close

Вход

Забыли?

вход по аккаунту

?

3. Төтенше жағдайлар кезінде медициналық көмек

код для вставкиСкачать
Сабақтың тақырыбы: Жер бетінде болатын үдерістердің нәтижесінде туындайтын
төтенше жағдайлар
Сабақтың мақсаты: білімділік: Жер бетінде болатын үдерістердің нәтижесінде
туындайтын төтенше жағдайлар туралы түсінік беру.
дамытушылық: Оқушылардың бойында білім, көзқарас, сенім жүйесін қалыптастырып ,
сол арқылы олардың қоршаған ортаға деген жауапкершілік қарым-қатынасын жан жақты
дамыту.
тәрбиелік: Оқушыларды табиғатты қорғауға, аялауға өздерінің ондағы
иелеріне қамқорлық жасауға тәрбиелеу
тіршілік
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі:
интерактивті тақта .
табиғи және техногенді апаттардың түрлері, рефераттар
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.
б) оқушыларға сабақтың мақсаты мен міндетін түсіндіру.
ІІ..Үйге берілген тапсырма. Жер бетінде болатын үдерістердің нәтижесінде туындайтын
төтенше жағдайлар туралы мағлұмат жинау.
Жаңа сабақ
Табиғатта болып жататын экологиялық апаттардың ішінде төтенше жағдайларды білу
өте маңызды. Өйткені бұл апаттар кенеттен пайда болады да жергілікті экожүйелер, елді
мекендер аяқ астынан сұрапыл апатқа ұшырайды. Мұны біз төтенше жағдайларға
жатқызамыз. Төтенше жағдайлар шығу тегіне қарай табиғи және техногенді деп бөлінеді.
Табиғи төтенше жағдайлар – табиғи құбылыстар. Оларға жер сілкінісі (зілзала),
цунами, жанартау атқылау, су тасқыны, дауыл т.б. жатады.
Жер сілкіну – жер қойнауындағы энергетикалық күштердің кенеттен жер бетіне
шығуы. Ол өзімен бірге сейсмикалық күшті толқындар, сілкіністер ала келеді. Жер сілкіну
кезіндегі ауыр соққылар эпицентрдегі ғимараттарға, тұрғындарға үлкен апат әкеледі.
Үйлер қирап, жер жарылып, адамдар опат болады. ХХ ғасырда едәуір апатты жер сілкіну
Ашғабатта (1948 ж), Арменияда (1988 ж), Сахалинде ( 1995 ж), Туркияда (2000 ж), т.б.
жерлерде болды. Кейбір жер сілкіністері адамның іс әрекетінен де болады, мысалы, атом
бомбасын сынау, т.б.
Жер сілкінісінің кенеттен пайда болады және қас қағымда өтеді. Жер сілкінісі — бұл
жер қыртысында немесе мантияның үстіңгі бөлігінде кенеттен болған қозғалыс пен
жаратылыс нәтижесінде пайда болған, елеулі ауытқу түрінде, үлкен қашықтыққа
таралатын жер асты дүмпуі мен жер астының қозғалысы. Бұл құбылыс жер асты
дүмпулерінен, тербелістен болады. Әзірге ғалымдар жер сілкінісі қашан, қайда, қанша
уақыт болатынын және қандай зардап әкелетінін тура басып айта алмай отыр.
Сейсмикалық станциялардың көрсетулері – дәл емес. Жыл сайын жер бетінде 100-ден аса
үлкен жер сілкіністері болып тұрады. Жер сілкінісінің уақытын болжау қиын.
Жер қыртысының тектоникалық қозғалысын тудыратын жер сілкінісі өте жойқын болып
келеді.
Жер сілкінісінің барысында адамдар қаза болады, үйлер, жолдар, көпірлер, каналдар,
тоғандар мен басқа да инженерлік ғимараттар, су құбырлары, канализация, электр беру
жүйесі қирайды, байланыс желісі бұзылады, қар көшкіні, сел, сырғыма мен қопарылыс
пайда болады. Тау жыныстарынан тастар құлайды, адамдарға үрей болады. Су асты және
су жағалауындағы жер сілкінісі кезінде, теңіз түбінің қозғалыс нәтижесінде теңіздің
гравитациялық толқындарынан цунами пайда болып, құрылыста үлкен бүлінушілік
жасайды.
Жер сілкінісінің жойқын күші оның әсерінен болатын апаттары көпшілікке мәлім. Өйткені
Қазақстанның 450 мың шаршы километр аумағында жер сілкіну қауіпі бар. Бұл аймақта 6
миллионнан астам халық тұрады, 27 қала, 400-ден астам елді мекендер бар. Еліміздің 40
пайызға
жуық
өндірістік
әлеуеті
осы
аймақта
шоғырланған.
Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау
облыстары мен Алматы қаласы сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан. Онда
өнеркәсіптің негізгі қорының 30%-ы шоғырланып, тұрғын үй қорының 35%-на жуығы
орналасқан,
Республика
халқының
40%-ы
тұрады.
Жер сілкінісінің қауіпті бар аймақтарда ірі қалалар мен елді мекендер, гидротехникалық
ғимараттар мен зиянды өнеркәсіп орындары, жасанды және су қоймалары, жарылғаш
және улы материалдар қоймалары орналасқан. Тұрғын үй алқабының бұзылуымен қатар
тізбеленген объектілерді кейбіреулерінің бұзылуы, оңалмайтын экологиялық өзгеріске
алып келуі мүмкін. Инженерлік желілер мен коммуникациялардың жер сілкінудің
салдарынан бұзылуы аса қауіпті.
Су тасқыны - Су тасқынының негізгі үш себебі бар: жаңбырдың өте көп жаууы,
қардың тез еруі мен тұрып қалған мұздардың жалжуы, теңіз суының жағаға ұруы, өзенге
судың
көп
құйылуы.
Әсіресе
қар
еруі
ұзаққа
созылғанда
өте
қауіпті.
Елді мекендерде су тасқыны боларда алдын-ала қауіпсіздік дайындығын жүргізі керек.
Жергілікті елдің топографиясын, климаттық ерекшеліктерін және тарихын біле отырып, су
тасқынының қалай болатынын дәлдікпен білу қиындық туғызбайды. Кішкентай су тасқыны
шамамен 10-20 жылда бір рет, үлкен су тасқыны 20-25 жылда бір рет, одан да үлкен бүкіл
өзендерді қамтитын 50-100 жылда бір рет және 100-200 жылда бір рет, бүкіл аумақты
қамтитын
үлкен
апаттар
болуы
мүмкін.
Гидрологиялық алдын-ала бақылаудың мынадай жүйесі бар:



Қысқа мерзімдік (10-12 тәулік)
Ұзақ мерзімдік (2-3 айға дейін)
Өте ұзақ мерзімдік (3 айдан жоғары)
Жағаға жақын облыстардың тұрғындары жақын уақытта не болатынына қызығушылық
білдіріп жүруі керек.
Жеке адамның алдан-ала қауіпсіздік шаралары:
алғашқы толқынның әсерінен құлатқанда;
барлық отбасы мүшелерін жүзуге үйрету;
қайықтың болуы (мүмкіндігінше екі қайық- біреуі кәдімгі, екіншісі-жел үрлеп
толтырылған) ;
 жергілікті елді-мекендердің топографиясымен танысу;
 жақын
маңда стихиялық жағдай болғанда хабарласу түрін білу.
Су тасқыны кезінде:




үйдегі газды, суды, жарықты сөндіру;
пештегі жанып жатқан отты өшіру;
үйдегі бағалы заттарды үйдің төбесіне немесе жоғары қабатқа шығару;
бірінші қабаттағы есік пен терезелерді тақтаймен немесе фанермен қағып
тастау;
 мал тұратын сарайдағы есіктердің ілгішін ашып тастау.



Кездейсоқ су тасқанында өзіңізбен бірге жылы киім, мүмкіндігінше су өткізбейтін киім,
жамылғы, тамақ және т.б. керекті нәрселерді алып, рельфтің ең биік жеріне көтеріліңіз, ол
жерді ешқашан су баспайды. Егер ол болмаса, қайық және т.б. дайындау қажет.
Су кеткеннен кейін электр сымдарынан, зақымданған газ магистралдан сақ болу қажет.
Үйге кірер алдында, су тасқынынан зақымданбағандығын байқау қажет. Судан табылған
заттардан тамақ әзірлеуге болмайды.
Дауылдар. Дауыл — жойқын күші бар және едуәір созылатын, 30 м/с жылдамдықпен
соғатын жел. Дауылдардың пайда болуына ауа айналымының ерекше жағдайында пайда
болып, атмосферадағы тепе-теңдіктің өте жоғары жылдамдықпен аяқ асытнан бұзылуы
әсер етеді. Дауыл үлкен бүліншілікке ұшыратып, адам құрбандықтарын алып келеді,
малдар
шетінеп,
материалдық
залал
келітреді.
Ең қауіпті аймақта тұрғын үй салуға тыйым салынып, ал қалған аймақтарда сейсмикалық
аудандар үшін қабылданған құрылыс нормалары енгізіліп, онда пайдаланылатын
материалдардың қолайлы үлгілері көрсетілуге тиіс. Дауыл өзінің алапат күшімен
инженерлік
ғимараттарға
жер
сілкінісінен
кем
әсер
етпейді.
Шаңдақ дауыл — бұл күшті жел салдарынан шаңның, құмның, топырақтың, тұздың және
көлемі
1
мм
аз
басқа
да
бөліктердің
ауаға
көтерілуі.
Қазақтсан аумағында шаңдақ дауыл — сәуір, мамыр және қыркүйек айларында жиі
байқалады.
Дауылдың жойқын салдарын төмендетудің тиімді шарасы, ол – таянған дауыл қауіпін
тұрғындарға дер кезінде хабарлау және дауыл болып тұратын аудандарындағы осыны
ескере отырып орналастыру. Ең қауіпті аймақта тұрғын үй салғызбай, ал қалған
аймақтарда сейсмикалық аудандар үшін қабылданған құрылыс нормаларын енгізіп,
бақылауға алып көмектесу керек.
Дауылдың жақындағаны туралы хабар алған соң, мына іс-әрекетті жүзеге асыру
қажет:
Панахананы, жертөлені әзірлеу; есікті, терезені, шатырдағы (желдеткіш) люкті нығыздап
жабу; саңылауларды бекіту; төбеден, лоджиядан, самалдықтан жел ұшырып кету қаупі бар
заттарды шығару; даладағы заттарды бекіту немесе үйге кіргізу; газды, электр жүйесін
ажырату, суды жабу; пешті сөндіріп, қажет болса қорғаныс панаханаларына барып
орналасу керек.
Өндірісте барлық сыртқы жұмыстарды тоқтату, қондырғыларды бекіту, агрегаттарды,
механизмдерді ажырату және панаханаларға жасырыну, ауылды жерлерде фермалардағы
мал үшін жемнің, судың қорын даярлау, панаханада радиоқабылдағышты тұрақты қосып
қою керек. Ғимарат ішінде болған әйнек, шыны сынықтарынан және жарықшақтардан
сақтанған жөн. Далада қалған кезде ең жақын шұңқырды, жел өтінен сақтайтын жерлерді
іздеу керек немесе жерге етпетінен жатады. Орманда қалғанда ең жақсысы ашық алаңға
шыққан жөн, нөсерлі дауыл, найзағай жарқылдаған кезде жалғыз тұрған ағашқа
жасырынбаңыз, электр беру желілерінің діңгектеріне жақындамаңыз. Дауылды жел, қарлы
боран кезінде үйден тек ерекше жағдайда ғана бірнеше адам болып шығады. Шаңдақ
дауыл жақындағанда үйде есік пен терезені нығыздап жауып, ғимараттан шықпаған жөн.
Үй
хайуанаттарын
қорға
немесе
ғимарат
ішіне
қамау
керек.
Егер сіз ауылдан алыс жердегі құмдақтағы жайылымда болсаңыз, малды тасаға жасыру
қажет. Жақын жерде сексеуіл, шеңгел тәрізді бұталы жерде малды ұстай тұрған жақсы.
Егер дауыл кезінде елді мекеннен қашықта болсаңыз, көру қашықтығы азайып, адасып
кету қауіпі туса, онда қозғалысты тоқтату қажет. Егер адассаңыз, жарақат алсаңыз, онда өз
орныңызды білдіру мақсатында түтіні қатты шығатын матаны, бұтаны, көк шөпті жағып,
дыбыс беріп, алыстан көрінетін ашық затты жерге іліп, қам жасағаныңыз жөн.
Егер шаңдық дауыл кезінде жапан далада қалсаңыз киімдеріңізді түймелеп, бас
киімдеріңізді киіңіз. Көзіңізге шаң мен тас, қоқым түспес үшін арнайы көзілдірік киіңіз.
Егер қандай да бір жамылғы болса, оны шаңнан, суық желден, дененің суынуынан қалқа
ретінде
пайдалануға
болады.
Дауылдан, бораннан, буырқасыннан кейін құтқару бөлімшелері еңбекке жарамды
тұрғындармен бірге жасырынған, жарақаттанған адамдарды шығарып, қауіпсіз жерге
немесе емдеу мекемесіне апарады.
Құйындар – ауа ағысының үйіріліп, күшті соғуы. Құйындар соққан кезде жолындағы
заттарды ұшырып, қиратып, бір жерден екінші жерге апарып тастайды. Тарихта аспаннан
балық, бақа жауған деген деректер бар. Ол-құйынның әрекеті.
Цунамилер – теңіздер мен мұхиттардың айдынында судың гравитациялық
күштерінен пайда болатын толқындар. Бұл құбылыстар көбіне су астындағы жер сілкіну
жанартаулар атқылау кезінде болса, ал техногенді жағдайда су астында ядролық қаруды
сынаған кезде болады. Цунамилер кезінде теңіз кемелері мұнай таситын танкерлер апатқа
ұшырап, мұнай өнімдері төгіліп, бүкіл балықтар мен құстарды улап, жаппай қырып
жояды.
Сел –– тау өзенінің өз арналарынан кенеттен көтеріліп, деңгейінің күрт өзгеруі және
тау
жыныстары
бұзылуынан
болатын
қуатты
ағын.
Сел ұзақ нөсердің салдарынан, мұз бен қардың жылдам еруінен, моренді, мұзды
өзендердің бұзылуынан, жер сілкінісінен, адамның шаруашылық қызметі нәтижесінде
пайда болады. Тасқындардың басқа түріне қарағанда сел әдеттегідей үздіксіз емес,
жекеленген толқындар мен 10 м/с және одан көп жылдамдықпен қозғалады.
Іле, Жоңғар, Талас Алатауының жоталарында, сондай-ақ Қаратай, Кетмен және
Тарбағатай тауларындағы өзендер Қазақстандағы сел қауіпі күшті аудандар болып
табылады.
Сел тасқыны кезінде халықтың өзін-өзі ұстауы мен іс-әрекетіне зілзаланың белгілерін дер
кезінде анықтау мен белгілеуді және ол туралы хабарлауы (ескерту) ұйымдастыру үлкен
әсер
етеді.
Сейсмикалық қауіпті аудандағы халық орман желектерін кесу, егіс жұмыстарын жүргізу,
үй
малын
бағу
жөніндегі
нұсқауларды
қатаң
орындауға
тиіс.
Халыққа сел тасқынының жақындауы туралы хабарланған жағдайда, сондай-ақ оның
пайда болуының алғашқы белгілері білінген сәтте, ғимараттан тез шығып, бұл туралы
төңіректегілерге ескертіп, қауіпсіз орынға бару керек. Өрт болмау үшін үйден шыққан
кезде пешті сөндіріп, газ бұрандысын жауып, жарықты өшіріп, электр заттарын ажырату
қажет. Егер уақыт болса, қаупті аймақтан малды айдап кеткен жөн. Халық қауіпті
аудандардан уақытша қауіпсіз орынға көшіріледі.
Сел тасқынына тап болған адамға қолда бар барлық құралдармен көмек көрсету керек.
Мұндай құралдар құтқарушылар беретін таяқ, арқан, сырық, шынжыр және т.с.с. болуы
мүмкін. Тасқын ішіндегі адамды оның шетіне біртіндеп жақындата отыра, тасқынның
бағыты бойынша шығару керек.
Сел қауіпі кезінде көшіруге қатысушы адамдар қауіпті жерлерден қарттар мен
балаларды, аурулар мен өз бетінше жүре алмайтын адамдарды шығарады. Еңбекке
қабілетті бүкіл халық толғандарды нығайтуға, кедергілер туғызуға, ағызғыш каналдар
қазуға міндетті.
Егер сел апатына елді мекен ұшыраса, онда іздеу-құтқару жұмыстарына әзірленген
жоспары бойынша жұмыс жүргізетін әр түрлі құтқару бөлімшелерінің айтарлықтай
күштері мен құралдары тартылады.
Қар көшкіні -– бұл қар массасының тау беткейі бойынша төмен қарай жылдам
лықсуы.
Қазақстанда 95 мың шаршы км тау аумағы қар көшкіні қауіпіне ұшырайды.
Қазақстанда қар көшкіні қалың қар көп жауатын және қолайлы геоморфологиялық және
топырақтық — ботаникалық жағдайлары бар Батыс Тянь-шань, Алтай, Іле Алатауы мен
Жоңғар Алатауының жоталарында болып жатады. Көшкіндер құлама тау беткейінен
көбінесе 20-60 градуспен, көшкін қар жаңа жауған және күн күрт жылыған кезде болады.
Көшкін тауда жауын –шашынның жиі болуынан, циклондық құбылыс күшейетін наурызсәуір айында көбірек болады. Сирек қайталанатын көшкіннің көлемі 1 млн. текше метрге,
қозғалысының ең үлкен жылдамдығы 100 метр секундке дейін жетеді. Барлық
көшкіндердің 50% жуығы жазыққа дейін жетіп, халық пен шаруашылық объектілеріне
тікелей қауіп төндіреді. Көшкіннің кедергіге көрсететін қысымы 1 шаршы метр үшін
бірнеше жүз тоннаға жетуі мүмкін. Қазақстанның бүкіл таулы аудандарында қар көшкіні
болып тұрады. Ол негізінен қардың түсуі мен күннің жылуына байланысты, қар көшкіні
болатын ең қауіпті кезең қараша-сәуір, ал биік тауда – қазан-мамыр.
Тауда болған кез-келген адам қысқы кезеңдегі таудағы қауіптерді, сақтандыру шараларын
білуге міндетті. Жай адамдар көшкіндерге қыстың суық мезгілінде тауда болса тап болуы
мүмкін. Ал альпенистер мен тауға шығуды әдет қылған туристер бұған жыл бойы әзір
болуға тиіс. Тау әуезқойларымен болатын барлық бақытсыз оқиғалардың 25% -на жуығы
көшкіннің еншісінде. Ол әдетте бағыт пен қозғалыс уақытын дұрыс таңдай алмаудан,
көшкін қауіпі бар беткейлерден ебдейсіз өтуден, көшкіннің пайда болу табиғаты туралы
білмеуден, тәртіп бұзудан болады. Тауда болған кезде қоршаған ортаға мұқият қарап,
кездескен жабайы хайуанаттардың мінезін зерделеген жөн (тау ешкілері қар көшкінінің
ықтимал лықсуын алдын ала сезіп қауіпті аймақтан кетеді), сондай-ақ беткейдегі қардың
төзімділігін қолда бар қауіпсіз әдістермен тексеру қажет. 15 градустан тік беткейлер аса
қауіпті болмағанмен, қар көшкінінің одан да жазығырақ беткейлерде лықсу оқиғалары
белгілі. Беткей тік болған сайын көшкіннің лықсу ықтималдылығы арта түседі, алайда 50
градустан тігірек беткейлер қауіпті емес, өйткені қар жамылғысы жинақталмайды, қар
жауған сайын шағын бөліктермен сырғып түсіп отырады. Жағдай сәтті аяқталса, зардап
шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетіледі және ол қауіпсіз жерге апарылды.
Табиғи өрттер. Жер шарында қуаңшылық жылдары Африка, Аустралия, Орта Азия,
т.б. жерлерде жиі болып тұратын өрт — өте қауіпті табиғат апаты. Ол көбінесе адамның
әрекетінен болады. Табиғи өрттердің көзі – найзағай.
Орманда болатын өрттер өте қауіпті. Соңғы жылдары Қазақстан аумағында таулы
ормандарда өрт жиі болуда оның себебі, демалушылардың жауапсыздығы. Сондықтан
әрбір азамат, туристер тобы орман – тоғайларда демалғанда «Өрт қауіпсіздігі» ережесін
бұлжытпай орындауға міндетті. Арнай өрт қоюшылар біздің елімізде және басқа елдерде
де қатаң жауапқа тартылады.
Жанартаулар атқылау. Жер қабаттарында магмалық жыныстардың жер бетіне қарай
жылжуы, өзімен бірге газ бен су буларын сыртқа шығарады. Табиғат құбылысы
жолындағы биоценозды, шарушылықтарды қиратып, ауаға зиянды газдарды
шығарады.жанартаулар атқылау кезінде өрт, топырақ көшкіндері, су тасқындары болуы
мүмкін.
Аталған төтенше жағдайлардан басқа адамның тікелей іс-әрекетінен болатын апаттар
да бар.
1. Автокөліктер апаты жол тәртібін, техника қауіпсіздіігі ережелерін сақтамаған
жағдайда әртүрлі жолдар бойында ( теңіз, темір және тас жолдар, т.б.) болады.
2. Ұшақтар апаты. Жолаушы, жүк тасымалдау, ғылыми мақсаттар, сынақ кезінде
ұшақ, тікұшақ, ғарыштық зымырандар, реактивті ұшақтар апат болуы мүмкін. Бұл
апаттар аумақты жерлерді қамтып, табиғатқа әртүрлі деңгейде шығын әкеледі. Әсіресе
байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылатын ғарыш кемелері мен Жер серіктерінде болатын
апаттардың қаупі ерекше. Мысалы, 1999 жылғы «Протон», 2006 жылғы «Днепр» ғарыш
зымырандарының апаты кезінде қазақ жеріне зор зиян келтіргені белгілі.
3. Өнеркәсіп орындарындағы апаттар. Бұл апаттар технологиялық процестердің бұзылуы,
техника қауіпсіздігі ережесін сақтамау, техниканың ескілігі салдарынан болады. Әсіресе
химия, мұнай, уран, атом энергиясын өндіретін өнеркәсіптердегі апаттар өте қауіпті.
Олардан ауаға, суға, қоршаған ортаға зиянды заттар шығарылып, бүкіл тіршілік атаулыны
жоюы мүмкін.
Аталған Жер бетінде болатын үдерістердің нәтижесінде туындайтын төтенше
жағдайлар түрлері көбінесе адамның іс-әрекетінен туындап, қоршаған ортаға орны
толмайтын шығын әкеледі. Нәтижесінде, ауа, су, топырақ ластанып, ең бастысы адам
баласы зардап шегеді. Төтенше жағдайларды болдырмау, теріс әрекеттерге жол бермеу,
бұзылған жерлерді сауықтыру бүкілхалықтық мемлекеттік және қоғамдық игі істер болып
табылады.
Өмірден қымбат еш нәрсе жоқ, өйткені өмірде бәрі бар. Қазіргі заманда өмір ең
қымбат байлық болып келеді. Адамның ең негізгі мақсаты ол - өмірді сақтап қалу, өйткені
ол құнсыз. Адам осы өмірдегі өмір сүру мағынасын іздейді, жоспар құрайды, сол
жоспарларды іске асыру үшін жасайды және үйренеді.
Көбінесе жағдайларда өз өмірін сақтап қалу және өз жақындарының өмірін сақтап
қалу үшін қарапайым ережелерді білуіне байланысты болады. Мысалы: алғашқы
медициналық көмек төтенше жағдайлар кезінде. Өмір қауіпсіздік негіздерін ӘР
ҚАЙСЫСЫ білу керек және де әр қайсысы түсініп отыру керек, өз уақытында бәрін
дұрыс жасауын біздің денсаулығымызға және өзіміздің өмірімізге, балаларымызға
қаншалықты маңызды екенін білу керек.
Қай жерде сіз болсаңыз, жалғыз, достарымен, отбасымен, жолда жұмысқа бара
жатқанда, демалыста немесе үйде, әрқашанда есіңізде сақтаныз, өмірде көптеген
жағдайлар болады. Олар әдеттегідей әр-түрлі жағдайларға әкеліп соқтырады. Сендер
бұндай жағдаймен кездесеңіз сабырлық сақтау керек – сіздің оған жасаған көмегіңіз оның
өмірін сақтап қалуына мүмкіндік жасайды. Сол себептен бұны білу және оны дұрыс
қолдану біздің міндетіміз.
IV. Жаңа сабақты бекіту:
1. Жер бетінде болатын үдерістердің нәтижесінде туындайтын төтенше жағдайлар нешеге
бөлінеді?
2. Табиғи апаттарды ата?
3. Техногенді апатарға мысал келтір?
4. Жер сілкінісін қандай ғылым зерттейді?
V. Оқушыларды бағалау.
VI. Үйге тапсырма:
Қауіпсіздік ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Төтенше жағдайлар кезінде медициналық көмек ұсыну ережесі, оның түрлері
мен көлемі (бұдан әрі - Ереже) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі
туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне, Қазақстан
Республикасының «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» 1996
жылғы 5 шілдедегі және «Авариялық-құтқару қызметі және құтқарушылардың мәртебесі
туралы» 1997 жылғы 27 наурыздағы заңдарына сәйкес әзірленді.
2. Осы Ереже төтенше жағдайлар кезінде медициналық көмек ұсыну тәртібін,
оның түрлері мен көлемін айқындайды.
2. Осы Ережеде қолданылатын негізгі ұғымдар
3. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) апаттар медицинасы қызметі - зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек
көрсету жолымен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың
медициналық-санитариялық салдарының алдын алуға және оларды жоюға және төтенше
жағдайлар аймағында санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды
өткізу мен төтенше жағдайларды жоюға қатысқандардың денсаулығын қалпына келтіруге
арналған күштер мен құралдардың жиынтығы; медициналық-санитариялық жағдайды
қадағалау және бақылау бөлімшелері (апаттар медицинасының кезекші - диспетчерлік
пункттері), төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органның шұғыл медициналық
көмек қызметі, денсаулық сақтау жүйесінің шұғыл медициналық көмек ұйымдары, зардап
шеккендерге консультациялық-диагностикалық, стационарлық көмек көрсетуге, қалпына
келтіру емі мен медициналық оңалтуға арналған медициналық ұйымдар, қан қызметі,
мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдары, Азаматтық қорғаныс
медициналық қызметінің мекемелері мен құрамалары, сондай-ақ төтенше жағдайлар
салдарын жоюға арналған өзге де күштер мен құралдар кіреді;
2) апаттар медицинасының құрамалары - төтенше жағдайлар аймақтарында
жұмыс істеуге арналған, төтенше жағдайлар аймақтарында шұғыл медициналық көмек
көрсету мен медициналық эвакуациялау үшін құрылатын жасақтар, топтар, бригадалар
және басқа да бөлімшелер;
3) төтенше жағдайлар кезінде халыққа шұғыл медициналық көмек - төтенше
жағдайлар кезінде шекарада немесе тікелей төтенше жағдайлар аймағында жүзеге
асырылатын мақсаты бойынша эвакуациялауды ұштастыра отырып, емдеу-алдын алу ісшараларының кешенін ұсыну нысаны;
4) төтенше жағдайлардың медициналық-санитариялық салдары - төтенше
жағдайлар кезінде туындаған жағдайды сипаттайтын және халыққа медициналық
көмектің мазмұнын, көлемі мен ұйымдастырылуын айқындайтын факторлар мен
шарттардың жиынтығы. Оның негізгі элементтері: халықтың санитариялық
шығындарының шамасы мен құрылымы, олардың қалыптасу заңдылықтары;
зақымданғандардың (науқастардың) медициналық көмекке мұқтаждығы, төтенше
жағдайлар аймағының (ауданының) санитариялық-гигиеналық және санитариялықэпидемиялық жай-күйі, медициналық-санитариялық қамтамасыз етуге арналған күштер
мен құралдардың қажеттілігі және олардың болуы; медициналық күштер мен
құралдардың жай-күйі; төтенше жағдайларды жою кезінде медициналық және авариялыққұтқару құрамаларының жұмыс жағдайы, халықтың тіршілігін қамтамасыз ету жағдайы
және басқалар болып табылады;
5) төтенше жағдайлар кезіндегі медициналық көмектің түрі - медициналық көмек
көрсететін тұлғалардың біліктілігімен өткізілетін орны және қолда бар медициналық
жарақтардың болуымен айқындалатын емдеу - алдын алу іс-шараларының тізбесі;
6) шұғыл медициналық көмектің көлемі - тіршілік көрсеткіштері бойынша
төтенше жағдайлар аймағындағы жағдайдың шарттарына және медициналық
эвакуациялау кезеңінің мүмкіндіктеріне байланысты медициналық көмек түрінің
шеңберінде орындалатын толық немесе қысқартылған емдеу-алдын алу іс-шараларының
жиынтығы.
3. Төтенше жағдайлар кезінде медициналық көмек
көрсетуді ұйымдастыру.
4. Төтенше жағдайлар кезінде халыққа медициналық көмек төтенше
жағдайлардың санатына, сондай-ақ олардың медициналық-санитариялық салдарының
сипаты мен ауқымына байланысты ұсынылады.
5. Объектілік төтенше жағдайлар кезінде зақымданғандарға (науқастарға)
медициналық көмек көрсетуді күнделікті қызмет режимінде денсаулық сақтау ұйымдары
жүзеге асырады.
6. Жергілікті, өңірлік және жаһандық төтенше жағдайлар туындаған кезде апаттар
медицинасы қызметінің күштері мен құралдары қолданысқа енгізіледі.
7. Төтенше жағдайлар кезіндегі медициналық көмек тағайындалуы бойынша
медициналық эвакуациялауды үйлестіре отырып, зақымданушыларды (науқастарды)
зақымдану сипатына, ауырлық дәрежесіне қарай кезеңдік емдеу әдісімен ұсынылады.
8. Бірінші кезеңде тікелей төтенше жағдай аймағында және/немесе оның
шекараларында шұғыл медициналық көмекті шұғыл медициналық көмек қызметінің,
авариялық-құтқару бөлімшелерінің, апаттар медицинасының құрамалары мен Азаматтық
қорғаныс және төтенше жағдайлардың медициналық қызметі, сондай-ақ өзінің жұмысқа
қабілеттілігін сақтап қалған жергілікті емдеу мекемелерінің күштері көрсетеді.
9. Екінші кезеңде медициналық көмек төтенше жағдай аймағынан тыс жерде
орналасқан денсаулық сақтау ұйымдарында көрсетіледі.
10. Төтенше жағдайлар кезінде медициналық көмек көрсету үшін Қазақстан
Республикасының заңнамасында және осы Ережеде белгіленген тәртіппен денсаулық
сақтау ұйымдарының, медициналық және фармацевтикалық қызметпен айналысатын
заңды және жеке тұлғалардың, сондай-ақ көлік ұйымдарының қызметкерлері мен
материалдық-техникалық құралдары тартылуы және пайдаланылуы мүмкін.
11. Денсаулық сақтау ұйымдарында шұғыл медициналық көмек іс-шараларын
жүргізу үшін алдын ала ұдайы әзірліктегі апаттар медицинасы құрамалары құрылады
және ұсталады. Апаттар медицинасы құрамаларын құру тәртібін және жұмыс ережесін
денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша төтенше жағдайлар
саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
12. Төтенше жағдай аймағынан зақымданғандарды (науқастарды) қабылдауды,
одан әрі медициналық көмек көрсетуді, емдеу мен медициналық оңалтуды Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес денсаулық сақтау ұйымдары жүзеге асырады.
13. Апаттар медицинасы саласындағы мемлекеттік органдар мен денсаулық
сақтау ұйымдарын үйлестіруді және олардың өзара іс-қимылын төтенше жағдайлар
саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
4. Төтенше жағдайлар кезіндегі медициналық көмектің
түрлері мен көлемі
14. Төтенше жағдайлар кезінде зақымданушыларға (науқастарға) медициналық
көмек, оны көрсету орнына, оны көрсететін тұлғалардың біліктілігіне және медициналық
мүлікпен қамтамасыз етілуіне байланысты дәрігерге дейінгі, білікті және
мамандандырылған медициналық көмек түрінде ұсынылады.
15. Төтенше жағдайлар кезіндегі медициналық көмектің көлемі төтенше жағдай
аймағында қалыптасқан медициналық-санитариялық және дағдарысты жағдайға
байланысты белгіленген медициналық көмек түрлері шеңберінде толық немесе
қысқартылған түрде болуы мүмкін.
16. Тікелей төтенше жағдайлар аймағында және/немесе оның
шекарасында мынадай медициналық көмек көрсетіледі:
1) дәрігерге дейінгі - орта медициналық білімі бар медицина қызметкерлері,
парамедиктер, құтқарушылар, шұғыл қызметтің басқа да қызметкерлері, сондай-ақ өзіндік
және өзара көмек көрсету тәртібінде өзге де тұлғалар;
2) білікті - жедел медициналық көмек бөлімшелерінің күштері, Азаматтық
қорғаныс және төтенше жағдайлардың апаттар медицинасы мен медициналық
қызметтерінің құрамалары, далалық жылжымалы медициналық әскери бөлімдер мен
бөлімшелер, сондай-ақ өздерінің жұмысқа қабілеттілігін сақтап қалған денсаулық сақтау
ұйымдарының күштері;
3) мамандандырылған - апаттар медицинасының мамандандырылған құрамалары,
сондай-ақ көп бейінді денсаулық сақтау ұйымдары.
Документ
Категория
Филология
Просмотров
1 342
Размер файла
35 Кб
Теги
1/--страниц
Пожаловаться на содержимое документа