close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

?

№41 газет Жанаарка газеті

код для вставки
№41 газет_Жанаарка газеті 29.08.2019 19:20 Страница 1
№41 (9931), 29 тамыз, 2019 жыл
30 тамыз - ҚР Конституциясы күні
Құрметті жерлестер!
Баршаңызды Қазақстан Республикасы Конституциясы күнімен шын жүректен
құттықтаймыз!
Конституция күні – біздің мемлекетіміздің, халқымыздың ең ұлық мерекелерінің бірі.
Біз айбары асқан қуатты ұлтқа, дәулеті тасқан әлеуетті елге айналдық. Ортақ
шаңырағымыздың шекарасын шегелеп, іргемізді мызғымастай етіп бекіттік. Тағдыр
тоғыстырған, тарих табыстырған түрлі ұлт өкілдері Конституция қағидаттары төңірегіне
топтасты. Еуразияның жүрегіне орналасқан Елордамыз әлемге руханияттың ірі
орталығы, саясаттың іргелі ордасы ретінде танылды. Құқықтық мемлекет орнатып,
әлемнің өркениетті елдерімен жан-жақты экономикалық-саяси тең дәрежеде қарымқатынас қалыптастыру, ірі реформаларды жүргізу, демократиялық принциптерді
құрметтеу тұтастай Ата-Заңымыздың аясында атқарылып келеді.
Бүгінгі Қазақстанның әлемдегі жоғары беделі–бұл біздің тікелей ішкі жетістіктеріміздің,
Елбасы ұстанған бейбітшілік сүйгіш саясатымыздың және ірі халықаралық жобалардағы
бастамашылдығымыздың нәтижесі. Бұл күн бізді рухтандырып, Қазақстанды одан әрі
дамытуға шабыт беріп, жаңа мүмкіндіктер сыйлайды.
Конституция қабылданғаннан бері өткен уақыт тарихи өлшемдер тұрғысынан аз
болғанымен, біз үшін ол өткен жолымызды ой елегінен өткізу мүмкіндігі берілген кезекті
кезең болып табылады.
Ардақты ағайын! Қадірменді қауым! Қазақстанның әрбір азаматы еліміздің негізгі
заңының асқақ рухы мен маңызын, Конституцияны қалыптастыру тарихын жақсы білуі
керек. Сіздерді атаулы мерекемен тағы да шын жүректен құттықтай отырып, әр
шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ, отбасыларыңызға амандық тілеймін.
«Мәңгілік Ел» болу жолында ынтымағы жарасқан еліміздің бағын асыратын, мерейін тасытатын үлкен істе баршаңызға сәттілік тілейміз!
Юржан Бекқожин,
Жаңаарқа ауданының әкімі
Қуат Имантүсіпов,
аудандық мәслихат хатшысы
30 тамыз - ҚР Конституция күні
Тәуелсіздік тірегі - Ата заң
30-тамызда Қазақстан халқы тарихи шешім қабылдап, еліміздің құқықтық өміріндегі жасампаз жаңа дәуіріне қадам басқан еді. Содан бері қарай тәуелсіздігіміздің тірегіне айналған
Ата заң-мемлекет пен қоғамда орын алып отырған барлық саяси егемендігінен кейінгі 1993
жылы қабылданған Қазақстан Республикасының алғашқы Конституциясы егемендік
тарихындағы ең демократияшыл құжат болып табылған еді. Алғаш қабылданған 1993 жылғы
Конституцияның мәні мен маңызына келетін болсақ, бұл негізгі құжат Президенттің
көрсеткен мақсаты бойынша төрт басты мәселеге жауап беруі және соған жағдай жасауы
тиіс болатын. Оның біріншісі - мемлекеттік билікті басқарудың барлық жүйесін нығайту,
екіншіден - экономикалық реформаны жүргізе отырып, елді сол кездегі терең дағдарыстан
шығару, үшіншіден - жас мемлекеттің сыртқы саясатын қалыптастыру, төртіншіден - ішкі
саяси тұрақтылықты қамтамасыз ететін заңдық негіздерді Ата заңда көрсету.
Кейіннен 1995 жылы 30 тамызда елдің жаңа Конституциясын қабылдау жөнінде
бүкілхалықтық референдум өтіп, оған сайлаушылардың 90,58 пайызы қатысты. Олардың
89,14 пайызы жаңа Конституцияның қабылдануын қолдады. Өмір бойғы басты міндетіміз
Қазақстан Тәуелсіздігінің тірегіне айналған Конституцияны қатаң ұстану. Яғни, басты талап
- Ата Заңымыз, Конституцияны құрметтеп қорғау, ал оның маңыздылығын жоғалтпай сақтау
республикамыздың әрбір азаматының міндеті мен парызы болуы тиіс.
Ең бастысы, Қазақстан Тәуелсіздігінің 28 жыл бойғы дамуындағы бүгінгі жетістіктерінің
баршасы Ата заңымыздың тиімділігін анық айқындап отыр. Конституция 28 жылдық
тәуелсіз дамуға сеп болып қана қойған жоқ, Құжаттың нормативтік әлеуеттері де халыққа
талай қызмет етіп, демократиялық, құқықтық мемлекеттіліктің одан әрі беки түсуіндегі прогресс жолында мығым заңдық негіз болып қала бермек.
Осы тұрғыдағы ойымызды Елбасының сөзімен аяқтасақ: «Конституцияны қатаң ұстану бұл мемлекеттіліктің табысты дамуының және қоғамдағы азаматтық келісімнің негізі. Ол
бойынша өмір сүру - бұл демократияның ең жоғарғы мектебі. Бұл мектептен барлығымыз
өтуге тиіспіз. Біздің міндет - Конституцияға аса ұқыптылықпен қарау. Өзіміздің елімізді,
өзіміздің тарихымызды, өзіміздің жетістіктерімізді қалай құрметтесек, оны да солай аялауымыз керек. Конституцияны сыйлай білмесек, оның талаптарын мүлтіксіз орындай
алмасақ, онда қоғамдық келісімге, тәртіпке, бейбітшілікке және тыныштыққа жету мүмкін
болмайды, яғни мұндай жағдайда Отанның ырыс-берекелі болашағы туралы айтудың да
қажеті жоқ».
Ә.Әбдіразақов,
Жаңаарқа ауданының
Әділет басқармасының басшысы
Аптаның айшықты
жаңалықтары
Мемлекет басшысы «Ұлытау 2019» халықаралық
туристік форумының жұмысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев форумда сөйлеген сөзінде қазақ халқы үшін Ұлытаудың тарихи мәні
мен киелілігін, сондай-ақ, бұл қасиетті мекеннің этнографиялық, зияраттық және
экологиялық туризмді дамыту үшін зор әлеуеті бар екенін атап өтті.
– Тарихы терең Ұлытаудың қадір-қасиетін бағалай білу – баршамызға ортақ парыз.
Еліміздің осындай баға жетпес бай мұрасын өзге жұртқа танытудың жаңаша жолдарын ойластыруымыз керек. Мысалы, Монғолия Шыңғыс хан тұлғасын халықаралық туризмді дамыту үшін өте тиімді пайдаланып отыр. Ал, Шыңғыс ханның үлкен ұлы – Жошының мазары
қазақ жерінде тұрғанын бүгінде еліміздегі және шетелдегі жұртшылықтың көбі біле бермейді. Оның тарихи тұлғасына әлемнің назарын аударып, кесенесін мәдени турнысанына
айналдыру – өте маңызды міндет. Ұлытау – халықаралық деңгейдегі этнографиялық
туризмнің орталығы болуы тиіс, – деп атап өтті мемлекет басшысы.
Осыған байланысты Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік және отандық туристер үшін
Қазақстанда тартымды жерлерді қалыптастыру, сондай-ақ этнотуризмді дамыту жөнінде
өзінің пікірімен бөлісті.
Президент туризмді дамыту аясында өңірде көлік-логистикалық инфрақұрылымды
қалыптастыру және Қазақстанның барлық рекреациялық аймағында қонақ үйлердің,
тамақтанатын және демалатын орындардың құрылысына кәсіпкерлерді тарту қажеттігіне
тоқталды. Сонымен қатар, мемлекет басшысы креативті және инновациялық шешімдердің
көмегімен Қазақстанның туристік әлеуетінің ақпараттық қол жетімділігін қамтамасыз ету
қажет екенін атап өтті. Форум соңында Қазақстан Президенті «Jezkiik» халықаралық
музыкалық фестивальдің концерттік бағдарламасын көрді, сондай-ақ, қалпына келтірілген
ұлттық киімдер топтамасы қойылған және атты-шабандоздардың шоуы көрсетіліп жатқан
этноауылға барды.
Денсаулық сақтау министрі Қарағандыдағы
емханада болып қайтты
ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қарағанды қаласының №8 емханасында
болып қайтты. Мекеме өткен жылы ашылды. Бүгінгі таңда медициналық ұйым 11000 астам
адамға қызмет көрсетеді. Емхананы ашу тұрғындарға медициналық көмекті қолжетімді
етуге мүмкіндік берді.
- Әр ауысым сайын біз 200-ге жуық емделушілерді қабылдай аламыз. Бізде мұнда 8 учаске
бар, олардың жетеуінде жалып тәжірибе дәрігерлері және біреуінде терапевт жұмыс істейді,
- дейді емхананың бас дәрігері Маргарита Засухина.
Емханада емшара және егу кабинеттері, УДЗ-диагностикасы, күндізгі стационар, дәріхана
бар, зертханалық талдаулар алынады. Тіркеу орны қажетті компьютерлік техникамен
жабдықталған, мұнда навигациялық жүйе орнатылған. Эндокринолог, кардиолог, аллерголог
және т. б. мамандар жұмыс істейді. Барлық жабдықтар қазіргі заманғы талаптарға сай.
- Жақын маңда емхана ашылғанын білген бетте бірден мұнда тіркелдім. Бұрын
дәрігерлерден көмек алу үшін қоғамдық көлікпен баруға мәжбүр болатынмын. Маған бәрі
ұнайды. Тәжірибелі және керемет қызметкерлер кез келген мәселе бойынша көмек
көрсетеді. Барлық жабдықтар жаңа, - дейді емделушілердің бірі Ирина Филиппова
Келешекте емхана 30 мыңға жуық адамға қызмет көрсете алады деп күтілуде.
Қарағанды облысында астық жинау
науқаны басталды
Астық жинау Қарқаралы, Нұра, Бұқар жырау, Абай және басқа аудандарда басталды. Биыл
барлығы 884 мың гектардан астық жиналады.
- Тамыз айының басында негізгі астық егетін аудандар – Абай, Бұқар жырау, Осакаров, Нұра
алқаптарын қарап шықты. Жиын-терім жұмыстарына дайындықпен және ауыл шаруашылық
дақылдары егістігінің жай-күйімен таныстық, - деп мәлімдеді ауыл шаруашылық
басқармасының басшысы Сағынжан Апақашов. - Дәнді дақылдардың түрлік өнімділігі
жақсы. Алайда, шілдеде және тамыздағы қолайсыз ыстық ауа райы астықтың толысуына
әсер етті.
Биылғы жылы бидай 631 мың гектардан, арпа – 200 гектардан, сұлы - 16 мың гектар жерден
жиналады. Осы жылы майлы дақылдар 24 мың гектар алқапқа егілді. Картоп жинау 10.4
гектар, басқа көкөніс 1,5 мың гектар алқапта өтеді.
Егін жинау жұмыстарына 2 344 астық жинайтын комбайн, 60 картоп жинайтын және 72
картоп қазатын комбайн жұмылдырылады.
- Келесі жылы картоп, қырыққабат, пияз және сәбіз егу алқаптарын ұлғайту қажет. Бізде
көкөністерге сұраныс жоғары, оларды сақтау мүмкіндігі бар. Сондай-ақ, көкөніс қоры қысқы
- көктемгі кезеңде олардың бағасының өсуін бақылауға мүмкіндік береді, - деп тапсырды
Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов. Өңір басшысы сондай-ақ егін жинау мәселесін
жеке өзі қадағалайтынын атап айтты.
“Жаңаарқа ақпарат”
№41 газет_Жанаарка газеті 29.08.2019 19:20 Страница 2
ҚАЗАҚША ОҚЫ, ЛАТЫнША ЖАЗ!
Жалқы есімдер емлесі
§52. Кісінің аты, әкесінің аты, тегі бас әріппен жазылады: Dýlat Saǵynuly Berdáli, Qyrmyzy Nábıqyzy
Seıdimbek.
§53. Кісі есімдеріне және -ov, -ev жұрнағымен
аяқталған кісінің тегіне қосымша түбір сөздің соңғы
буынына сәйкес үндесіп жалғанады: Álıhannyń,
Álıhanǵa; Kúnsulýdyń, Kúnsulýǵa; Nábıevanyń,
Nábıevkе; Baıǵaraevanyń, Baıǵaraevqa.
Е с к е р т у. Соңғы буыны á-мен аяқталған кісі есімдеріне қосымшалар
§16 бойынша жуан жалғанады: Kúlásh-qa, Kúláı-ǵa,
Bilál-ǵa.
§54. Екі сөзден құралған кісі есімдері бірге жазылады: Tóremurat, Aısáýle, Saqypjamal,
Ábilqasym, Qasymjomart, Batyrhan, Tursynzada, Nurǵalı, Aıgúl, Aqbala, Aqylbek, Jaqsybaı,
Shárbaný, Toqqoja, Nurbıke, Nuraıym, Nurdildá, Bıbihanym, Asyljan, Ahmetqazy.
§55. Кісі есімдері сыңарларының жігіндегі дыбыстар айтылымына сәйкес жазылады: Aıǵyz,
Baıgeldi, Jumaǵul, Qaragóz, Kenjáli, Bıbajar, Qojahmet.
§56. Араб, парсы тілінен енген кісі есімдері қазақ тілінің дыбыстық заңдылығына сәйкес
жазылады: Ysqaq, Yrysjan, Yrysaldy, Ysmaıyl немесе Symaıyl, Muhambet, Ybyraıym, Bátıma,
Qasen, Qusaıyn, Qadısha, Pazyl, Ábdiqadir, Álbeıbarys.
ЛАТЫн ҚАРПІМен ЖАЗУДА
26 тамыз күні бөлім әдіскерлері "Latyn qarpimen jazyp daǵdylanamyz" тренингін аудандық
қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ұжымымен өткізді. Ұжым жаңа әліпбиге деген
көзқарастары оң екенін жеткізіп, өзгеріске түскен әріптер мен емле ережелерін жіті тыңдап
отырды.
Аудиторияның пікірінше, жазуда да, оқуда да қиындық келтіретін әріптер: и мен у.
Тренинг-сабақ барысында жазу дағдысы біршама қалыптасты.
ЖАҢА ӘЛІПБИДІ МеҢГеРеЙІК
Сыр сандық
Шырқ айналар шіркін тауық,
Жемің болса қолында,
Қайдағысы сені тауып,
Топырлайды жолында.
Досыңмын деп ант береді,
Жем іздеген жанама.
Жем таусылса жалт береді,
Сенерлік дос, санама.
Нағыз достар, бір-ақ қалып.
Шыңдап берік сүйіскен.
Бір-біріне сыр ақтарып,
Сыр түйінін түйіскен.
Әр адамның ішкі сыры,
Берік қойма сақталған.
Сол қойманың бір түкпірін,
Достың досы-ақ ақтарған.
С.Сейфуллин
Syr sandyq
Shyrq aınalar shirkin taýyq,
Jemiń bolsa qolynda,
Qaıdaǵysy seni taýyp,
Topyrlaıdy jolynda.
Dosyńmyn dep ant beredi,
Jem izdegen janama.
Jem taýsylsa jalt beredi,
Senerlik dos, sanama.
Naǵyz dostar, bir-aq qalyp.
Shyńdap berik súıisken.
Bir-birine syr aqtaryp,
Syr túıinin túıisken.
Áradamnyń ishki syry,
Berik qoıma saqtalǵan.
Sol qoımanyń bir túkpirin,
Dostyń dosy-aq aqtarǵan.
S.Seıfýllın
СЫн ТҮЗеЛМеЙ – МІн ТҮЗеЛМеС
неМеСе «DIGITAL AGENT» МОБИЛЬДІ
ҚОСЫМШАСЫ ТУРАСЫнДА
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс
сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету
маңызды бағыттардың бірі болып айқындалған.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің басты мақсаттарының бірі — халыққа
көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру. Мемлекеттік қызмет көрсетудің
сапасын арттыру – тұрғындардың мемлекеттік органдар қызметіне сенімін көтеру болып
табылады. Бүгінгі күні «қызмет алушыға бағдарлану», қызмет алудың ашықтығы мен қол
жетімділік қағидаттары басым. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру
мақсатында оларды смартфон арқылы онлайн түрде бағалау мүмкіндік әзірленді. 2018
жылдың қараша айыннан бастап қосылған «Digital agent» (Цифрлық агент) мобильді
қосымшасы арқылы кез келген қызмет алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің сапасына
баға беріп, сондай-ақ өтініштер мен ұсыныстарды қалдыра алады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау критерийлерінің тізбесінде: мамандардың
біліктілігі, сыпайылығы, әдептілігі, мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі жағдайлар,
әкімшілік кедергілер және т.б. көзделген. Бағалау 5 баллдық жүйе арқылы жүргізіледі. Сонымен қатар, мобильді қосымшаға суреттер мен бейнематериалдарды жүктеу мүмкіндігі
бар.
Бүгінгі таңда қызмет алушылар халыққа қызмет көрсету орталықтарының, қала және
аудандық мемлекеттік кірістер басқармаларының, еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон
комитетінің департаментімен сондай-ақ, сот органдарымен көрсетілетін мемлекеттік
қызметтердің сапасын бағалай алады. Сондай-ақ, қазіргі уақытта мобильді қосымшаға жергілікті атқарушы органдар мен денсаулық сақтау мекемелерін тіркеу жүргізілуде.
Мемлекеттік қызметтер сапасына бүгінгі таңда мобильді қосымша арқылы 2764 баға түсті,
оның 95% оң, ал 5% жағымсыз бағалар. Барлық жағымсыз өтініштер толық қарастырылып,
уақытылы өңделіп, олар бойынша оң шешімдер қабылданды. Көбіне жағымсыз пікірлер
мемлекеттік корпорация филиалдарының қызметіне, оның ішінде ұзақ кезекке,
қызметкерлердің біліктілігіне және т.б. қатысты түседі. Мемлекеттік қызметтер көрсету
орындарында және ел көп шоғырланатын жерлерде мобильді қосымшаны қолдану бойынша
«LED экрандар» арқылы бейнероликтер көрсетіліп, нұсқаулықтар мен жаднамалар орналастырылып, кітапшалар таратылуда.
«Digital agent» мобильді қосымшасын кез келген тұлға «Play market», «App store» сервистік
бағдарламалары арқылы жүктеп қолдана алады. Аталмыш қосымшаны орнатқаннан кейін
тек тіркеуден өту қажет. Содан соң, бағалайтын қала мен мекемені таңдайды. Бағалау
жолданғаннан кейін департамент қызметшілері өз құзыреті шегінде әрекет етеді, қысқа
уақыт ішінде мәселелі сұрақтарды қарап, шешу жолдарын қарастырады.
Енді әрбір азамат көрсетілген мемлекеттік қызмет бойынша кері байланыс бере отырып,
мәселесін шеше алады.
Г.МеДеУОвА,
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы
бойынша департаментінің бас маманы
2
29 тамыз 2019 жыл
Мемлекеттік қызмет саласындағы
сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу маңызды
және басымды мәселелердің бірі болып табылады. Қазіргі
таңда аталған мәселелерді реттейтін Қазақстан
Республикасының Қылмыстық Кодексі, «Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы, Қазақстан
Респбуликасы Президентінің «Қазақстан - 2050» Стратегиясы және «100 нақты қадам» Ұлт жоспары болып табылады. Осы аталған саладағы қабылданған Заңнамалардың
басты мақсаты – азаматтардың құқықтары мен
бостандықтарын
қорғауға,
сыбайлас
жемқорлық
көріністерінен туындайтын қауіп қатерден қамтамасыз
етуге, осыған байланысты құқық бұзушылықтың, қылмыстың алдын алу, анықтау, олардың
жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кінәлілерді тиісті жауапқа тартумен
қатар, халықтың сенімін арттыру мақсатында мемлекеттік басқарудағы жариялылықты
нығайту, білікті мамандарды мемлекеттік қызметке кіруге ынталандыруға және мемлекеттік
міндеттерін адал атқару үшін жағдайлар жасауға бағытталғанын атап өту қажет. Сыбайлас
жемқорлық әрекеттерінің салдарынан материалдық және материалдық емес игіліктерді
заңсыз алу жүріп жатыр, оның нәтижесі қоғам мүдделерін бұзу және мемлекеттік билік беделін төмендету болып табылады. Сондықтан мемлекет қызметтік өкілеттіктерді
пайдакүнемдік мақсатта пайдалануды тиімсіз және мүмкін емес болатындай барлық шараларды қабылдап, одан әрі де жағдай жасайтын болады. Осындай маңызды шаралардың бірі
мемлекет қызметшілердің өз кірістерін ғана емес, сондай-ақ шығыстарын да декларациялауы
болады. Алдағы уақытта мұндай декларациялау барлық халыққа таратылатын болады, бұл
заңдылықты сақтауға және мемлекеттік қызмет жүйесінде ашықтықты қамтамасыз етуге оң
әсер етеді. Мемлекеттік қызметшілердің сатылмауы және олардың қызметінің ашықтығысыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат табыстылығының негізі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша халықаралық рейтингі
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия басталған сәттен бастап Қазақстан көрсеткіштері
жақсаруға қарай тұрақты тенденцияға ие. Transparency International Kazakhstan деректері
2018 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан 31 балл жинап, 180 елдің ішінде 124 орынға
тұрақтады. 2018 жылғы 31 қазанда жарияланған Дүниежүзілік банктің Doing Business рейтингінде Қазақстан соңғы 11 жылда өз позициясын 36 орынға көтере отырып, 190 елдің арасында 28 орынға орналасты. Қазақстан Испания, Франция, Португалия, Жапония мен Түркия
сынды елдерді басып озды. Сыбайлас жемқорлық көріністерінің алғышарттарының бірі
шенеуніктің азаматпен тікелей қарым-қатынасы болып табылады. Мемлекеттік қызметтерді
алу процедурасы оңайырақ және ашық болған сайын, сыбайлас жемқорлық деңгейі соғұрлым
аз. Осыған байланысты бірқатар мемлекеттік функцияларды мемлекеттік емес секторға –
өзін-өзі реттейтін ұйымдарға кезеңмен беру жөнінде шаралар қабылданатын болады. Адам
факторының әсерін заманауи ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану да азайтады.
Нәтижесінде халыққа электрондық форматта көрсетілетін қызметтер көлемі артады.
Әлеуметтік сфераның базалық салаларында, білім беру мен денсаулық сақтауды қоса алғанда,
электрондық түрде тиісті қызметтер көрсету сыбайлас жемқорлықты төмендетуге ықпал ететін болады. Мемлекеттік аппаратта сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету үшін
мемлекеттің қаржылық мүмкіндіктерінің кеңеюіне қарай мемлекеттік қызметкерлердің
жалақысы мен әлеуметтік жеңілдіктерін кезеңмен арттыру көзделген. Мемлекеттік қызмет
көрсету процедуралары, оның ішінде кеден, салық салаларында, ауыл шаруашылығы, жер
қатынастары, банк қызметі саласында барынша автоматтандырылатын болады. "Бір терезе"
қағидаты бойынша халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізбесі да тұрақты түрде
кеңейтіледі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі мен «Атамекен» ҰКП арасындағы
ынтымақтастық туралы келісімді жүзеге асыру бойынша жол картасы аясында 16 салаға бірлескен талдау жүргізілді. (Денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, сәулет және қала
құрылысы, энергетика және ТҮКК, жер қатынастары, мемлекеттік сатып алу, салық және кедендік әкімшелендіру, жер қойнауын пайдалану және экология, ветеринариялық қадағалау,
санитарлық эпидимиалогиялық қадағалау, өрт қауіпсіздігі, өнеркәсіп қауіпсіздігі, сот актілерін орындау, көліктік бақылау). Бірлескен жұмыс нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық
тәуекелдерін азайту бойынша 3028 ұсыныс жасалып, оның ішінде 2387 ұсыным орындалды.
Ұсынымдардың негізгі бөлігі азаматтар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға және жүзеге
асыруға бағытталған. Бірқатар ұсыныстар салық және кеден кодекстерін жаңа редакцияда
әзірлеу және қабылдау кезінде ескерілді. Ұсынымдарды жүзеге асырудағы ең маңызды
нәтижелер ретінде мемлекет пен салық төлеушінің қатынастарын ырықтандыру, жоспардан
тыс тексерулердің негіздерін 62%-ға төмендету, салық төлеушілердің әр түрлі санаттары үшін
салық әкімшілігінің сараланған тәсілін енгізу, салық заңнамасының тұрақтылығын
қамтамасыз етуге бағытталған шектеу нормаларын енгізуді атап өту керек.
Орта білім беру және мектепке дейінгі білім беру саласы
Сыбайлас жемқорлық жаңа заманауи жағдайларға бейімделе отырып, онымен күресу
тәсілдерін үнемі өзгертуді талап етеді. Сыбайлас жемқорлық ауқымы өсе келе, елеулі қауіп
төндіреді. Ол азаматтардың мемлекеттік билікке деген сенімін бұзады, нәтижесінде тәуелсіз
мемлекет ретінде елдің өмір сүруіне қауіп төндіреді, сондықтан осы әлеуметтік қолайсыз
құбылысқа қарсы тұру-мемлекеттің, қоғамның және әрбір азаматтың міндеті.
Қазіргі уақытта республикалық деңгейде жаңа автоматтандырылған жүйе негізінде атааналардың әкімдіктің қатысуынсыз үйден шықпай-ақ, балабақшаны өзі таңдап, жолдама алу
мүмкіндігі жүзеге асырылуда. 2017 жылы бірқатар орта мектептерде бюджеттік есептің
автоматтандырылған жүйесі – «Бұлтты бухгалтерия» енгізілді. Сыбайлас жемқорлыққа
төзбеушілік әрбір қазақстандық азаматының ұстанымы, ал адалдық пен сатылмаушылық –
мінез-құлық нормасы болуы тиіс. Азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті,
сыбайлас жемқорлыққа тұрақты иммунитеті болмай, оны көпшілік алдында мінажат етпей,
қалаған нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес. Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті
орталық кеден зертханасының (бұдан әрі – ОКЗ) лауазымды тұлғаларының сыбайлас
жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін арттыру үшін, тұрақты негізде сыбайлас
жемқорлыққа қарсы заңнаманы, ҚРмемлекеттік қызметшілерінің этикалық кодексін білуіне
құқықтық оқу шеңберінде дәрістер өткізіледі. "Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің ережелеріне" сәйкес, ОКЗ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау
жүргізіледі, анықталған тәуекелдер сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою үшін енгізілген
ұсынымдарды орындау бойынша бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес жойылады.
Аталған іс-шаралар ОКЗ лауазымды тұлғаларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін
қалыптастыруға бағытталған білім беруге, ақпараттық жұмыстарды жүргізуге ерекше көңіл
бөлінген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті ілгерілету, сыбайлас жемқорлықтың кез
келген көріністеріне төзбеушілік ахуалын құру сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның
негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлықты ұлттық мәдениетке жат
құбылыс ретінде түсіну және қабылдамау – бүкіл қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы
мәдениетінің негізі.
А.ДОСКенОвА,
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Мемлекеттік кірістер комитеті орталық кеден зертханасы
қаржы бөлімінің басшысы
№41 газет_Жанаарка газеті 29.08.2019 19:20 Страница 3
29 тамыз 2019 жыл
3
Қай заманда болсын, ұстаздарға құрмет жоғары болған. Бүгіннен немесе кешеден ғана ұлы
мамандық иелеріне құрмет көрсетіліп келе жатқан жоқ, ықылым заманнан бері ұстаздықтың
шоқтығы биік тұр.
Менің бүгін қалам тербеп жазғалы отырған мақалам ұстаз деген ұлағатты есімнің иесі Қадыр
Матин жайында болмақ. Ол 1939 жылы
Жаңаарқа ауданында дүниеге келген.
1962 жылы Қарағанды педагогикалық
институның химия-биология факультетін бітірген. Зейнеткерлікке шыққанға дейін өзі білім алған №1 қазақ орта мектебінде ұстаз,
оқу-ағарту бөлімінің меңгерушісі, аудандық оқу бөлімінде инспектор, кәсіподақ комитетінің
төрағасы, аудандық партия комитетінде нұсқаушы, партиялық бақылау комиссиясының
меңгерушісі, аудандық оқу бөлімінің төрағасы болып үзіліссіз
43 жыл қызмет атқарды. Оның кемел ұрпақтар келешегінің
келістілігі жолындағы ұзақ жылдардағы ұстаздық ұлағатына,
қоғамымызға сіңірген санамалау мүмкін болмастай сан салалы салиқалы, өнегелі де өміршең, тындырымды да
тиянақты істеріне орай «Еңбек ардагері» медальдарының иегері, аға мұғалім Жоғарғы санаттағы ұстаз, тәжірибелі
тәлімгер, аға мұғалім, еңбек ардагері, Жаңаарқа ауданының
Құрметті азаматы, ҚР білім беру ісінің үздігі, Қазақстанның
Тәуелсіздігіне 25 жыл медалі, облыстық департаментінің
Құрмет грамотасымен марапатталған. Қадыр ұстаз туралы
жазбақ ниетте қалам алғаннан-ақ көңілде сайраған сұлу сөздің
қағазға түссе сұрқы қашатындай қиналдым. Небір сөз маржанын тереңнен терсем де оның ұлы тұлғасын ашып бере алмайтындай абыржыдым. Ғасырға жуық тарихы бар ауданның
өсуі жолында оның еткен еңбегі өлшеусіз. Сондықтан аудан
халқы құрмет тұтқан адамның асқақ бейнесін аласартып аламын ба деп қорықтым. Бірақ ұстаз туралы толғанғанда кімкімнің болса да жұдырықтай жүрегінен ағылатын ыстық
ықылас қаламға қуат беретіні сөзсіз.
Сөйтіп ұстаздың үйіне қағаз, қаламымды алып, бет алдым. 13ші пәтердің есігін қағып едім, ар жағынан Қадыр атамның өзі
ашты. «Кіре ғой айналайын»,-деп Гүлжахан әжей екеуі жылы шыраймен қарсы алды. Қонақ
бөлмедегі үстелдің үсті ескі фотосуреттерге толы. Ар жақтан немересіне кеңес заманынан
келе жатқан үстін ептеп шаң басқан қара чемоданды алғызды. Бұл қара чемодан маған тұтас
архивтай көрінді. Ішінен бума-бума марапаттары мен өзіне ыстық фотосуреттерді алып,
маған: «Ал сұрағың болса мархабат», - дегендей кейіп танытты.
аңғаруға болады. Егер ұстаз балаға дұрыс қарайлап, «тілін тауып» білсе, шәкірт те оған қарай
бет алады, білімге деген құлшынысы арта түседі. Сол арқылы оның дұрыс мамандық
таңдауына мектеп қабырғасынан бастап әсер етуге болады. Бір сөзбен айтқанда ұстаз психологияны жетік меңгеруі керек. «Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы», - деп бекер айтылмаған
ғой. Сондықтан дер кезінде оны дұрыс
бағытқа сілтеу - ұстаздың бір міндеті
деп білемін, - дейді ардагер ұстаз.
Алғаш мектепке 23 жасымда келдім.
Сөйтсем мен сабақ беретін оқушыларымның алды 20-да екен. Ол кезде жасы асып кетіп жатса
да бере беретін еді ғой. Сонымен өзімнен 3 жас кіші жігіттерге сабақ бердім. Бұрынғы
оқушымен қазіргі оқушыны салыстыруға келмейді. Қазір оқулықта, басқасы да жеткілікті,
ал ол кезде жоқ қой. Қазіргідей компютер, интернет жоқ бәрін
қолмен жазамыз, ізденеміз. Түнгі 1-2 дейін мектепте жүретін
едік. Бір сыныпқа 5-6 кітап қана. Сонда балалар ізденіп жүріп
оқиды. Алдын-ала оқып келіп тосыннан өзіңе сұрақ қояды ғой.
Ол кездің оқушылары өзіңді тәрбиелейтін. Міне, бұл дегеніміз
ізденіс. Баланың ізденіп, құштарланып оқитындығы. Ол кездің
балалары көнгіш, мұғалімнің айтқаны заң еді ғой деп бір
күрсінді қарт ұстаз, сол кезді аңсағандай...
Ұстаздың да ұстазы бар. Қадыр ұстаздың ұстазы кім екен деген
сұраққа ол кісі:
- Иә, балам бізде ұстаздан білім алдық. Соның арқасында өстік,
өңдік. Шарлатбай Бекішев, Қаутай Қасымбеков, Қайыржан
Сәдуов, Балғатай Өтешов, Қасен Сейдімбеков сынды алдыңғы
буын асыл ағаларым, ардақты ұстаздарымнан үйренгенім көп
болды. Илегеніміз бір терінің пұшпағы болғандықтан сен, мен
демей бір-бірімізге үйрете білдік-дейді жымиып.
Қайрат Байбосынов, Ғазым Жарылғапов, Сағынтай
Жұмажанов, Хамит Омаров, Болат Мейізбеков, Береке
Көшенов, Айдар Беков сынды ел азаматтарын білім нәрімен
сусындатқан ардагер ұстаз бүгінде зейнеткерлікте.
Осындай ұлағатты ұстаз отбасына үлгілі әке, адал жар. Қазірде
немере, жиен сүйіп, бір әулеттің мәуелі бәйтерегіне айналып
отыр.
Жары Гүлжахан апай 40 жылға жуық Н.Крупская мектебінде ұстаздық еткен. С.Сейфуллин
атындағы орта мектепті күміс медальмен бітірген, Қарағанды педагогикалық институтының
физико-математика факультетін қызыл дипломмен бітірген. Ең алғашқы тәлімгер ұстаз Қазақ
ҚСР халық ағарту қызметінің үздігі, «Еңбек ардагері» медалінің иегері Рахымбек Төлеутай,
Хәкім Омаров, Серік Өтешов, Марат Жандәулетов, Алмагүл Базарбекова, Қуаныш Бішімов,
Сабыржан Ыдырысов, Раушан Әшімова секілді дара жандарға ұстаздық еткен. Әкенің беделі
– балаларына үлкен мәртебе, олар әрқашан оның кішілгін, биік кісілік қасиеттерін, әкелі
қамқорлығын, ақылын сезініп өсті. Екі ұстаздың отбасында Алма, Қайрат, Қанат атты балалары дүниеге келген. Тұңғыштары Алма №132 орта мектепті күміс медальмен бітірген.
Астана қаласында адам жанынның арашасы дәрігер болып қызмет істейді. Ұлдың үлкені
Қайраты тарихшы мамандығын тәмәмдап, мектепте мұғалім болып қызмет атқарады. Жұмыс
істеп жүріп, екінші мамандыққа оқып, аудандық мәслихатқа аппарат басшысы болып ауысады. Қанаты Гагарин мектебін алтын медальмен бітірген. Бүгінде Қанат арамызда болмаса
да одан қалған жалғыз тұяқ Рауаны бар. Рауан О.Жұмабеков атындағы орта мектептің 7сынып оқушысы. Ата-әжесінің көз-қуанышы бүгінде үздік оқушылар қатарынан. Қадыр ата
мен Гүлжахан әжейдің Рауаннан басқа Айгерім, Индира, Бек, Рүстем есімді немерелері бар.
Айгерім «Обылыстық ресурстар және табиғат пеайдалануды реттеу басқармасының» бөлім
басшысы
болып
қызмет атқарады, ал,
Индира
болса
о б л ы с т ы қ
мәслихатта
бас
маман, Бек атаәжесінің
жолын
қуып,
Қарағанды
мемлекеттік
техникалық университетінде мұғалім
болып жұмыс істейді. Рүстем Астанада
әскери
қызметте.
Ауданымыздың
90 жылдық мерейтойына қарсы ұлағатты
ұстаздың «Жаңаарқа
жері – облыстағы іргелі,
алдыңғы
қ а т а р л ы
аудандардың бірі. Тарихы тереңде жатқан
аяулы өлке көптеген
дарынды, кемеңгер
тұлғалардың Отаны.
Бұл жерде еңбекпен
есейіп,
еліне
қалтықсыз қызмет
қылған біртуар перзенттер де жетерлік.
Соған орай, ауданның да әл-ауқаты жақсы екені айқын. Қазақстанның ажырамас бір бөлігі
саналатын ауданның өсіп-өркендеуі күннен-күнге қарыштап келеді. Жыл өткен сайын
жаңғырған аудан орталығында ауқымды жұмыстар жасалуда. Құрылыс қарқынды дамып,
дәулетіне сәулеті сай болуда. Еңбекқор жандардың күш-қуатының нәтижесінде қазір берекелі
аудан гүлдеп, жайнаған. Бір сөзбен айтқанда, 90 жылдық айтулы мерейтойды аудан халқы
жарқын жетістіктермен қарсы алуда.
Жанұямыздың атынан мерейтоймен құттықтай отырып, жылдан-жылға өркендей беруіне тілектеспін», - деген тілегі бар.
Жақсы ұстазға екі ғана нәрсе керек, оның бірі- терең білім болса, екіншісі – үлкен жүрек.
Осы екі қасиетті өз бойында дарыта білген және өз өмірін осы салаға арнаған Қадыр атамыз
бен Гүлжахан әжей балаға деген шексіз махаббаттың иелері, өз еңбектерінің жемісін көре
алған Ұстаздар деп айта аламыз.
Мөлдір ҚАСЫМ
Ұстаздық еткен жалықпас
– Мен, «нағыз педагог қандай болуы керек?» деп бастадым сұрағымды сексеннің
сеңгірінен асқан ардагерге.
– Ең алдымен баланы сүйіп, құрметтей білу керек. Жан-жақты білімді болу керек. Баланың
жан-дүниесін түсіне білу керек. Үйдегі туған балаңнан да қатты жақсы көруін керексін.
Оқытушының оқушымен өзімен тең дәрежеде сөйлесіп, тіл таба білуі маңызды. Қалыптасып
келе жатқан бүлдіршін ұстазбен арадағы тепе-теңсіздікті сезінбеуі керек. Әр ұстаз өз
шәкіртіне сеніммен қараса ғана бұл баладан үлкен адам шығады. Сонымен қатар әр ұстаз
үшін маңызды кеңес — әр баланың отбасылық әлеуметтік жағдайын және тәрбиесін зерттеп,
білу, оның ата-анасымен жиі тіл табысу, әр баламен жекелей жұмыс жасау қажет. Баланың
жан-жақты тәрбиелі тұлға болып қалыптасуы ол ең бірінші ата-ананың мейірімі мен жан жылуына, отбасылық махаббатқа байланысты. Бала тәрбиесі кезінде ата-ана ең алдымен
қателіктерін түзеп, балаға түсіністікпен қарап, зекіп дауыс көтеру, қол жұмсау деген жаман
әдеттен арылуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады,
ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Баланың психологиясы
деген ол нәзік дүние сондықтан оған салғырт қарамаған жөн.
Бұған қоса баланың мүмкіндігін де бақылаған артық етпейді. Мұны баламен сөйлесу арқылы
№41 газет_Жанаарка газеті 29.08.2019 19:20 Страница 4
4
Сәкен жайындағы әңгімелер
1.Сәкеннің Рахимадан айырылысуы
Сәкен 1956 жылы ақталған шақта елімізде оның
көзін көрген, қызметтес, сыйлас, пікірлес
болған, бірге өсіп, біте қайнасқан ағайын-туысы,
жақын-жуығы мен ат жалын тартып мінгеннен бірге үзеңгілес
жолдас-жораларының көбісі болмаса да, сан ісінің
куәгерлерінің көздері тірі еді. Сағынып қауышқан Сәкені туралы солардың көпшілігінің қолына қағаз алып, қалам
тартпағандары шамалы. Ел үшін еңіреп туған ердің
еңбекшінің тәуелсіздігі мен бостандығы үшін күресіп, осы
жолда қайғы шегіп, қасірет тартқандығын біліп, етегін жасқа
толтырып жыламаған, қайта тірілген рухына бас иіп
қуанбаған қазақ кем де кем болды. Әлі де ел арасында сүйікті
ақыны, тұғырлы азаматы туралы
атадан әкеге, әкеден балаға
жеткен шер тарқатып, жан
тебірентер,
жүрек
түкпірінде
ұялаған
әңгімелер мен естеліктерде шек жоқ.
Соның бірі – бүгінде
тоқсанға келіп, таяқ
ұстаса да көңілі ояу,
көргені көп әкемнің
туған
інісі
Кадрин
Ә б д і м а н а п т ы ң
Жамболының
Смағұлынан
естідім деген Сәкеннің бірінші әйелі
Рахимадан айырылысуы туралы әңгімесі.
Жамболов Смағұл – қазақтың Арғын тайпасының бес
сопысының бірі Мейрамсопының үлкен ұлы Қуандықтың бір
баласы Алтайдан тараған, руы – Алсай, оның ішінде Қайып
болады. Шешесі жағынан Сәкенге нағашы болып келеді.
1919–1920 жылдары Ақмолада Сәкеннің үйінде тұрып, оқу
оқып, сол уақыттағы қоғам өмірінен тыс қалмаған.
Ақын сол жылдары Ақмоладағы белгілі саудагер, өте бай,
ұлты татар болу керек, Халфин Әкбардың Рахима деген тым
көрікті қызына үйленеді. Жан ұғысып, тұрмыс құрған екі жас
алғашқыда бірін-бірі ұнатып, ынтық болып қосылғанымен,
күн өте келе күнделікті шыны аяқ сылдыры көбейіп, сын
сағаттағы сыр сезімінің үйлесімін жоғалтып, өзара тіл
табысудың кетеуі кетіп, қисыны қашады. Оның үстіне
әкесінің мал-мүлкін тәркілеп, кедей топқа таратып беру
жөніндегі Совдеп шешіміне Сәкеннің қарсы тұрып,
құлшынып араласпауы да екеуінің арасына сызат түсірген
сияқты.
Бірде Сәкен сүзек болып, қатты ауырып, ұзақ уақыт төсек
тартып жатып қалады. Ауруды бағып, ас дайындап, қонақ
күтудің әуре-сарсаңына шыдай алмаған, еркеліктің еркіне беріліп, еңбектен безініп, шолжыңдап, бұлғақтап өскен байдың
қызы ақынның төсегін аударып салып жатып: «Сәкен мырза,
моншаға бармасаңыз, тері иісіңіз шығып кетті», -депті.
Сәкен қос жанары қадалып, үн-түнсіз ләм-мим демей,
жұбайының бетіне қарапты да қойыпты. Рахиманы шығарып
жіберіп, Смағұлды шақырып алып: «Ана жеңгең жұмысынан
келгенше киім-кешегін, жиған-түйгенін түгендеп, буып,
есіктің алдына шығарып қой. Арбакеш жалда да қоқырсоқырымен үйіне апарып сал. Менің үстіме кіргізбе де, енді
маған көргізбе. Әкесіне айта бар, қызына ауырмайтын, ауырса
да терлеп, иісі шықпайтын бай тауып берсін», - депті. Смағұл
мұныңыз қалай десе, «Соның өзі дұрыс, сұлулар тек қана
тәнімен емес, жанымен жарасқаны ләзім ғой», -деп ишарат
білдіріп, сыртқа шығып кетуін қалапты.
Сәкен қалай десе, Смағұл соны істепті. Мұнан кейін қыздың
төркіні, Сәкеннің маңайы екеуінің қайта қосылуына қаншама
күш-жігер жұмсағанымен, кірпияз, асқақ ақын көнбепті. Аурудан жазылғанымен, денесі арып, буындары әлсізденіп,
жүріп-тұруының өзі қиынға соққан соң, майлы ет, жас сорпа,
бал қымыз ішіп, әлдену үшін кеңсе қызметін тастап,
Ақмоладан кетіп, бір жыл бойы елде болып, 1921 жылдың жазына дейін шығармашылық жұмыспен айналысқан.
2.Сәкен діннен безген емес
Сәкен 1905 жылы Нілдегі бірінші басқыш орыс-қазақ мектебіне қабылданғанша, біршама ауылда мұсылманша оқып,
намаз сабақтарын үйреніп, дұға жасап, Құран-Кәрімнен біршама мән айта білетін дәрежеге жеткен. Ағайындас туысы
Сәбит ақсақалдың айтуынша, оның әкесі, ел арасында «Ағаш
аяқ молда» атанған Бармұхамбет Сәкенге ислам дінінің
әліпбиін үйретіп, иманшартына сендіріп, мұсылмандық
тәлім-тәрбие беріп, оның қадір-қасиеті бойына сіңірген.
Сәкен Қуандық-Тоқа елінің Қаратаудан қалап алып келген
қожаларының, оның білікті діндарлары Игенберлі қажы,
Шәріп молданың аят, хадистерден айтқан шариғаттарын
тыңдап, Алланың біреу, пайғамбардың хақтығына сеніп
өткен.
Сәкен қаншама кеңесшіл болғанымен, жүрек түкпіріне Алла
сөздерін ұялатқан. Оған мысал «Түс» деген өлеңінде:
Көк шыбықтар көбейсе тал боп жетіп,
Көркейер сонда бақша қайғы кетіп.
Я, Алла! Жеткіз сорлы жастарды деп,
Тіледім шыбықтардан үміт етіп, - десе, «Қазақ сабағы» деген
өлеңінде:
«Өнер тап, жолдастығы жоқ» - дейді ойым,
Атадан қалған артта мал мен бақтың.
Я, Алла! Жеткізе гөр мұратыма,
Рахаты бар деуші еді михнаттың, - деп жастардың өнер тауып,
еңбек етуіне рахымшыл Алла, жаппар иенің ізгілігіне сенім
артады.
Анненковтың азап вагонында болып, Колчактың Омбыдағы
қасірет түрмесінен ебін тауып қашып шығып, Дүйсенбі деген
атпен жаяулап жүріп, ел кезіп арқаның сұлу өңірлерінің бірі
Баянауылға жетіп, түп нағашыларының үйінде жатып
шығарған «Бабаларыма» деген белгілі өлеңінде:
Қу заман басқа салды мұндай шақты,
Қайтейін, медеу қылдым жалғыз хақты.
Ұрпағың өсіп-өнген рулы ел боп,
Деуші еді бабам Тоқа аруақты.
Ор, Аба, Есен, Нұра жерім еді,
Қуандық - Қара Тоқа елім еді.
Қолдар деп қысылғанда бабаларым,
Сендерге асау балаң сеніп еді, -деп, өксігін баса алмай,
жалғыз Алла мен бабаларына ізгі тілек артып, түскен жолына
қолдау беріп, өр баласына ақ бата, ақ жолын сұраған.
Сәкен Аллаға құлшылық етіп, ораза ұстап, намаз да оқыған.
Ол туралы Қамажан ақсақалдың құлаққа қонымды, сезім
оятар сенімді әңгімесі бар еді. Алайда, Одақ кезінде советшіл, революционер ақынды құдайшыл да болған десе, ел
күлер еді, оның коммунистік көзқарасына дақ түскен болар
еді. Сондықтан бұл әңгіме жерлестерінің көбісінің жадында
берік орын алғанымен, ел арасында таралып, баспасөзде
жарияланған жоқ.
Қамажанның руы – Арғын, Тоқа, оның ішінде –Досқана,
Досқанадан Кетебай, одан – Құтбай, одан – Омар, одан –
Құлменде, Бәйменде, Тата, Қамажан. Омар балалары, әсіресе
Құлменде мен Бәйменде Ақмола төңірегінде белгілі саудагер
болған, дүкен ұстаған. Ресейдің ішкі қалаларынан тауар
әкеліп, оны малға айырбастап, елдің қажетін ашқан. Барлығы
да мұсылманша, орысша сауатты, өз қатарларынан жоғары
туған. Зейнеткерлікке шығар алдында Қамекең Өспен мектебінде есепші. Сельсоветте хатшы болып қызметтер атқарған.
Жастайынан ел арасына тараған деректерді жинап,
әңгімелерді тыңдап, құйма құлақ болып өскен, сол Өспен мектебінде көп жылдан бері мұғалім болып істейтін менің жақын
інім Нұржанов Файзолла Қамекеңнің өз аузынан естіп, одан
мен хатқа түсірген мына әңгімені баспасөзде жария етуді жөн
көріп отырмын.
Сәкен 1920-1921 жылдары бір жылдан аса елде болған. Сол
уақытта Қарқаралы уезі Шет ауданындағы Мақаш қызы
Гүлмен кездесіп, ертіп алып кетпекші болады. Қыз да Сәкен
де бірін-бірі ұнатқанымен, айттырып, мол қалың мал төлеп
отырған жері Адамбай, Тұрсын деген Қаракесектің мықты
шонжарлары, олардың жақыны, тілге де дінге де жүйрік, кезінде Мейрам ұрпақтары арасында аты шыққан Дия қажы
араласып: “Сәкен бұрын әйел алып тастаған, махаббатқа
тұрақсыз, қызымызды алдап кетеді”,- деп екеуінің қосылуына
бөгет болған.
Рахимамен жайлауы жараспаған, Гүлге қосылудан
аласталған Сәкеннің көңіліне қаяу түсіп, өзін-өзі жұбатып,
шығармашылық сыр-сезімге беріледі. Осы кездері дінді
діңгек тұтып, сәждеге басын қойып, намазын қаза жібермеген.
Бірде жасы көп үлкен Құлменде, қатар өскен Сәкен мен
Қамажан таңғы намазға тұрады. Кейінгі екеуі Құлмендеге
ұйыды. Намаз оқылып, таңертеңгі шай келгенше шариғат айтылып, заман тақырыбына
ауысып, елдің хал-жайы,
болашағы туралы сыр шертіледі. Сәкен: «Жаңа заман
халықты тұрақты еңбек етуге, өнер білім үйренуге, әлауқатын көтеріп, бай мен кедейдің, ауыл мен қаланың
арасындағы айырмашылықты жоюға бағытталады. Адамды
адам қанауды жояды, ақшаның құзырына тұсау салады.
Әрбір адам тең, әділетті қоғам орнайды. Сондықтан да осы
қоғамды саналы түрде қолдаймын», - дейді.
Сонда Құлменде: -Әйел мен еркек коммунизмде жаппай бір
шаңырақтың астында тұрып, бір қазаннан ас ішіп, сенікі-менікі жоқ күн кешеді, әсіресе, құдай жоқ, пенде табиғаттың
эволюциялық дамуының жемісі дейді. Бұған не айтасыз? –
деп сұрапты, - Большевиктердің алға қойған мақсаты, негізгі
бағдарламасы еңбекші топтың жағдайын жақсартуға
арналған. Ал құдай туралы ой-пішімдері әртүрлі тілде
сөйлейтін, діні бөлек халықтардың бір мақсатқа бірігуіне діндегі кереғарлықтың арқасында сызат түспесін дегеннен болуы
керек. Бірақ Ислам дінінің маңызын жалпы елге түсінікті етіп
уағыздау Абайдың ғана қолынан келген, - деп Сәкен басқа
тақырыпқа ауысып кетті.
Күллі мақұлық өзгерер, Алла өзгермес,
Әмме кітап бұл сөзді бекер демес.
Адам нәпсі, өзімшіл мінезбенен,
Бос сөзбенен қастаспай түзу келмес.
Махаббатпен жаратқан адамзатты,
Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті.
Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп,
Және хақ жолы осы деп әділетті, - деп жазған Абай Алланы
мадақтай отырып, Ислам дінінің адамзат баласына келтіру
жақсылық нышандарынан нәр алған халық iзгi ниет пен игі
сенімге бөлене отырып, адамзаттың бәрін бауырым деп сүйіп,
хак жолын әділет жолы деп түсінеді деп мегзейді. Менің де
жолым осы, бірақ қазіргі заман тартысында жалғыз адам өз
бетімен мақсатына жетуі мүмкін емес. Халықтың жағдайын
жақсарту үшін большевиктер түскен жолды таңдап алдым, деді. Сонан соң Құлменде: - Шырағым, Сәкен, өң бойында,
ақыл-парасатында бір мін жоқ. Естуімше, қыз-келіншекке
көңілшексің. Ажары түзу қыз көрсең, айналшықтап шыға
алмайсың. Осың не? Бәрін қойып, отау құрып, артыңа ұрпақ
қалдырмайсың ба? Қазақта Сәкен жалғыз, заманында дәйек
жоқ. Олай-былай болып кетсең, еліңді еңіретіп, өмір бойы
өксітіп кетпейсің бе? – деп бетіне тура қарады. Сәкен: - Көке,
айтқаныңыздың бәрі жөн. Үйленген де, бала сүйген де қызық.
Бірақ соның кім болатыны белгісіз. Жаманнан жақсы туады,
адам айтса нанғысыз, жақсыдан жаман туады, бір аяқ асқа
алғысыз», - деп халық айтқандай, бала іздеймін деп, басыма
пәле тілеп алып жүрсем не дерсіз? Әлі де уақыт бар ғой. Тіршілік болса үйленерміз де, бала да сүйерміз. Бірақ түсіне
білсеңіз, менің артыма қалдырған ұрпағым – баспа көрген кітабым, шығарған ән мен өлеңім, тартыста көрген-білгенім,
ішіме жиып-түйгенім емес пе? - деп Кәкеңе қарады да, мойылдай қара көздерінің жанары жалтылдап, кірпіктері
қалтылдап төмен түсті. Қамажан басын шайқап: «Шіркін-ай,
осы сөзді өлерінен он сегіз жыл бұрын аузына құдай салды
ма екен, жоқ аруақ қонған көріпкел болды ма екен? Бұл не
29 тамыз 2019 жыл
деген сәуегейлік? Өз кіндігінен тараған ұрпақ
өрбімегенімен, артында елі сүйіп оқып,
жүрегіне тоқып, ұрпақтан ұрпаққа өтер
еңбектері қалды. Айтқаны келгеніне таң
қаламын», - деп жанарына ұялаған жас тамшыларын сүртіп
қойып, әңгімесі тәмәмдады.
3.Сәкен мен Әпенде
Руы – Арғын, Тоқа, оның ішінде – Күшікбай, Ақылбайдың
Әпендесі біз көргенде орта жасты орталап, алпысқа қарай аяқ
басқан, Енеңде тарихи, ел ішіндегі әңгімелерге қанық,
құрметке бөленген, сұңғақ бойлы, түр-пішімі жарасымды, бет
жүзінен жылылық есіп тұратын қария еді. Елде сол кісінің
білгендерін хаттаған адам жоқ. Ауызекі естігендердің көбісі
о дүниелік болып кетті. Біз қатарлылар күнделікті саясаттың
көлеңкесінде болып, өткенімізге, болашағымызға онша ой
жүгіртпей өстік. Шіркін, Әбежеңнің халқының арманы мен
мұңы әбден қанына сіңген талай құбылыстар мен кешкен
тақсыреттерін көкейінде сайраған қалпы, сыртқа шығара
алмай, бақиға алып кетуі қандай өкінішті.
Осы күнге дейін Сәкенді Ортауда, Қарашілікте туды деп келеміз. Әрине, ол Сәкеннің өз қолынан жазылған өмірбаяндық
деректерінде болуы мүмкін. Өйткені, тууы туралы куәлік,
төлқұжат алғанда сол уақыттағы заман ағымына сай белгілі
мекендердің аты аталуы қажет еді. Ондай мекен Сәкеннің атабабаларының қонысы, қыстауы – Ор мен Аба болатын. Жаз
жайлауы, күз күзегі сонау Көктіңкөлі, Жыландыдан бастап,
Шотан, Нарбақ, Батық, Ақой, Бестоған, Бекше, Тәпи, Тайпақ,
Есен, Нұраға дейін құлап кететін. Сәкен 1984 жылдың қазан
айының ортасында дүниеге келген. Олай болса, сол
замандағы қазақи дәстүр бойынша ел жайлаудан қайта
бастаған шақ. Әпенденің Сәкен Көкқауға деген құдықтың басында туды деген дерегі шындыққа келеді. Ол жерде басқаша
айтқанда, Сейфолла қырманы болған, ал кейін ұжымдастыру
кезеңінде Сәкеннің туыстары колхоз құрған. Оның бірінші
төрағасы Сәкеннің інісі Мәлік болған. Бертін келе Күзембаев
атындағы, кейін Киров атындағы колхоз деп аталды. Ол
Иманақ тауынан солтүстік батысқа, Қарағандыға қарай 6-8
шақырым жерде.
Әбежең айтты деген бар әңгіменің желісі бойынша елдің
жақсы-жайсаңдары жиналып, ішінде көп жылдар старшын
болған Нұрмағамбеттің Әміреші, ел еркесі, әжуа тілмен
әсіресе қимылдың көксемсері Тұрмағамбеттің Әбенімен
мадақтап отырған Ақылбайдың Әпендесі бар, бес-алты адам
Алматыға арнайы сапар шегіп, Сәкеннің үйінде болады.
Елден келген адамдарды Гүлбаһрам жайылып төсек, иіліп
жастық болып, дастарханның бар мәзірімен күтеді. Көптен
бері елде болмаған Сәкен ауыл азаматтарының хал-жайын
сұрап, халықтың жағдайын білгісі келіп, келелі әңгімеге тартады. Жаңа дәуірдің адамдарының өнегелі іс-қимылдарына
қуанып, пендешілік қарекетіне ренжиді. Аналар да Алматыда
болып жатқан жаңалықтарды білгісі келіп, бірінен бірі қағып
алып, сауалдар қойып, жаңа қоғамның қандай жақсылықтар
әкелетіндігін, елдің тұрмыс-халіне әсері, білім алып, өнер игерумен қатар, астанадағы үлкен қызметтер саласындағы
өзгерістерді де саналарынан тыс қалдырған жоқ.
Шынайы да шұрайлы әңгіме желісі екі жақтың да айызын
қандырып, көңілдерінен шықты. Дастархан үстіне иін тіресе
қойылған тағам түрлері дәмді әңгімеге қосылып, ауыл
адамдарының тәбетін ашып, емін-еркін ішіп-жеп, бойларына
сіңіріп, бет-жүздерінің шырайының кіруіне ерекше әсерін тигізді. Бір сәтте Сәкен:-Мешіннен қалай шықтыңдар? Мал
шығыны көп пе? Халық көп қырылды деп естіп едім, рас па?
Үдере көшкендер қайтып оралды ма? Кооперативтерге бірігу,
елде мектептер ашылу барысы қалай?-деп сұрау салып, ой
бөліскісі келді. Әміреш:-Мешін елдің басына келген нәубет
қой. Оған ешкім кінәлі емес. Әр жерден, әсіресе Моңғолиядан
мал әкелініп, бөлініп берілді. Қайтадан колхоздар ұйымдасып,
ел мал басын көбейтіп, егін салуға кіріскен жай бар. Мешіндегі қиыншылыққа сенің не кінәң бар?-деді. Сәкен: -Неге
кінәлі емеспіз? «Ел ерге қарайды, ер жерге қарайды»-деген
ғой халық. Ал біз жұрт қойдай қырылып жатқанда, іштен
тынып, жоғарыға сеніп, үндемей қалдық. «Мұрт» пен «қу
жақ» қосылып алып, халықты қырды ғой,-деп жеңіл күрсінді.
Әміреш: -Кәмпеске жылдары ел Қытай асып көше бастағанда
соларды тоқтатамын деп, зиялылардың алғашқысы болып
Семей, Өскемен, Тарбағатай жағына барып, біраз болып көп
елді қайтаруға еңбек сіңірдің. Сонда Алашым, қазағым
дегеннің көбісі Алматыда жайлы орнында тырп етпей отырмады ма? Сол үшін кімнен алғыс алдың?-деді. Сәкен:-Мен
алғыс, атақ үшін, сол сияқты біреудің қарғысын аламын деп
қорқып жұмыс істемеймін. Бар саналы өмірім халқым үшін
жұмсалса, арманым жоқ,-деді. Әміреш:-1932 жылдың мешіні
бүкіл елді шарпыды. Өткенге өкінгенмен, оның орны тола ма?
Сен ананы бір, мынаны бір айтып, менің Сағатыма көңіл
айтпадың ғой,-деп кейістік білдірді. Сонда Сәкен:-Әміреш,
елде сенің орның бөлек, сөз түсінетін азамат деп ойлаушы
едім. Ауылдың барлық мәйегі сен сияқты азаматтардың
қолында деп ойлаушы едім. Қателескен екенмін. Ел тағдыры
қыл үстінде тұрғанда, ар-ұжданына қаяу түсіп, қиянат көрген
шағымда шынайы күліп, сыралғы жүре алмай, сыйластық пен
сырластықтың арасына сызат түсіп, адамгершілігім сынға
түскенде шетінеген бір шаранаң үшін осыншама
жазғырғаның не? –деді де Гүлбаһрамға бұрылып,-мына кісілерге жолда жейтін ауқатын дайында, елге жететін ақша бер.
Қазір машинамды жіберем, пойызға билет сатып әпер,-деп
орнынан ықшам тұрып, қолын жуып, тез киініп, қонақтармен
қоштасып, үйден шығып кетті.
Ел ағалары бір-біріне қарап, не істерін білмей, үн-түнсіз,
өздерін кінәлі санап отырып қалды. Сол күні оларды
Гүлбаһрам пойызға шығарып салды. Белгісіз өткен күндерай, солардың көпшілігімен қайта көріспей, Сәкеннің өмірі
мезгілсіз қиылды...
Сейдіғали ПАЗЫЛОв,
2001 жыл 13 қазан №40 “Жаңаарқа” газеті
№41 газет_Жанаарка газеті 29.08.2019 19:20 Страница 5
29 тамыз 2019 жыл
5
Қолына домбыра ұстаған талдырмаш бала сахнаға
шыққанда тыңдаушы қауым отырған зал іші тымтырыс тына қалған. Олар мұның алдында оның фамилиясы - Мағзұмов, аты - Жақсылық, төртінші
сыныпта оқитын жас домбырашы екендігін естіген
болатын. Көздерін жеткіншекке тігіп, құлақтарын
түрген
олар
жас
күйшіге сынай да,
үмітпен
де
қарасты.
Жас
күйші орындыққа отырып, домбыра шегін
қағып-қағып жіберді.
Құйқылжыған күй төгіле
жөнелді. Балауса саусақтар домбыра пернесін дәл басып, безек
қағып, тыным табар емес. Жөңкіле кеткен күй бір сәттен кейін
әсем саз тапты. Баяулап, сабырға түсіп аяқталды. Бұл
Құрманғазының “Балбырауыны” еді.
Сілтідей тынып қалған зал кенет қол шапалақтаудан дүр сілкінгендей болды. Риза болып, қошемет білдіріп жатқан дауыстар да
естіліп жатыр. Өз өнеріне мұндай құрмет білдіреді деп ойламаған
Жақсылық өзінен өзі қысылып сахнадан кетуге асықты. Сахнадан
шыға бере көркемөнерпаздар үйірмесінің мүшелері Хасен Сейдімбеков, Боранбай Лекеровтердің қоршауында қалып қойды.
Олар оның қолын қысып, өнердегі алғашқы табысымен
құттықтап жатты.
Иә, ол табыстың бастауы еді. В.И.Ленин атындағы қазақ орта
мектебінің сахнасында алғаш рет өнерімен танылған ол, сол күнгі
сарапшылардың өнер қорытындысында жүлделі бірінші орын
алды.
Өзін
домбыра
тартуға
баулыған
мектептің
көркемөнерпаздар үйірмесін басқарған ұстаздар Х.Сейдімбеков пен Б.Лекеровке деген
ризашылығы мен алғысы мол еді. Бұл күнді «Талап- талмас қанат» дейді қазақ мақалы.
Өнерге деген құмарлық, оны талап қанатына мінгізді. Ол домбыра тарту шеберлігін жетілдіру
жолында мектептің көркемөнерпаздар үйірмесіне қатысып қана қоймай, аудандық пионер
үйіндегі домбыра оркестріне де мүше болды. Жас күйші өзінің ізденімпаздығы, өнерге
құмарлықпен ден қоюының арқасында Дәулеткерейдің, Тәттімбеттің күйлерін үйреніп қана
қоймай, оларды орындауда шеберлік те таныта білді. Кейіннен жоғары сыныпта оқып жүріп,
пионер үйіндегі домбыра оркестрін басқарды.
Ауылда өнерімен ауызға ілінген ол мектеп бітірген жылы Қарағандының педагогикалық институтына түсті. Жаңа орта оның күйші болсам деген арманына жаңа қанат бітіргендей еді.
Мұндағы көркемөнерпаздар үйірмесінің жетекшілері домбырашы Жәнібек Ермусин,
қобызшы Сайлау Әкімжанов сияқты ұстаздардан тәлім алу ол үшін биік абырой болатын. Ол
күй тартудың сан сырын үйренумен қатар, қобыздың да тілін меңгеруге талаптанды. Оның
бұл талабы аяқсыз қалған жоқ. Студенттер арасында шебер қобызшы, күйші атанып,
республикалық, облыстық байқауларда жүлделі орындарға ие болды. Әсіресе, Молдавияда
өткен СССР педагогикалық институттары студенттерінің бүкілодақтық фестивалі есінде болатын. Өнер сүйген сан дүлдүл студент жастар қатысқан бұл фестивалде сахна төрінде қос
шектен күмбірлетіп, күй шерткен қазақ жігітіне жұртшылық ду қол соғып, ерекше құрмет
көрсетті. Шеберлік өнерімен танылған ол әлденеше күйді құйқылжыта тартып, көпшілік
көңілінен шығып, фестиваль жүлдегері атанды.
Институт бітіргеннен кейін, өнерге бар болмысымен берілген
Жақсылық Мағзұмов Қарағанды қаласындағы Тәттімбет атындағы
музыкалық училищеге түсіп, оның ойдағыдай бітірді. Мұнан
кейін өзінің туған ауылындағы В.И.Ленин атындағы қазақ орта
мектебіне жолдамамен келді. Мектеп ұжымы талантты күйшіні
құшақ жая қарсы алды. Ол 1968 жылы мектепке келісімен маңайына
өнерлі жастарды жинап, музыка мектебін ашуға құлшына кірісті.
Аудандық мәдениет үйінің жанында құрылған ұлт аспаптар оркестрін
басқаруды қолға алды. Ауылдағы еселі еңбегі өз жемісін берді. Талай
буын жастарды аудандық музыка мектебінде өнерге баулыды.
Олардың ішінде қазір аты жұртшылыққа танылған майталман өнер
шеберлері де бар. Солардың бірі Қарлығаш Тиышмағанбетова
Қарағанды қаласында қобыз пәнінен сабақ береді. Қарлығаш
ұстаздық еңбек жолын бастамас бұрын Қарқаралының әйгілі «Салтанат» ән-би ансамблінің құрамында Францияда өткен фольклорлық
фестваліне қатысып, лауреат атанғанын айту керек. Ол бала күнінен
пір тұтатын өнер иесі қобызшы Фатима Балғабаеваның жолын қуды.
Қарлығаштың еңбегі бағаланып, «Қазақстан Республикасы білім беру
ісінің
құрметті
медалімен»
марапатталды.
Қарлығаш
Тиышмағанбетованың еңбек жолы туралы республикалық
«Шаңырақ» басылымына шықты.
Сонымен қатар, сол кездегі «Целинный» совхозының комсомол
комитетінің секретары болған марқұм А.Сейтенов те аудандағы танымал күйшілердің бірі болды.
Ол совхоз жастарынан
көркемөнерпаздар үйірмесін ұйымдастырып, шалғайдағы бөлімшелерге барып, өз өнерлерін
көрсетіп жүрді. Ал, кейінгі шәкірті Б.Тілеубаева аудандық мәдениет үйі жанындағы домбыра
оркестерінің таңдаулы күйшісі болды.
Бір кездегі балаң күйші Жақсылық Мағзұмов өнерімен танылған аудан тұрғындарының
құрмет тұтар, қадірменді азаматтарының бірі болды.
Ол 1972 жылы аудандық мәдениет үйінің директоры болып қызмет істеді. Поселкелік советтің
депутаты болды.
-Қазақ халқы күй өнерін ежелден аса жоғары бағалаған. Күйшілер халықтың күйініші мен
сүйінішін, қуанышы мен ренішін күй арқылы өрнектеп, кейінгі ұрпаққа мұра етіп қалдырып
отырған. Сондықтан да күй мен үшін қымбат. Халық қазынасы күйді қадірлеп сүйе білуге
баулимын,- дейтін марқұм Жақсылық Мағзұмов.
Бағила ЫСҚАҚОвА
Күйші биігі
Адам. Қоғам. Заң.
Атқарушылық жазбаның пәрмені сот
актісінің күшімен бірдей
Кез келген реформа халықтың әл-ауқатын арттыруды көздейді. Сот жүйесінде қолға
алынған саланы жаңғырту, қылмысты ізгілендіру және сот жүктемесін төмендету жөніндегі
жаңашылдықтардың басты мақсаты – халық
игілігіне қызмет ету. Осы орайда Елбасы «Қазақстандықтардың әлауқатының өсуі: табыс
пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында сот жұмысының заманауи форматтарын
жандандыруды, озық электронды сервис енгізуді, артық сот рәсімдерін қысқартуды, сот
жүйесінің сапалы дамуын және кадрларының жаңаруын қатаң тапсырған. Еліміздің соттары,
басқа да құқықтық заң органдары сияқты жаңа жылды жаңа жұмыс бағытымен, айтулы
өзгерістермен бастады. Жолдау міндеттерін іске асыру бағытында 2019 жылғы 21 қаңтарда
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды
күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол
қойылып, құзыретті органдардың міндеттері өзгеріске ұшырады. Енді 3 ақпаннан бастап
сотта қаралып келген бірқатар азаматтық мәселелер нотариустардың қарауына берілді. Яғни,
берешекті өндіріп алу бойынша даусыз талаптардың 9 түрін нотариустар қарайды. Сол
сияқты, айлық жалақысын өндіре алмай жүргендер де енді сотқа емес, нотариусқа баруы
керек. Нотариус мәнжайды анықтап, құжаттар түгел болса, атқарушылық жазба шығарып
береді. Ал атқарушылық жазбаның күші сот актісінің күшімен бірдей. Жалпы даусыз істерді
соттарға жүктемей, нотариусқа беру – азаматтарды сергелдеңге салу, артық шығынға
ұшырау, уақыт жоғалту секілді мәселелердің алдын алумен қатар, судьялардың да
жүктемесін төмендетеді деп күтілуде. Нотариус көрсететін қызметтің құны заңмен бекітілген.
Республика соттарында жалпы алғанда 3 млнға жуық іс пен материалдар қаралуда. Істің көп
болуы жұмыс сапасына кері әсер етпей қоймайды. Себебі, әр іс пен материалдың қаралу
мерзімі бар. Қазір соттарда әлеуметтік жағдай, яғни, отбасылық қарымқатынас, қарыз,
еңбекақы өндіру, көршілер жанжалдары секілді азаматтық даулар мен мәселелер өте көп.
Сот жүктемесін оңтайландыру мақсатында жоғарыда аталған заң өзгерістеріне сай, сот
оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қарайтын он істі бұйрық арқылы іс жүргізуге;
сот бұйрығы шығарылатын тоғыз даусыз талапты атқарушылық жазба жасау үшін
нотариусқа; санкциялаудың бірқатарын соттан прокуратураға берді.
Заңдағы өзгерістердің тағы бірі меншік құқығын қорғауды күшейтуге бағытталған. Бұл
банктік қарыз шарттары бойынша тараптардың мүліктік құқықтарының қорғалуын
қамтамасыз етеді. Соттың қарауындағы істер мен материалдардың азаюына ықпал ететін
ендігі тәртіп судьяларға қойылатын қатаң талапты күшейте түспек. Былтыр Жоғарғы Сот
төрағасы Жақып Асановтың бастамасымен «Сот төрелігінің жеті түйіні» атты ауқымды
бағдарлама қолға алынған болатын. «Жеті түйіннің» басты тұғыры әрі іргетасы – «Үлгілі
сот» және «Мінсіз судья» жобалары.
«Мінсіз судья» бойынша судьяның жеке адамдық қасиетін, яғни, білімін, мәдениетін, парасатын қалыптастырумен бірге, жұмысты ұйымдастыру, қарымқатынас орнату, әділетті
шешім қабылдау секілді билік айтар биге тән қасиеттерді қалыптасыруға бағытталған
жұмыстар атқарылады. Судьялар мінсіз, кадрлары сапалы, қызмет көрсетуі жетілдірілген
сот «Үлгілі сот» болып табылады. Үлгілі сот ұжымы әділеттілік, жауапкершілік пен
тәуелсіздік қалпында қызмет етсе, сот беделі артатыны анық.
О.БАУБеКОв,
Жаңаарқа аудандық сотының судьясы
30 тамыз - ҚР Конституциясы күні
Конституция – дамудың негізі
Осыдан 24 жыл бұрын, яғни 1995 жылдың 30 тамыз күні Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды.
Бұл күнде Конституцияның мазмұны, қазіргі таңдағы жаңа өмір құрудағы мақсаттары, жаңа
мемлекеттің демократияға ұмтылысы, азаматтық - құқықтық ортаға байланысы туралы көп
нәрсе айтуға болады.
Аз ғана уақыт ішінде Конституцияның жеткізген жетістіктері көп. Түп тамырымен қоғам
өзгерді, адамдардың менталитеті, олардың өмір сүру ортасы, санасы, мәдениеті қайтадан дамыды.
Халықтың қоғамдық белсенділіктері артты. Адамдардың азаматтық ұстанымы оянды, еркін
сайлауға қатысып, референдум, бизнеске, сонымен қатар, жоғарғы қоғамдық дамуға қарай
ұмтылды.
Бұрын адамдардың билікке қатынасы төмен болса, қазір ол бұрынғыдан белсенді бола түсті.
Халық өзінің бүгіні мен ертеңіне қатты сенеді. Өздерінің таңдауларына сенімді. Конституция
жай ғана декларация емес, халықтың нағыз саяси-құқықтық еркіндігі.
Қазақстандық патриотизм Конституцияның маңызды принциптері болып бекітілді, жастарды
жаңаша тәрбиелеуге өз ықпалын тигізді. Әрбір Қазақстан азаматы өзінің Атамекенін қорғауға,
сүюге міндетті.
Конституция мүдделерінің мемлекеттік биліктің заңдылық, атқарушылық және сот жүйесі
болып бөлінуіне байланысты олардың бірігіп жұмыс жасауы, екінші жағынан, олардың
тәуелсіздігі болып табылады.
Еліміздегі өзгерістердің басында жігерлі күш пен
Республикамыздың Ата Заңы тұрғанын ұмытпау керек. Оның негізін халықтың саяси еркіндігі
құрап, ел Конституциясының жоғарғы дәрежесін көрсетеді.
Заң – бәріне ортақ. Әлеуметтік, қызметтік, мүліктік жағдайына, ұлтына, тіліне, наным-сенімі
мен дініне қарамастан заң алдында бәрі тең және осы қағида қоғамның негізгі ұстанымына
айналуы үшін тырысуымыз қажет.
Ата заң аясында әрекет ету − елдің дамуы мен азаматтық қоғамды қалыптастырудың кепілі.
Оның негізгі қасиеті демократиялық даму мен құқықтық мемлекеттің принциптерін жүзеге
асыруға септігін тигізеді. Біздің міндетіміз − мемлекетіміздің негізгі заңын бұлжытпай орындап, оны құрметтеу.
Еліміздің Ата Заңы әрекетке қабілетті құжат, оның өзіндік кең ауқымды қоры бар, елдің
құқықтық дамуын қадағалайды. Еліміздің Ата Заңы «Ең бастысы − адам құқығы» деген
қағиданы ұстанады. Ата Заң мемлекеттің басты құндылықтарын, адам құқығын басты назарға
алды. Негізгі орынға демократиялық еркіндік пен азаматтардың жеке көзқарасын қойды.
Олардың іскерлік бастамаларына мол мүмкіндік жасады.
Соңғы жылдары Қазақстан саяси және экономикалық жағынан тұрақтанған, қаржы жағынан
тәуелсіз елге айналды. Конституцияны қатаң сақтай отырып, саяси, экономикалық, әлеуметтік,
мәдени-құқықтық негізін қалады. Конституцияда белгіленген бостандық пен адам құқығы,
барлық декларациялар және басқа да нормалық актілер қатаң сақталған. Біздің әлеуметтікэкономикалық жетістіктеріміз – Конституциямен тығыз байланысты екенін мойындағанымыз
жөн.
Қазақстанның Ата Заңы – бұл мемлекеттік органдардың қайнар көзі. Ата Заң – қоғамдық
өзара келісім мен азаматтардың теңдігінің нышаны. Конституция – біздің шынайы өміріміз
бен әлемдік деңгейдегі беделіміздің айқын көрінісі, жарқын болашағымыздың кепілі.
Ә.РАхИМЖАнОвА,
Жаңаарқа аудандық сот кеңсесінің бас маманы
№41 газет_Жанаарка газеті 29.08.2019 19:20 Страница 6
6
Кез келген зайырлы елдің даму бағыттарын белгілейтін басты құжаты – Ата заңы.
Осыдан 24 жыл бұрын бүкіл халықтық референдумда кең байтақ Қазақстанның көп
ұлтты халқы өзінің егемендік құқығын барша әлемге паш етіп, көптеген елдермен терезесі тең, іргетасы мықты демократиялық жолмен дамып келе жатқан мемлекет
екендігін танытты. Сөйтіп, 1995 жылдың 30 тамызында Қазақстан Республикасының
Ата заңы өмірге келді.
Еліміздің осы негізгі заңы уақыт сынынан сүрінбей өтті. Оның негізгі қағидалары
барлық халықаралық стандарттарға сай келіп, қоғам мен мемлекетті дамытудың осы
кезеңдердегі ең жетілдірілген үрдістерімен үйлесім тапты. Мемлекеттің тәуелсіздігін
нығайту және экономикалық реформаларды жүргізудің басты құралына айналған бұл
Ата
Заң
адамдардың
б а рл ы қ
азаматтық
құқықтары мен
бостандықтарын қамтамасыз ете отырып, олардың өздерінің мемлекеттің сенімді
қорғауында екенін терең сезінулеріне жағдай туғызды. Осы арқылы қазірде бүкіл
қылмыстық-құқықтық саясатты ізгілендіру үрдісі де жүзеге асырылуда.
Осы орайда, Ата Заңымыздың қарапайым халыққа берер мүмкіндіктерін жеткізіп,
бүгінгі күні зайырлы елге айналуымызға себепкер болған мемлекеттік органдардың
қызметін атап өтпеске болмайды. Оның ішінде осы заңдылықтың сақталуында Әділет
министрлігінің алар орны айырықша. Облыстық маңызы бар қалаларда Әділет департаменті, ал аудандық жерлерде Әділет басқармасы аталатын ұйымның көтерер жүгі
салмақты. Жаңаарқа аудандық Әділет басқармасының басшысы Әбдіразақов Әбілқадыр
Қаураұлымен сұхбат жүргізген уақытта біз осыны байқадық.
-Әбілқадыр Қаураұлы, басқарманың атқарып жатқан жұмыстары жөнінде айтып
өтсеңіз?
-Бүгінгі күні Әділет министрлігінде көптеген
оңтайландыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осыған дейін
негізгі тіркеуші орган болып есептеліп келсек, бәсекелестік
ортаға берілуіне байланысты көптеген функциялар
басқармадан алынып тасталды. Көптеген қызметтеріміз
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына берілді, құжаттандыру ісі ішкі істер органдарына,
азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі жергілікті әкімшілікке
тапсырылды.
Бүгінгі күні басқармада құқықтық түсіндіру жұмыстары,
мемлекеттік мекемелердегі тіркеу жұмыстары және
авторлық құқықтарды қорғау қызметі жүзеге асырылады.
-Оңтайландыру жұмыстарының басты мақсаты
қандай?
-Бұл оңтайландыру жұмыстарының мақсаты халыққа
көрсетілетін қызметтін сапасын арттыру, уақытын неғұрлым
аз жұмсап, тиімді нәтижеге қол жеткізу болып табылады.
Бұрындары бір құжатты алу үшін көп уақыт шығын болатын әрі бірнеше жердің табалдырығын тоздыруға тура келетін. Қазір бір терезе жүйесі бойынша тек бір жерге ғана
барасыз. Бүгінгі күні "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясын "алып канцелария" деп атауға болады.
Ол жердің қызметкерлері сізден қажетті құжаттарды
қабылдап алып, тиісті тіркеуші органдарға тапсырады.
Мәселен, бір құжатты дайындау үшін біздің мекемеге үш
күн ғана уақыт беріледі. Бір күнде жүздеген құжатқа тапсырыс келсе де, оны мерзімінен
асырмай жасап беруге міндеттіміз.
Бүгінде құжаттандырудың барлық түрі дерлік цифрланған. Мысалға айтсақ, "Электронды
нотариус" деген бағдарлама нотариустардың жұмыстарының көп жеңілдеуіне септігін тигізді. Сатып алушы мен сатушының барлық құжаттары дұрыс болса, нотариустың алдында
отырып қана барлық жұмысына нүкте қоя алады. Нотариус кейін бізге құжаттарды тіркеу
үшін базамызға жібере салады. Міне, заманның ағымы деген осы. Бастысы барлығы жылдам,
ыңғайлы әрі сапалы.
-Мемлекеттік саясатты уақытында тұрғын халыққа түсіндіруде үгіт-насихат
тобының алар орны үлкен. Ал, сіз осы топтың белсенді мүшесі боласыз.
- Елбасымыздың жыл сайынғы дәстүрге айналған Жолдауын тұрғындар арасында түсіндіру
мақсатында арнайы құрылған үгіт-насихат тобы жұмыс жасайды. Алдын ала кесте құрылып,
айтылатын мәселелер анықталады. Бұл жиындарда тек Жолдау ғана емес, халықты мазалаған
барлық мәселелерді қозғаймыз. Сондықтан топ құрамында "Нұр Отан" партиясынан,
әлеуметтік сала, қаржыландыру мекемесі, кәсіпкерлік палатасы, азаматтарға арналған үкімет
ұйымынан тағы басқа қажетті деген сала өкілдері кіреді. Мәселені қозғалған жерінде шешуге
тырысамыз немесе шешудің жолдарын ұсынамыз.
Бірақ, ауыл тұрғындары бұл мүмкіндікті әлі де дұрыс пайдалана алмай жүргені өкінішті.
Ауыл әкіміне ескерткенімен, халық кейде толық жинала бермейді. Біз жақын орналасқан
елді мекендерден бастап шалғай жатқан барлық ауылдарға барамыз. Халық алдында барлық
көкейкесті, толғандырып жүрген сұрақтарына жауап береміз. Осы сәтте жиынға қатыспаған
тұрғын кейін аудан басына келіп, көп уақытын жоғалтады. Тегін мүмкіндікті дұрыс қолдана
білсе, құба құп болар еді.
-Білікті мамандарыңыз жайында айтып өтсеңіз?
-Әр жұмыстың сауатты атқарылуы әрине білікті маманға байланысты. Мемлекет өз тарапынан бізге барлық мүмкіндіктерді жасап, бағыт-бағдарын бекітіп береді. Ал, ол іске аспай
жатса ол тек маманның біліксіздігі.
Мен 2010 жылы әділет басқармасына келгенде мекемеде 60-қа тарта штат болған еді.
Оңтайландыру процесінен кейін 3 адам ғана қалдық. Бірақ, қарамағымдағы адамдарымның
барлығы дерлік жұмысқа орналасты. Мамандарымның жоғары білімділігіне сенімді
болғандықтан, жұмыссыз қалмауына тікелей ықпал еттім. Бірге қызмет еткен Заманова Әлия,
Әкімбаев Еркебұлан, Батталова Динара, Мырзакей Саламат тағы басқа мамандарым басқа
мекемелерге ауысқанымен, өздерінің қарулы біліктілігімен еңбек етуде.
Кезінде прокуратурада қызмет еткен шағымда қазіргі Шахтинск қаласының прокуроры
Мұқанов Ғалымжанға, ауданымыздың соты Кенжин Жәкенге, жеке сот орындаушы Мейізбеков Маратқа тәлімгер болған едім. Міне, осындай мамандарыммен ауыз толтырып
мақтануға болады.
-ендігі әңгіме ауанын өзіңіздің өмір жолыңыз бен жеткен жетістіктеріңізге бұрсақ.
-Мен 1958 жылы Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Қызыларай ауылында дүниеге келдім. Еңбек жолымды Ақтоғай ауданының Жәмші кеңшарының "Қайнар" комсомол жастар
бригадасына шопан болып бастадым. Одан кейін екі жыл Отан алдындағы әскери міндетімді
өтедім. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін 1984 жылы заңгер
мамандығы бойынша бітірдім. Осы жылы Жезқазған облысы, әділет бөлімінде сот
29 тамыз 2019 жыл
мамандығына үміткер ретінде қызмет атқардым. 1985 жылдан 1990 жылға дейін Жезқазған
облыстық адвокаттар коллегиясының мүшесі болып, адвокаттық практикамен айналыстым.
1990 жылдан 20 жыл бойы прокуратура органдарында, Шет аудандық прокуратурасының
тергеушісі, Қаражал қаласы прокурорының аға көмекшісі, Ақтоғай ауданының прокуроры,
Бұқар жырау ауданы прокурорының орынбасары, Қарағанды облысы прокуратурасының
басқармасының аға прокуроры және Жаңаарқа ауданының прокурорының орынбасары
қызметтерін атқардым.
2010 жылдан бүгінгі күнге дейін Жаңаарқа ауданының әділет басқармасының басшысы
қызметін атқарудамын.
"Қазақстан Республикасы Әділет органдары жүйесінің құрметті қызметкері" деген атақтың
иегерімін. Қазақстан
Ре спубликасы
Қызметімізде тек заңдылыққа сүйенеміз
прокуратурасының
мерейтойлық медалімен және "Астана 20 жыл" медалімен марапатталдым. Облыс прокурорының және Әділет
департаментінің мақтау грамоталарымен және Қарағанды облысы әкімінің, Жаңаарқа ауданы
әкімінің Құрмет грамотасымен еңбектерім аталып өткен.
Отбасылымын, жұбайым - Сәкенова Рсалды Серікқызы, мамандығы - ұстаз. Екі балам бар,
қызым - Жанерке мемлекеттік қызметте, заңгер, ұлым - Назар Мәскеу технология
институтының түлегі, "Ұлттық ақпараттар технология" АҚ-да инженер-программист болып
қызмет атқарады.
-Алдағы айда ауданымыздың 90 жылдық торқалы тойы және Сәкен бабамыздың 125
жылдық мерейтойы аталып өтпек. Ұжымдарыңыздың қосар үлесі қандай?
-Шамамыз келгенше мерейлі мерекені неғұрлым жоғары дәрежеде өткізуге үлесімізді қосып
жатырмыз. Бұл тек аудан басшылығы ғана емес, барлығымыз ұйымдаса, бірлесе атқаратын
шара. Осы орайда аудандық сот және әділет басқармасы
орнаасқан ғимараттың айналасын жеке кәсіпкер Беков Айдар
асфальттап бергенін айтып өткім келіп отыр. Мекеме ретінде
өз тарапымыздан аптаның бейсенбі, сенбі күні жасалатын
тазалық жұмыстарына бір кісідей ат салысып жатырмыз. Ал,
әр тұрғын тым құрығанда өз ауласын тазалап және көшені ластамаса ол да болсын аймағымыздың көркеюіне қосар үлесі
болмақ.
-Мерейлі тойға орай лебізіңізді білдіре кетсеңіз?
-Көп жылдар заң саласында қызмет еткеннен кейін
оқырмандарды бірінші ретте алда келе жатқан Конституция
күнімен құттықтағым келіп отыр.
Тәуелсіздік бұл - баға жетпес бақытымыз, байлығымыз. Елбасымыз айтқандай «Біз енді ешкімнің қолтығының астында
жүрмейміз, өйткені еркін болдық». Егемендік алып, жаңа
тарихтың парағы ашылғанда, сол уақыт, расымен де қазақ
жұрты үшін аумалы төкпелі кезең еді. Алдымыздан тек
қиындықтар мен еңсеретін сынақтар ғана күтіп-ақ тұрған.
Әрине, сол кезде тәй-тәй басқан жаңа мемлекеттің болашақ
тағдырын мойынға алу оңай шаруа емес еді. Дегенмен, Елбасы
елі үшін жауапкершіліктен бас тартқан жоқ. Қиын болса да қай
іске де бел шеше кірісіп, елді бірлікке, елдікке шақыра отырып,
жарқын болашаққа сендірді. Ия, жарқын болашақ. Елбасы
өзінің көрегенді саясатының арқасында елін әлеуметтікэкономикалық дағдарысқа ұшыратпай, дамудың өркендеу жолына үндеді. Ұлтаралық татулыққа селкеу түсірмеді. Қазақстан
алпауыт мемлекеттермен достастық қарым-қатынас орнатып, әлемдік дүбірге қосылды.
Соның негізінде, дамыған елдермен иық тіресетін жағдайға жеттік. Міне, осы жетістіктің
бәрі ең алдымен тәуелсіздігіміздің арқасы және Ата заңымыз - Конституцияның арқасы екені
даусыз. Осы құндылықтарды көре отырып, біле отырып мен әрине, елімнің, сол елде өрбіп
отырған ұрпағымның болашағының жарқын боларына сенімдімін. Ата Заңымыз осыған
кепіл болмақ.
Сондықтан да Конституция күні біз үшін қасиетті күн болу керек. Өйткені, Ата Заңымыз –
Қазақстанның әлемдік өркениетке қарай қарыштай қадам басуының алғы-шарттарын жасап
берген жасампаз құжат. Халықаралық қауымдастық мойындап, Қазақстандағы батыл
жүргізіліп жатқан демократиялық реформалардың негізінде қол жеткізіп отырған
жетістіктердің бәрінің қайнар көзі саналатын Қазақстан Республикасы Конституцияның да
өз тарихы бар. Ол Елбасы атап өткендей, бірнеше қиын экономикалық, саяси және
идеологиялық кезеңінен өтті. Елбасы жаңа Қазақстан мемлекетін орнату кезеңінде жиырма
бес жылдық тарихымыздағы ұлы оқиғалардың қайнаған өзегінде жүріп, салиқалы да сындарлы шешімдер қабылдап, халқын кемелдікке жеткізуге ұмтылған қазіргі заманның ең
көрнекті реформаторлары қатарына енді. Қысқа мерзім ішінде жаңа мемлекеттің туын тігіп,
тұғырын биіктетті.
Емен-жарқын өлкеміздің мерейтойын тойлап жатқанымыз да осы егемендігіміздің жемісі.
Өткен аптаның демалысын пайдаланып, немеремді ертіп, жол бойындағы Тәуелсіздік стадионына бардым. Жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын қалыпты. Стадион мен саябақ тамаша кейіпке енген екен. Атқарылған жұмыстарды көріп, қуанып қалдым. Жалпы аудан әкімі
Юржан Асанұлы бас болып келген қонақтар алдында марқаятын шаралар көптеп жасалды.
Көшелер асфальтталды, ескерткіштер өңделді, төсемтастар жаңартылды. Бұл тұрғындардың
игілігі үшін жасалған жұмыстар.
Жалпы Сәкен бабамызды Жаңаарқадан, Жаңаарқаны Сәкеннен айырып қарау мүмкін емес.
Заманның қиындығына қарамастан Сәкен бабамыз туған елінің, жерінің қамы үшін тер төгіп
бақты. Тек туған жері ғана емес, барлық елі үшін жанын пида еткен ірі тұлғаның 125
жылдығын ауданымыздың 90 жылдығын байланыстыра атап өту өте орынды. Мерейлі мереке құтты болсын, Жаңаарқамыздың берекесі артып, дәрежесі өсе берсін деймін!
-Әңгімеңізге рахмет!
P.S. Әбдіқадыр Қауруұлымен сұхбаттасуға барған күні әріптестерінен ол кісінің туған
күні екенін білдік. Лауазымды тұлғаны айтулы күнімен құттықтап жатқан кісілер де
көп екен.
Құрметті Әбдіқадыр Қаураұлы! Біздің редакция ұжымы атынан да Сізге осындай мерейлі күні шын көңілімізбен еңбегіңізге жеміс, зор денсаулық, қажымас қайрат,
отбасыңызға баянды бақыт тілейміз. Қоғамымыздың игілігі, адамдардың құқықтары
мен бостандықтарын қорғау жолында ұзақ жылдар нәтижелі қызмет еттіңіз. Бүгінгі
күнгі заң саласындағы күрделі де жауапты қызметіңізде бұдан былай да абырой биігінен
көріне беріңіз дейміз! Бойыңыздағы қарым-қабілетіңізді, білім мен біліктілігіңізді
әрқашан халық игіліне жұмсай беретіңізге сенім мол!
Салтанат БАЛТАБАЙҚЫЗЫ
№41 газет_Жанаарка газеті 29.08.2019 19:20 Страница 7
29 тамыз 2019 жыл
7
БеРГен хАСенОв
Ауданымыздың ауылшаруашылығы саласына еңбек сіңірген,
ауыл-аймағына қадірлі, қадірменді ақсақал Берген Хасенов
25-тамызда дүниеден өтті.
хасенов Берген 1937 жылы 19-қазанда Жаңаарқа
ауданының Түгіскен ауылында өмірге келген. 1946-1956
жылы осы ауылдағы он жылдық мектебінде білім алады.
Қарағанды педагогикалық институтына барып, емтиханнан
өтпей ауылға келіп, колхоз жұмысына араласып кетеді. 1960
жылы Қарағанды қаласындағы облысаралық Жарық мектебіне түсіп, 1964 жылы бітіріп шығады. Осы жылы қазан айынан бастап Жеңіс совхозының №4 бөлімшесіне бөлім
меңгерушісі болады.
1966 жылы Жаңаарқа аудандық партия комитетінің
ұйғарымы бойынша Атасу совхозына кәсіподақ хатшысы
болып жұмысқа кіреді. 1967 жылы қыркүйек айында Рассвет
совхозында кәсіподақ хатшысы болып жұмыс істейді. 1971 жылы осы Рассвет совхозында
бас зоотехник болып жұмысқа орналасады. 1972 жылдан 1983 жылға дейін Карл Маркс
совхозында бас зоотехник болып қызмет атқарады. 1983 жылдан 1996 жылға дейін Жеңіс
совхозында бөлім меңгерушісі болып еңбек етіп, құрметті зейнеткерлік демалысқа
шығады. Кеңестік партия мектебін және Целиноград зооветинститутын бітірген.
Елдің әл – ауқатының көтерілуіне, ауданымыздың экономикасының дамуына барынша
еңбек етіп, қызмет жасаған азамат. Соңында Құдай қосқан жары, 3 ұл, 4 қыз, 24 немере,
13 шөбере қалды. Алла ұрпағын тіл, көзден аман қылып әкелерінің жасын берсін дейміз.
Қадірлі тұлғаның туған жеріне, еліне сіңірген еңбегі, атқарған жұмыстары, жайдарлы
бейнесі оны білетіндердің санасында ұзақ сақталады.
Ю.А.Бекқожин, Қ.А.Имантүсіпов, Б.Қ.Серіков, Қ.Ш.Қожықаев, Б.Б.Мұқанов,
Ө.Кенжетаев, х.Сатжанов, Ғ.Төтеев, Б.Қасенов, Совет Көпбаев.
ЕСКЕ АЛУ
Жаңаарқа ауданының тұрғындары болған
асқар таудай әкеміз Мұсабеков Қасым
Мұсабекұлының фәни жалғаннан бақиға
озғанына 30 жыл, аяулы анамыз
Мұсабекова Жұмажан Дәулетқызының
жалғанның жарық сәулесімен қош
айтысқанына 5 жыл толып отыр.
Әкеміз Қасым Мұсабекұлы еңбекке жасынан араласып, соғысқа дейінгі және
соғыстан кейінгі ауыр жылдары ел экономикасын еңселендіруге елеулі үлес қосқан
нағыз еңбек адамы еді. 1939 жылдан 1946
жылға дейін әскери қызметте болып,
сұрапыл майдан жылдарында Қиыр
Шығыстағы әскери қақтығыстарға қатысқан.
Жапон әскерін талқандау мақсатындағы кескілескен ұрыстардың жуан ортасында болып,
Отан шекарасын жау шеңгелінен азат еткен ержүрек жауынгердің бірі.
Соғыстан кейінгі жылдары аудан аумағында сауда бірлестіктерінде, пошта байланысы
мекемесінде, мұнай базасында, өртке қарсы қызмет саласында басшылық қызметтер
атқарып, дербес зейнеткерлікке шықты. Анамыз Жұмажан Дәулетқызы екеуі жеті бала
тәрбиелеп өсіріп, ұлды - ұяға, қызды - қияға қондырды.
Анамыз азаматының абыройын мол дастарханымен, жомарт жүрегімен, өрісті
өнегесімен асқақтатқан жан еді. Ұрпақ тәрбиесіне зор мән беріп, өнегелі әулеттің
ұйытқысы бола білді. Біздер ұрпақтары Әкеміз бен Анамыздан мәңгілік мұра болып
қалған сол өрісті өнеге мен келісті ұлағатты қастерлеп, ата-анамыздың ғибратты ғұмырын
мақтан етіп келеміз. Арқа атырабына абыройы асып, Жаңаарқа жұрты есімдерін
құрметпен атаған асыл жандардың рухына тағзым етіп, нұрлы бейнелерін сағынышпен
еске аламыз.
Кешегі күн - сағыныш, сағым аңыз,
Рухына ата-ананың табынамыз.
Жылдар жылжып, ай аунап, күн өтеді,
Амал жоқ, асылдарды сағынамыз.
Арқаға екеуінің аты мәлім,
Қос бәйтерек жайқалтқан жапырағың.
Пейіште ата-анамыз қол ұстасып,
Бір Алла торқа қылсын топырағын!
Айналып жұмақтың қос жұлдызына,
Дидарына қарасын күн қызыға.
Ата-ананың рухы көктен жебеп,
Жаратқан ғұмыр берсін ұл-қызына!
еске алып, рухына тағзым етуші: ұл-қыздары, күйеубалалары,
келіндері, немерелері, шөберелері, шөпшектері
Жастар жылында Жаңаарқа жастары
жаңа жетістіктерге жетуде
Ұлытау ауданында тамыз айының 22-24
аралығында «Халықаралық ауыл жастарының
форумы»өткен болатын. Форумға ауданымыздан
«Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Сайлаубеков Жалғасбек Жәнібекұлы
бастаған, Қаппасов Асхат Қайратұлы, Қадірбеков
Нұрдаулет Сәрсенбайұлы, Сейтжанов Мейрам
Болатұлы, Жақия Ақмарал Сатбекқызы, Сағатов
Батырлан
Қанатұлы, Төлеутай Қуаныш
Ауданбайұлы, Әлжанова Жансая Атымтайқызы,
Салықпаев Мейрамбек Сағатұлы, Алпысов
Бекмұрат
Съездұлы,
Нұрғали
Ерқанат
Жұмағалиұлынан құралған жас делегаттар барып
қайтты.
Форумда еліміздің түкпір –түкпірінен келген жастар бір-бірімен танысып, пікір алмасып,
жаңа идеяларымен бөлісіп, болашақта атқаратын жұмыстарына азда болса септігін тигізер
ақпараттар
алып
қайтты.
Осындай
маңызы зор, жоғарғы
деңгейдегі шараларға
қатысу еліміздің жастары үшін болашаққа
деген жоспарларын
нақтылап, жігерлендіреді. Ауданымыздан
барған жас делегат
Қаппасов
Асхат
Қайратұлы форумның
ашылу салтанатында
жүргізуші
болып,
аудан
жастарының
белсенділігін арттыра
түсті.
Ауданымыз үшін мақтанышпен айта кетерлік тағы бір жәйт, халықаралық форумда облыс
әкімінің грантына ие болған жерлестеріміз Салықпаев Мейрамбек Сағатұлына дәнекерлеу
цехын, Алпысов Бекмұрат Съездұлына кілт жасау шеберханасын, Нұрғали Ерқанат
Жұмағалиұлына кілем тазалау орталығын ашу үшін, әрқайсына 1000000 теңгенің сертификаттары табысталды. Ауданымыздың көркейюіне атсалысып, өз кәсіптерін ашқалы отырған
жастарымыз үшін бұл үлкен мәртебе.
Сонымен қатар, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің маманы Әлжанова Жансая
Атымтайқызы ауданымызда жастар саясатын жүзеге асыруға атсалысқаны үшін облыс
әкімінің алғыс хатымен марапатталды.
Халықаралық форумның жалғасы іспеттес 24-ші тамыз күні «Жезкиік» этнофестивалі өтті.
Жиналған халық керемет ауқымды шараның куәсі болып қайтты.
Айтулы шараға Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қатысып, халыққа үлкен
қуаныш сыйлады. Жастар мемлекет басшысын ыстық лебізбен қарсы алып, алғыстарын білдіріп, естелік суретке түсу мүмкіндігіне ие болды.
Жиылған қауым еліміздің өнер майталмандарының қатысуымен өткен концерттік
бағдарламаны тамашалап, қазақтың ұлттық спорт түрлерінен өткен жарыстарына қатысып,
бақтарын сынады. Сонымен қатар, қазақ өнеренің төресі – айтыс та назардан тыс қалмай,
республикалық деңгейде өткізілді.
Осындай шараларға белсене атсалысып, адал еңбекпен айтулы жетістіктерге жетіп,
ауданымыздың беделін арттырып жүрген жастарымызды шын жүректен құттықтай отырып,
алдағы уақытта тек сәттілік тілейміз!
Перизат ӘБІЛЖАнОвА,
«Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің маманы
Облыстық «Жасыл ел» жастарының
спартакиадасы
Жаңаарқа жастары десе жеңіске деген жігер мен өнерге деген өнегелі буын есімізге түсері
сөзсіз. Ал 9 – тамыз күні Жаңаарқа жастары “жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар” екендерін
тағы бір мәрте дәлелдеді. Қарағанды қаласында, жастардың жазғы уақытын пайдалы өткізу,
ЕСКЕ АЛУ
Елге елеулі, халыққа қалаулы ардақты ақсақал, туғантуыстың қадірлісі, балаларына қамқор бола білген әкеміз
Байжанов Аманбайдың Алланың бұйрығымен бақилыққа
өткеніне 40 күн толып отыр. Ұлын ұяға, қызын қияға
қондырып немере сүйген әкеміз жаратылысынан жаны
жайсаң, саналы ғұмырын адалдық пен әділдік үшін
арнаған жан болды.
Тәні рахатта болып, жаны жәннаттан жай тапсын. Иманды
болғыр әкемізге Алланың нұры, Пайғамбардың шапағаты
жаусын.
Жас төгеміз жанардан жоқтап, Сізді,
Кең құшаққа алушы-ең бәрімізді.
Ардақ тұтып өтерміз сөзіңізді,
Жалғастырып тағлымды жолыңызды.
Іздерміз әлі талай сағынармыз,
Тағдырдың жазғанына бағынамыз.
Сүйеніштен айрылып, қорғанымнан,
Жоқтап сізді, әкетай, жабығамыз.
еске алушылар: балалары мен немерелері
Марқұм әкеміздің өмірден озғанына 40 күн толуына байланысты 7-қыркүйек күні
сағат 13.00-де Ералиев ауылының тойханасында құран бағышталып, құдайы ас беріледі
еңбекке баулу мен қоғамдық жұмысқа тарту мақсатында облыстық «Жасыл Ел»
жасақтарының XV еңбек маусымының салтанатты ашылуына орай жасақтар арасында
спорттың төрт түрінен спартакиада өткізілді. «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Сайлаубеков Жалғасбек Жәнібекұлының жетекшілігімен Жаңаарқаның «Жасыл
Ел» жастар еңбек жасақтары қозғалысының намысын қорғап барған Жаңаарқа
жасақтарының асығы алшысынан түсіп сайыстың көркін келтірді. Қорытынды нәтижеге
келсек төрт сайыста: Арқан тартыстан 1 – орынды, волейболдан 1-орынды, қол күресінен
1-орынды, асық атудан 2 - орынды иеленіп, облыстан жиналған 8 команданың ішінен жалпы
командалық 1 – орынды қанжығаларына байлап қайтты. Осылайша, Жаңаарқа жастары
спортты алға қойған ауданымыздың патриоттары екендерін тағы бір мәрте дәлелдей түсті.
Тынымсыз еңбек етіп, қоғамдық жұмыспен аудан абыройын асқақтататын осындай жастарымыз көп болғай. Қанаттарың талмай, жігерлерің асқақтай берсін!
Асхат ҚАППАСОв.
«Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің маманы
№41 газет_Жанаарка газеті 29.08.2019 19:20 Страница 8
ҚҰттыҚтАйМыЗ!!!
Маман кеңесі
Қараағаш ауылының тұрғыны, құрметті де қымбатты
анамыз Жарылғапова нұрғайша Қордабайқызы! Сізді
өміріңіздің қазыналы кезеңі 80 жас мерейтойыңызбен
құттықтаймыз!
Мерейтой құтты болсын, анашым,
Ұрпағыңа баға жетпес данасыз.
Қанша жасқа толсаңыз да біз үшін,
Мәңгі жап-жас күйіңізде қаласыз.
Жарық өмір сыйладыңыз сіз қаншама сәбиге,
Көп қуаныш әкелдіңіз әр үйге.
Сіз кіндігін кескен әрбір ұл мен қыз,
“Кіндік шешем” дейді сізді әрқашан.
Қыздарыңызды ұшырып ұядан,
Ұлдарыңызды қондырдыңыз қияға.
Сізге деген ыстық ықылас, мол алғыс,
Ұрпағыңыздың жүрегіне сия ма?!
Жүзге жетсін деп тілейміз жасыңыз,
Әлі талай асулардан асыңыз.
Балаларыңыздың арасында әрқашан жарқырап жүріңіз,
Бізге қымбат сізбен бірге атқан таңымыз!
Ізгі ниетпен балаларыңыз: Мамыржан-Зәбира, Бауыржан-Пернеш, ҒалымжанШолпанай, Гүлмира-еркін, Эльмира, Аққу-Сәбит, Гәкку-Талғат, Қадыр, АсылГүлім, Абзал-Шәрбану, немерелері, жиендері, шөберелері
Береке мен татулықтың үлгісі
Отбасы – қай заманда болсын мықты мемлекеттің негізі
болып есептеледі. Облысымыздағы үлгілі отбасыларды
анықтау мақсатында ұйымдастырылған «Мерейлі отбасы»
ұлттық байқауы өз мәресіне жетті.
«Мерейлі отбасы – 2019» ұлттық байқауының облыстық
кезеңінің жеңімпаздарын марапаттауға арналған салтанатты іс-шара 27 тамыз күні Қарағанды қаласының
«Достық үйінің» концерт залында өтті. Салтанатты шараны Қарағанды облысы әкімінің орынбасары А.Айдаров құттықтау сөзімен ашып берді.
Биылғы ұлттық конкурсқа бас-аяғы 19 жанұя іріктеліп алынды. Бұл отбасылардың ішінде
жасы сексеннен асқан, өткен ғасырдың сан түрлі соқпақтарынан өтіп, бүгінгі күнге аманесен жеткен данагөй қарияларымыз да болды.
Жаңаарқа ауданының намысын қорғап барған Байсеитовтар әулеті облыс әкімі
Е.Қошановтың дипломымен және естелік сыйлықпен марапатталды.
Бұл отбасының ақсақалы – Байсеитов Айтбай Бесембекұлы. Байсеитов Айтбай
Бейсенбекұлы жары Байсеитова Күлжан Омарқызымен 48 жыл отасып, 4 ұл, 3 қыз баладан
23 немере және 5 шөбере көріп отырған ордалы отбасы. Ұл-қыздарының тәртібіне үлкен
мән берген бұл әулеттің балаларының бәрі бүгінде өз алдына шаңырақ құрып, үлгілі отбасы
Балалардың құқықтарын сақтау,
қамтамасыз ету және қорғау
“ҚР Нотариат туралы” Заңының 1-бабына сәйкес, ҚР -да нотариат бұл нотариаттық ісәрекеттер жасау арқылы жеке, заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін
қамтамасыз ететін білікті заң көмегін бойынша құқықтық институт.
Кәмелетке толмаған бала пәтердің, үйдің, жер учаскесінің меншік иесі немесе оларда үлесі
бар жағдай өте жиі кездеседі. Бұл ретте өзінің жасына байланысты толық әрекетке
қабілеттілікке ие бола алмайды, әрекетке қабілетті ересек адамдармен тең дәрежеде өз
құқықтарын жүзеге асыра алмайды және өз мүдделерін қорғай алмайды.
Кәмелетке толмағандардың мүдделерін қорғау міндеті олардың заңды өкілдеріне (ата-аналарына, асырап алушыларына, қорғаншыларына және қамқоршыларына) жүктелген.
Нотариус нотариаттық іс-әрекеттер жасаған кезде нотариаттық іс-әрекет жасауға жүгінген
адамның жеке басын анықтайды. Кәмелетке толмағанның заңды өкілінің жеке басын
куәландыратын құжат негізінде белгіленеді. 16 жасқа толмаған кәмелетке толмағанның жеке
басы жеке басын баланың заңды өкілдерінің бірі кәмелетке толмағанның туу туралы куәлігі
және баланың заңды өкілдерінің бірінің жеке басын куәландыратын құжат негізінде растайды. 16 жасқа толған, кәмелетке толмағанның жеке басы жеке басын куәландыратын
құжат бойынша белгіленеді, сондай-ақ баланың заңды өкілдерінің бірі кәмелетке
толмағанның туу туралы куәлігі және баланың заңды өкілдерінің бірінің жеке басын
куәландыратын құжаты негізінде расталады.
Кәмелетке толмағандар көбінесе тұрғын үй сатып алу, айырбастау, сыйға тарту шарты бойынша жекешелендірілген немесе бала мұрагер болған жағдайда жылжымайтын мүлікпен
мәмілелер жасауға қатысы болуы мүмкін. 14-тен 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған адамдар нотариаттық іс жүргізуге өзінің іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін жеке өзі қатысуы
және жүзеге асыруы тиіс, бірақ ата-анасының, қамқоршыларының, патронаттық
тәрбиешілердің, қорғаншы және қамқоршы органдардың келісімен болады. 14 жасқа дейінгі
кәмелетке толмаған баланың құқықтары мен мүдделері нотариаттық іс-әрекетте қорғалады,
бірақ оның орындалған нотариаттық іс-әрекеттерге тікелей қатысуы мүмкін емес. Жас
балалардың атынан мәмілелерді олардың заңды өкілдері жүзеге асырады. Алайда жас
балалардың ата-аналарының, асырап алушыларының немесе қамқоршыларының
нотариаттық процеске осындай қатысуы шектеледі, өйткені ол үшін қорғаншылық және
қамқоршылық органдарының рұқсаты қажет. Кәмелетке толмағанның атынан келісім алу
үшін кәмелетке толмаған баланың өкілдері “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ арқылы қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды
жүзеге асыратын органдарға жүгіну қажет. Қорғаншы және қамқоршы органдар ұсынылған
құжаттар мен ата-ананың мәміле жасау қажеттілігі туралы дәлелдерін зерделеп, бес күн
ішінде мәміле жасауға өз келісімін бере алады немесе дәлелді түрде бас тарта алады.
Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің және қорғаншылық және қамқоршылық
органдарының келісімінсіз жасаған мәмілелерін сот жарамсыз деп тануы мүмкін екенін атап
өткен жөн. Кәмелетке толмаған азаматтардың құқықтарын кешенді құқықтық институт ретінде қорғау - олардың құқықтары мен мүдделерін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін шаралар жиынтығы. Нотариустар нотариаттық іс-әрекеттер жасай отырып, баланың
мүдделерін қорғай алады және қорғауы тиіс.
Баланың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау баланың құқықтары мен
заңды мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған және Қазақстан Республикасының
заңдарында белгіленген құзыреті шегінде уәкілетті мемлекеттік органдармен жүзеге асырылады.
Салтанат БАКИРОвА,
жеке нотариус
хабарландыру
Қазақстан Республикасының Ұлттық Экономика министрлігінің Табиғи монополияларды
реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті ЖШС
«Қазэнергоцентр» Жаңаарқа ауданының тұтынушылары үшін электр қуатымен қамтамасыз
ету қызметтерінің шекті құнының келісілуіне байланысты, маңызды нарық субъектісінің
хабарландыруын қарастыру жөніндегі қоғамдық тыңдау өткізеді.
Жиналыс 2019 жылдың 10-қыркүйекте сағат 12:00 өткізіледі.
Мекен-жайы: Атасу кенті, С.Сейфуллин даңғылы, 13 үй (Мәдениет үйі)
«Казэнергоцентр» ЖШС әкімшілігі
Объявление
Департамент Комитета по регулированию естественных монополий и защите конкуренции
Министерства нициональной экономики РК по Карагандинской области проводит публичные слушания по рассмотрению уведомления субъекта общественно значимого рынка ТОО
«Казэнергоцентр» о предстоящем изменении предельной цены на услугии электроснабжения для потребителей Жанааркинского района.
Встреча состоится 10 сентября 2019 года в 12:00 часов, по адресу: п.Атасу пр С.Сейфуллина,
13 (здание ДК)
Администрация ТОО «Казэнергоцентр»
болып отыр. Отбасында бірлік пен сыйластық үзілмеуі керек деп есептейтін шаңырақтың
иесі Айтбай Байсеитов ұзақ жылдар бойы ішкі істер органдарында қызмет етіп, қазіргі таңда
сол қызметінің зейнетін көруде.
Жарты ғасырға жуық уақытты татулық пен береке, бақыттың құшағында өткізген жандар
қашанда үлгілі отбасының символы болып қала бермек.
Өз тілшімізден
“Аудандық “Жаңаарқа” газеті редакциясы”
ЖШС басшысы - бас редактор
еРАЛИнА САЛТАнАТ АМАнҚЫЗЫ
МенШІК ИеСІ: аудандық ”Жаңаарқа“ газеті ЖШС
Мекен-жайымыз: 100500, Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті,
Тәуелсіздік даңғылы, №2 -үй. Телефондар: 2-85-45, бухгалтер 2-80-52,
тілшілер бөлімі 2-71-01
ИИК KZ276017171000000078, БИн 010340002761, БИК HSBKКZKX, КБе 16,
Рнн 240400001948, АО “народный Банк Казахстана”
Жарамсыз деп саналсын
Тамабеков Жумакан Курманбековичтің атына 16.10.1997 жылы берілген Қарағанды
облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті, П.Мұхамеджан көшесі, 9 үй, 2 пәтерге берілген
Атасу кенті әкімінің №48 шешімі жоғалуына байланысты жарамсыз деп саналсын
*** *** ***
Жумабекова Акбаланың атына 26.04.2001 жылы берілген заң бойынша мұрагерлікке ие
болу құқығын беретін №1-3-345 анықтаманың жоғалуына байланысты жарамсыз деп саналсын
Құрылтайшысы: Жаңаарқа ауданының әкімдігі
Газет Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат
министрлігінде 18.06.2012 жылы тіркеліп,№12845 - Г куәлік
берілген.
Жарияланған мақала авторының пікірі редакция көзқарасын
білдірмейді
Жарнамалар мен хабарламалардың мазмұнына жарнама
беруші жауап береді
Газет “Арко” ЖШС баспаханасында басылады: Қарағанды
қаласы, Сәтбаев көшесі,15
Офсеттік басылым
Индекс 66282
Көлемі бір баспа табақ
Аптасына бір рет шығады
таралымы 1737 дана
тапсырыс №41
Автор
zhanzbc
Документ
Категория
Без категории
Просмотров
3
Размер файла
5 280 Кб
Теги
газета
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа