдеп жас
келеді. Енді қолдан келері, құран оқып, дұға бағыштау,
марқұмды еске алып, есімін ардақтап ұмытпау. Алла сізге
жұмақ мекенін бұйыртсын, жан Ана!
Ауыр-ау адам қазасы,
Жазылмас оның жарасы.
Тағдырға қарсы тұрарлық,
Адамның бар ма шарасы.
Ардақты жан шаңырақтың тірегі,
Қамын ойлап ағайынның, жер көктің,
Ұл-қызының амандығы еді тілеуі.
Өсіруге ұл-қызыңды тер төктің.
Елеулі болған еліне жайсаң жан ана,
Жұмақ бағын тұрақ етіп жан ана,
Қадіріңді ағайын туыс біледі.
Жайлы болып жер бесігің тербетсін.
Бақиға кете бардың жол алдыңда,
Санамыз соны ойласақ толар мұңға.
Жан ана, жанымыздан мәңгі өшпейсің,
Орның тұр үңірейіп төр алдында.
Сағына еске алушылар: ұл-қыздары, немерелері, жиендері және ағайын-туыстары
Анамыздың қайтқанына 40 күн толуына байланысты 10 тамыз күні сағат 13.00де Халық мешітінде құдайы дәм беріліп, құран бағышталады
Жарамсыз деп танылсын
Бидайық ауылдық округі Бейбітшілік көшесі № 29 үйдің тұрғыны Шагиров Мейржан
Кияковичтің атына 19.04.2017 жылы берілген тұрғын үйді сыйға тарту келісім шарты
жоғалуына байланысты жарамсыз деп танылсын
7
ЕСКЕ АЛУ
Ақтау ауылының тумасы, қазіргі кезде Жаңаарқа
ауданының тұрғыны болған МұқАШОв АХМЕДИя
МұқАШұлыныҢ өмірден өткеніне 1 жыл толады. Адал
жар, ардақты әке, сүйікті ата, ағайын-туысқа, құдажекжатқа, ел-жұртына қадірлі де сыйлы болған еді.
Шаңырағымыздың тірегі, қорғанымыз, асқар таудай
әкемізді сағына еске аламыз. Ардақты жанның қабірі
жарық, топырағы мамық болсын деп Алладан тілейміз.
Бәйтеректей әулетке сая болған,
Бәрінен мейірімін аямаған.
Жәннатта жаның болсын рухың биік,
Өзіңдей қайда бізге аяулы адам.
Мәңгілікке кеттің ғой сағындырып,
Өмір заңы қойды ғой бағындырып.
Бір жыл міне, өзіңсіз өтсе дағы,
Елестейсің көзімізге сағым болып.
Сағына еске алушылар: жұбайы -ырымды, балалары-Бүркіт-Разия, АқтотыТөлеген, Гүлнәр-Бағдат, Ғалия-Сейтқали, Сымбат-Азамат, Айнұр-Жағали, немерелері, жиендері
15 тамыз күні сағат 13.00-де “Сәт” мейрамханасында әкеміздің өмірден өткеніне 1
жыл толуына орай құдайы дәм беріліп, құран бағышталады
ЕСКЕ АЛУ
Асқар таудай әкеміз ОМАРБАлАСы АқТАйДыҢ
өмірден өткеніне 1 жыл толады.
Әкемізді сағына еске ала отырып, топырағың торқа,
жаның жәннатта нұрлансын деп Алладан тілейміз.
Бәйтеректей әулетке сая болған,
Бәрінен де мейірімін аямаған.
Жәннатта жаның болсын, рухың биік,
Өзіңдей қайда бізге ардақты адам.
Еске алушылар: үлдары-келіндері, қыздарыкүйеубалалары, немере-шөберелері
9 тамыз күні сағат 13.00-де Қараағаш ауылының тойханасында құдайы ас беріліп, құран бағышталады
ЕСКЕ АЛУ
Өміріміздің бастауы, қорғанымыз-панамыз, С.Сейфуллин атындағы ауылдық округінің тұрғыны болған,
ардақты бауыр, қамқор әкеміз,
сүйікті
ата
қАлДыБЕКОв АМАнГЕлДІнІҢ өмірден өткеніне
16 тамыз күні 1 жыл толады. Көз жасымызға ие болмай,
сағына күткенімізбен әкеміз оралмайтын сапарға аттанды. Келместің кемесіне аяқасты мінген әкеміз
балаларының өсіп-өніп, ержетуіне өлшеусіз үлес
қосты. Немерелерін қызықтап, жиендерін еркелетіп,
аталық мейіріміне бөледі. Әкемізді сағына еске аламыз.
Алла салды басымызға сынақты,
Жиі еске алсын деп пе жылатты.
Қайғысы мен қызығы көп өмірдің,
Бірде көтеріп, бір де жығып құлатты.
Кетсе де көзден ғайып, көңілден кеткен емес,
Асыл бейнең ешқашан болмас елес.
Жәннәтта жаны болсын деп сұраймыз,
Алладан дұға қылып ертелі-кеш.
Сағынышпен еске алушылар: бауыры-Аманқұл-Шәрипа, балалары-АрдақАлтынгүл, Ғалия-Хамит, Сәуле, Мақсат-Манарбек, Мархаббат-Мұрат, ЖанарАмандық, немерелері, жиендері
16 тамыз күні сағат 14.00-де Сәкен ауылында “Ақбосаға” тойханасында әкеміздің
өмірден өткеніне 1 жыл толуына орай құдайы дәм беріліп құран бағышталады
ЕСКЕ АЛУ
Жаңаарқа ауданының тумасы, Ақтүбек ауылының қадірлі
келіні, жолдасына адал жар, балаларына сүйікті ана, аяулы
да
қымбатты
әже
МАТЕнОвА
СӘлИМА
ОСПАнқызыныҢ
тал бесіктен жер бесікке
аттанғанына биыл 17 жыл толып отыр. Аяулы анамыз тірі
болғанда 2 тамыз күні 60 жасқа толар еді. Бірақ Алла
тағала бізге оны көруді жазбапты. Тіршілігінде ешбір
жанға қиянат жасап көрмеген аяулы анамыздың ақжарқын
бейнесі, ақылмен айтқан әрбір сөзі ұмытылмақ емес.
Анашым, сағынамын, жүрек үнсіз жылайды,
Сағыныштан кейде арманым келуіңді сұрайды.
Анашым, сіз тұрған үй, сіз жүрген жер қалды әне,
Орныңыз тұр, жалғызсырап жүрек менде жылайды.
Анашым жақсы адамдар бір Аллаға ұнайды,
Кеткеніңіз ана жаққа әкелді ғой мұң-қайғы.
Сабыр сақтап жүрміз Ана, амал бар ма басқалай,
Бір Алланың қалауы сол, жүрегіміз мұңайды.
Анамыздың жатқан жері жайлы, тәні рахатта, жаны жаннатта болып, қабірі нұрға толсын
деп Алладан тілейміз.
Сағына еске алушылар: балалары- Жанар-Сайран, жиендері –Аида, нұрахмет,
Санжар
№37_Жанаарка газеті 02.08.2019 17:31 Страница 8
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
Ауданымыздың тұрғыны ардақты әке, сүйікті ата, қамқор
жар Дыбысов Жаңбырбай ұзақбайұлын туған күнімен
құттықтаймыз. Шаңырағымыздың тірегі, ардақты әкеміз
асқарлы алпыс жасқа толды. Мерейлі мерейтойыңыз
құтты болсын. Әрқашан жұлдызыңыз жарық, деніңіз сау,
мәртебеңіз биік бола берсін.
Бүгінгі туған күніңіз құтты болсын,
Үйіңізге құт-береке ырыс қонсын.
Бала-шаға дос туыс арасында
100-ге дейін жетіңіз көңіл толсын.
Құтты болсын 60 деген жасыңыз,
Өрге қарай домаласын тасыңыз.
Бала-шаға қызығына кенелеп,
Әлі талай асулардан асыңыз.
Игі тілекпен: жұбайы-Роза, балалары-Ержан-Бақытгүл, Айдын-Индира, Сайран-Еркеназ, немересі Іңкәр, Ерасыл, Аяулым, Кәусар, Сезім
Тәуелсіздік тағылымдары
ТАРИХШылАРДыҢ ТОлыМДы ТАБыСы
Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрлігі мен
«Білім өркениеті» ұлттық
ғылыми-зерттеу орталығы төл
тарихымызды
тәуелсіздік
тұрғысында тектеу, таразылауды жандандыру мақсатында,
еліміздің тарихшылары арасында ұйымдастырылған «Ұлы
дала тарихы» атты үздік
ғылыми мақалалар байқауы
мәреге жетті.
Өркениетке бастар жолдың
қазығы мектеп десек, мектептің
басты тұлғасы, жүрегі, әрине, мұғалім. Аталмыш байқауға №132 ЖОББ мектептің тарих
пәні мұғалімдері Мереке Жароллаұлы Әбдіқадыров пен Мейіржан Оразханұлы
Мұхамеджанов ғылыми жобаларын ұсынып, қорғады. Тәлімгерлердің ғылыми
мақалаларының тақырыбы Қазақстан тарихының өзекті мәселелерін зерттеуге арналған.
Мереке Жароллаұлы мен Мейіржан Оразханұлының ғылыми жобаларында бұрын-соңды
ғылыми жұмыстарда жазылмаған немесе ең аз зерттелген тұлғалар, тағдырлы оқиғалар, бірегей дерекнамалар қамтылған.
Еліміздің барлық өңірлерінен көптеген ғылыми жобалар қатысқан байқаудың шешуші
кезеңінде Мереке Жароллаұлы мен Мейіржан Оразханұлының жобасы лайықты бағаланып,
арнайы жоғарғы марапатқа қол жеткізді.
Жеңімпаздарды салтанатты түрде марапаттау рәсімі ҚР Ақпарат және коммуникациялар
министрлігі ғимаратында өтті. Байқаудың қазылар алқасының құрамында тарих
ғылымдарының әр түрлі саласында қызмет етіп жүрген белгілі ғалымдар мен мемлекет және
қоғам қайраткерлері болды. Біздің тарихшыларымыз Мемлекет тарихы институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Бүркіт Аяған және Л.Н.Гумилев
атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы
Мақсат Алпысбес мырзаның қолынан «Үздік тарихшы» төсбелгісімен, І дәрежелі дипломдармен марапатталды. Сондай-ақ, байқаудың қорытындысы бойынша олардың жұмысы
«Жылдың Үздік жүз тарихшысы» жинағына енді.
Тарихшыларымыздың бұған дейін де жүргізіп келе жатқан жүйелі жұмыстарының
нәтижесінде, баптаған оқушылары аудандық, облыстық, республикалық пән олимпиадалары
мен көптеген ғылыми жоба байқауларының жеңімпазы атанған болатын.
– Еңбектің ескерусіз қалмайтынына сан мәрте көз жеткізген жандардың бірімін. Сондықтан
мен ешқашан оқушыға тек дәріс берумен шектелген емеспін. Үнемі ізденгенді, жаңалыққа
ұмтылғанды қалаймын. Мақсатым да қоғамға жаңа көзқараспен қарап, жас ұрпақтың біліміне, тәрбиесіне жігерлі күш жұмсап, шығармашылықпен жұмыс жасай беру. Өйткені,
қоғамның алға қарыштап дамуы шығармашыл адамдарға байланысты, - дейді үздік тарихшы
Мейіржан Оразханұлы.
Мұрағаттық деректерге сүйене отырып, тыңғылықты ізденістерден нәтиже шығарған
тарихшыларымыздың толымды табысы, мәртебелі марапаттары – аудан үшін үлкен
мақтаныш. Мерейгерлерге «әр жерден жиі үзіліп, көп жалғанған» тұмса тарихына, оның
ішінде Алаш тарихына деген қызығушылықтарыңыз арта түскей, сол барыстағы
еңбектеріңіз жемісін бере берсін деп тілек етеміз!
нұргүл ШАМАЕвА
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
Бүгінде бір әулеттің қара шаңырағы,
жапырағы жайқалған бәйтерек ардақты
әкеміз қАйРОллА ӘБЕуұлы мен
асыл анамыз МАйРА ОМАРқызы 80
жасқа, шаңырақ көтергеніне 60 жыл
толып отыр.
Әкеміз бүкіл саналы ғұмырында
ауданымыздың өсіп-өркендеуі үшін адал
еңбек еткен жан. Түрлі лауазымды
қызметтерді абыроймен атқарып, ел
құрметіне бөленген жан.
Аудандық, облыстық көлемдегі
марапаттарға ие болған. Зейнеткерлікке
шыққан соң да, қарап жатпай аудандық ардагерлер ұйымының төрт аяғынан тік тұрып
қалыптасуына зор еңбек сіңірді.
Әкеміз бүгінде “Жаңаарқа ауданының құрметті азаматы” атағына ие, елінің бетке ұстар
абыз ақсақалы, анамыз Майра Омарқызы кезінде аудандық тұрмыстық қызмет көрсету
комбинатында тігінші болып еңбек етіп, ісмерлігімен ел ризашылығына бөленген жан.
Жасынан үлкендердің ақ батасын алып, 9 баланы дүниеге әкелген алтын құрсақ ана.
Ата-анамыздың ақылын азық, сөзін сусын етіп өскен біз-балалары Алла тағала
жанымызға жақын аяулы жандарға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр нәсіп етсе екен деп тілейміз.
Жинаған жан -жағына игі жақсы,
Әз ана бізді ешкімге теңгермейтін,
Саналы ғұмыр кешкен ғибратты.
Өмірде бар бақытым сендер дейтін.
Сексеннің сеңгіріне шыққан кезде,
Есейіп кетсек тағы бәрімізде,
Төгейік маржан сөзден жыр бұлақты.
Аналық махабаты өзгермейтін.
Жан әке, асқар таудай нар тұлғасың,
Жаралған жаны жайсаң, алтын басың,
Мейірің біздер үшін сырқылмасын.
Жырымыз осы тойға тарту болсын.
Жалғасы өміріңнің ұл-қыздарың,
Қашанда төріміздің көркі болып,
Жұлдыздай көкте күлген жарқылдасын.
Жүз жасап, өмірлерің жарқын болсын.
құттықтаушылар: перзенттік махаббатпен балалары мен немере-шөберелері
қарағандыда «Мектепке жол»
акциясы басталды
Биыл жыл сайынғы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы бір ай бұрын басталды. Бұл
туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Шара 30 қыркүйекке дейін
жалғасады. Қарағанды облысының білім басқармасы мемлекеттік органдарды,
кәсіпорындарды, ұйымдарды, жеке кәсіпкерлерді және жанашыр қарапайым халықты
балаларға жаңа оқу жылына дайындалуға көмектесуге шақырады. Білім басқармасының
айтуынша, балаларды киім-кешекпен, мектеп керек-жарақтарымен және кеңсе тауарларымен қамтамасыз ету қажет. «Биыл «Мектепке жол» акциясы «Жүректен жүрекке!» ұранымен
өтеді. Оның мақсаты – аз қамтылған отбасынан шыққан оқушыларға көмек және қолдау
көрсету. Сондай-ақ әлеуметтік жағдайы төмен болуы себептермен мектепке бара алмайтын
балалардың мәселелеріне қоғамның назарын аудару», - деп түсіндірді Қарағанды қаласы
білім бөлімінің бас маманы Ақыл Есенбеков.
Айта кетейік, «Мектепке жол» акциясы Қазақстанда 2008 жылдан бастап Елбасының бастамасымен өткізіліп келеді. 2018 жылы акция «Мен балаларға көмектесуді таңдаймын!»
деген ұранмен өтті. Сол кезде Қарағанды облысында 25 000-нан астам оқушыға көмек
көрсетілді.
құрметі жаңаарқалықтар!
Сіздерге жаңадан ашылған “Дария” бөбекжайына тіркелуге болатынын хабарлаймыз.
Жас ерекшелігі 2-ден 5 жасқа дейін.
ХҚКО-да тіркейді, егер сіздің балаңыз басқа балабақшада тіркеуде болып, бізге ауысқыңыз
келсе мына нөмірге хабарласыңыздар 87009909221.
Біздің мекен-жайымыз Балабақсы №70/1.
“Дария” бөбекжайының әкімшілігі
Сатылады
Тез арада 2 трактор, КТП-4, стагомет сатылады. Жөндеу жұмыстары қажет етпейді,
барлығының жағдайы өте жақсы.
Хабарласу телефоны: 87770727274
КРЕДИТы ОТ АзИАТСКОГО
КРЕДИТнОГО фОнДА
лефон:
“Аудандық “Жаңаарқа” газеті редакциясы”
ЖШС басшысы - бас редактор
ЕРАлИнА САлТАнАТ АМАнқызы
МЕнШІК ИЕСІ: аудандық ”Жаңаарқа“ газеті ЖШС
Мекен-жайымыз: 100500, қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті,
Тәуелсіздік даңғылы, №2 -үй. Телефондар: 2-85-45, бухгалтер 2-80-52,
тілшілер бөлімі 2-71-01
ИИК KZ276017171000000078, БИн 010340002761, БИК HSBKКZKX, КБЕ 16,
Рнн 240400001948, АО “народный Банк Казахстана”
құрылтайшысы: Жаңаарқа ауданының әкімдігі
Газет қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат
министрлігінде 18.06.2012 жылы тіркеліп,№12845 - Г куәлік
берілген.
Жарияланған мақала авторының пікірі редакция көзқарасын
білдірмейді
Жарнамалар мен хабарламалардың мазмұнына жарнама
беруші жауап береді
АКф снижает ставки по кредитам с 1 августа!
Сумма кредита до 20 000 000
тенге, срок до 5 лет. ТОлЬКО
2 МЕСяЦА!
Успей получить кредит по
сниженной ставке!
Наш адрес: поселок Атасу,
улица Абая 19, контактный терабочий телефон: 8 (710)30 2-71-94,
Акмарал +7 771 7470685,
Нурсултан +7 771 266 57 00
Газет “Арко” ЖШС баспаханасында басылады: Қарағанды
қаласы, Сәтбаев көшесі,15
Офсеттік басылым
Индекс 66282
Көлемі бір баспа табақ
Аптасына бір рет шығады
Таралымы 1737 дана
Тапсырыс №37
Автор
zhanzbc
Документ
Категория
Без категории
Просмотров
4
Размер файла
5 707 Кб
Теги
газета
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа